10) Қауіпсіздік
Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші
органдарды, сондай-ақ Қазақстан
халқы Ассамблеясы мен Жоғары
Сот Кеңесін құрады;
11) Мәслихат өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтатады;
12) Республика
Конституциясына және заңдарына
сәйкес басқа да өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
III тарау
Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерi
20-бап.
Республика Президентi актiлерiнiң
нысандары
1. Республика
Президентi Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында мiндеттi күшi
бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.
2. Республика
Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында
көзделген ретте Президент заңдар
шығарады, ал Конституцияның 61-бабының
2 тармағында көзделген ретте
заң күшi бар жарлықтарын шығарады.
Парламент пен оның Палаталарының
құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда
Республика Президентi заңға тәуелдi
актiлер - жарлықтар және өкiмдер
шығарады.
3. Республика
Президентi қол қоятын Парламент
актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен
шығарылатын Президент актiлерi,
тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы
үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн
Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының
не Премьер-Министрдiң алдын-ала
қолдары қойылып тиянақталады.
4. Республика
Президентi тиiстi Жарлықтар мен
өкiмдер шығаратын мәселелер тiзбесi
осы Конституциялық заңның 21 және
22-баптары бойынша анықталады. Қажет
болған жағдайларда Республика
Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге
асыру кезiнде өзiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң
қандай акт нысанында, Жарлық
немесе өкiм нысанында жүзеге
асырылатындығын дербес анықтай
алады.
21-бап.
Республика Президентiнiң жарлықтары
1. Республика
Президентiнiң жарлықтары Республика
Конституциясы мен заңдарының
негiзiнде және соларды орындау
үшiн шығарылады.
2. Республика
Президентiнiң жарлықтарымен:
1) Президенттiң
Республика Президентiнiң актiлерiн
шығаруды талап ететiн конституциялық
өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк
билiктiң барлық тармақтарының
келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет
органдарының Қазақстан халқы
алдында Конституциямен және
заңдармен белгiленген жауаптылығын
қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң
заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ
Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк
органдардың заңмен белгiленген
құзыретiне жатпайтын мәселелердi
құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан
Республикасының экономикалық және
әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық
мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
3. Республика
Президентi шығаратын жарлықтардың
ғана нормативтiк құқықтық акт
күшi болады.
22-бап.
Республика Президентiнiң өкiмдерi
1. Республика
Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның,
заңдардың және Президент жарлықтарының
негiзiнде және соларды орындау
үшiн шығарылады.
2. Республика
Президентiнiң өкiмдерiмен:
1) әкiмшiлiк-өкiмдiк,
жедел және жеке сипаттағы
мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
2) Республика
Президентiнiң құзыретiне сәйкес
конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды
тұлғалар қызметке тағайындалады
және босатылады.
23-бап.
Республика Президентiнiң актiлерiн
дайындау
және
оларды Президенттiң қарауына енгiзу
1. Республика
Президентi актiлерiнiң жобаларын
дайындауды мыналар жүзеге асырады:
1) Президент
Әкімшілігі және Республика Президентіне
тікелей бағынатын және есеп
беретін өзге де мемлекеттік
органдар;
2) Республика
Үкiметi;
3) Жоғарғы Сот;
4) Үкiмет құрамына
кiрмейтiн Республиканың орталық
атқарушы органдары;
5) Республика
Президентi белгiлейтiн өзге де
мемлекеттiк органдар мен лауазымды
тұлғалар.
2. Республика
Президентiнiң қарауына енгiзiлетiн
актiлердiң жобалары:
1) қазақ және
орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң
қарауына енгiзiледi;
2) заң техникасы
мен iс жүргiзу талаптарына
сай келуге тиiс.
3. Президент
шығарған актiлердi нөмiрлеу Республика
Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмiне
жүргiзiледi. Президент актiлерiнiң
түпнұсқалары мен оған қосымша
материалдар Президент Әкiмшiлiгiнiң
тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнде сақталады
және заңда белгiленген мерзiм
аяқталған соң Республика Президентiнiң
Архивiне жiберiледi.
4. Президент
актiлерiнiң жобаларын дайындаудың
заңмен белгiленген тәртiбiнiң
сақталуын және оларды Мемлекет
Басшысының қарауына ұсынылуын
бақылауды Президент Әкiмшiлiгiнiң
Басшысы жүзеге асырады.
24-бап.
Республика Президентiнiң актiлерiне
өзгертулер
мен толықтырулар
енгiзу, сондай-ақ олардың
күшiн
жою тәртiбi
1. Өзгертулер
мен толықтырулар:
1) Республика
Президентiнiң жарлықтарына Президент
жарлықтарымен енгiзiледi;
2) Республика
Президентiнiң өкiмдерiне Республика
Президентiнiң өкiмдерiмен енгiзiледi.
2. Республика
Президентi жарлықтарының күшiн
жою Республика Президентi жарлықтарымен,
Республика Президентi өкiмдерiнiң
күшiн жою Республика Президентiнiң
жарлықтарымен және өкiмдерiмен
жүргiзiледi.
3. Республика
Президентiнiң бiрдей заң күшi
бар актiлерiнiң арасында алшақтық
туындаған жағдайда, егер Республика
Президентiнiң тиiстi актiсiнде өзгеше
көзделмесе, кейiнiрек күшiне енген
акт басшылыққа алынуға тиiс.
25-бап.
Республика Президентiнiң актiлерiн
күшiне
енгiзу
мен жариялау тәртiбi
1. Президенттiң
нормативтiк сипаты бар актiлерi,
егер Президент өзгеше белгiлемесе,
олардың ресми жарияланған күнiнен
бастап он күн өткеннен кейiн
Республиканың бүкiл аумағында
бiр мезгiлде күшiне енгiзiледi.
2. Нормативтiк
сипаты жоқ Президент актiлерi,
егер Президент өзгеше белгiлемесе,
оларға қол қойылған сәттен
бастап күшiне енедi.
3. Президент
актiлерi Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлер
туралы заңымен белгiленген ресми
баспа органдарында жарияланады.
4. Президент
актiлерi, сол сияқты өзге де
баспа органдарында жариялануы,
теледидар, радио арқылы, Интернетте
жария етiлуi, телеграф, телефакс
арқылы берiлуi, тиiстi мемлекеттiк
органдарға, сондай-ақ ұйымдар мен
олардың лауазымды тұлғаларына
таратылуы мүмкiн.
5. Республиканың
мемлекеттiк құпиялары немесе
өзге де заңмен қорғалатын
құпиясы баяндалған Президент
актiлерi жариялауға жатпайды. Мұндай
актiлердiң тұпнұсқаларында құпиялық
белгiсi қойылады және олар
белгiленген тәртiппен өздерiнiң
күшi қолданылатын органдардың,
ұйымдардың, лауазымды тұлғалар
мен азаматтардың назарына жеткiзiледi.
Президенттiң аталған актiлерiнiң
мазмұны белгiленген тәртiппен
бұқаралық ақпарат құралдарында
баяндалуы мүмкiн.
IV тарау
Республика
Президентiн қызметiнен мерзiмiнен
бұрын босату,
кетiру
26-бап.
Республика Президентiн қызметiнен
мерзiмiнен
бұрын босату,
кетiру
1. Президент
науқастануына байланысты өзiнiң
мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi
дендеген жағдайда Конституцияда
белгiленген тәртiппен Парламенттiң
шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен
бұрын босатылуы мүмкiн.
2. Президент
өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде
жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана
мемлекетке опасыздық жасаған
жағдайда, яғни соғыс не қарулы
қақтығыс кезiнде жау жағына
шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға
қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге
асыруына көмектесу арқылы көрiнген
Қазақстан Республикасының сыртқы
қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне
нұқсан келтiру немесе әлсiрету
мақсатында әдейi жасаған жағдайда,
жауап бередi және бұл үшiн
Конституцияда белгiленген тәртiппен
Парламент оны қызметiнен кетiруi
мүмкiн.
3. Республика
Президентiн қызметiнен кетiру
туралы мәселе ол Парламенттiң
немесе Парламент Мәжілісінің
өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату
жөнiнде мәселе қарап жатқан
кезеңде қозғалмайды.
27-бап.
Қазақстан Республикасының Президентi
өкiлеттiгiнiң
ауысуы
1. Қазақстан
Республикасының Президентi қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босатылған немесе
кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс
болған жағдайда Республика Президентiнiң
өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент
Сенатының Төрағасына ауысады;
Сенат Төрағасының өзiне Президент
өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған
жағдайда ол Парламент Мәжiлiсiнiң
Төрағасына ауысады; Мәжiлiс Төрағасының
өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы
мүмкiн болмаған жағдайда ол
Республиканың Премьер-Министрiне
ауысады. Өзiне Республика Президентiнiң
өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше
Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының
немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн
доғарады.
2. Осы баптың
1-тармағында көзделген негiздер
мен тәртiп бойынша өзiне Қазақстан
Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн
қабылдаған адамның Қазақстан
Республикасының Конституциясына
өзгерiстер мен толықтыруларға
бастамашы болуға құқығы жоқ.
V тарау
Қазақстан
Республикасы Президентiнiң қызметiн
қамтамасыз
ету
28-бап.
Республика Президентiнiң қызметiн
мемлекеттiк
қамтамасыз
ету
Республика Президентi
мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз
ету, оларға қызмет көрсету және күзету
республикалық бюджет есебiнен жүзеге
асырылады.
29-бап.
Республика Президентiнiң жалақысы
және
еңбек демалысы
1. Республика
Президентiнiң жалақысы заңдарда
белгiленген тәртiппен анықталады.
2. Республика
Президентiне жыл сайын қырық
бес күнтiзбелiк күн мерзiмiне
ақылы еңбек демалысы берiледi.
30-бап.
Республика Президентiн қамтамасыз
ету
1. Республика
Президентi қызметiнде болған
кезеңге осы қызметке сайланған
тұлға Республика аумағында резиденциялармен,
Республика астанасында қызмет
пәтерiмен және мемлекеттiк саяжаймен
қамтамасыз етiледi.
2. Республика
Президентi арнайы мақсаттағы
автокөлiкпен, арнайы жабдықталған
ұшақтармен және тiкұшақтармен,
сондай-ақ арнайы жабдықталған
көлiк құралдарының өзге де
түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
3. Республика
Президентi мен оның отбасы
мүшелерiне тұрғын үй және көлiк
қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Iс Басқармасы, сондай-ақ
өздерiнiң құзыретiне сәйкес Республика
Президентiнiң Күзет қызметi және
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз
етедi.
4. Республика
Президентi мен оның отбасы
мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық
қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Iс Басқармасы қамтамасыз
етедi.
5. Арнайы байланыс
құралдарымен қамтамасыз етудi Республика
Президентiнiң Күзет қызметi жүзеге
асырады.
5-1. Республика
Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне
Республика Президентiнiң жеке
кiтапханасы мен жеке мұрағаты
құрылады және қалыптастырылады.
31-бап.
Республика Президентiн күзету
1. Республика
Президентiн күзету Республика
Президентiнiң Күзет қызметiне
жүктеледi.
2. Республика
Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және
Президентпен бiрге тұратын басқа
да отбасы мүшелерi күзетiлуге
тиiс.