Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
мәртебесi
1-бап.
Республика Президентi
1. Республика
Президентi - мемлекеттiң басшысы,
мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының
негiзгi бағыттарын айқындайтын,
ел iшiнде және халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн
ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика
Президентi - халық пен мемлекеттiк
билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының
нышаны әрi кепiлi.
3. Республика
Президентi мемлекеттiк билiктiң
барлық тармағының келiсiп жұмыс
iстеуiн және өкiмет органдарының
халық алдындағы жауапкершiлiгiн
қамтамасыз етедi.
4. Республика
Президентiне халық пен мемлекеттiң
атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика
Президентiне, оның абыройы мен
қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне
болмайды. Республика Президентiнiң
абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан
келтiру заң бойынша қудаланады.
2-бап.
Республика Президентiн сайлау
Республика Президентiн
сайлау конституциялық заңға сәйкес
жүзеге асырылады.
3-бап.
Республика Президентiнiң қызметiне
кiрiсуi
1. Республика
Президентi: "Қазақстан халқына
адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының Конституциясы
мен заңдарын қатаң сақтауға,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына
кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өзiме жүктелген
мәртебелi мiндетiн адал атқаруға
салтанатты түрде ант етемiн",
- деп халыққа ант берген сәттен
бастап қызметiне кiрiседi. Республика
Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк
тiлде айтады.
2. Ант беру
қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты
жағдайда Парламент депутаттарының,
Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң,
Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ
Республиканың барлық бұрынғы
Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi.
Конституцияның 48-бабында көзделген
жағдайда Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне
қабылдаған адам Республика Президентiнiң
өкiлеттiгiн қабылдаған күннен
бастап бiр айдың iшiнде ант
бередi.
3. Республика
Президентi Республика Конституциясына
ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Гимнi орындалады.
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы Президентке
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн,
байрағын және "Алтын қыран" орденiн
тапсырады.
4. Егер бiр
тұлға Республика Президентi болып
екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған
жағдайда Қазақстан Республикасы
Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран"
орденi оған қайталап тапсырылмайды.
Ескерту. 3-бапқа
өзгеріс енгізілді -
Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N
378 Конституциялық заңымен.
4-бап.
Республика Президентiнiң өкiлеттiк
мерзiмi
1. Республика
Президенті бес жыл мерзімге
сайланады.
Бесжылдық өкілеттік
мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда
сайланған Республика Президентінің
жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына
байланысты өткізілетін президенттік
сайлау қорытындысы бойынша Республика
Президенті болып сайланған адамға
қолданылатын болады.
2. Республика
Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан
сайланған Республика Президентi
қызметiне кiрiскен сәттен бастап,
сондай-ақ Президент қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босатылған немесе
кетiрiлген не ол қайтыс болған
жағдайда тоқтатылады.
3. алып тасталды
4. Бiр тұлға
қатарынан екi реттен артық Республика
Президентi болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
5-бап.
Республика Президентi лауазымында
болуға
байланысты шектеулер
1. Республика
Президентiнiң өкiлдi органның депутаты
болуға, өзге де ақы төленетiн
қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк
қызметпен айналысуға хақы жоқ,
2. алып тасталды
Ескерту. 4-бапқа
өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңдарымен.
6-бап.
Республика Президентiнiң айырым
белгiлерi
1. Республика
Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан
Республикасы Президентiнiң омырауға
тағатын белгiсi мен байрағы
болады.
2. Омырауға тағатын
белгiнiң сипаттамасын Орталық
сайлау комиссиясы анықтайды.
Байрақтың сипаттамасын, омырауға
тағатын белгi мен байрақты ресми
пайдалану тәртiбiн Республика
Президентi белгiлейдi.
3. Республика
Президентi қызметi бойынша "Алтын
Қыран" орденiнiң иесi болып
табылады.
4. "Алтын Қыран"
орденiнiң сипаттамасы, аталған
ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi
Республика заңдарымен белгiленедi.
1. Республика
Президентi:
1) келiссөздер
жүргiзедi және Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер
жүргiзуге және Республиканың
мемлекетаралық шарттарына қол
қоюға өкiлеттiк бередi;
3) алып тасталды
4) бекiту грамоталарына
қол қояды;
5) Республика
жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық
шарттардың күшiн тоқтата тұру
туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке
Республика жасасқан халықаралық
шарттарды денонсациялау туралы
ұсыныс енгiзедi.
2. Республика
Президентi Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын
тағайындайды және керi шақырып
алады.
3. Республика
Президентi өзiнiң жанында тiркелген
шет мемлекеттердiң дипломатиялық
және өзге де өкiлдерiнiң сенiм
грамоталары мен керi шақырып
алу грамоталарын қабылдайды.
8-бап.
Республика Президентiнiң мемлекеттiң
қорғаныс
қабiлетiн
және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы
өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Республика
Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас
Қолбасшысы болып табылады, Қарулы
Күштердiң жоғары қолбасшылық
құрамын қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады:
2) Республиканың
демократиялық институттарына, оның
тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына,
саяси тұрақтылығына, азаматтарының
қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей
қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық
органдарының қалыпты жұмыс iстеуi
бұзылған ретте, Премьер-Министрмен
және Республика Парламентi Палаталарының
Төрағаларымен ресми консультациялар
алысқаннан кейiн, бұл туралы
Республика Парламентiне дереу
хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл
аумағында және оның жекелеген
жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi,
Республиканың Қарулы Күштерiн
қолдануды қоса алғанда, аталған
жағдаяттар талап ететiн шараларды
қолданады;
3) Республикаға
қарсы агрессия жасалған не
оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей
қатер төнген ретте Республиканың
бүкiл аумағында немесе оның
жекелеген жерлерiнде әскери жағдай
енгiзедi, iшiнара немесе жалпы
мобилизация жариялап, бұл туралы
Республика Парламентiне дереу
хабарлайды;
4) Парламент
Палаталарының бiрлескен отырысының
қарауына Республика Қарулы Күштерiн
бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау
жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi
орындау үшiн пайдалану туралы
ұсыныс енгiзедi;
5) өзiне бағынысты
Республика Президентiнiң Күзет
қызметiн және Республикалық ұланды
жасақтайды;
6) Қазақстан
Республикасының Әскери доктринасын
бекiтедi;
7) Республика
азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке
шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң
қызметшiлерiн запасқа шығару
туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент
Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң төрағасын қызметке
тағайындайды; оны қызметтен босатады.
Ескерту. 8-бапқа
өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
9-бап.
Республика Президентiнiң Парламентке
қатысты
өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке
және оның Палатасына кезектi
және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
2) Конституцияның
51-бабының 4-тармағында белгіленген
талаптарды сақтай отырып, Сенатта
қоғамның ұлттық-мәдени және өзге
де елеулі мүдделерінің білдірілуін
қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп,
Сенаттың он бес депутатын тағайындайды.
Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен
айырылған немесе олардың өкілеттіктері
тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде
шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын
тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi
жариялаған күннен бастап отыз
күннен кешiктiрмей Парламенттiң
бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент
депутаттарының Қазақстан халқына
беретiн антын қабылдайды;
5) Парламент
Сенатының Төрағасы лауазымына
кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент
сессияларын ашады;
7) Парламент
сессиялары аралығындағы кезеңде
өз бастамасымен, палаталар төрағаларының
немесе Парламент депутаттары
жалпы санының кемінде үштен
бірінің ұсынысымен Парламенттің
кезектен тыс сессиясын шақыра
алады, онда сессияны шақыруға
негіз болған мәселелер ғана
қаралады;
8) Парламент
Сенаты ұсынған заңға бір ай
ішінде қол қояды, заңды халыққа
жария етеді не заңды немесе
оның жекелеген баптарын қайтадан
талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
егер Парламент Конституцияның 54-бабы
2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген
талаптарды сақтай отырып, бұрын
қабылданған шешімді растайтын
болса, бір ай ішінде заңға
қол қояды;
9) Парламенттiң
қарауына Конституцияға өзгертулер
мен толықтырулар енгiзу туралы
жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару
бастамасы тәртібімен Парламент
Мәжілісінің қарауына заңнамалық
актілер жобаларын өзінің арнайы
жолдауымен енгізеді;
10) заң жобаларын
қараудың басымдығын белгiлеуге,
сондай-ақ заң жобасын қарауды
шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң
осы жобаны оның енгiзiлген
күнiнен бастап бiр ай iшiнде
қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн
ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
Осы талапты Парламент орындамаған
жағдайда Республика Президентi
Заң күшi бар, Конституцияда
белгiленген тәртiппен Парламент
жаңа Заң қабылданғанға дейiн
күшi болатын жарлық шығаруға
хақылы;
11) Парламент
Палаталарының кез келген бiрлескен
отырыстарына немесе оның Палаталарының
бөлек отырыстарына қатысуға
және сөз сөйлеуге құқығы бар;
12) Үкiмет мүшесi
заңдарды орындамаған жағдайда
Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда
көзделген тәртiппен қабылдаған
Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң
оны қызметiнен босату жайындағы
өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң
тиiстi Палатасы Палата депутаттары
жалпы санының көпшiлiк даусымен
Республика Президентiне Yкiметтiң
осы мүшесiн қызметiнен босату
туралы алғаш өтiнiш берген
күннен бастап алты ай өткен
соң ол туралы қайталап мәселе
қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен
босатады;
13) Конституцияда
көзделген тәртіппен Парламентті
немесе Парламент Мәжілісін тарата
алады.
10-бап.
Республика Президентiнiң Үкiметке
қатысты
өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент
Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың
Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды;
оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министрді
тағайындағаннан кейінгі он күн
мерзім ішінде оның енгізген
ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын
айқындайды, Республиканың Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдарын құрады, таратады және
қайта құрады, Үкімет мүшелерін
қызметке тағайындайды; сыртқы істер,
қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін
қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін
қызметтен босатады;