Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім:
1.Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні......................................4
1.1Ақшаның даму тарихы..................................................................................4
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны .................................7
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................11
Қорытынды..........................................................................................................14
Пайданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................15

Работа содержит 1 файл

Ақша мәні.doc

— 115.50 Кб (Скачать)

   Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективтік қажеттіліктері болған:

  • Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

   Алтын айналысы не бары Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп  алтын айналыстан шыға бастады.

   Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты  құннан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін  ақшалар. Оларға мыналар жатады:

  • Құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюмини т.б. монеталар;
  • Құнның қағаздан жасалған белгілері.

   Ақша  өзінің даму эволюциясында мынадай  сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондық ақша

   Металл  ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.

   Монета  –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

   Мемлекет  монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

   Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды.  Ең алдымен  белгіленген салмағы және пробасы  бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.

   Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері  монета деп аталды.

   Өз  бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Макендонский болды.

   Айналымға сәйкестірілген, стандартты монаталардың еңгізілуі ақшалардың толық көлемде  құн шамасының қызметін, айналым  мен жинақтау құралы қыметін атқаруы  үшін жағдайлар жасады. Монеталардан да, сонымен бірге өте арзан  түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады.

   Монаталарды құю, эмиссиясы ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «emissio» сөзінен  аударғанда «шығару» мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы –бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

   Ақшаның ролі тарихи тұрғыдан алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын  өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат  ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан беріледі. Алтын жалпы балама ролін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

   Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

   Екіншіден, оның жоғарғы құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру  үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

   Алтының негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан  саналады.

   Құнның  қағаздан жасалған белгілері екіге  бөлінеді. Қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

   Қағаз ақшалар-бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын  және күміс монеталардың орынбасары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктермен байланысты.

   Металл  ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері  төмендегідей:

  • Металл ақшалардың тасмалдап, алып жүру қолайсыздығы;
  • Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарына жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында төленуі;
  • Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • Эммисиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

   Қағаз ақшалар тапшылығын жабу үшін шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

   Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің  қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне айналысқа басты артық қағаз ақшалардың шығарылуын эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады. Мұнын барлығы бағаның өсуіне әкеліп соқтырады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зйнетақыны, жірдемақыны өсіріп отырады. Халық тұтынатын тауарлардың бағасы өспейінше баға өсе береді. Баға-жалақы-баға... деген тіздек айнала береді. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы экономикаға тән нәрсе.

   Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте  аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ қағазға айналады. Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады.

   Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағамен қағаз ақшаларын  шығарады. Қағаз ақшалардың кемшіліктері  де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап  алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік қағаздар пайда болады.

   Қағаз ақшалар сатып алу және төлем  құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы  олардың элементтері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды.  

Қорытынды

    Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда  болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.

      Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші  бір тауарға тікелей  айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

    Экономикалық  категория ретінде ақшалар өндіріс  және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

   Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде  жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі  жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз  және несие ақшалармен жүзеге асуда. Әсіресе  халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.   

   Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын  ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

     Егер де сіздер «экономиканың»  не екенін және онда болып  жатқан процестердің қоғам өміріне  әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен  ақшаның мазмұнын және функциясын  танып біліңіз. Бұл сұрақтардың  білуі, біздің қоғамда кездесетін  экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ақша теорияларының дамуы кең ауқымды зерттеуді қажет ететін экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.

   Өйткені, ақшаның өзі, сондай-ақ оның қызметтерінде  жылдар бойы белгілі өзгерістер орын алып отырады.

   Пайданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, А., 2004ж.
  2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер., А. Экономика, 2001ж.
  3. Кошенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары-А., 2000ж

    4.   С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Қ.Н. Кеулімжаев                                                                                                                                                                                        

    5.Н.А.  Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері»

    6. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев  Қаржы Алматы: 2005.

    7. К.Ж.Оразалин, М.М.Жантасов Орысша қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі Алматы:2004.

    8.Б.А.Жүнісов  Жалпы экономикалық теория Алматы:2002.

    9.С.С.Сахариев,А.С.Сахариев  Әлем экономикасы Астана:2005.

    10.Қ.С.Сәкібаева.  Коммерциялық бәсекелестік стратегияларын  құру негіздемесі //Қаз ҰУ хабаршысы  № 4.2006.87-91бб.

    11.Ғ.С.Сейткасымов  Ақша,несие,банк  Алматы:2001.

    12.А.Н.Дәуренбекова  Қазақстан өнеркәсібінің индустриалдық  деңгейін көтерудің экономикалық механизмі. Алматы  2005.  
     
     

Информация о работе Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі