Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 13:26, реферат
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім:
1.Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні......................................4
1.1Ақшаның даму тарихы..................................................................................4
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны .................................7
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................11
Қорытынды..........................................................................................................14
Пайданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Халықаралық
Бизнес Академиясы
Реферат
Пәні бойынша: | Экономикалық теория | |
| ||
Тақырыбы: | Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі | |
Орындаған | |
Студент | Наурзалиева Н.А |
Мамандығы | Қаржы |
Курс | 1 СПО |
Тобы | Ф-1101 |
Тексерген | |
Оқытушы | Тастандиева Н.Б. |
Алматы 2011 ж.
Жоспар:
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім:
1.Ақшаның экономикалық
категория ретіндегі мәні..........................
1.1Ақшаның даму
тарихы........................
1.2 Ақшаның атқаратын
қызметтері,олардың мазмұны ..............................
1.3 Ақшаның түрлері
мен қазіргі формалары ..............................
Қорытынды.....................
Пайданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекітуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
Берілген рефераттың мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
Берілген рефераттың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1
Ақшаның экономикалық
категория ретіндегі
мәні
1.1
Ақшаның түсінігі және
даму тарихы
Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектеледі. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалланудың көлемі едуәір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуіменен байланысты емес, ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонтезациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немес жайлаңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүреді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демоентезациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері-(қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атақарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап береді. Ақша- тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолданылуының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық
дамудың алғашқы қауымдық құрылысы
жағдайында бір қауым өз тұтынуынан
ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек
өнімін анда-санда кездейсоқ
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиетті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны- тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетіне шығады да, ал басқа тауарларға айрбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әр бір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өнделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз- тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі-еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнім құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта- нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Капитал сөзінің шығуы малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланады. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте, Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғұлт бақалшақ Кари көптеп таралды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны- қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат- қызыл түсті (ронго) пайдаланды.
Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменінің тасын еске түсіреді.
Информация о работе Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі