Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 12:19, реферат
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
1 Көтерілістің шығу себептері
2 Көтерілістің басталуы
3 Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы
4 Тастөбе түбіндегі шайқас
5 Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
6 Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
7 Көтерілістің тарихи маңызы
8 Пайдаланылған әдебиет
Жөңгірдің қызметі,
бұрын айтылып келгеніндей,
Алайда бұл жаңалықтардың бәрінде терең жөне берік коғамдық-саяси негіз болмады. Тұтас алғанда, Ішкі Орданың (Бөкей Ордасының) бүкіл халқы хан мен оның төңірегіндегілер тарапынан, ал сонымен бірге патша әкімшілігі тарапынан да аяусыз каналып жатты. Сондықтан XIX ғасырдың 30-жылдарының орта шенінде – ақ елеулі саяси дағдарыс пісіп-жетіліп, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық өткен белгілі көтеріліске ұласты, оның идеологиясы дәстүрлі қоғамдық құрылыстың мүдделерін қорғауға негізделді.
Жәңгірдің әдістері
саяси және қоғамдық
Саяси құрылыс.
Орынбордың әскери губернаторы
Волконский «сұлтандардың
Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді және оның бақылауында болды. Ішкі саясаттың негізгі мөселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе отырып дайындады. Мұраға қалдырылатын хан билітін, біржағынан, ру-басылар мен билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды құрылды. Ханның ішкі істерді басқаруда едәуір еркіндігі мен бастамасы болды. Қаржы-салық саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, аумақтық-рулық баскару және халықтың шаруашылық құрылысы мәселелері ханның міндетіне кірді.
Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын кезең едәуір ерекше. Хан билігі әлсіз, дамымай қалып, кәп жағынан жергілікті бай-сұлтан топтарының қолдауымен анықталған бай-сұлтан басқару жүйесі билеушілердің отарлық бағындырудың және каржы-салық саяса-тының жаңа міндеттеріне сай келуден қалды, сөйтіп Жәңгір тұсында төрешілдік басқару нысанымен ауыстырылды. Сол арқылы дәстүрлі қазақ қоғамына жаңалықтар, рас, табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле бастады.
Рубасыларын ханға
жақын және оған адал
Рубасылар мен
ақсақалдардың міндеттері
Оңтүстік Қазақстанға
Қоқан билеушілері ғана емес,
сонымен қатар олармен
Кейбір деректер Бұхараның қазақ даласына экспансиясының ерекшеліктерін ашып береді. Бұхараның «Тарихи Әмір Хайдар» деген хроникасында XIX ғасырдың басында Түркістанды иеленген қазақ сұлтандары - Ибраһим сұлтан мен Қасым сұлтанның кезінде Бұхара әмірі Шах Мұраттың (1785-1800 жылдары билік еткен) мұриттері болғанына емеурін жасалған, мистикаға қызығушылық танытқан Шах Мұратты құрметтеушілер сол үшін оны Шахи масум («Күнәсіз шах») деп атаған еді. Оның баласы және мирасқоры Әмір Хайдар (1800—1826) кезінен оның қазақ билеушісі Харун-Ғази ханға (Арынғазы да сол, төменіректен қараңыз) түркі тіліндегі хаты жеткен, онда әмірдің оған Шир Ғазы ханмен бірге «өз өкелерінің орнында тұтас бір нәрсенің екі жартысы» сияқты билік етсін деген тілекпен хан атағын бергені және «[әмірдің] рақымды қолы оларды басынан сипап отыратыны» көрсетіледі. Әмір Хайдар басқа бір хатында қазақтар мен қарақалпақтардың билері мен ақсақалдарына сөзін арнап, оларға Мырза Мұхаммед Жүсіп пен оның серіктеріне, олар әмірдің Түркия мен Ресейге елшілері болғандықтан, кедергі жасамауды тапсырады.
Ру сұлтандары
мен ақсақалдары жанында іс-
Жәңгір хан өз билігін бұрынғы қазақхандары билігінің жалғасы деп санады. Алайда ол мазмұны мен нысаны жағынан олардан көп жағынан ерекше болатын. Ордадағы әкімшілік, сот және құқықтық билік хан қолына шоғырландырылды.
Хан өз билігімен
рулар мен бөлімшелерге
Ішкі жағдайлартұрғысынан алғанда, хан билігі қандай да болсын басқа бір ұйымның алдында жауапты болмады. Хан Кеңесі кеңесші органнан жоғары кетерілмеді, бұрын үлкен өкілеттіктері болған ақсақалдар съезі сирек құбылысқа айналды. Кей-кейде шақырылатын съездерде барлық феодалдар үшін, бүкіл орда үшін мәні бар қандай да бір маңызды мәселелер талкыланбады. Олар, әдетте, патша үкіметінің қысымымен қатысушыларды ханның айтқанынан шықпауға мәжбүр ету үшін шақырылатын.
Жөңгірхан тұсында басқару әдістеріде басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса, ол хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 «хан депутаттары» деп аталатындар болды. Бұл «депутаттар» орыс қыстақтарымен шектес рулардың қоныстарына жіберіліп отырды және олар істе орыстар мен қазақтар болған кезде шекаралық өкімет орындарының өкілдері жүргізетін тергеулерге қатысуға тиіс болды және бұл орайда қазақтардың мүдделерін білдірді. Оларға ханныңтапсырмасы бойынша жергілікті жерлердегі жекелеген дауларды қарау тапсырылды. Олардың алымдар бойынша төленбеген бөлігін өндіріп алу кезінде мәжбүрлеуге де билігі болды, кейде оларға неғұрлым кең өкілеттіктер де берілді. Мәселен, Медет Шөкин сұлтан құжаттарда өзен шебінде «ханның барлық істер бойынша депутаты» деп аталады. Ол өз қалауы бойынша кінәлілерді «қарауылмен» ұстай алатын еді. Оның старшындарға өкімі «Медет Шөкин сұлтанның аса қатаңталабы» ретіңде беріледі. Басқа бір құжаттан ханның депутаты Әділ Бекейханов сұлтанның Жайықтың арғы бетінен қазақтардың ішкі жақка өтуіне басшылық еткені көрінеді.
1827 жылы құрылған хан Кеңесі 12 биден — әрбір ру басқармасынан бір-бір биден тұрды. Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең құқықта руларды басқарды. Олар тіпті Жәңгір ханнан өздеріне бүкіл орда бойынша жауапкерден қарызды өндіруге құқық беруді сұрады. Хан Кеңесінің мүшелері отбасыларымен және малымен тұрақты тұруға хан ордасына көшіп келді және сол арқылы олар шынына келгенде, хан аппаратының шылауына айналды.
Оған қоса, хан жанында оның арнаулы тапсырмаларын орындау үшін жасаулдар ретінде 12 старшын, сондай-ақ «базар сұлтандары» болды. Соңғыларының міндетіне баж жинау (орда ішінде), қазақтардың мүдделерін білдіру (ордадан тыс жерде), сауда орындарындағы тәртіпті қадағалау жатты.
Ханның жанында татар бөлімі мен жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Бірінші бөлім негізінен орда ішіндегі, ал екіншісі – шекаралық өкімет орындарымен қатынас кағаздар ісін меңгерді. Оның жанында арнаулы тергеуші де болды.
Бұрынғы сұлтан-би басқару жүйесін орталық өкімет жанындағы ұйымдасқан төрешілдік басқару аппаратымен ауыстыруды көшпелі мал шаруашылығы нысандарының, бұл ішінара орын алса да, өзгеруі емес, қайта негізінен алғанда, қазақ қоғамында үстемдік еткен феодалдық таптың басқару қызметінін күрделенуі керек етті және ол қазаққоғамында патшалықөкімет орындарының мүдделерін неғұрлым батыл қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты болды.
Ханбилігінің
және оның фискалдық
Жәңгірхан 1845 жылы
қайтыс болды. Бұл туралы хабаралған I
Николай патша өз қолымен: «Тым өкінішті,
ол өте-мөте адал берілген адам еді», -
деп жазған. Сол кезге қарай Қазакстанның
барлық бөліктерінде хан билігі жойылған
еді. Үкіметтік топтарда Ішкі Ордада да
хан билігі қалпына келтірілмейтін болып
шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған
уақытша кенеске көшті.