Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 12:19, реферат
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
1 Көтерілістің шығу себептері
2 Көтерілістің басталуы
3 Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы
4 Тастөбе түбіндегі шайқас
5 Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
6 Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
7 Көтерілістің тарихи маңызы
8 Пайдаланылған әдебиет
Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
Көтеріліс
Көктем шығысымен
казақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан
күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында
Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл
жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп
батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық
Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан»
аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса
қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.
Міне, мұндай жағдайда
Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп
шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш
біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін
хан деп жариялады. Оның жасағында 3000-
га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен
Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының
ауылдарында қосылды.
Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын.
Көтерілістің
жеңіліске ұшырауының
себептері мен салдары
Жазалаушы отрядтың
әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы
бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні
Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында
көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында
шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің
басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты.
Көтерілісшілердің қалған тобы кейін
шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы
әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды.
Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық
адам қаза тапты.
Исатай Тайманұлының
қазасынан кейін көтеріліс бәсең
тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі
Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл
өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп
жүрді.
Махамбет Өтемісұлы
біраз уақыт бой тасалап, жасырынып
жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды
Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы
көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан
Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен
қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады.
Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған
қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген
адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің
бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі
тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене
қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата
жер аударылды.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.
Көтерілістің
тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы басқарған
көтерілістің орасан зор тарихи маңызы
болды.
Бұл патша үкіметі
құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің
аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы
ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты
басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан
кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір
ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай
Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып
өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан
тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім
беретін мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы:
Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN
9965-34-816-2
2. КІШІ жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді.
"Бөкей сұлтанның
ішкі жаққа көшуі, оған ықпал
еткен мәселе көптеген патша
шенеуніктерінің достык
Саяси тұрғыдан бұл орда ерекше иелік ретінде 1812 жылы бекітілді. Осы жылы Кіші жүзде де хан болып Шерғазы сұлтан сайланса, ал Ішкі Ордада -Бөкей сұлтан болды. 1815 жылы Бөкей хан өлгеннен кейін, Жәңгір кәмелеттік жасқа келмегендіктен, орданы Шығай сұлтан биледі. Жәңгір Астраханьда тәрбиеленді, губернатор үйінде орналасты. 1824 жылы 24 шілдеде Орал қаласывда Орынбор шекаралық басқармасының қатысуымен Жеңгір хан болып жарияланды.
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Жайықтың оң жағасына көшіп барған қазакауылдары мен руларының шаруашылық қалпы,тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан еш айырмашылығы болған жоқ. Олардың көпшілік бөлігі көшпелі малшылар болып кала берді, егіншілікпен құм арасындағы шағын жазиралы учаскелерде ғана айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезең осылай болды. Бірақ уақыт өте келе жаңа орында олардың дәстүрлі тіршілік болмысының сипаты біршама өзгерді және Жайықтың арғы бетіндегі казақтардың өмірінен айқын ерекшелене бастады.
Ішкі орда барлық жағынан Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Жайық бойындағы бекіністі әскери шеппен, солтүстік Каспий өңірі бойындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жатты. Ол жинақы және шағын хандық болды, оның аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Жайылым алаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан-ақ дәтүрлі кеңістік бойынша игеру әдістерініңорнына, оларды интенсивті игеру проблемасын алға койды.
Патша үкіметі
Ішкі Орданы басқару және
Ішкі Ордада
жер қатынастары саласында
Ішкі Ордада
жер иеленушілер иерархиясы
Бірінші кезекте, қысқы қыстауға және малдың тебіндеп жайылуына жарамды алаптар, сондай-ақ шөп шабылатын жерлер бөлініске түсті. Кысқы қыстауларда тұрғын үйлер салынды, олардың көбі жер төле және жартылай жертеле түрінде болатын. Ордада болған Т. Медведский былай деп жазған: «шеп шабатын алап жөнінде қазақтарда қауымдық иелік жоқ әрбір әулет өзіне шөп шабуға біржола бөлінген ұлтарақтай жерді пайдаланады. Сондык-тан бұл әулет өзіне нашар немесе бай үлес тигеніне қарамастан, сонда тұрактап қалады».
Біршама аумақты
жазғы жайылымдар кішкене
Хан билігіне бірінші кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа аграрлық саясат көшпелі ұжымдар ішінде де, тұтас алғанда, қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу үрдісін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмысын істеп беріп, бәтен жерде көшіп жүретін жерсіз отбасылар мен ауылдар санаты пайда болды. Ұлтарақ-тай жерді иеленетін, бірақ құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай көршілерінің ауылдарына «бекітіліп берілген» шаруа үйлері көбейді. Жер сауда, қиянат жасау және даулы істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан ханның төңірегіндегілер мен жергілікті шонжарлар ұтып отырды. Еңбекші халықтың негізгі бұқарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті. Жәңгір ханның өз айтуына қарағанда 6-7 мың отбасының, яғни халықтың 1/3 бөлігінің жері болмаған, сондықтан олардың көбі оны көршілес орыс губерниялары мен жер иелерінен, Каспийдің балықаулаушы кәсіпшілерінен жалға алуға мәжбүр болған."
Ордада сауданыңдамуына
үш фактор: а) ауылдардың шаруашылық
жағынан нығаюы мен тауар-ақша
катынастарының таралуы; ә)
Өкіметорындарының
көтермелеу саясаты, далада
Ішкі Орда Ресей
үшін малды және мал
берушіге айналды.
Мануфактура департаментінің
Бөкейдің баласы, хан тағына 1824 жылы отырған Жәңгір патша әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып, қоғам өмірі мен халық тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ дәстүрлі жергілікті басқару жүйесін белсенді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын, олардың хуторлар салуын, шөп шабуын және далада ағаш өсіруді, малдың жергілікті тұқымдарын жақсартуды және ауыл шаруашылық саймандар өкелуді, мектептер, училищелер, мешіттер ашуды және ауылдарда молдалар санының өсуін, сауданы және төрешілдік басқару нысанына көшуді көтермелеп отырды. Ол патшалық өкімет орындары мен жергілікті қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен біріктіруге күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жаскұс алқабында тұрақты хан ордасы құрылатыны туралы және орданы осы орталықтан басқарғысы келетіні туралы хабарлады. 10 жыл ішінде онда ағаштан 40 үй, ал 1846 жылға қарай 89 үй салынды. 1841 жылы ол Торғын өзенінде жазғы орданың негізін салды. Бес жылдан кейін онда ағаштан салынған 9 үй болды. Ханнан үлгі алып, сондай-ақ оның нұсқауымен сұлтандар, билер мен ақсақалдар үй салып ала бастады; шаруалардың жекелеген топтары да өздеріне жертөле салып алды. XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғына карай орданың әр түрлі жерлерінде халықтың үштен бірінің кысқы тұрғын үйлері болды.
Патшаның жеке нұсқауымен 1829 жылы қазыналық зауыттардан ордаға 20 айғыр бөлінді. Жәңгір хан нақ сонша асыл тұқымды Кавказдан алдырды. 15 жыддан кейін жергілікті жылқының жаксартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті. Оларды Дон және Орал қазақ әскерлеріне беріп отырды.
Медреселер және
ауылдарда бастауыш мектептер
салу, балаларды Астраханға, Саратов
пен Казанға, Орынбордағы