Акционерлік қоғам: мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

сы заманғы өндіріс ауқымының өсуімен және оның техникалық базасының күрделенуімен негізгі активтер мен капиталдар ұлғаяды. Ең ірі деген жеке капиталдың өзі бұл жағдайда алып кәсіпорынын салуға жеткіліксіз. Осыдан барып бірнеше жеке капиталдардың ірі капиталға объективті бірігуі қажеттілігі туындайды, сөйтіп акционерлік қоғам құрылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 тарау. Акционерлік қоғамның қызмет ету механизмі...............................4

1.1 Акционерлік қоғам:мәні және тарихи қалыптасуы...................4
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері және құрылымы......................5
2 тарау. Акцияның экономикалық табиғаты................................................22
3тарау. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуы: қазіргі жағдайы және перспективалары..............................................................24
Қорытынды.......................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................30

Работа содержит 1 файл

акционерное общество курс.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

   Шоғырландырма бюджеттің шығыс бөлімі: 

  • өндірістік бағдарламаға есептелген материалдық шығын бюджетінің; 
  • электр энергиясы шығыны бюджетшің;
  • еңбекақы төлеу қорының бюджетінің; 
  • салық төлемі жоспар-кестесінің; 
  • мемлекетттік элеуметтік бюджеттен тыс қорларға жарна енгізу жоспар-кестесінің; 
  • кредит өтеу жоспар-кестесінің;                                                                 

   • өзге шығын бюджетінің негізінде есептеледі.  
      Корпорацияның кіріс пен шығыс шоғырландырма (жиынтық) бюджетінің құрамы 1-кестеде келтірілген. Іс жүзінде жөнелтілген өнім үшш төлем төлеу немесе қарама-қарсы төлемде есепке жатқызу кешіктірілетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жағдайда шоғырландырма бюджеттің нақты кіріс бөлігі төмендетіледі. Сондықтан тапшылықты жою үшін оның кіріс жэне шығыс баптарын дереу қайта қарау (түзету) қажет. Бюджетті түзету корпорация басшылығының күзыретіне жатады.

   Батыс елдерінде акционерлік қоғамның ірі құрылтайшылары кебінесе мол пайданы дивиденд түрінде ғана емес, соңдай-ақ қүрылтайшылық пайда түрінде алады. Қүрылтайшылық пайда-кұрылтайшыға сатылған баға акциясының сомасы мен кәсіпорьшға салынған нақты капиталдың арасындағы айырмасы.

   Мысалы: айталық, акционерлік қоғамға құрылтайшылар 1 млн.доллар капитал салды дейік. Әрқайсысы 100 долл. болатын (номиналды бағасы) 10 мың акциясы шығырылады. Бір жыддан соң кәсіпорын (фирма) пайдасы 10%

20

құрағандығы белгілі болып табылады, яғни әрбір 100 долл. Салым бойынша банктік пайыз — 5% болса, онда акция курсы мынадай болады:

   Акционерлердің қоғам пайдасын бөлуге қатысу құқығы бар. Мұндай қатысу капиталдың өсімі есебінен (акционерлерге тиесілі қоғам акцияларының

рыноктық құнының өсуі) жəне/немесе дивидендтер алу нысанында жүзеге асырылады. Осы көзқарас тұрғысынан дивидендтер алу құқығы акционерлердің іргелі құқықтарының бірі болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   21

   2. АКЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

   Акция-үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның  капиталының, мүлкінің, кірісінің бір  бөлігіне заң жүзінде меншік құқын  береді. Компания қанша уақыт жұмыс  істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Ационер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

   Акцияны шығару мына жағдайда болады:

  • Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  • Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

   Атап  айтқанда, жарғылық капитал деген  шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-елген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

   Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден- бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөліккке бөлуге болады.

   Акция бірнеше түрге жіктеледі. (суретте  көрсетілген). Бір акционерден басқа  біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге  бөлінеді, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша-жай және

артықшылықты  акция деп те екіге бөледі. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды шығара алады.                                                                       22                                                           

   а) атаулы акция- иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

   ә) ұсынушыға арналаған акция- иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

   Акциялардың жіктелуі

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   23

   3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

   Бұ л тарауда ҚР-дағы ең ірі деген акционерлік қоғамдарды қарастырып, зерттеу нәтижесінде олардың жағдайы мен перспективаларына көз жүгірте аламыз.

   Шығындардың айқындығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» 1998 жылғы 14-шілдедегі №667 қаулысына сәйкес жолаушылар тасымалы жеке еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып бөлінді.  

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының (бұдан былай-«ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ) қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру мәселелері туралы» 2002 жылғы 27-сәуірдегі №479 Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылып, «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы (бұдан былай-«Жолаушылар тасымалы» ААҚ) 2002 жылғы 21-мамырда мемлекеттік тіркеуге алынды.  

    2004 жылы сервистік қызметті қамтамасыз  ететін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді, бұл шығындардың айқындығын қамтамасыз ету үшін жолаушылар тасымалы қызметінің негізгі бөліміне және жолаушылар тасымалын республикалық және жергілікті бюджеттен мақсатты субсидиялауға бағытталған болатын. Қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Алматы вагон жөндеу зауыты», «Вокзал-сервис», «Қала маңындағы тасымал», «Багаж тасымалы», «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы», «Вагонсервис» сияқты алты акционерлік қоғам, «Жолсерік-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (ол 2005 жылы «Жолаушылартранс» компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өзгертілді) құру жөнінде жұмыстар жүргізілді.  

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Ұлттық темір жол компаниясы  мен ұлттық тасымалдаушылардың  кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 25-

желтоқсандағы №1389 Қаулысына сәйкес «Жолаушылар  тасымалы» 

24

акционерлік қоғамына Ұлттық тасымалдаушы мәртебесі  берілді. Сонымен қатар ҚР Президентінің осы «Жолаушылар тасымалы» ААҚ-ның халықтың мұқтажын орындаумен қатар экономика мен шет елдермен қарым-қатынасты реттеу жұмыстарын жүргізіп, үздік акционерлік қоғам ретінде танылған болатын. Мұның өзі ҚР-дағы акционерлік қоғамдар «дамушылар» қатарында екендігін көрсетеді. Сонымен қатар ҚР-ның экономикалық даму тұрғысына сай  АҚ-дар қажет екендігі жөнінде айтылып кеткен болатын.

   ҚР-дағы дамыған АҚ-дар қатарына «Астана-қаржы» АҚ да жатады. Соңғы мәліметтер бойынша  «Астана-қаржы» акционерлік қоғамы болашақта өзінің еншілес банкін ашуды жоспарлап, сол жоспарын іске асырды. Бұл туралы бүгін аталмыш компанияның қызметіне 10 жыл толуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында акционерлік қоғамның басқарма бастығы мәлім етті,  
Акционерлік қоғам Ресейдің «Альфа-банк-Башқұртстан» ашық акционерлік қоғамының еншілес банкін сатып алған, қазір ол Ресей нарығында жұмыс істеуде. Сондай-ақ компания алдағы жылы жалпы сақтандыру мен азаматтардың өмірін сақтандыруға бағытталған жаңа компаниялар ашуды жоспарлап отыр.

   "ҚазМұнайГаз"  АҚ Даму стратегиясы бойынша және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары (бұдан әрі - Компания) қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның тұрақты экономикалық дамуын, тұтастай алғанда елдің мұнай-газ кешенін дамытудан Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды.  
Осымен қатар Компания қоғамның алдында өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін жауап береді. 
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:                                                                                                               - басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру;

25

қауіпсіз еңбек  жағдайын және Компания қызметкерлері  мен Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығын  қорғау; 
өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту. 
Осы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірінші кезектегі міндеттердің бірі Компанияда ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарттары мен OHSAS 18001 спецификасының талаптарына жауап беретін сапаны басқару жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі болып табылады. 
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметі мынадай принциптердің сақталуына негізделген: 
Компания қабылдайтын шешімдер мен оның өндірістік қызметінің жалғыз акционердің және тұтастай алғанда қазақстандық қоғамның мүдделеріне, сонадай-ақ компанияның тұрақты экономикалық даму мақсаттарына сәйкес келуі; 
Компанияның тауарлары, жұмыстары және (немесе) көрсететін қызметтері сапасының ұлттық және халықаралық стандарттарға, сондай-ақ тапсырыс берушілердің және (немесе) тұртынушылардың негізделген талаптарына сәйкес келуі; 
Қоршаған ортаға теріс әсерді, жарақаттану мен кәсіби сырқаттануды азайтуды қамтамасыз ету үшін Компанияның өндірістік-техникалық даму деңгейін арттыру; 
Компания тауарларының, жұмыстарының және (немесе) көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға және Компанияның өндірістік қызметінің қоршаған ортаға, Компания қызметкерлері мен  осындай әсерге ұшыраған аудандар тұрғындарының денсаулығына теріс әсерін азайтуға бағытталған өндірістік процестерді ұдайы жақсартып отыру; 
Компанияға тауарларды, жұмыстарды беретін және (немесе) қызметтер көрсететін ұйымдарға Компанияда қабылданған және Қазақстан

Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының шеңберінде сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы  саласындағы стандарғарға сәйкес келу талаптарын қою;                                    26                       
Компания қызметкерлерінің сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіби біліктілігін, құзыретін және хабардар болуын тұрақты арттыру, Компания қызметкерлерін корпоративтік басқару және өндірістік қызметті жетілдіруге белсене атсалысуға ынталандыру; 
Компанияның Жалғыз акционердің, серіктестердің, Компания қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және басқа да мүдделі тараптардың алдында қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы ақпараттық ашықтығы. 
Осы Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің  мақсаттары мен принциптері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары үшін ортақ болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тараптарға ашық және қол жетімді болып табылады.

   Айтап  кетелік тамақ өнімдерін шығарумен  айналысатын «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ. Статистика жөніндегі агенттіктің ақпаратына жүгінсек, 2009 жылғы қаңтар айында республикамызда 44,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы шикізат өнімдері қайта өңделген. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда (43,6 млрд. теңге), 2,3 пайызға өскен. Нақтырақ айтсақ, теңгенің құнсыздануы отандық тауар бағасының бәсекеге қарсы тұруына айтарлықтай әсер етті. Ішкі нарыққа үнемі мониторнинг жүргізіліп, импорттық тауарларға қатысты кедендік баж салығының мөлшері реттеліп әрі ішкі нарықты арзанқол импорт өнімдерінен қорғауға бақылау күшейтілді. Ең қажетті азық-түлік өнімдері (сүт, ет, тәтті сусын мен жеміс-жидек көкөніс, бидай, ұн, жарма) халықаралық талаптарға сай келетін техникалық регламент енгізіліп, әрі тамақ өнімдерінің жалпы қауіпсіздігіне қатаң бақылау қойылды. Қазірде, несие ресурстары тапшылығының орнын толтыру үшін, қайта өңдеу кәсіпорындарын Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржылық қадағалау

агенттігімен  экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына  сәйкес, «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысы есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы жылына 12,5 пайызбен

27

несиелендірілетін болды. Бұдан өзге, биылғы жылы да қаржы  институттарының ауыл шаруашылығы  өнімдерін қайтадан өңдеумен айналысатын  кәсіпорындардың негізгі және айналым  қаржысын, лизинг жүйесімен берілетін құрал-жабдықтарды несиелеудегі сыйақы мөлшеріне, бюджеттік бағдарламаға сәйкес субсидия жасау да жалғасын табады. Сондықтан қазіргі күні, тамақ өнеркәсібіндегі жұмыс ауқымын сол күйінде сақтап қалу үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру бүгінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Министр атап өткендей, облыс әкімдері Бағаны тұрақтандыру жөніндегі штабтың белсенді жұмысынан бөлек, келесі жайттарға да барынша көңіл бөлулері керек. Біріншіден, әрбір қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысқа белсенділігін арттыра отырып оларға ішкі азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыруға байланысты қолға алынып жатқан шараларды жеткізу қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтадан өңдеудегі жұмыс ауқымын арттыру үшін, 2009-шы жылдан бастап, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге берілетін субсидияға өзгеріс енгізілді. Енді олар жұмысын өнеркәсіптік қайтадан өңдеуге бағыттауы тиіс. Бұл үшін кәсіпорындардың бір біріне ұқсас кодтары болуы қажет. Дер кезінде субсидия алу үшін, облыс әкімшіліктері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтадан өңдеуші барлық кәсіпорындар мен мал сою цехтарын қайтадан тексеріп, олардың ұқсас кодтары болмаған жағдайда, аз ғана уақыт ішінде бір біріне ұқсас код алуға жағдай жасаулары қажет. Екіншіден, қайтадан өңдеуші кәсіпорындарды алдымен ортақ жүйеге келтіріп, оларға тауарлы-материалдық ресурстар мен энергияның делдалсыз тікелей жеткізілуіне, сондай-ақ олардың өнімін елдің ішкі нарығында тұтыну көлемін кеңейтіп әрі экспорт мөлшерін артыруға жағдай жасау қажет. Үшіншіден, құрылымдардың биылғы жылға жасаған алдын ала болжамдарына сәйкес көктемгі егін егу

Информация о работе Акционерлік қоғам: мәні, түрлері