Акционерлік қоғам: мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

сы заманғы өндіріс ауқымының өсуімен және оның техникалық базасының күрделенуімен негізгі активтер мен капиталдар ұлғаяды. Ең ірі деген жеке капиталдың өзі бұл жағдайда алып кәсіпорынын салуға жеткіліксіз. Осыдан барып бірнеше жеке капиталдардың ірі капиталға объективті бірігуі қажеттілігі туындайды, сөйтіп акционерлік қоғам құрылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 тарау. Акционерлік қоғамның қызмет ету механизмі...............................4

1.1 Акционерлік қоғам:мәні және тарихи қалыптасуы...................4
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері және құрылымы......................5
2 тарау. Акцияның экономикалық табиғаты................................................22
3тарау. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуы: қазіргі жағдайы және перспективалары..............................................................24
Қорытынды.......................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................30

Работа содержит 1 файл

акционерное общество курс.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

   Корпоративтік форманың елеулі кемшілігінің бірі - оған қос дүркін салық салынуы (корпоративтік табыс салығы және дивидендтік табысқа салынатын салық) болып табылады, алайда серіктестік нысанында жұмыс істейтін шағын корпорация тек корпоративтік табыс салығын ғана төлейді. Бүкіл әлемде корпорация түріндегі акционерлік коғамның сан алуан түрі бар. Нарықта әр елдің жүріс-тұрыс ережесі әр түрлі, алайда олардың ең басты ерекшелігі - ұжымдық (көпшілік) меншік құқығы және шектеулі жауапкершілік сол күйінде калды.

   Холдингтік компания (өнеркәсіп, көлік, сауда, банк ісі және т.б.) корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.

   Холдинг (иеленуші) компания - басқа компаниялардың кызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын каржы компаниясының (АҚШ, Канада, Жапония) ерекше түрі.

   Холдинг компаниясының мынадай екі түрі болады:

  1. тек бақылау-басқарушылық және қаржы функцияларын орындайтын таза холдинг;
  2. көрсетілген функциялармен қоса белгіленген кәсіпкерлік - өндірістік-сауда, кредит-каржылық және т.б. Қызметпен айналысатын аралас холдинг.

   Холдингтің өз капиталынан бірнеше рет асатын капиталы болуы мүмкін. Холдинг, сол немесе басқа компанияның бақылау акциясын сатып алумен қатар, бақылаудағы компанияның директорлар кеңесіне және басқа да басқару органына өз өкілдерін тағайындауы мүмкін. Холдингтік компанияның мына артықшылықтары болады: меншік капиталдағы үлес түріндегі айтарлықтай бақылау (10-15%);

  • тәуекелді жою (элиминациялау). Жүйе ішіндегі жекелеген компаниялар дербес заңды тұлға болып табылады және олардың кез келгенінің міндеттемелері  басқа компаниялардың міндеттемелерінен бөлінген. Тәуекел сол себептен

14

төмендетіледі. (Алайда іс жүзінде бас компания тауарларды (қызметтерді) сатып

алушыларды ұстау, сондай-ақ бастапқы инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру және өзінің еншілес компаниясына кредит беретін банкіге кепілдік беру және т.б. үшін өз филиалдарына жиі көмек көрсетуге мәжбүр болады). Бірігу - екі және одан астам компанияның әлеуетін біріктіру тәсілінің бірі. Осындай бірігу кезінде мәміліге тартылатын компаниялардың бүкіл активі, сондай-ақ басқарушы және техникалық тәжірибеде біріктіріледі.

   Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш-жігерін белгіленген бизнес түріне (жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру) шоғырландыратын кұрылым кұруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған келісімнен бастап бірлескен меншік пен халыкаралық ауқымдағы операцияларға дейін камтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға (тоғыспалы лицензиялау, консорциумдар, сауда-саттық бірлесіп өтінім беру және т.б.) жету үшін бірігетін бірлескен кэсіпорын жатады.

   Трансұлттық компанияларға (ТҰК) - шет елде операцияларды жүзеге асыратын ірі компаниялар жатады. ТҰК-ның бас холдингі экономикалық және маркетингтік стратегия әзірлейді, барлық филиалдардың қаржы саясатын үйлестіреді, ірі ауқымды ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізеді.

   Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония) корпорациялар

төмендегі себептермен трансұлттыққа айналады:

  1. тауарды өткізетін жаңа нарық іздестіру және игеру;
  2. шикізат пен энергия ресурсының көздерін іздестіру;
  3. жаңа технология іздестіру;
  4. экономикалық және саяси тәуекелдерді әртараптандыру, бұған бүкіл элемде өндірісті және тауар өткізу желісін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі;

   5) саяси кедергілерді және бақылау шараларын айналып  өту (автокөлік, электроника және т.б. импортының квотасын айналып өту);

   6) өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру (өндірістің шығынын шикізат, материал, еңбекақы төлеу және т.б. шығынынан төмен елдерге өндірісті көшіру).                                                                                                        15

   Корпорация басшылығы қаржыны басқару процесінде оның төмендегі түрлі максаттарды коюы мүмкін:

   •   банкроттыққа  және  қомақты   қаржының  ысырап болуына жол бермеу; бәсекелік күресте көшбасшы болу;

  • акцияның бағамдық құнын арттыру арқылы «фирманың бағасын» барынша көтеру (меншік капиталдың құнын ең жоғары шамаға көтеру);
  • өндірістің және сату мөлшерін ұлғайту;
  • пайданы барынша шамаға көтеру және шығынды барынша шамаға төмендету;
  • активтің меншік капиталдың және сатудың және т.б. кірістілігінің жеткілікті деңгейін камтамасыз ету.

   Қаржы-өнеркәсіп тобы - негізгі және еншілес қоғам ретінде іс-әрекет жасайтын, қаржылық-өнеркәсіп тобын құру туралы шарт негізінде өзінің материалдық және материалдық емес активтерін (қатысу жүйесі) не толықтай не ішінара біріктірген заңды түлғалардың жиынтығы болып табылады. Қаржы-өнеркәсіп тобы инвестициялық, сонымен бірге бәсекелестікті арттыруға және тауар мен кызметті өткізу нарығын кеңейтуге, өндіріс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған өзге жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін технологиялық және экономикалық бірігу

мақсатында құрылады.

   Топқа қатысушыларға топты құру, сондай-ақ өздері құрған орталық компания (ОК) туралы шартқа қол қойған заңды түлғалар жатады. Қаржы өнеркәсіп тобына қатысушылар арасында тауар мен қызмет өндірісі саласында іс-әрекет жасайтын ұйымдардың, сонымен бірге банкілердің және өзге де кредиттік ұйымдарының міндетті түрде болуы тиіс. Қатысушылар құрамына қаржы-өнеркәсіп тобындағы инвестициялық процесті қамтамасыз ететін инвестициялық институттар, зейнетақы корлары, сақтандыру компаниялары кіруі мүмкін (2-сурет).

   Орталық компания - қаржы-өнеркәсіп тобын құру туралы шартқа барлық катысушылар құрған немесе оларға қатысты негізгі қоғам болып табылатын және шартқа сәйкес топтың істерін жүргізу өкілеттігі берілген заңды тұлға.

   16

   Орталық компания қатысушылардың атынан қаржы-өнеркәсіп тобын құрумен және оның қызметімен байланысты қатынастарда топтың жиынтық (шоғырландырма) есеп-қисабын, есеп беру мен балансын жүргізеді.

   Қаржы саясаты қаржыны корпорацияның құрылтай құжатында (жарғысында) белгіленген стратегиялық және тактикалық міндеттерге, мысалы, тауар (қызмет) нарығында жайғасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің жэне баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің (акционерлердің) әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады.

   Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құралады:

  1. қаржыны басқарудың жоғары кірістілікті және коммерциялық тэуекелдерден қорғауды үштастыратын оңтайлы түжырымдамасын әзірлеу;
  2. ағымдағы кезеңде қаржы ресурсы пайдаланылатын негізгі бағыттарды анықтау;
  3. қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған практика-лық іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

   Қаржы саясатының стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:

  1. пайданы экономикалық өсу көзі ретінде барынша үлғайту;
  2. капиталдың құрылымы мен құнын оңтайландыру, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын жэне іскерлік белсенділігін қамтамасыз ету;
  3. корпорация қаржысының меншік иелері (акционер-лер, құрылтайшылар) инвесторлар мен кредиторлар үшін ашық болуына қол жеткізу;
  4. корпоративтік бағалы қағаз эмиссиясының, қаржы лизингінің, жобалық қаржыландырудың көмегімен капитал тартудың нарықтық механизмін пайдалану;
  5. корпорация қызметінің нарықтық жағдайларға үй-лесетін стратегиялық мақсатын белгілеу жэне оған қол жеткізу жолдарын іздестіру есебінен, қаржының жай-күйін диагностикалау негізінде қаржыны бас-қарудың (қаржы менеджменті) тиімді менеджментін әзірлеу.

     Қаржы саясаты мәселелердің ұзақ шешілетінін және оның ерекшеліктерін

17

негізге ала отырып қаржы стратегиясы мен тактикасына жіктіледі.

   Корпорацияның қаржы стратегиясы әзірлемесінің аса маңызды бағыттарына мыналар жатады:

   1) каржы-экономикалық жай-күйді талдау және бағалау;

   2) есептік жэне салық саясатын әзірлеу;

   3) кредит саясатын әзірлеу;

   4) негізгі капиталды басқару жэне амортизациялық сая-

   сатты қабылдау;

   5) айналым активті және кредиторлык берешекті басқару;

   6) қарыз қаражатты басқару;

   7) ағымдағы шығынды, өнімді өткізуді жэне пайданы баскару;

   8) баға саясаты;

   9) дивидендтік жэне инвестициялық саясатты таңдау;

     10) корпорацияның жетістіктерін жэне оның нарықтық құнын (бағасы) бағалау.

   Корпорация қызметінің негізгі параметрлеріне: сату мөл-шері мен оның өзіндік қүнына, пайда мен табыстылыққа, қаржылық тұрақтылық пен төлеуге

қабілеттілікке қол жеткізуге бағдарланған перспективалық жоспарлау каржы стратегиясының қүрамдас бөлігі болып табылады.

   Қаржы тактикасы қаржылык байланыстарды үйым-дастыру, шығындар түрлері мен күрылдымдық бөлімшелер арасында ақша ресурстарын қайта бөлу тэсілдерін дер уакытында өзгерту арқылы корпорацияның дамуының нақты кезеңінің жекелеген міндеттерін шешуге бағытталады.

   Корпорациядағы қаржы жүмысын арнайы каржы қызметі немесе бухгалтерия жүзеге асырады.

   Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі:

  1. өндірістік-коммерциялық кызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның түрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен қамтамасыз ету;
  2. активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін камтамасыз ету;
  3. есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің жэне эріптестердің

18

  1. (заңды және жеке түлғалар) алдындағы қаржы міндеттемесін орындау;
  2. жедел (ағымдағы) жэне үзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) эзірлеу;
  3. ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау.

   Қаржы қызметінің басшысы корпорация кдржысының жай-күйі, қаржы жүмысының барлық түрлерін басқару, со-нымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акци-онерлік компанияның жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелерімен тығыз байланыста жүмыс істейді.

   Жауапкершілік орталығының кұрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.

   Бюджеттендіруді басқару бюджет бойынша директорды тағайындаудан басталады. Бюджет жөніндегі директор бо-лып эдетте қаржы директоры (акционерлік қоғамда экономика және қаржы жөніндегі вице-президент) та.ғайындалады. Ол штаттағы сарапшы ретінде болады жэне кэсіпорынның бөлімдері мен қызметтерінің жүмысын үйлестіреді. Бюджет жөніндегі директор кәсіпорынды басқаратын жоғары буындағы мамандар қатарынан құрылатын

бюджеттік комитеттің жүмысын басқарады. Бюджет жөніндегі комитет түрақты жүмыс істейтін орган, ол стратегиялық және қаржы жоспарын тексерумен айналысады жэне бюджетті эзірлеу мен бекіту процесінде туындайтын даулы мэселелерді шешеді. Батыс корпорацияларында осындай құрылымдық бөлім-шелер «стратегиялық жоспарлау тобы» немесе «қаржыны талдау мен жоспарлау тобы»» деп аталады.

   Кәсіпорынның (корпорацияның) шоғырландырма (жиынтық) бюджетінің қүрамына мыналар кіреді:

   • бастапқы болжамдық деректер (өндірістің жэне өнім сатудың, күрделі салым жэне т.б. мөлшері);

  • кіріс пен шығын бойынша жиынтық бюджет. Шығын бюджетіне өндірістік, коммерциялық, баскарушылық, сондай-ақ жалпы корпорация бойынша жалпы шы-ғынның (өнімнің, жүмыстың, қызметтің толык өзіндік құны) жергілікті бюджеті;
  • пайда мен залал жөніндегі есептің болжамы;     

19                                        

  • ақшалай қаражаттың қозғалысы жөніндегі есептің болжамы; 
  • актив пен пассив балансының (ірілендірілген баптар номенклатурасы бойынша) болжамы.

   Шоғырландырма бюджеттің осы бөлімі өнім сату жоспарының жэне өзге көзден түсетін ақша түсімі жоспарының негізінде болжанады. Сонымен бірге корпорацияның баланс есебіндегі ақшалай қаражаттың кіріс қалдығын: кассаны, есеп айырысу шотын, валюталық шотты, банкілердегі арнайы шоттарды, жолдағы аударымдарды ескеру қажет. 

Информация о работе Акционерлік қоғам: мәні, түрлері