Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 20:44, доклад
Экономика ғылымы жайлы сөз қозғағанда Адам Смит ілімі туралы еске алмау мүмкін емес. А.Смит ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген британ экономисі, экономика ғылымының атасы.
Ол саяси экономия мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Бұл бағыттың негізгі ойы қоғамдағы байлық көзі физиократтар ойлағандай ауыл шаруашылығын жургізуде емес, экономиканың кез келген шаруашылығын өндіру, жүргізу арқылы пайда болады деді. Адам Смиттың айтуы бойынша қоғамдағы басты нәрсе – еңбек, яғни еңбекті салаларға бөлу, салаларды операцияға бөлу. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген.