А. Смиттің зерттеу әдістемесі. «Көрінбейтін қол» және "экономикалық адам" концепциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 20:44, доклад

Описание работы

Экономика ғылымы жайлы сөз қозғағанда Адам Смит ілімі туралы еске алмау мүмкін емес. А.Смит ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген британ экономисі, экономика ғылымының атасы.
Ол саяси экономия мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Бұл бағыттың негізгі ойы қоғамдағы байлық көзі физиократтар ойлағандай ауыл шаруашылығын жургізуде емес, экономиканың кез келген шаруашылығын өндіру, жүргізу арқылы пайда болады деді. Адам Смиттың айтуы бойынша қоғамдағы басты нәрсе – еңбек, яғни еңбекті салаларға бөлу, салаларды операцияға бөлу. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген.

Работа содержит 1 файл

А.doc

— 29.00 Кб (Скачать)

 

 

 

А. Смиттің зерттеу  әдістемесі. «Көрінбейтін қол» және «экономикалық  адам» концепциялары

 

 

  Экономика ғылымы жайлы сөз қозғағанда Адам Смит ілімі туралы еске алмау мүмкін емес. А.Смит ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген британ экономисі, экономика ғылымының атасы.

 

  Ол саяси экономия мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Бұл бағыттың негізгі ойы қоғамдағы байлық көзі физиократтар ойлағандай ауыл шаруашылығын жургізуде емес, экономиканың кез келген шаруашылығын өндіру, жүргізу арқылы пайда болады деді. Адам Смиттың айтуы бойынша қоғамдағы басты нәрсе – еңбек, яғни еңбекті салаларға бөлу, салаларды операцияға бөлу. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген.

 

Адам Смиттің  «экономикалық адамы»-сапалы өнім өндіру және қызмет көрсету арқылы жеке табысын көбейтуге ұмтылған адам.

«Экономикалық адам» келесі сипаттарға ие:

1.Экономикалық жүріс тұрысында жеке мүддесін ойлаумен. Қоғамда әр түрлі мүдделер өмір сүреді. Экономикалық мүдделер- адамның шаруашылық қызметін қозғаушы күштер, олардың қабілетінің байқалуы. Мүдделер өздігінен пайда болмайды. Ол пайда болу үшін адамдар, адамдар тобы, экономикалық субъектілер қажет.

2.Экономикалық субъектінің өз жұмысында  жоғары дәрежедегі биліктілік пен хабардылық .

3.Талдаудағы нақтылық яғни, субъектілердің жүріс тұрысындағы таптық айырмашылықтарын есепке алу

 

Экономика ғылымында «экономикалық  адамы» түсінігің орны ерекше. Осы  түсінікті зерттегенде ғалымдар адамның экономикалық мүдделеріне  ерекше мән береді. Кез келген адам өзінің мүдделерін ойлауымен және жеке табысын көбейтуге ұмтылысымен ерекшеленеді.

 

Адам Смит мемлекет кәсіпкерлердің ісіне араласпаса, ең жақсысы осы болар еді дейді. Себебі қандай заманда болмасын жеке кәсіпкерлердің түпкі мақсаты – максималды  пайданы аз уақыт ішінде өндіріп алу. Бұл кезде бағаны, сұраныс пен  ұсынысты, қандай тауар шығару керектігін мемлекет емес нарық реттейді.  Мысалы бір тауарды шығаратын 5-6 кәсіпорын  бар делік.  Олардың мақсаты мен міндеті бірдей. Бірінші кәсіпорын өз тауарын өткізу үшін өзге кәсіпорындарға қарағанда бағасын төмендетеді, екіншісі біріншіні көріп сондай әрекеттер істей бастайды, солай жалғаса береді.  Кәсіпкерлер бағаны төмендетуге мәжбүр болады, Бұл кәсіпкерлер  пайданы өздеріні ғана емес, қоғамға да пайда әкеліп жатқанын білмейді. Бұлардың арасындағы бәсеке мен бақталастық қоғамға арзан тауар мен тауардың көп түрін қамтамасыз етіп отыр. Жалпы нарықта бәсеке реттеушілік қызметін атқарады. Адам Смит бесекені қоғамның «Көрінбейтін қолы» деп атаған.

 

Менің ойымша А.Смиттің «Көрінбейтін қол»концепциясында кемшіліктері де бар. Оны төменде қарастырайық.

Адам Смиттің мемлекет кәсіпкерлерге дербестік берсін, олардың ісіне араласпаса жақсы болар еді деген пікірінде жаман жақтары да бар. Айта кетсек қазіргі қоғамда өкінішке орай, адамдардың  моральдық жағынан құлдырауы байқалады. Сондақтан  мемлекет кәсіпкерлерге заң негізінде талап қоймаса, олар сапасыз тауар мен қызметтер ұсынар еді. Яғни олар бәсекелестіктің арқасында бағаны төмендеткен сайын, өз пайдалары да төмендей береді . Сөйтіп Кәсіпкерлер пайданы көбейту үшін сапасыз тауар мен қызметтер көрсете бастайды.

 

А.Смит өзінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың идеяларын қорытындылап, экономика ғылымының категориялары, әдістері мен ұстанымдары жүйесін жасады, ол Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына шешуші ықпал етті. Смиттің кейбір қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ол Маркске дейінгі ғылымда да, маркстік ғылымда да классикалық саяси экономияның негізін қалаушы және аса көрнекті өкілі ретінде саналады.

 


Информация о работе А. Смиттің зерттеу әдістемесі. «Көрінбейтін қол» және "экономикалық адам" концепциялары