Чилидің қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:38, реферат

Описание работы

Олардың арасында өзіндік ерешеліктер мен өзгешеліктерді анықтауға болады. Мен Оңтүстік Америкада орналасқан Чили елінің қаржы жүйесін таңдадым.
Чили елінің қаржы жүйесіне тоқталайық.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
Чилидің қаржы жүйесі
Зейнетақы қорлары
Салықтар және сақтандыру компаниялары
III Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Чили.docx

— 34.89 Кб (Скачать)

      Чили заңдарына сәйкес зейнетақылық қорларының Ұйымдастырушылары (ары қарай - ЗҚҰ) атауына ие болған ұйымдар құрылды. Олар салымшылармен жасалатын зейнетақы келісім-шартының негізінде зейнетақылық шоттарын басқарумен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен айналысты. Осылайша, әу бастан активтерді басқарумен де, жарналарды жинаумен де ЗҚҰ айналысты. Реформа басталған кезде олардың саны 11 еді, кейінірек олардың саны 23-ке дейін өсті. Қазіргі уақытта мұндай компаниялардың алтауы қалды, және олар барынша ірі қаржы мекемелері болып табылады. Соңғы ЗҚҰ 2010 жылы құрылған болатын, бұл зейнетақы жүйесіндегі бәсекелестіктің қызуын арттырады.

          Зейнетақылық қорларының басқарушылары салымшылар жарналармен қосып төлейтін және олардың еңбекақыларының орта есеппен 2,4%-ын құрайтын комиссиялық сыйақыларды алады. Осыған байланысты қорларға аударылатын аударымдардың жалпы сомасы еңбекақыдан орта есеппен 13%-ын құрайтын  
          Әуел бастан ЗҚҰ қызметінің зейнетақы активтерін инвестициялауға қатысты толықтай ашықтығы және олардың қызметіне қатаң мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілген. Зейнетақы активтерін ЗҚҰ тек заң жүзінде рұқсат етілген құралдарға ғана: мемлекеттік құнды қағаздарға, шұғыл салымдар, вексельдер, жекеменшік корпорациялардың облигацияалары мен акциялары сияқты қаржылық мекемелердің құралдарына, шетелдік құнды қағаздарға салуы мүмкін. Инвестициялаумен байланысты қауіптерді диверсификациялау, осымен аяқталмайды: ЗҚҰ бір компаниядағы акцияларға салынатын қаражаттардың 7%-ынан астамын және бір банктің акцияларына салынатын қаражаттардың 5%-ынан астамын салуға рұқсат етпейді, мемлекеттік облигацияларға активтердің жалпы сомасынан 50%-ынан астамын салуға рұқсат етпейді, шетелдік құнды қағаздарға зейнетақы жинақтары қаражаттарының 30%-ға дейінгісін салуға рұқсат етілген, реформа басталған кезде бұл үлес 5%-ға тең болған.

          Чилилік зейнетақылық қорларының барлық салымшыларына нарықтағы орташа деңгейден аздап қана ерекшеленетін кірістілік кепілденеді. Егер кірістілік орташанарықтық деңгейден төмен болса, аталған айырмашылық ЗҚҰ-ның өз қаражаттарынан алынып жабылады, ал қор банкротқа ұшыраған жағдайда – мемлекет жабады. Жоғарғы кірістілікке қол жеткізілген жағдайда – артығы арнайы резервтік қорға депозитке салынады.

Чилидің зейнетақы жүйесінің  айырықша ерекшелігі – зейнетақы  төлеу жолдарының сан алуан түрлерінің болуы. Салымшының қалауына қарай зейнетақы төлеудің үш нұсқасы ұсынылады.

           Біріншісі – бұл жағдайда салымшы жекеменшік сақтандыру компаниясында қалауына қарай өзінің жеке зейнетақы шотында жиналған қаражаттарына өмірлік аннуитет алады. Төлемнің аталған нұсқасын заң бойынша мемлекет кепілдендіретін ең төменгі зейнетақының 110%-ынан төмен болмайтын көлемдегі төлемді қамтамасыз ететін аннуитет алуға мүмкіндік беретін соманы жинаған салымшылар ғана пайдалана алады.

         Екіншісі – ЗҚҰ -ындағы зейнетақы жинақтарын бағдарламалы түрде қайтару. Бұл жағдайда зейнетақы жинақтарының қаражаттары зейнеткерге оның қалған өмірінің есептелінген мерзіміне сүйене отырып төленеді. Төленетін сома жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың құбылмалы нарықтық құнын ескере отырып жыл сайын тексеріліп отырады.

         Үшіншісі – алғашқы екі тәсілдердің қосындысы болып табылатын кейінге қалдырылған аннуитет (оны 10%-дан төмен етіп таңдайды). Салымшы кейінге қалдырылған аннуитет туралы сақтандыру компаниясымен келісім-шартқа отырады. Салымшы бір мезетте қор басқармасына белгілі бір соманы қалдырады. Қор сақтандыру компаниясы аннуитетті төлеуін бастаған сәтке дейін салымшыға зейнетақы төлейді. Қордың төлемдері зейнетақылық жинақтарын бағдарламалы түрде қайтару тәртібінде жүзеге асырылады.

 

  1. Салықтар және сақтандыру компаниялары

 

            Капитал нарығының 2001 жылғы қарашада болған бірінші реформасы алдында шетелдік инвесторлардың белгіленген кірістері бар бағалы қағаздарға инвестициялау жөніндегі салық міндеттемелері бағалы қағаздардың ел ішінде немесе шетелде шығарылуына тəуелді болды. Егер бағалы қағаздар шетелде шығарылса, онда олардың Чили валютасында (песо немесе UF) немесе шетел валютасында деноминирленгеніне қарамастан, пайыздар төлеуге салынған салық 4% құрады. Бұл ретте ел ішінде шығарылған бағалы қағаздар үшін пайыздық кіріске салынатын салық 35% құрады. Ішкі капитал нарығының өтімділігін ұлғайту жəне жаңа шетелдік инвесторлар тарту үшін ресми түрде 2001 жылғы қарашада басталған капитал нарығын бірінші реформалау кезінде жаңа салық заңнамасы енгізілді. Жаңа салық заңнамасы бойынша белгіленген кірісі бар, жергілікті валютаға деноминирленген жəне жергілікті қор нарығында шетелдік

институционалдық инвесторлар  сатып алған бағалы қағаздар бойынша  пайыздық кірістерге салынатын салық 35%-дан 4%-ға азайтылды. Шетелдік институционалдық инвесторлар белгіленген кірісі бар инвестициялар бойынша капитал құнының ұлғаюына салынатын салықтан босатылды. Институционалдық инвесторлар болып табылмайтын, Салық қызметіне белгілі шетелдік инвесторларға капитал құнының ұлғаюына 35% мөлшерде жəне пайыздық кіріске 4% мөлшерінде салық салынды.

        Чили сондай-ақ көптеген елдермен Салық салу туралы екіжақты келісім жасады жəне егер осындай келісім күшінде болса, бір елде төленген салықтар басқа елде есепке алынады.

        Екінші ірі инвесторлар (көлемі бойынша) сақтандыру компаниялары болып табылады.  Сақтандыру компаниялары негізінен корпоративтік облигацияларға инвестициялайды. Орташа алғанда, Чилиде инвестициялық қорлардың үш түрі бар: қысқа мерзімді белгіленген кірістілігі бар инвестициялық қорлар; орташа жəне ұзақ мерзімді белгіленген кірістілігі бар инвестициялық қорлар; акционерлік қорлар. Арнайы корпорациялар басқаратын инвестициялық қорларды бағалы қағаздар жəне сақтандыру жөніндегі қадағалау органы лицензиялауы тиіс.

       Чилиде 51 сақтандыру компаниясы бар, оның ішінде 30-ы өмірді сақтандыруға жəне 21 жалпы сақтандыруға мамандандырылған (2006 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша). Тұтастай алғанда, Чилидің қаржы жүйесін үш негізгі ұйым реттейді: бағалы қағаздар жəне сақтандыру жөніндегі қадағалау органы, бұл орган бағалы қағаздар нарығының жəне сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалауды жүзеге асырады; зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі қадағалау органы, бұл орган зейнетақы қорлары жəне қорларды басқарушылар нарығын реттейді; банктік жəне қаржы ұйымдары жөніндегі қадағалау органы, бұл орган банк жүйесін реттейді. Орталық банк сондай-ақ маңызды реттеуші роль атқарады. Соңғы уақытта Қаржы вице-министрі басқаратын Капитал нарығы жөніндегі комитет реттеуші қаржы саясатын Үкіметпен үйлестіруді жүзеге асырады. Оған Қаржы министрлігінің кеңесшілері, қадағалау органдары мен орталық банктің қызметшілері кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Қорыта келгенде, Чилидің қаржы жүйесі тұрақты екендігін және оның Қазақстан қаржы жүйесімен ұқсастығын байқауымызға болады. Чилидің Орталық Банкі ақша-кредит саясатын орталық банк саясатының айқындылығын қамтамасыз ететін жəне нарық қатысушыларының сенімін күшейтетін инфляциялық таргеттеу негізінде жүргізеді.

         Чилидің негізгі қаржы көздері  экспорттан түседі және шетелдік  инвестициялар болып табылады. Чилидің  қаржы жүйесіндегі маңызды орын  алатындар зейнетақы қорлары  мен сақтандыру компаниялары  болып табылады. Чилидің зейнетақы  жүйесіндегі тәжірибесін дүние  жүзінің 27 елі қолдануда.

         Тұтастай алғанда, Чилидің қаржы жүйесін үш негізгі ұйым реттейді: бағалы қағаздар жəне сақтандыру жөніндегі қадағалау органы, бұл орган бағалы қағаздар нарығының жəне сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалауды жүзеге асырады; зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі қадағалау органы, бұл орган зейнетақы қорлары жəне қорларды басқарушылар нарығын реттейді; банктік жəне қаржы ұйымдары жөніндегі қадағалау органы, бұл орган банк жүйесін реттейді. Орталық банк сондай-ақ маңызды реттеуші роль атқарады. Соңғы уақытта Қаржы вице-министрі басқаратын Капитал нарығы жөніндегі комитет реттеуші қаржы саясатын Үкіметпен үйлестіруді жүзеге асырады. Оған Қаржы министрлігінің кеңесшілері, қадағалау органдары мен орталық банктің қызметшілері кіреді.

         Чилидің қаржы жүйесі 25 банктен, мемлекеттік бюджеттен, салық жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан құралады. 25 банктің 19 Чилиде құрылған банктер, яғни коммерциялық банктер, 1-і мемлекеттік банк және  5 шетелдік банктер филиалдары жұмыс істейді. Бір мемлекеттік банк Орталық Банк болып табылады.

          Сонымен, қаржы жүйесі – дегеніміз ақша қаражаттары қорлары қалыптасатын және пайдаланғанда қалыптасатын қатынастардың және осы қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ЖОСПАРЫ

 

 

I Кіріспе

II Негізгі бөлім:

  1. Чилидің қаржы жүйесі
  2. Зейнетақы қорлары
  3. Салықтар және сақтандыру компаниялары

III Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

  • Құлпыбаев С., Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007. – 668 бет.
  • «Экономикаға шолу» журналы, 2011 ж.
  • www.wikipedia.com
  • www.npfcapital.kz
  • http://www.hacienda.cl/

 

        

         

        


Информация о работе Чилидің қаржы жүйесі