Қазақстанда 1917-1928 ж.ж. арасында өнеркәсіп салаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:33, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 189

Содержание

Қазақстанда 1917 жылға дейінгі өнеркәсіп салаларына қысқаша шолу.
Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салалары туралы.
Қазақстанда 1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдардың өнеркәсіп салаларының дамуына әсері.
Қазақстанда 1917-1928жж арасындағы өнеркәсіп салаларының дамуына 1922-1924жж. ақша реформасын жүргізудің әсері.

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

АЛИЯ ҒАЙНИ.docx

— 36.45 Кб (Скачать)

 

 

 

 

  1. Қазақстанда 1917-1928жж арасындағы өнеркәсіп салаларының дамуына 1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізудің әсері.

 

Акша реформасы деп мемлекеттік  акша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір  ақша жүйесін екінші акша жүйесімен  ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Ал 1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізуге мына жағдайлар әсер етті: 
Біріншіден, 1917 ж. қазан төңкерісінен кейін патшалық Ресейден қалған тауар-ақша айналымын елдегі азамат соғысы мен шетел әскерлік интервенциясы одан әрі бұзылуына жол ашты. Қаржы-шаруашылық жағдайын тұрақтандыру үшін жүргізілген "әскери коммунизм" саясаты айтарлықтай нәтиже бермеді. Оның мәні - өндірушілерге азық-түлік алымын (продразверстка) салу, яғни шаруалар өндірген өнімінің өз қажетінен артығын, тіпті кей жағдайда өзіне қажетті бөлігін де мемлекетке нақты бағамен өткізу. Алайда өткізген өніміне шаруалар қолма-қол ақша ала алмай, қарызға берді. Осының салдарынан нарықта сатылатын тауарлар күрт азайып, бағалары өсті. Халық азық-түлікпен және керекті заттармен тек карточкамен қамтамасыз етілді, жалақы заттай түрде берілді. Мысалы, 1917 ж. жалақының 5% заттай төленсе, ал 1920 ж. ол көрсеткіш - 93% жетті. Акшаның қызметі тек жалақыны есептеумен шектеліп, қолма-қол ақшаны тек әскер қатарындағылар ғана алды. Сейтіп, тауар-ақша айналымы тарылды. Ақшаның мәні төмендеді, акша жүйесі одан әрі бұзылды. 
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да акша жүйесінің бұзылуына әсер етті. Оккупацияланған аймақтарда ақша шығаратын эмиссиялық орталықтар пайда болды (мысалы, Балтық жағасындағы үкіметтермен қатар, ақ гвардияшы әскери бөлімшелер және т.б. жеке фирмалар).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды.

 

  1. Бұл кезеңде  Қазақстанда өндірістің социалистік сипаты экономикалық көп бағыттылығын жойып, социолистік өндіріс қатынастарын біртіндеп қалыптастырудан басталды.
  2. Қазақстан аграрлық өлке болғандықтан ауыл шаруашылығын кезеңдеп қайта құрудың маңызы өте зор болды.
  3. Азамат соғысы және өндірістің шегерілуі әскери коммунизм саясатына көшуді, бар мүмкіндіктерді топтастырып, бір орталықтан өтуді талап етті.
  4. Тарихи қалыптасқан көп қырлы экономика мүмкіндіктерді топтастырып, бір орталықтан қатаң  бөліп отыруды (яғни әскери коммунизмді) қарама-қайшылыққа ұшыратты. Сөйтіп, жаңа экономика (НЭП) саясатына көшуге мәжбүр етті.
  5. Азамат соғысынан кейін Қазақстанның халық шаруашылығынан қалпына келтіру шабан жүргізілсе де, аграрлық секторды және өнеркәсіпті кооперациялау, ірі өнеркәсіп мекемелерін қолдау, шикізат бағытын ұстап отырып, оларды басқаруды жетілдіре түсу негізінде жүргізілді.

Информация о работе Қазақстанда 1917-1928 ж.ж. арасында өнеркәсіп салаларының дамуы