Қазақстанда 1917-1928 ж.ж. арасында өнеркәсіп салаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:33, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 189

Содержание

Қазақстанда 1917 жылға дейінгі өнеркәсіп салаларына қысқаша шолу.
Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салалары туралы.
Қазақстанда 1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдардың өнеркәсіп салаларының дамуына әсері.
Қазақстанда 1917-1928жж арасындағы өнеркәсіп салаларының дамуына 1922-1924жж. ақша реформасын жүргізудің әсері.

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

АЛИЯ ҒАЙНИ.docx

— 36.45 Кб (Скачать)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униветситеті

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

Есеп  және аудит кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ №1

 

Тақырыбы: «Қазақстанда 1917-1928 ж.ж. арасында өнеркәсіп салаларының дамуы»

 

                   

 

 

 

                                                                          Оқытушы: Саддуллаева А.

 

                                                                           Студент: Көрпебаева Ғайни

                                                                                            Кубеева Айгерім    

                                                                                            Қабдолова Әлия                                                                                                                                                           

                                                                                            Қабылхан Зердина

                                                                                            Құрманова Эльвиза

                                                                                                

                                                                           Мамандығы:  Есеп және аудит

 

                                                                           Тобы: УиА10к2

 

 

 

 

 

                                           Алматы, 2012 жыл.

 

             Жоспар:

 

 

  1. Қазақстанда 1917 жылға дейінгі  өнеркәсіп салаларына қысқаша шолу.
  2. Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салалары туралы.
  3. Қазақстанда 1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдардың өнеркәсіп салаларының дамуына әсері.
  4. Қазақстанда 1917-1928жж арасындағы  өнеркәсіп салаларының дамуына 1922-1924жж. ақша реформасын жүргізудің әсері.

 

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанда 1917 жылға дейінгі  өнеркәсіп салаларына қысқаша шолу.

 

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады. 9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi шаруашылықты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды.

Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экономикалық мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал шаруашылығын анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемлекеттік Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi.

Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi.

 

 

 

 

  1. Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салалары туралы.

 

 

1917 жылғы қазан төңкерісінен  кейін экономика, саясат және  мәдениет тұрғысынан мешеу қалған  Қазақстан дамудың капиталистік  сатысынан аттап өтіп, социализмді  орнатуға көшті. Осы кезден  бастап КСРО таратылғанға дейін  Орталықтың саясаты Республикамызды  әлеуметтік-экономикалық жағынан  дамыту тұрғысында жүргізілді.

Қазақстан 1920 жылдан 26 тамызда РСФСР  құрамында автономиялы республика, ал 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО құрамында  одақтас республика болып жарияланды, ол 1922 жылы желтоқсанда құрылған болатын.

Қазақстанда социалистік өндіріс  салтының қалыптаса бастаған капитализмдік  өндіріс салтын жоюдан, өндіріс құралдарын қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікке айналдырудан басталды.

Саяси міндеттің бастысы халық  шаруашылығында иелікті совет өкіметінің басқаруына беру болды. Экономикалық саясаттың ең басты бастапқы адымы байлардың, қуатты шаруалардың, тіпті орташа шаруалардың мал- мүлкін тәркіледі, өндіріс саласына жұмысшы бақылауын енгізу, банктерді, фабрика, зауыттарды ортақтандыру. Осылардың бәрі де тиісті Декреттер мен Ережелер бойынша жүзеге асырылды.

 Қазақстан аграрлық өлке болғандықтан мұнда ауыл шаруашылығын қайта құру экономикада маңызды орын алды. «Жер туралы Декретте » жерге деген жеке меншіктің қандай түріне де тыйым салынып, ол тек мемлекеттің меншігі делініп жарияланады.

Республикада жерді артықшылықпен  пайдалануды жож қажет болды, жерді тек пайдалану саясаты  жүргізілді. Осыған сәйкес мынадай  саясат қолданылды:

Сібір, Орал және Семей казак – орыс әскерлеріне қазақтардан тартып алынған жерлер олардың өздеріне қайтарылып берілді;

Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісі басылғаннан  кейін Ресейден ауып келген кулактарға жеңілдікпен берілген қазақтардың  жерлері қайтарылып беріліп оларға деген жеңілдіктер жойылды;

Суды пайдалануға қазақ шаруалары  мен орыс шаруаларының құқығы теңестірілді;

Жер бөлінісінде барлық ұлттардың  да жерге тең құқықтығы қамтамассыз  етілді.

Мұншалық күрделі мәселелерді жүзеге асыру үшін тиімді шаралар жүргізу қажет болды. Өршеленген тап күресі туындады.

Қазақстан экономикасының азамат соғысы (1918-1920 ж.ж.) мейлінше құлдыратты. Республикада мал басы 1920 жылы 1913 жылға қарағанда     45,5 % - ке, ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемі 22 %-ке кеміді. Дәнді егіс түсімі 3,2 есе қысқарды. Ауыр өнеркәсіп  өнімі  1913 жылға қарағанда 1920 жылы 50,3 %-ке кеміді, ал жұмысшы саны екі  есе азайды. Халық шаруашылығының барлық өніміндегі өнеркәсіп өнімінің үлесі 1913 жылы 15% болса, ол 6,3 %- ке дейін  төмендеді.

Совет үкіметі осы жағдайда байланысты әскери коммунизм саясатын енгізді. Мұнда мынадай шараларды іске асыру көзделді .

Бүкіл өнеркәсіп толығымен ортақтастырылды, олар қару-жарақ өндірісіне көшірілді. Ұсақ қолөнері сипатындағы кәсіпорындар негізінде қолөнер артельднрі құрылып, армияға қажет өнімдер шығару қолға алынды.:

Еркін саудаға тыйым салынды, азық-түлікті  таптық сипатқа қарай орталықтан мемлекет тарататын тәртіп енгізілді:

Қазақстанда азық-түлік салығы енгізіліп  астыққа мемлекеттік иелік орнатыылды. Әскери жүктеуді тез тасымалдау үшін кәсіпорындарға міндетті еңбек жүктелді, жүктерді көлікпен тасу міндеттелді.

Азамат соғсы жылдарында шаруашылықты басқару органдары құрылды, бірақ  олардың толық дербестігі болмады. 1919 жылы Қырғыз Қазақ Шаруашылығы  Советі құрылды., 1920 жылы бүкіл халық  шаруашылығының  Қырғыз өнекәсібі  экономикалық бюросы құрылды. Риддер және Қырғыз  акционерлік қоғамдары  Сібір халақ шаруашылығы Советінің  қарауына берілді, оның құрамында республикадағы қорғасын-мырыш басқармасы ұйымдастырылды. Мұның өзі Қазақстандағы өнеркәсіпті  орталықтан басқарудың бастамасы болғандай  еді.

Экономика саласындағы әдебиетте  көрсетілгендей, азамат соғысы аяқталып, шаруашылықты қалпына келтіру басталарда, яғни капитализмнен социализмге көшу кезеңі деп аталып кеткен шақта Қазақстанда 5 қоғамдық – экономикалық бағыт қалыптасты:

  1. Патриархалдық қалып. Бұған көшпелі және жартылай кошпелі аудандар, яғни натуралды шаруашылықтар жатты.
  2. Ұсақ өнімді шаруашылықтар. Бқған  Ресейдегі ауып келгендердің орташа шаруалардың деревнялары , казак-орыс станциялары , сол сияқты отырықшы қазақ ауылдарындағы орташа шаруалар мен иқалалардағы қолөнер кәсіпкерлері жатты.
  3. Жеке меншік капитализм шаруашылықтары. Олар – базармен байланысты және жалшы ұстайтын казак  - орыс станцияларындағы жер ауып келгендердің ауқаттылар және байлары.
  4. Мемлекеттік капитализм. Олар – концессия түрінде мемлеккеттік кісіпорындарды шетелдік капиталға жалға бергендер, өз беттерімен сауда жүргізетіндер.
  5. Социалистік сектор. Бұған аз да болса ортақтастырылған ірі өнеркісіп мекемелері, теміржол, банктер, көтерме сауда кәсіпорындароы жатады.

Тарихи қалыптасқан әлденеше бағыттағы  экономика әлденеше бағыттағы экономика  әскери коммунизм саясатында өз-өзінен қайшылыққа ұшырады -  бір орталықтан қатаң басқарып, өнімдерді орталықтан бөліп отыруды қиындатты.

 

 

   Оның үстіне азамат соғысынан күйзелген экономика шаруашылықты қалпына келтіру үшін ұшан-теңіз  қаражат жұмсауды қажет етті, азық-түлік салығы шаруалардың жүйкесін құртты.Мұның өзі жаңа экономикалық стратегия мен тактика жасауды еріксіз талап етті, шаруашылықты жандандырып, жұмысшы табы мен жоспарлырдың одағын саяси нығайту керек болды.

    Сондықтан, жаңа экономикалық  саясатқа  (НЭП) бағытталып, мынадай  шаралар жүргізу міндеті тұрды:

       -әскери коммунизм  саясатынан бас тартып, ауыл шаруашылығында  азық-түлік борышын азық-түлік  салығына алмастыру; 

        -еркін саудаға  рұқсат беріп, жеке меншік саудаға  тыйым салуды тоқтату;

        -ұсақ қолөнер  кәсіпшілігін қалпына келтіру,  оған көп қаржы-қаражат жұмсамай, жеке меншік капиталды тарту;

       -шетелдік капиталды  концессия ретінде қатыстырып, аралас  мемлекеттіік –жеке меншік кәсіпорындар  құру.

    Қазақстанда халық шаруашылығын  қалпына келтіру азамат соғысы  аяқталғаннан кейін 1921-1928 жылдары  жүргізілді.Бірақ ол еліміздің  экономикадан да, мәдениеттен де  мешеулегеніне байланысты қиындықтарға  тірелеліп, қоғамдық-экономикалық  және ұлттық қатынастардың күрделілігінен  оңайға түспеді.

   Қазақстанның аграрлық секторында  қайта құру үш кезеңде жүргізілді. 1921-1922 жылдары жер мен суды  пайдаланудағы теңсіздікті жою  мәселесі  шешілді. 1923-1925 жылдары  республикада жерге орналастыру  жаппай жүргізілді. Ауылдарға қыстау, егіндік және шабындық, маусымды жайылым, көш жолдары, отырықтанатын жерлер белгіленді. 1926-1928 жылдары ауыл шаруашылығындағы капиталистік қатынастарға дейінгі қатынастар кедейлердің  пайдасына шешілді. Бұл міндет екі кезеңде жүргізілді:  бірінші кезеңде неғұрлым құнарлы жерлер қайта бөлініске түсті, екінші кезеңде байлардың мал-мүлкі тәркіленіп, кедейлерге таратылды.

   Ұсақ өнімді шаруашылықтарды  қайта құруда кооперацияға көбірек  көңіл бөлінді. 1926 жылы санақ көрсеткеніндей, Қазақстанның ауыл шаруашылығында 1221 шаруа есепке алынды, оның 751 мыңы  қазақтар (61,5%). Мал шаруашылығы жалпы  өнімнің 67%-ін, товар өнімінің  75%-ін берді. 

                   

 

                                                                                                                                                      

  1. Қазақстанда 1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдардың өнеркәсіп салаларының дамуына әсері.

 

Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің  идеясы Дж. Неру былай деп жазған: «Біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық, бірақ біздің күресімізге дем берген ұлттық сезім жүрегімізді әлі де жылытып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу ұялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы естелік оның ақыл-ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен ұлтшылдық Азияның кез келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отыр». 
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-зезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс хан ұрпағы, Ресейдің либералдық –демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Камитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. 
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды.Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара- шаруалардың, жұмысшылардың қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. 
Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, ішінара уездік съездеріболып өтті. 
Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін-өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиыгтығын қарады. Олардың қатарында азық-түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд «облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу» қажет деп тапты. «Қазақтардың орыстармен өзара қарым-қатынасын реттеу әдістері», « Босқындарды Қытайдан қайтару әдістері» арнайы қаралды. 
Қазақтардың Семей облыстық съезд (27. 1V – 7.V.1917) Бүкіл қазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құру туралы өз көзқарасын ұсынды, съезд «Ресейлік бірінші Құрылтай жиналысында Ұлы Ресейді мекендейтін ұлыстардың еркіндігі, теңдігі мен туысқандығы баянды етілуге тиіс және оларға өздерінің саяси өмірін ұлттық, тұрмыстық, мәдени, экономикалық, тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қайта құруға мүмкіндік берілуге тиіс» деп санады. Съезд «дворян-помешіктер үстемдігі тұсында құрылып, ескі режимнің саясатын қолдап келген, қазіргі кезде күні өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды» шаруа бастықтарды, становойлық приставтар , урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы институттарының таратылуын талап етті. 
1917 жылғы шілденің 21-26-сында Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. 
Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін мәселелерін және т.б. қарады. Көріп отырғанымыздай, қазақтың демократияшыл жұртшылығын қазақ мемлекеттігі, демократиялық реформалар, ұлттың саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғышарттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. «Мемлекеттік басқару формасы» мәселесі бойынша съезд «Ресейден демократияшыл федерациялық парламенттік республика болуға тиіс», - деп жазды; съезд қазақ облыстары «облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс» деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылы оқиғаларға қатысып, Жетісу қазақтары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді.

Информация о работе Қазақстанда 1917-1928 ж.ж. арасында өнеркәсіп салаларының дамуы