АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 01:25, реферат

Описание работы

Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр. Қазақстанда дағдарыс салдарымен күресуде үкіметпен қатар, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» да белсенді ат салысуда. Жалпы қоры 70 млрд. АҚШ долларын құрайтын ұлттық әл-ауқат қоры, ағымдағы жылы ел экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 10 млрд.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік қаржы нарығы ХЭҚ.doc

— 81.50 Кб (Скачать)

Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. Солардың бірі өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді. Ең алдымен “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистральдік газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, “Еуропаға жол” бағдарламасы негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті.

Өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасының даму көрсеткіштеріне тигізген әсеріне қарамастан, жалпылай алғанда, экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың бәрі тиісті деңгейде атқарылды. Сондай-ақ, ол биылғы жылы да Үкіметтің жүктеген міндеттеріне сәйкес, алға қойылған жұмыстардың бәрі жоспарланған кесте бойынша өз деңгейінде жүзеге асатынын кәміл сенеміз. Былтырғы жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Яғни, еліміз экономикалық өсу деңгейін сақтап қалу мақсатында макроэкономикалық болжамдар жасау, инфляциямен күрес, серпінді жобаларды іске асыру мен басқа да шараларды жүзеге асырумен айналысты. Жыл басында инфляцияға қарсы саясат, еліміздің даму деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде салааралық үйлестіру шаралары жасалынып, 2009-2013 жылдарға арналған макроэкономикалық болжам жасау жөнінде құжат қабылданды. Сонымен бірге, 2008-2009 жылдарға арналған инфляциялық үдерістерді реттеу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл соңына қарай 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы тұрақтандыру жөнінде бірлескен шаралар жоспары қабылданды. Елімізде тұңғыш рет бүкіл дүние жүзіндегі саяси-экономикалық үдерістерді бақылауға арналған жедел мониторинг жүйесі енгізілді. Бұдан басқа жасалған тағы бір жұмыс, “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасы мен 45 серпінді жобаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізіліп, ол тиісті нәтижесін берді. Осының нәтижесінде қазір еліміздің әр шалғайында аталмыш бағдарламаның іске асырылу барысы жөнінде мәліметтермен он-лайн режімінде танысу мүмкіндігіне ие болдық.

Былтыр елімізде концессия институтын дамыту ісі қолға алынып, осыған қатысты қабылданған заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс атқарылды. Сонымен бірге, 2008 жылы басталған басты жұмыс деп жаңа Салық кодексі мен Бюджеттік кодекстің қабылданғанын атап өтуге болады. Қазіргі күні аталмыш құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, көрші елдер де оларды өздерінде іске асыруға мүдделілік танытуда. Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет қазынасына түсетін салық көлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Бұл құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық төлеуге қатаң талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі.

Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мөлдірлікті қамтамасыз ете алады. Өткен жылы “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңның да маңыздылығы орасан екенін атап өту қажет. Бұдан басқа “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Ұлттық әл-ауқат қоры туралы” заң жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны серпін беретіні айдан анық.

Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысының дауылы ең ауқатты мемлекеттердің экономикасының өзін шайқалта бастаған кезде “Қазақстан-2030″ барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты стратегияда айқындалған мемлекеттік бағыт тұрақты түрде біздің мемлекетіміздің үш тұғырлы міндеті болып қала береді. Біздің өз күштеріміз бен қорларымызды қайтадан топтастыру жолындағы жүзеге асырып жатқан әрекеттеріміз еліміздің бағытының өзгергендігін білдірмейді.



Информация о работе АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы