Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 01:25, реферат
Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр. Қазақстанда дағдарыс салдарымен күресуде үкіметпен қатар, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» да белсенді ат салысуда. Жалпы қоры 70 млрд. АҚШ долларын құрайтын ұлттық әл-ауқат қоры, ағымдағы жылы ел экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 10 млрд.
АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы, бүгінгі күнде әлемнің барлық елдеріне, оның ішінде дамыған және дамушы елдердің экономикаларын әлі де шайқатуда. Кейбір сарапшылардың болжауынша, ағымдағы жылда кейбір елдердің экономикалары рецессия процесінен шығып, аздаған өсім көрсетуіне қарамастан, дағдарыс құрсауынан толыққанды шығу туралы айту ерте, сонымен қатар, дағдарыстың түбі әлі де болса көрінбей отыр , - деп болжауда. Осыдан бірер жыл бұрын дағдарыс күшіне ене бастағанда, дамыған АҚШ-тан бастап, дамушы елдердегі көптеген үлкенді кшілі банктер, алып сақтандыру компаниялары, өндіріс орындарымен зауыттар жабылды, бұл келеңсіз үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жабылған және жабылудың сәл-ақ алдында тұрған өндіріс орындарымен банктер және тағы да басқа ұйымдар көмек сұрап мемлекетке жүгінді, мемлекет өз тарапынан елдегі жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін, жұмыссыздардың санын арттырмау үшін, ел экономикасының дамуын белгілі бір деңгейде даму үрдісін сақтап қалу үшін аталған кәсіпорындармен қаржы ұйымдарына барынша, қолдарынан келгенше көмегін бергені бәрімізге мәлім. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Бұл әмбебап үрдіс қаржы дағдарысы кезінде жер жүзінің барлық елдеріне ортақ ереже болып қалыптасты десек артық айтпағанымыз шығар. Қазақстан қаржы-экономикалық дағдарысының әсерін ТМД елдерінің ішінде бірінші болып сезді, дегенмен де, осыдан 10-11 жыл бұрынғы Азиядағы және Ресейдегі қаржы дағдарыстарымен салыстырғанда Қазақстан қазіргі әлемдік қаржы дағдарысын тәуелсіз, экономикасы қалыптасқан, мемлекеттік құрылымдары жетілген, ең бастысы аяққа тұрған мемлекет ретінде қарсы алды. Белгілі ғалым, экономист Адам Смиттің «нарықтың қолы көрінбейді» деген атақты сөзі бар, соған байланысты, дағдарыс кезінде мемлекеттің барлық саласын нарықтың көрінбейтін қолына беріп қою арқылы, мемлекет өз тағдырын үлкен қатерге байлайтыны тағы да белігілі.
Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр. Қазақстанда дағдарыс салдарымен күресуде үкіметпен қатар, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» да белсенді ат салысуда. Жалпы қоры 70 млрд. АҚШ долларын құрайтын ұлттық әл-ауқат қоры, ағымдағы жылы ел экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 10 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Қор төрағасы Қ. Келімбетовтің айтуынша, бүгінгі күнде экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінген 10 млрд. АҚШ долларының 70%-ы экономикаға енгізілген, ал оның 60%-ы бүгінгі уақытта толығымен игеріліпті. Қазақстан дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша және аталған бағдарлама аясында экономикаға қаржы құю көрсеткіші бойынша әлемдік он мемлекеттің қатарына кіріп отыр.
Нарықтық экономиканың заңы бойынша, мемлекеттің нарық саласындағы үлесімен мөлшері аз көлемде болуы керек, алайда дағдарыс көп нәрсеге өзгеріс әкелгені белгілі, ал бүгінгідей қиын жағдайда мемлекетпен жеке сектор, нарық бірігіп жұмыс жасап, дамуы тиіс. Соңғы екі жылда мемлекеттің экономикадағы әсері күшейіп, үлесі артып, банктер және қаржы саласындағы компаниялар мемлекеттіндіріп, мемлекет меншігіне біртіндеп көшіп жатыр. Дағдарыс салдарына байланысты ел экономикасында мемлекеттің тікелей және жанама қатысуының мысалы ретінде, көршілес Ресейдегі жағдайды алуға болады. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде Ресей ІЖӨ-нің 50%-ын мемлекеттің үлесі алып отыр екен. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, соңғы жылы Ресей үкіметі ел экономикасындағы үлесін 10%-ға арттырыпты. Қазіргі кездегі нарықтағы турбулентті жағдайда, экономикадағы мемлекеттік үлесті арттырудың негізгі механизмі бұл - тұрақтандыру несиелерін беру және ішкі сұранысты арттыру арқылы экономикадағы өсімді ұлғайту болып отыр, сол себепті Ресей үкіметі тек қана жеке сектордағы үлесін арттырып қоймай, сонымен бірге «Газпром», «Роснефть», «Сбербанк России», «ВТБ» секілді мемлекеттік корпорациялардағы үлесін де арттырып отыр. Қазақстандағы мемлекеттің экономикадағы алып отырған үлесінің тура пайызын немесе санын айту қиын, себебі бұл мәселе бойынша нақты ақпарат әлі жоқ, алайда ағымдағы жылдың басында мемлекет «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы еліміздегі төрт екінші деңгейлі жүйе құраушы банктердің екеуінің 25% үлесімен, қалған екі банктің 75% үлестерін сатып алуын, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» «Еуразия табиғи ресурстар корпорациясындағы», «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясындағы, «Қазақмыс», «Қазақстан ипотекалық компаниясындағы» және т.б. маңызды компаниялардағы мемлекет үлесін өзіне алуын айтуға болады. Осы сатып алулар арқылы мемлекет экономика саласындағы үлесін едәуір арттырғаны белгілі. Өткен қыркүйек айының 29-ы күні Ресейде «ВТБ» банкінің ұйымдастырған инвестициялық форумында, Ресей үкіметінің жетекшісі Владимир Путин, мемлекет дағдарысты еңсергеннен кейін, мемлекеттің экномикадан біртіндеп шығатыны және мемлекеттің экономикадағы үлесінің азая беретіні туралы айтып кеткен болатын. Ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, мемлекет экономикадағы үлесін төмендеткісі келсе де, бұл жердегі көрсеткіш 20-30%-дан әрі төмендемеуі мүмкін деуде. Белгілі экономист, мемлекет және қоғам қайраткері, танымал қаржыгер Ораз Әлиұлы Жандосовтың пікірінше, Қазақстанда мемлекет екі-үш жылдан кейін, дағдарыс уақытында кірген саламен компаниялардан шығады деп отыр. Осыған келетін пікірді осы жақында Қазақстан Республикасынынң премьер-министрі Кәрім Мәсімов те айтқан болатын.
Дағдарыстың әсері бізбен көршілес жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданына бізбен салыстырғанда әсерін аз тигізді, бұл процесстің басты себебі, аталған елдерде дағдарысқа дейін де, мемлекеттің экономикадағы үлесі басым және экономикалары жабықтау болатын, сол себепті бұл елдерге жаһандық дағдарыстың әсері бізбен салыстырғанда төмен деңгейде болды. «Мемлекет - нашар менеджер» - деген қанатты сөз бар, алайда қазіргі уақыттағы экономикадағы тұрақсыз жағдайда, мемлекеттің көмегінсіз кейбір маңызды салалардың дамуын елестету мүмкін болмай тұр. Бүгінгі кезеңде қайсыбір мемлекет экономикадағы үлесін төмендетуді, экономикадан біртіндеп шығудан көрі, дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасын жүргізуді басым бағыт етіп отыр, ал экономикадағы мемлекет үлесін төмендету жоспары жақын болашақтың еншісіндегі мәселе екені белгілі.
Әлемді дүрліктірген қаржы дағдарысы қайта қылаң бермесіне сенім жоқ
Әлемдік қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айқын көрсетті. Бұл – жаһандану үрдісінің кең қанат жайып келе жатқанының белгісі. Алдымен ең ірі экономикасы бар АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің және Европа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы саласына әсер етті.
Дағдарыс шырмауы
Әлемге дендеп енген қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикасын әлсірете түсті. Әсіресе, шикізат өндіретін дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едәуір төмендетті. Мәселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға төмендеген. Бұл – 1982 жылдан бергі ең ірі құлдырау. Германияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы әлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды.
Дағдарыс әлемдік ірі компаниялардың өзін жан алқымнан алып, құтын қашырды. Жылдық табыстары азайып, шығынға батқан алпауыттар амалдары таусылған соң, жұмысшылардың санын қысқартуға мәжбүр болды. Мысалға, мұнай алыбы Royal Dutch Shell Plc компаниясы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2,9 миллиард шығын шекті. Ал Exxon Mobil-дің кірісі, 8 миллиард долларға қысқарды. 2007 жылы ғана аталмыш компания 12 миллиард доллар көлемінде пайда тапқан еді. Мұнай алпауыттарының шығыны қара алтын бағасының айтарлықтай төмендеуінен қалыптасты. Бір жыл бұрын ғана рекордтық көрсеткіш барреліне 147 долларға дейін көтерілген мұнай бағасы 2008-дің желтоқсанында бес жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке құлдырап, 33 долларға дейін түсті. Дағдарыс салдарынан ірі көлік шығаратын компаниялар да едәуір зардап шекті. 2008 жылдың 3-ші тоқсанында «Тойота» компаниясының шығыны 1 миллиард доллардан асты. Бір жыл бұрын оның табысы 5 миллиард доллардан көп еді. «Мерседес-Бенц» кәсіпорны өнімінің сатылымы да төмендеді. 2008-ші жылдың қаңтарында сатылған көліктердің саны 32 пайызға кеміген. Ал Оңтүстік Кореяның «Саньён мотор» автоконцерні төлем дағдарысына ұшырап, корпорация президенті қызметінен кетті. Бұрындары жылына 200 мың көлік сатып келген ұжым тек 92 жарым мың өнімін ғана сата алған, өндіріс көлемі 30 пайызға азайып кеткен. Әйгілі көлік компанияларының құлдырауына өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды. Мәселен, АҚШ-та Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға кеміген. Әлемде тіпті күнделікті тұрмыстық заттарға деген сұраныс та азайған. Электроника саласындағы көшбасшылардың бірі «Сони» компаниясы 2008 жылды 1,1 миллиард доллар шығынмен жапты. Теледидар шығаратын европалық алпауыт «Филипс» бұл жылды 1 миллиард 47 миллион еуро шығынмен аяқтады. Міне, осындай шығынға батқан әлемдегі үлкенді-кішілі компаниялар жұмысшылар санын қысқартуды қолға алған соң, жұмыссыздық деңгейі өсіп кетті. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зелликтің айтуынша, экономикалық дағдарыс нәтижесінде әлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшыраған. Германияда 3 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Ұлыбританияда жұмыссыздар саны 2 миллионға жуықтаған. Ресейде 5 миллионға жетті.
Дағдарыс ірі мемлекеттердің амбициясына да әжептәуір әсер еткен сыңайлы. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінің «жүні жығылыңқырап» қалды. Бұрындары өздерін өктем ұстайтын бұл мемлекеттер экономикалары мен қаржыларын тізгіндей алмай әуреге түскенін дүниежүзі көріп, бақылап отырды. Олар мың жерден мықты ел болса да, төтеден келген дағдарыстан абдырап қалды. Бір сарапшылар Ресей мен АҚШ-тың Грузиядағы оқиғаларға қатысты текетіресі дағдарыстың күшеюінің арқасында сейіліп қалды деген пікір білдірді. «Байтал түгілі бас қайғы» демекші, АҚШ Ирактағы әскерилерінің санын да қысқартқаны белгілі.
Қазақстан дағдарыспен қалай күресті?
Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең алған тұста еліміздегі құрылыс саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сәйкес, негізінен 5 бағыт бойынша қаржы секторы, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы және жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылды. Ол экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының негізгі операторы болды. Елбасы бұл қор басшылығы мен үкіметке әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою тетіктерін, экономиканы диверсификациялау арқылы жаңа отандық өнім өндіруге негізделген өндіріс орындарын құру, ішкі инфрақұрылымды жаңалау жобаларын жасауды міндеттелді. Бұл мақсаттарға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, экономиканың негізгі салаларын тұрақты сақтауға жағдай жасалды. Осы басты жоспар қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруге көмектесті. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы алынды. Мұнай өндіруден жиналған қор қаражаты қысылтаяң сәтте көмекке жарады. Бұл қорды құрудағы негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. Ұлттық қордан бөлінген қаражат та 5 бағыт бойынша жұмсалды. Қаржы саласын тұрақтандыруға 4 миллиард, шағын және орта бизнеске 1 миллиард, ауыл шаруашылығы жобаларына 1 миллиард, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларға 1 миллиард доллар бөлінді. Ең алдымен экономиканың күре тамыры қаржы саласының түйткілдерін шешуге айрықша назар аударылды. Мемлекет 4 ірі негізгі банктің акцияларын сатып алып, олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Әр банк бір-бір саланың операторы атанып, нақты секторға қажет қаражат айналымына қан жүгірді. Олар арқылы құрылыс саласына да қаржы аударылып, үлескерлер мәселесін шешуге мән берілді. Мемлекет құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің толық бітуіне көмек жасады. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларына қаржылық қолдау көрсетілді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры арқылы жеңілдетілген несие беретін арнайы желі ашылды. Оларға ипотекалық несиені 10,5 пайызбен беру талабы қойылды. Екінші тетік ретінде дайын пәтерлерді коммерциялық банктер арқылы нарық бағамымен несиелеу ұсынылды. Үшінші мәселе, бұған дейін берілген ипотекалық несиенің пайызы бір баспана алғандарға 9 пайызға дейін төмендетілді. Экономиканың тұрақты тірегі болғандықтан орта және шағын бизнеске ұлттық қор қаржысынан бұрын «Даму» кәсіпкерлік қоры арқылы 10 миллиард теңге бөлініп, ірі банктер арқылы 156 миллиард теңгелік несие беру бағдарламасы да іске асты. Бұл қаржылар отандық тауар өндірушілерге зор қолдау болды. Бұған қоса үкімет елдегі өндіріс орындары мен мекемелерге отандық өнімдерді тұтыну жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық компанияларға отандық өнімдерді алу талабы қойылды. Орта және шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Жаңадан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жасалды. Бұл да мемлекет тарапынан жасалған оңтайлы қадам еді. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да зор көңіл бөлінді. Өйткені дағдарыс шикізат өндіруден гөрі, нақты өнім өндіру тиімді екенін көрсетті. Бұл сала бірден табыс әкелмесе де, біртіндеп қор жасауға болатынын байқатты. Ең бастысы, тәуекел аз да, тұрақты табыс бар. Бұған қоса Қазақстан экономиканы диверсификациялап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туындағанын дөп пайдаланды. Осы бағытта «Қазагро» ұлттық холдингі арқылы бір жылда 199 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіретін жобаларға басымдық берілді. Агроөнеркәсіп саласы алдағы уақытта да тұрақты дамудың кепілі ретінде қалыптаса түспек. Мемлекет дағдарыс кезінде инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды да ұмытқан жоқ. Мұндай қысылтаяң сәтте мемлекеттің ішкі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюы тиімді екенін заманында АҚШ президенті Рузвельт те атап өткен. Америка ұлы депрессия тұсында көпірлері мен жолдарын жөндеуге мән бергені тарихтан белгілі. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тәжірибеден бас тартқан жоқ. Үкіметке «Жол картасы», «Индустриялық-инновациялық» бағдарламаларын тиянақты жүзеге асыруды тапсырып,оның орындалу барысын қадағалап отырды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінудің арқасында қалалар мен қоса ауылдарда да жолдарды жөндеу ісі жүргізілді.Мектеп, денсаулық сақтау, басқа да әлеуметтік мекемелердің құрылыстары жалғасты. Бұл бір жағынан ішкі өндірістік белсенділікті арттырып, жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етті. Ірі жобаларды қаржыландыру да тоқтаған жоқ. Мәселен, 2009 жыл бюджетінен Бейнеу-Шымкент газ құбыры магистралін салуға 32,8 миллиард, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне 31,3 миллиард, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысына 4 миллиард теңге қарастырылды. Мемлекет ірі өндіріс орындарынан жұмыс орындарын қысқартпауды да талап етті. Олар мен облыстық әкімшіліктер меморандумдарға қол қойысты. Арнайы бағдарлама жасалып, мамандарды қайта оқыту ісі қолға алынды. Бұл жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған қадамдар болды. Ең бастысы, дағдарыс кезінде бюдджеттегі әлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ. Жоспарланған төлем уақытында тұрғындарға беріліп отырды. Тіпті ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікті несие беру жобасы да ұсынылды. Үкімет мемлекеттік органдардың шығындарын үнемдеуге де барды. Ұлттық компаниялар басшылары мен қызметкерлерінің бонустары, сыйақылары азайтылды. Дағдарыс барысында теңгеге девалвация жасалды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсті. Бұл әлемдік тәжірибе де бар үрдіс, еліміздегі сыртқа шикізат және өнім жіберетін компаниялар үшін үлкен қолдау еді. Міне, Қазақстанның дағдарыс кезінде жүзеге асырған кешенді іс-әрекеттері осындай болды. Сарапталып барып іске асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы оң нәтижелері 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындыларынан анық байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайызды құрады, өндіріс көлемі 11 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде – 18,3, кен өндіру өнеркәсібінде 6,3 пайыздық өсім қалыптасқан. Іске қосылған агроөнеркәсіптік жобалардың арқасында тамақ өнеркәсібінің өндірісі 14,6 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 3,1 пайызға өсті. Бұған дейін төмен көрсеткіш көрсетіп келген құрылыс қарқыны маусым айында 0,5 пайызға көтерілген. Инфляция деңгейінің төмендеу үрдістері байқалды. Жыл басынан бері жалпы инфляцияның деңгейі 4,4 пайызды құрады. Бірақ бұл көрсеткіштер дағдарыстың толық еңсерілгенін көрсетпесе керек. Кейбір әлемдік сарапшылардың дағдарыстың әлі де бір құйтырқысы шығуы ықтимал екендігін болжаған жорамалдары да БАҚ-та оқтын-оқтын жарияланып қалып жүр. Сондықтан «сақтансаң сақтармын» дегендей, қазіргі әлемдегі қаржы орталықтары мен қор биржаларындағы жағдай әрдайым сақтықты қажет етеді.
Әлемдегі қаржы дағдарысы бүкіл қоғамға өз әсерін тигізуде. Күнделікті ақпараттардан көріп отырғанымыздай, күллі әлемді жайлаған қаржы дағдарысы АҚШ, Еуропа елдері секілді “мен” деген алпауыт мемлекеттердің экономикасын тамырынан шайқалтты және оның әсері Қазақстанды да айналып өтпеді. Елбасы айтқандай, бүгінде әлемді дүрліктіріп отырған дағдарыс бізге сырттан келді. Менің пайымдауымша, оның көзі жаһан экономикасының теңгерімсіз пішінінде. Сондықтан да бұл тығырықтан құтылу, болмаса, оның алдын ала білу мүмкін болмады. Осыған орай, Елбасымыздың тікелей басшылығымен Үкімет тарапынан экономикалық дағдарысқа төтеп беретін кешенді іс-шаралар жүйесі қолға алынуда.
Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; үлестік құрылыс проблемасын шешу жөніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін орындауына; Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне.
Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана өз экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалады, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Оның үстіне Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелерін толық көлемінде сақтап отыр. Бұрын жоспарланғандай, 2010 жылы бюджеттегілердің жалақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар ел экономикасын әтараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылысы мен үлескерлер проблемаларын шешуге, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі. Салық азаяды. Жаңа жұмыс орындары ашылады.