Жануарлардың бірлесіп тіршілік етуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 15:11, реферат

Описание работы

солтүстік бұғысы мен павиандардың табын болып өмір сүруіндегі маңызы

Содержание

І. Солтүстік бұғысының тіршілік ету бейнесіне сипаттама
маусымдық миграциясы
қоректенуі
көбейіп,ұрпақ өрбітуі
конкуренттері,жауларынан қорғануы
ІІ. Павиандардың тіршілік ету бейнесіне сипаттма
тіршілік ету ортасы
жалпы физикалық тұрғыдан сипаттама
іс-әрекеттері
қоректенуі
көбейіп,ұрпақ өрбітуі
топ болып өмір сүруі,жауларынан қорғануы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Тақырыпқа сұрақтар
V. Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

экология срс.docx

— 1.55 Мб (Скачать)

Тіршілік үшін күрес жолында этологиялық құрылымның маңызы

  • Жануарлардың табын болып топтасып өмір сүру барысындағы маңызы:Солтүстік бұғысы, павиандар дың тіршілік ету бейнесі (қоректену,жаудан қорғану және т.б. мезеттердегі доминанттардың орны)

 

 

ЖОСПАР

 

І. Солтүстік бұғысының тіршілік ету бейнесіне сипаттама

  • маусымдық миграциясы
  • қоректенуі
  • көбейіп,ұрпақ өрбітуі
  • конкуренттері,жауларынан қорғануы

ІІ. Павиандардың тіршілік ету  бейнесіне сипаттма

  • тіршілік ету ортасы
  • жалпы физикалық тұрғыдан сипаттама
  • іс-әрекеттері
  • қоректенуі
  • көбейіп,ұрпақ өрбітуі
  • топ болып өмір сүруі,жауларынан қорғануы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Тақырыпқа сұрақтар

V. Пайдаланылған ақпарат көздері

І.

Солтүстік бұғысының тіршілік ету бейнесіне  сипаттама

    


Солтүстік бұғысы (Rangifer tarandus) – дене-тұрқы мен мойыны ұзындау,аяқтары қысқа келетін тақтұяқты,шөпқоректі жануар. Солтүстік бұғысының денесінің ұзындығы 200-220 см,бойы 110-140 см.ге дейін жетеді, салмағы 100-220 кг. Олардың арасындағы ең кіші түрлері Қиыр Солтүстіктің аралдары мен тундраларында,ең ірілері Оңтүстік Сібір дің таулары мен тайгаларында тіршілік етеді. Солтүстік бұғысының ортаңғы тұяқтары үлкен әрі кең,формасы қалақша тәрізді иілген. Бұл оларға қарды қазғанға ыңғайлы.Шеткі тұяқтары да әжептәуір үлкен. Солтүстік бұғысының мүйіздері өте үлкен. Және оның басқа бұғы түрлерінен ерекшелігі: үлкен мүйіз еркек бұғылармен қатар ұрғашы бұғыларында да болады. Мүйіздері ұзын,алдымен артқа,сосын алдыға қарай майысқан. Мүйіздерінің шеті үстіге және артқа қарай бағытталған өсінділері бар тік күрек тәрізді біткен. Мүйіз дері жиі өзгеріске ұшырағыш, кей жағдайларда әлсіз дамыған болады. Қысқы жүн жамылғысы ұзын,әсіресе мойын жақ бөлігі төмен салбырап тұрады. Қалың түктің іші ауамен толтырылған,сондықтан жүні жеңіл әрі өте жылы болады.Аяқтарындағы жүндері қысқа бірақ берік болып келеді.Жазғы жүні әжептуір қысқарақ әрі жеңіл. Жабайы бұғылардың жазғы жүн жамылғысы ның түсі біртектес қара-қоңыр немесе сұр-қоңыр болып келеді. Мойындары ның шеттері мен салбыраған жүндері ашығырақ түстес.Қысқы жүн жамылғы ларының түсі әлдеқайда құбылмалы,қара-қоңыр түстен ақ түске дейін өзгере ді,көбінесе ала-ала болып келеді.Қиыр Солтүстіктің бұғыларының жүн жамылғысы ашығырақ,ал орман бұғыларының түсі қаралау болып келеді. Кішкентай бұғылардың бұзауларының түсі қоңыр,сұр-қоңыр;тек Оңтүстік Сібір бұғыларының бұзауларының арқа жотасының түсі ашық болады. Жабайы солтүстік бұғысы Солтүстік Америка мен Евразияның тундралық зоналарында таралған.Бірақ қазіргі уақытта Солтүстік Америка мен Еуропада ғы бұғылар ареалының оңтүстік шекарасы солтүстікке қарай қатты ауып кеткен.Мысалы,Финляндия мен Швецияда жабайы солтүстік бұғылары мүлдем кездеспейді,оларды түгелімен қолға үйретілген бұғылар алмастырып кетті.Тек Норвегияның таулы аймағында кездестіре аламыз. Ресейді қоспаған да,Еуропадағы жабайы солтүстік бұғылар саны 50 мыңға жуық,Солтүстік Америкада 650 мың,ал бұрын Канада мен Аляскада 3,5 млн. болған.


             Солтүстік бұғылары табын болып  өмір сүреді. Бұл оларға қорегін  тауып жеуге,жауларынан қорғануға,көшіп-қонуға  ыңғайлы. Қолға үйретілген солтүстік бұғыларының табыны жыл он екі ай бойы адамдардан жем мен баспана алмай,ашық аспан астында жайылып жүреді.Басқа үй жануарлары мен салыстырғанда,солтүстік бұғысының тұқымдары болмайды.Оның солтүстік бұғысының жабайы түрлерінен айрмашылығы әсте жоқ десе де болады.Тек жүнінің түсі қолға үйретілген бұғыларда алуан түрлі келеді.

 

  • Солтүстік бұғылардың маусымдық миграциясы

 

          Солтүстік бұғыларының табындары  тундра,орманды-тундра және солтүстік  тайгалық ормандарында тіршілік  етеді.Таулы және жазық тайгалық зонасын мекендейтін бұғылар табындары ұзақ көші-қон жасамайды. Тундра лық жабайы солтүстік бұғыларының жазғы тіршілік ету ортасы әдетте арктикалық тундраларда өтеді;әсіресе бұғы табындары шұңқырлары мен көл дері бар шөпке бай аумақтарда жайылғанды жақсы көреді.Қыс кезінде тундра лық бұғылар табыны солтүстік орманды зоналарға қарай көшеді.Күзде және көктемде мүк-бұталы тундраларды кесіп өтеді.Солтүстік бұғыларының қыста тундрадан ормандарға көшуінің негізігі себебі – тундрада жем-қор азаяды,ал оларды тығыз қалың қар астынан алып жеу өте қиынға соғады. Солтүстік бұғы табындарының осындай миграцияларының ауқымы Ресейде 200-750 км құраса, карибуларда (Солтүстік Америкада солтүстік бұғыларын осылай атайды) ол 500-600 км (ең көп дегенде 800 км) құрайды.Солтүстік бұғылар табындарының осындай мезгілдік көші-қонының сипаты көптеген себептер мен байланысты: бұғылардың саны;қар жамылғысың режимі мен жайылым дар қалпы.Бірақ көші-қонның ортақ бағыты,миграция кезінде бұғылар жүріп өтетін жолы,өзенді кесіп өтетін өткелдері үлкен тұрақтылықтарымен ерекше ленеді.Біздің бұғылардың күзгі көші-қоны көбінесе қыркүйек айында бастала ды да қарашада аяқталады.Канадада карибулар орманды зонаға қазан-желтоқсанда кетеді,бірақ мұның алдында,жаздың басында, карибулар табын дары оңтүстікке қарай ақырындап жылжып орманның солтүстік шекарасы бойымен көшіп жүреді.Көктемде тундраға алғаш бұғылар табындары мамыр айында келе бастайды.Бірінші болып ұрғашы бұғылар мен жас бұғылар әлі қатып тұрған мұз үстін кесіп өтіп келеді. Олардан кейін,арада бір-екі жұма өткен соң,аталықтары қатты өзен ағысын жүзіп өтіп келеді.Солтүстік бұғы


лары жақсы жүзе біледі,және тек Енисей сияқты үлкен өзендерді  ғана емес, ені бірнеше километрлерге дейін жететін теңіз бұғаздарын да жақсы жүзіп өте алады.   

  • Солтүстік бұғылардың қоректенуі


          Жаз мезгілінде бұғылар шөптекті  өсімдіктермен қоректенеді,әсіресе қырықбуын,қымыздық сияқты өсімдік

терді,бұршақ тұқымдастарды  жақсы жейді.

Жиі,ұзақ уақыт тал жапырақтарымен

қоректенеді,саңырауқұлақтар іздейді.

Жерді қар басқаннан кейін бұғылар бұғы

мүк жеуге көшеді — бұл солтүстік бұғысы

ның 9 ай бойында жейтін негізгі қорегі.

Жақсы дамыған иіскеп-сезу қасиеттерінің

арқасында бұғылар қар астынан бұғымүк қана емес,басқа да қоректік өсімдіктерді және жидектер мен саңырауқұлақ

тарды оңай тауып, қазып жейді.Былайша айтқанда,солтүстік бұғыларының

қорегі алуан түрлі,ол қол жетімді бүкіл өсімдіктерді талғмай жей береді.

Әсіресе бұл қолға үйретілген солтүстік бұғыларына тән,себебі олардың

табыны белгілі бір  шектелген аумақта ғана жайылғандықтан жабайы бұғылар мүлдем қоректенбеуі мүмкін өсімдіктерді жеуге мәжбүр болады.Солтүстік

бұғыларының қынамен қоректенуге бейімділігі оларға басқа тұяқтылар

жайыла алмайтын жерлерде ұзақ жайылуға мүмкіндік береді.Қына көмірсу

ларға өте бай,бірақ құрамында  ақуыздық және минералды заттар өте аз.

Осының орнын толтыру үшін олар леммингтермен,тіпті құстардың жұмырт

қаларымен және басқа жануартектес қорекпен қоректене алады.Әсіресе,

солтүстік бұғылары тұзды қажетсінеді,олар несеп қарды жеп,теңіз суын

ішеді,балдырлармен де қоректенеді.Қыста,қар жамылғысы өте қалың кезде

бұғыларға қорегін тауып жеу қиындайды.Олар қарды 70-80 см тереңдікке

дейін қазуға мәжбүр болады,мұндай жағдайда олардың қардан тек арқалары

көрініп тұрады.Бұғылар қарды  алдыңғы аяқтарымен қазады,сондықтан  қысқа қарай өткір қырлары бар өсіп-жетілген тұяқтары қорек табуда өте маңызды

құралға айналады.

 

  • Солтүстік бұғыларының көбейіп ұрпақ өрбітуі

 

Солтүстік бұғыларының жыныстық жетілуі тіршілік етуінің екінші

жылында күзде іске асады да, 20 жасына дейін көбеюге қабілетті болады. Бірақ 10-12 жас кезеңінде ұрғашы бұғыларда жұмыртқа жасушаларының деградациясы жүреді.Жалпы өмір сүру ұзақтығы солтүстік бұғыларда 25 жылды құрайды.

         Көбею процесі қыркүйектің ортасы-қазанның басынан бастап қазанның аяғы-қарашаның ортасына дейін жалғасады.Арктикалық тундраларда Сібір ден бұрын басталады.Көбею процесінің басталуының негізгі белгілерінің бірі – араласқан табындардың құрылуы. Бұл кезеңге дейін бұғыларда түлеу проце сі аяқталып болады.Мүйіздері сүйектеніп,қатайып,түктерінен тазаланады. Жануарлардың топтасқан аймақтарында сындырылған бұталар және дәрет сындырылған орындары пайда болады.Бұл кезеңде аталықтарының несебінің өзінің анальдық секреция гормоны бөлетін спецификалық иісі пайда болады. Жануарлардың дыбыс сигналдары қысқа қорылдар сериясын еске салады.


         Солтүстік бұғылары – полигамдар,яғни бір аталығы көбею маусымы кезінде бірнеше ұрғашы бұғыларды ұрықтандырады.Олардың саны 3-13 ке дейін жетуі мүмкін.Құрамы 10 дараға дейін жететін топтарда бір басты ата лық,одан да көптерде бірнеше аталыққа дейін болады.Аталықтар бір-бірімен ұрғашы особьтар алдында төбелеседі.Ұрғашы особьтар болмаған жағдайда олар бір-бірімен ешқашан төбелеспейді.Екі аталық арасындағы төбелестердің өзіндік ритуалды сипаты бар.Аталықтар ұрғашы особьтарды ұстап қалуға тырысумен болады,аз қоректенеді және өз дене салмақтарының 20%-ын жоғалтады.Көбею маусымының соңына қарай әлсірейді,әрі ендігәрі аталық-субдоминанттарға қарсы тұруға шамасы келмейді.Көбею маусымы аяқталған нан кейін аталық особьтар табыннан жеке бөлініп кетеді.Көбею маусымы кезінде бұзаулары аналарынан алшақтамайды.Аналықтарының ұрпақ көтеру ұзақтығы 219-238 күнге дейін созылады.Төлдеу уақыты мамыр-маусым айларында,кей жағдай

ларда көптеген жерлерде әлі  қар ерімеген миграция кезінде жүзеге асады.Бір бұзау ғана туылады,екеу болуы өте сирек жағдай. Анасы бұзауын жиі-жиі жалап отырады,бұл оның дене


сінің тезірек кебуіне  көмекте седі.Жаңа туған бұзаудың салмағы 5-6 кг болады.Ол дәл сол күні аяғына тұрып анасының артынан ілесіп жүре алады.Анасынан қалып қалған бұзауды анасы даусымен тауып алады,

иісінен сезеді.Өмірінің алғашқы жұмасында-ақ бұзаулары өзенді жүзіп өтуге шамасы келеді.Бір айлық уақытында түлеуі басталып

3-4 жұмадан кейін аяқталады.Лактация перио

ды алты айға созылады (қысқа  дейін).Бұзау

ларының мүйізі қысқа,майысқан болып келеді.Мүйіздерінің тазарып-қатаюы қыркүйек-қазанда,түсуі сәуір-мамырда болады. Тіршілік етуінің екінші жылында мүйіздері толық өз формасына дамып бітеді.Тістерінің дамуы өмірінің үшінші жылында бітеді,бұл жасында аталық тардың толықтай бойы өсіп бітеді.Ал 5-6 жасында толық дамып болады.

 

  • Солтүстік бұғыларының конкуренттері,жауларынан қорғануы

 

         Жабайы солтүстік бұғысының қорек табудағы негізгі конкуренті – қолға

үйретілген бұғы.Сонша  маңыздылығы жоқ конкуренттері:биік таулы зоналар да – арқарлар (қар қойлары);тайгалық зонада – құдыр,бұлан,беделді бұғы; тундрада – қойөгіз,леммингтер,ақ қояндар,суда жүзетін құстар.

        Жануарлардың жалпы азаюына жыртқыштардың әсері 33%.Негізгі қауіп қасқырлардан төнеді.Қасқырлардан бөлек,солтүстік бұғыларға сирек жағдай

да құнулар

 

(россомаха),сілеусіндер мен аюлар қауіп төндіреді. Бірақ бұл түрлердің тигізген зияны, қасқырлармен салыстырғанда жартысына да толмайды.Және бұзауларына әуеден бүркіт,лашын тектес құстардың шабуылы болуы мүмкін.

        Солтүстік бұғысы көбінесе шалдығатын ауруларға:сібір язвасы, бруцел лез,некробактериоз,колибактериоз,туберкулез,бронхопневмония,саркаптоз

және т.б. аурулар жатады.Және де жай және паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын аурулар,гельминтоз.

         Бұл аурулар жабайы солтүстік бұғыларының санының азаюына әсіре қатты әсер етпейді.Мамандардың пайымдауынша,жабайы бұғылар арасын дағы эпизоотиялар үй бұғыларымен салыстырғанда саны көп емес.


             Солтүстік бұғылары табынмен жүретіндіктен,жайылымдарда бірге топ тасады.Және де қасқырлардан қорғануға мүмкіндіктері болады.Олар өздерінің үлкен мүйіздерімен жауына қарсы тұрады.Табын

да аталық доминанттары ұрғашы особьтары мен бұзауларын қорғайды. Әр табын «басшысы» өз табынының  территориясын бақылап жүреді.Ұрғашы особьтарына үстемдік жүргізеді.

 

 

ІІ.

Павиандардың  тіршілік ету бейнесіне сипаттма


 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Павиандар– төзімділік,агрессия және бейімделуге қабілеттілік,міне осы қасиеттер бұл маймыл түрлерін басқаларынан ерекшелейді.Солардың бір түріне жеке тоқталсақ,ол павиан-анубис.

         Павиан-анубис – приматтар түрі,мартышкалар тұқымдасына жататын сүт қоректі жануар.Өзінің атауы күшті дене-тұрқының;түксіз,шығыңқы кел ген тұмсығының ежелгі Египет құдайы – Анубисқа ұқсас келгендіктен солай аталған.


 

 

 

 

 

 

 

  • Павиандардың тіршілік ету ареалы (ортасы)

          Павиан-анубистар негізінен Малиден Эфиопияға дейінгі аралықта, солтүстік Танзанияның саванналарында және де Орталық Африканың орман дарында,жартылай шөлейт жерлерінде,таулы аймақтарында таралған. Ауыз суға оңай қолжетімділік – анубистар өмірі үшін ең маңызды жағдай.Бірақ қазіргі техникалық прогресс заманында бұл приматтардың тіршілік ету орта сы бұзылып барады,жыл сайын сандары азайып бара жатыр (кейінгі кездері Эфиопиядағы анубистар саны 70%-ға азайған).

 

  • Павиандарға жалпы физикалық сипаттама

 

         Павиан-анубис – бойшаң (аталықтарының бойы – 76 см-ге дейін,ал ұрғашыларынікі – 60 см-ге дейін жетеді) әрі күшті маймылдар.Жақ сүйектері мықты,жақсы дамыған,артқы тістерімен жаңғақтарды,жануар сүйектерін шаға алады.Денелерінің түсі сұр-зәйтүн түстестен қоңыр түске дейін. Аталық тарының иықтары мен арқа жотасының үстіңгі жағында қалың түктері бар. Құйрығы – басталатын жерінен бастап үстіге қараған,астыңғы жағы артқа және астыға қарай майысқан,ұзындығы 45 см-ге дейін жетеді. Ересек аталық тарының салмағы 32 кг-ға дейін,ұрғашылары сәл кішірек – 20 кг-ға дейін. Жыныстық диморфизмді анубистардың тек бойы мен салмағында ғана емес, сойдақ тісінің ұрғашы дараларында кішірек екенінен де байқаймыз.Павиан-анубистардың ең ерекше сипаты – аногенитальды зоналарында «жыныстық» жалаңаш терісінің болуы;ол қан құрамындағы жыныстық гормондар мөлшері не байланысты қызыл түске боялады,ал жыныстық жетілген дараларында одан да ашық түстес болады,әсіресе көбею процесі кезеңінде.

Информация о работе Жануарлардың бірлесіп тіршілік етуі