Тәрбие сағатының тақырыбы: "Адам деген- ардақты ат"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:47, лекция

Описание работы

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жандүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету. Рухани – адамгершілік тәрбие – дұрыс жағдылар мен әртүрлі жағдайларды өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.

Работа содержит 1 файл

ррр.docx

— 32.03 Кб (Скачать)

Тәрбие сағатының  тақырыбы: "Адам деген- ардақты ат"

Тәрбие сағатының  қысқаша негіздемесі:

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған  елдерінің қауымдастығына кіруге бет  алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі  жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы  ең басты міндет. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін  танып, ішкі жандүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына  жол көрсету. Рухани – адамгершілік тәрбие – дұрыс жағдылар мен әртүрлі  жағдайларды өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас  мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани –  адамгершілікке тәрбиелеу дегенімін  оқушы өміріндегі орныны, жауапкершілігін  түсініп, өзін - өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез –  келген затқа жан – жануарларға  және экологияға жақсылық тілеп , қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан, рухани – адамгершілік білімі жеке тұлғаны  қалыптастырудың негізі болыпи табылады. Жеке тұлғаның рухани – адамгершілік түсініктерінің қалыптасуы оның туған  кезінен – ақ басталады. Бастапқы адамгершіілк сезімдер мен ұғңымдар, адамшылдық мінез – құлықтың ең қарапайым дағдылары отбасында  қалыптасады. Ары қарай менктеп, қоршаған орта өз ықпалын тигізеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар  сыртқы ықпалды өзте қабылдағыш, сенгіш келеді. Олардың мінез – құлфықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Балаларды  жүйелі және дәйекті түрде адамгенрішілікее тәрбиелеу үшін нақ осы жастарға зор мүмкіндік туады. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін - өзі тану» пәнінің алар орны ерекше. Бұл сабақ олардың достық, жолдастық, туған ел, Отан туралы ұғымдарының  дұрыс қалыптасуына, ұстаздары, үлкендерді, ата – аналарды, туыстарды құрметтеуге, еңбек етіге, ізеттілік нормалдарын  сақтауға , тәртіпке, жолдастық өзара  көмек беруге түсінуге дағдылануға  үйретеді. Оқушылар оқу еңбекгіне  өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы, қоғамдық орындағы мінез – құлықтың қандай болу керек екендігін біледі. Қазіргі қоғам жастардың бойына адами қүндылықтарды - мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылық-ты, әділдікті, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді  талап етеді.

Сабақтың мақсаты:

Заманауи әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып «Өзін - өзі тану»  пәні сабағында кіші мектеп жасындағы  балалрға құндылықтар тұрғысында білім  мен тәрбие беру арқылы баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін калыптастырыу.

 

Сабақтың міндеттері:

• кіші мектеп жасындағы  балалармен өткізілетін сабақта  қолданылатын тиімді әдістерді қарастыру; • балалардың жас ерекшеліктері  бойынша педагогикалық - психологиялық  материалдарды жинақтау; • «Өзін - өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасына шолу жасау; • жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар  арқылы балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар  адам екендігін түсінуге мүмкіндік  жасау жолдарын жүйелеу.

Күтілетін нәтижелер:

• рухани-адамгершілік тәрбие мазмұны баслалардың жас ерекшеліктеріне  сай жинақталады; • балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік  орны бар адам екендігін сезіндіру  мүмкіндігі негізге алынады; • баланың  өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде  жаман әдеттерден бойын аулақ  ұстауға,өзге жанның жағдайын сезіне және түсіне білуге үйренеді; • қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылады.

1.Теориялық негіздеме:

Бастауыш сынып жасындағы  бала өқзінің бойындағы қасиеттеріне, мінез – құлықыдағы ерекшеліктеріне  сын көзбен қарап, олардың жағымсыз жағын болдырмауағ тырысады, жақсыға  құмар, өзгеге еліктегіш, тілалғыш, сезімтал және батыл болғысы келеді. Олардың  мұндай әрекетін ғалым, Р. Қоянбаев: «...олардың  өзін - өзқі өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген ынтасы», - деп түсіндіреді. Руханият теориясы бойынша әр адам белгілі бір жағымды рухани негізбен дүниеге келеді. Кез – келген адам жағымды өзекке ие, бірақ оны  өмір сүре келе жоғалтады. Ендеше ылғи да жақсы бағдар беріп, алғашқы жақсыны  жоғалтып алмауымыз тиіс. Оқушылардың  бойында рухани – адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру үшін өзін - өзі тану сабақтарында мектеп кітапханасын, интерактивті әдіс – тәсілдерді пайдаланып, «Менің өзгерістерім», «Әдептілік - әдемілік», «Табиғаттың  адамға сыйы», «Досымның қандай болғанын қалайсың?», т.б. тақырыптар жариялау үрдісін  қалыптастыруға болады. Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе –  баланы құрметтеу. әрбір оқушы өзін рухани жетілдіру үшін өзін - өзі  тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға  ұмтылуы қажет екендігін түсінуі  тиіс. өзінің оқушысын өз бетінше білім  мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім  қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе  алмайтыны белгілі. өзін - өзі тану сабақтарында оқушы ықпал ету  объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға. Сондықтан бұл пәннің мұғаліміне мындай қасиеттер қажет: мейірімділік, жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, шәкірттерін шабыттандыра алу шығармашылық ізденіс. Грек елінің Ұлы ғалымы Аристотель: «Ғылымды ілгері ұмтылғанмен, адамгершіліі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, келіп кетуі керек», - деген пікірінен жасөспірімге білімді  меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілігін дамытып, ішкі жан – дүниесіне  әсер арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі  дамуына жол көрсетуде мұғалімге  қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады. «Өзін - өзі тану»  пәні мақсаттарының дұрыс іске асырылып жатқандығының басты белгісі  – оқушының мұғалімнен еш нәрсені  жасырмауы, оларға қарай үнемі ұмтылысы жақын болуы. Осындай жағдайда ғана рухани жақындық туады.

Жеке түлғаны қалыптастыру үрдісі адамгершілік, еңбексүйгіштік, ізеттілік, шыншылдық, жауапкершілік, әдептілік, т.б. адами қасиеттерді  дамытуды көздейді. Психологтердің пікірінше, тұлғаның толық қалыптасып жетілуі  салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның қоғамдық мәнін сипаттайтын  қасиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне бастайды. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-анасы және айналасындағы  адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып, әрбір  іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндетін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп  меңгере бастайды. Бұл тек өзі  туралы біліп қана қою емес, коғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде  сезіну.

Адамгершілік адам бойындағы  ең асыл қасиеттің бірі. Ол қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын  сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды. Өзіңді және өзгені сыйлау білу адамгершілікке жатады. Балаларға рухани адамгершілік тәрбие беру балабақшаның міндеті деп  есептейміз. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік  тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен  жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу  және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ  мазмұнын сезіммен қабылдап, алған  әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.

2. Сипаттамасы:

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға  бағытталған рухани-адамгершілік білім  беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың  басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, пәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне  қол жеткізуге мүмкіндік беретін  рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде «өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асады. Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам болмысы күрделі  жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете  білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл нысан өзін-өзі танудың  пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің  танымдық, дамытушылық және тәрбиелік  қызметтерін айқындайды. Өзін-өзі  танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік  қайталанбас жеке даралығын пайымдауы  арқылы табиғи қабілеттіліктері мен  жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған  мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды  көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің  оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың  қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық  белсенділігін танытуға мүмкіндік  беретін өмірлік маңызы бар, кең  ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. «Өзін-өзі тану» пәнінің  басты мақсаты: рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның  төмендегідей түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету: - өзінің өмірлік позициясын анықтау; - әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу; - өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті  қарым-қатынас жасау; - адамдарға  қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету; - өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; - жасампаздық белсенділік, азаматтық  және отансүйгіштік және толеранттық  таныту; - адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу; - қоғамға  қызмет ету дағдыларын іс жүзінде  дамыту.

- оқушылардың өзін-өзі  тануда және өзін-өзі іске асыруда  шығармашылық қажеттілігін дамыту; - жалпыадамзаттық құндылықтардың  негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік  көрінісін қалыптастыруға әсер  ету; - білім беруде және өмірдегі  жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық  тәжірибесін қалыптастыру; «Өзін-өзі  тану» пәнінің зерттеу объекттері- субъектінің рухани тәжірибені  және адам болмысының құндылықтарын  тануға қатынасы. «Өзін-өзі тану»  пәні адам өмірінің құндылықтық  мәнін және оның қоршаған ортадағы  орнын түсінуге бағытталған. Өзін-өзі  тану үдерісінде адамның дүниетанымдық  және мінез-құлықтық бағдарларын  анықтауға: 1) адамның өзін, өзгелерді,  әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін  тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық  құндылықтар жүйесі; 2) өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады. «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әрбір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үдерісімен байланысты. «Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша арналған оқу бағдарлама түрлері «Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді. Оқу жүктемесінің көлемі мен бөлінуі Өзін-өзі тану пәні оқу жүктемесінің көлемі: 1. Бастауыш білім беру деңгейінде – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 2. Негізі орта білім беру деңгейінде – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 3. Жалпы білім беру деңгейінде – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Бағдарлама мазмұнында: Өзін-өзі  тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға  бағытталып, 1-4 сыныптарға білім берудің  базалық мазмұнын анықтайды. Өзін-өзі  тану пәнінің мазмұны төмендегі  дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді: Ø рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған; Ø өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады; Ø күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11 сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға: 1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: а) өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі; ә) өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық; б) әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт; в) адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу. 2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері: а) өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік; ә) өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық; б) әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету; в) адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.

3) адамзат жинақтаған  әлеуметтік тәжірибенің құрамдас  бөлiктері: әлемдік мәдениет, халықтар  даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік  береді. 1. Адамның өзін-өзі тануы  2. Адам және қоғам 3. Адам және  қоршаған орта 4. Адамзаттың рухани  тәжірибесі тәрізді төрт тарауды  қамтитын базалық мазмұн Өзін-өзі  тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық  желілерді нақтылайды. Аталған тараулар  өзін-өзі тану үдерісінің түйінді  бағыты болып табылады, өйткені  олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай  сәйкес келеді және жеке тұлғаның  рухани-адамгершілік қасиеттерін  дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі  іс жүзінде мейлінше көрсете  білуге айтарлықтай мүмкіндік  береді. Бұл тараулар мектептің  түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда болуы мүмкін. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді. І. Білім берудің бастапқы сатысы (1-4-сыныптар)

Өзін-өзі тану пәнінің  базалық білім беру мазмұны оқушылардың  жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4 сыныптарда төрт негізгі бөлімді  қамтиды: 1. Өзін-өзі тану бақыты 2. Адами  қарым-қатынасқа үйренейік 3. Адам болам  десеңіз... 4. Әсемдік әлемінде.

«Өзін-өзі тану бақыты»  атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі  тану пәнімен таныстырады. Мұнда  балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы  мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі  түсінуге, өз мінезі, өздері орындап  жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны  басқара алу білігіне дағдылануға  мүмкіндік алады. Балалардың қызықты  танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы  міндеттерді табысты орындауға  ықпал етеді.

Информация о работе Тәрбие сағатының тақырыбы: "Адам деген- ардақты ат"