Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:10, реферат
Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.Республика Президентi Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік форумында «Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы» деген ой қорытындысында Қазақстанның экономикасының тұрақты бағытында бейімделе бастағанын айтып кетті.
Тұрақты даму концепциясы
6.1. Тұрақты даму
- ресурстардың таусылу шегі
- қоршаған ортаны ластаудың шегі
- экологияның бұзылуы
6.2. Қоршаған ортаны ластаудың шегі
6.3. Экологияның бұзылуы
6.4. Бейбітшілік моделі, Рим клубы
- Халықаралық ұйымдардың құжаттары, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ұйымдардың рөлі
- ҚР тұрақты даму концепциясы өту кезеңдері
- Дүниежүзілік экологиялық ұйымдар
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:
Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.
Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;
табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);
табиғи қорлардың азып-тозуы;
табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).
Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.
Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар.
3. ҚР Тұрақты даму концепциясы өту кезеңдері
1987ж БҰҰның Дүние жүзілік қоршаған ортамен даму комиссиясы Біздің жалпы болшағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге шақырды. Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму деген қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.
1992ж маусым айында РиО де Жанейро қаласында БҰҰ ның қоршаған орта мен даму б/ша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын қабылдады.Бұл жалпы бағдарламада болашақты қамтмасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылады.БҰҰ ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. «ҚРсының тұрақты дамуға көшу « концепциясы бекітілді.Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұрақты дамудың үш бірлестірілген концепциясы Тұрақты дамудың 3 концепциясы. Негізгі факторлары. 1)Экономикалық 2)Әлеуметтік 3)Экологиялық.
Экономикалық-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану мен соның ішінде соларды алу мен өңдеу өнімдері шығару, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жою.
Әлеуметтік- әлеуметтік мәдени жүйелерде тұрақтысақтау, адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескерту.
Экологиялық- биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің бір-тұтастығын қамтамассыз ету, мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгерістерге динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.
Тұрақты даму мақсаттары.
1)Экономикалық- тиімділік, тұрақтылық, өсу
2)Экологиялық- экожүйенің
бір тұтастығын қалпына
3)Әлеуметтік- тұрмыс жағдайының
жақсы болуы. Мәдениеттік
4. Дүниежүзілік экологиялық ұйымдар
ВВФ - ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы» - Некст стол .
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.
«Робин Вуд» - германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.
ФАО - Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.
ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады.
Халықаралық экологиялық қарым-қатынас. Халықаралық экологиялық қарым-қатынастың орнау себебі әлемнің, әлем халықтарының, қоғамның белгілі бір шеттен шығу нәтижесінде орнайды. Яғни экологиялық проблемалар шамадан тыс өршуі нәтижесінде. Негізінен қазіргі кездегі экологиялық қарым-қатынастар ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу үшін құрылып отыр.Ғаламдық экологиялық проблемалар: Озон қабатының жұқаруы, ауа райының өте тым жоғарлауы, антропогендік іс-әрекет арқылы оттегі фабрикаларының азаюы.Халықаралық экологиялық қарым –қатынастар объектілері: БҰҰ, ЮНЕСКО, ТМД арасында осы экологиялық проблемалардың кілтін табу жолында көп референдумдар өтті. Мысалы, Қазақстанның Арал проблемасын шешу мақсатымен БҰҰ-нан арнайы мамандармен жұмыс жүргізілді. Мамандардың болжамы бойынша Арал теңізін құтқару өте қиын. Себебі, Арал теңізінің қасиеті яғни 50 жылда тартылатыны анықталды.
Экологиялық қарым-қатынастардың ішінде ең маңыздысы: Тұрақты даму концепциясын қарастыруға болады.
Оның ең басты үш бірлестігі бар.
1.Экологиялық
2.Экономикалық
3.Әлеуміттік
Бұл
концепцияда әлемнің күллі
ЮНЕСКО-ның
“Африка жол” атты
Туризм
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді.
Қазақстандағы туризм
"Медеу мұз айдыны"
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
"Шарын каньоны"
1950 – 60 жылдары Алматы
жоғары оқу орындарында тау
туризмі, альпинизм (шыңға