Екіншісі-
ол шаруашылықты басқару органдарына
жатпайды. Табиғат ресурстарын пайдалануды
басқармайды.
Үшінші
ерекшелігі- мемлекеттік экологиялық
қызметі табиғат ресурстарын
экономикада пайдаланудан оқшау
атқарылады.
Қоршаған
ортаны қорғаудың негізгі қызметтері:
- табиғатты
қорғау жөніндегі өкілетті органдардың,
сондай-ақ басқа министрліктердің жұмыстарын
үйлестіру.
- Табиғатты
пайдалануды реттеу, яғни табиғат ресурстарын
пайдалану нормаларын, ережелерін,табиғатқа
әсер ететін шаруашылық әрекеттердің
тәртіптерін белгілеу. Мұндай нормалар
мен ережелерді кез келген табиғатты пайдаланушы,
сондай-ақ табиғатты қорғаушы мекемелер
орындауға міндетті;
- Бақылаушы-қадағалаушы
әрекеттерді ұйымдастыру және басқару.
Бұл қызметтің бір бөлігін Минэкологиялық
территориялық органдары атқарады.Мысалы,
атмосфера ауасының тазалығын бағалау,
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу
және т.с.с. Қалғандары салалық табиғат
қорғау органдарына жүктеледі. Мысалы,
жерді, жер қойнауын, суды,орманды,жануарларды
қорғауды арнайы өкілеттік берілген мекемелер
жүзеге асырады. Біртұтас мемлекеттік
экологиялық мониторинг жүйесі де Минэкология
қарауында;
- Министрліктің
рұқсат беру жұмыстары: зиянды заттарды
шығаруға, төгуге, орналастыруға, биологиялық
нысандарды өндіруге, жинауға, сатуға,
сатып алуға, айырбастауға, тасымалдауға,
шетке шығаруға және әкелуге рұқсат беру
болып табылады.Табиғатты пайдалану шарттарын,
нормаларын, шектерін, сондай-ақ табиғи
ортаның сапасының нормаларын анықтау
Минэкология қызметіне жатады.
- Табиғи ортаның
жай-күй, шаруашылық әрекеттер салдарынан
ондағы өзгерістер туралы дер кезінде
деректі мәлімет беріп отыру Минэкологияның
ақпараттық қызметіне жатады. Минэкология
жыл сайын табиғи ортаның жағдайы және
Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану
туралы баяндама жариялап отырады.
- Табиғатты
қорғау қорларын басқару.
- Экологиялық
тәрбие мен білім беруді басқару.
- Табиғи ортаны
және табиғат ресурстарын қорғау жөнінде
халықаралық ынтымақтастықтың дамуына
қатысу.
Минэкология
өзінің құзыретін жергілікті әкімшіліктер
мен атқарушы үкімет органдарымен келісіп
құрылған облыстық, қалалық, аудандық
территориялық органдар жүйесі арқылы
жүргізіледі.
2.
Индустрия және табиғи ресурстар
министрлігіне экономикамызда пайдаланатын
табиғат ресурстарын қорғау және
тиімді пайдалану міндеті жүктелген.
Сонымен қатар, оған бұрынғы Геология
министрлігі міндеттері де жүктелген.
3.
Санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау
органдары табиғат қорғау жөнінде
мынадай қызметтер атқарады:
-
табиғи ортаны санитарлық қорғау
жөнінен министрліктердің, ұйымдардың,кәсіпорындар
мен мекемелердің жұмыстарын үйлестіреді.
-
табиғи ортадағы зиянды заттардың
санитарлық нормаларын әзірлейді
және бекітеді, барлық шаруашылық
нысандарына тиесілі санитарлық
нормалар мен ережелерді белгілейді.
-
адамның денсаулығына қауіпті
зиянды заттармен атмосфера ауасының,
су көздерінің, топырақтың ластанбауын
қадағалайды.
-
қоғамның, өмір сүру ортасының
саулығы туралы, антропогендік әсерлерден
ондағы өзгерістерді болжап мәліметтер
жинап, ақпараттық қызмет атқарады.
Санитарлық- эпидемиялық жағдайлары
және табиғи ортаны сауықтыру шаралары
туралы халыққа хабарлайды.
4.
Қазгидромет табиғи ортаның мониторингі
иқызметін атқаратын басшы ұйым
болып табылады. Оған табиғи ортаның
жай-күйін, ондағы өзгерістерді
қадағалауды ұйымдастыру, жүргізу
жәнге болжау міндеттелген. Оның
қадағалайтын нысандары атмосфера, топырақ,
жер бетіндегі су, теңіздер,ауыл шаруашылық
алқап пен өнімдер, ғарыш кеңістігі. Гидрометтің
негізгі қызметі табиғи ортаның жай-күй
және ондағы өзгерістер туралы хабарландыру.
Гидромет жазалаушы не сақтандыру шараларын
жүргізуші мекеме емес, табиғатты қорғау
тәртібін бұзушыларға ешқандай шара қолдана
алмайды. Ондай шаралармен мәлімет алған
министрліктер, инспекциялар, ұйымдар,
кәсіпорындар айналысады.
Гидромет
қызметінің жүйелері өздерінің тұрақты
бақылаушыларының тұрақты мәлімет алып
тұрады.
5.
Төтенше жағдайлар министрлігі
табиғи және өндірістік апаттар
кезінде, төтенше жағдайларда
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етумен айналысады.Оның экологиялық
қызметі экологиялық апаттардың
салдарын жою туралы төтенше
шаралар қолдану.
6.
Жер комитеті жер ресурстарын
есептеу, мемлекеттік жер кадастрін
жүргізу, жерді пайдаланушыларға
беру және олардани алу, жерді
қорғауды және пайдалануды бақылау,
жерге орналастыру қызметін басқару
жұмыстарымен айналысады. Өзінің
жұмысын облыстық, аудандық территориялық
органдары арқылы атқарады.
7.
Орман шаруашылығы комитеті орман
өсіру, қорғау,пайдалану, орман
шаруашылығын ұйымдастыру,ағашы
кесілетін орман бөліктерін белгілеу,
ағаш кесу билеттерін беру, орманды
пайдалану ережелерін бұзушылармен
күресу,ормагн алқаптарын қалпына келтіру,
молайту жұмыстарымен айналысады.
8.
Балық шаруашылығы комитеті балық
қорын өсіру, қорғау және пайдалануды
реттеу, балық аулау тәртіптерін,
ережелерін белгілеу, балық қорын
есептеу, аулау шектерін нормаларын
бекіту жұмыстарымен айналысады. Балықтан
басқа су жануарлары мен жәндіктері де
оның қарамағында.
9.
Ауыл шаруашылық министрлігі
арнайы үш экологиялық қызметтер
атқарады:
-
жануарларды есептеу, пайдалануды
реттеу, аң аулауды бақылау
-
Қазақстан территориясына жануарлар
мен өсімдіктердің ауруларының,зиянкестерінің
болмауын, таралмауын бақылау.
-
өсімдіктерді қорғаушы химиялық
және т.б. заттарды қолдануды
бақылау.
Бұлардан
басқа да арнайы және территориялық
органдар экологиялық қызметтер
атқарады.
10.
Қазатом халықтың табиғи ортаның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында атом энергиясын
өндіру, тасымалдау, сақтау және халық
шаруашылығында пайдалану ядролық материалдарды,
радиоқауіпті заттарды, олардың негізінде
жасалған өнімдерді пайдалану мәселелерін
бақылайды.
11.
Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қадағалау
қызметі кен өндіргенде, тағы басқа жағдайларда
жарылыс, қопару жұмыстарының қауіпсіздігін,
жер қойнауынан пайдалану ережелерінің
сақталуын бақылайды.
12.
Кеден комитеті табиғат ескерткіштерін,
жануарларды, құстарды, өсімдіктерді,
оның ішінде Қызыл Кітапқа жазылғандарды
шетке әкетпеуді, адамға және табиғатқа
экологиялық қауіпті тауарлардың әкелінбеуін
бақылайды.
13.
Ішкі істер министрлігі көліктердің
және өзге өздігінен жүретін
машиналардың зиянды заттар шығарып
атмосфераны, су көздерін, топырақты ластамауын
бақылайды. Табиғат нысандарын қорғайды,
санитарлық нормалардың орындалуын бақылаушы
органдарға көмектеседі.
Табиғатты
қорғау жөнінде арнайы қызметтер
атқаратын органдармен қатар
өздерінің жұмыстары мен табиғат
қорғау мәселесін шешетін басқарушы және
атқарушы органдар бар. Олар:
14.
Экономика министрлігі, әлеуметтік-экономикалық
даму жоспарларын, өндіріс күштерін
дамыту жоспарларын жасағанда
инвестиция саясатын анықтағанда
экологиялық мәселелерге баса
назар аударады. Экология министрлігі
Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіпм
экологиялық таза технологиялар қолданылуын,
аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды
өндіріске енгізуді, экологиялық таза
өнімдер шығаруды дамытуды қамтамасыз
етеді.
15. Мемлекеттік
стандарт қызметі тиісті сала органдарымен
бірлесіп, табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын
тиімді пайдалану стандарттарын әзірлейді
және бекітеді. Ол стандарттардың табиғатты
қорғау
Қолданған
әдебиеттер
1.
Е.М.Үпішев , С.Мұқаұлы
« Табиғатты пайдалану
және қоршаған ортаны
қорғау »
Алматы Экономика 2006
2.
Г.С.Оспанова , Г.Т.Бозшатаева
« Экология оқулық
» Алматы Экономика
2002