Репродуктивное здоровье

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2011 в 12:10, доклад

Описание работы

Репродуктивное здоровье - это состояние полного физического, умственного и социального благополучия, а непросто отсутствие болезни или увечий, относящиеся к репродуктивной системе и её функционированию и процессам. Репродуктивное здоровье предполагает для людей жить ответственной, удовлетворяющий их, и безопасной для них сексуальной жизнью, а так же возможность производить потомство и иметь свободу выбора, когда и как часто это совершать.

Работа содержит 1 файл

Репродуктивное здоровье.doc

— 119.50 Кб (Скачать)

  ТЕМЕКІ ТАРТУ   

 Темекі тарту  адам денсаулығына көп зиянын  келтіреді (өлімге апаратын кездері  де аз емес). Ыстық сигарет ерекше  бір фабрика секілді, 400-нан астам  қосылыстарды жасайды, соның ішінде 40-тан астам канцерогендік заттар  бар (олар қатерлі ісіктің пайда болуын тудырады). Адамның дене мүшесіне ең ауыр әсер беретіні никотин. Ол темекі жапырағының алколойды - майлы түссіз немесе жағымсыз иісі және  күйдіргі дәмі бар ақшыл-сары сұйықтық. Никотинге адам денесінің тез үйреніп кететіндігінен оған уланып жатқанын сезбейді. Никотинге улану темекіні алғашқы тарта бастаған уақытта байқалады.   

 Темекі тарту  нашақорлықтың бір түрі, оны басқаша  айтқанда үйрену немес құмарлану  дейді.  

Никотинге үйренуді үш сатыға бөледі:   

 І-сатысы – темекіні жүйелі тартпау (күндігіне 5 сигаретті тарту), никотинге деген  абстиненция (тәуелділігі) әлі жоқ, денсаулығында физикалық өзгеріс байқалмайды, осы сатыда темекіні тоқтатуға болады, себебі дене әлі үйренбеген уақыт.   

  ІІ-сатысы-  үйреншікті темекі тарту, тұрақты (күніне сигареттің 5-тен 15-ке дейінгі данасын шегу), әлсіз абстиненция, бұл кезде ішкі азғалар аз замқымданады, егерде темекіні тоқтатқан болса ағзалардағы өзгерулерді қайта қалпына келтіруге болады.   

  ІІІ-сатысы- құмарлықпен темекіні шегу (күніне темекнің 1-1,5 пачкасын тарту), өте ауыр абстиненция болады, темекіні аш қарынға да және тамақты ішіп біте салып та темекі тартқысы келіп тұрады, әуелі десеңіз түнде тұрып та темекі тарта береді. Бұл сатыда ішкі ағзалар мен жүке жүйелері өте ауыр өзгерістерге душар болады.    

 Темекі тартқан  кезде бірінші соққыны тыныс  алу жолдары алады. Темекінің  түтінінің компоненттері көмекейді,  үлкен кеңірдекті, кеңірдекті, кіші  кеңірдекті және өкпе қабыршақтары  – альвеолдардың ішкі сілекей  қабатын  тітіркендіреді. Ішкі сілекей  қабатының жасушаларында өзгерістер пайда болады, оның құрылысы бұзылады, сонымен тыныс алу жолдарында созылмалы ауру пайда болады. Темекі тартатын адамдардың 80 % бронхит ауруымен аурады, оларды «темекінің бронхиті» - деп аталынып кетуі сол темекі тартудың салдарынан болған.  

 Темекі түтінінің  құрамындағы заттар сілекейде  ериді де қарынға түседі оның  шырышты қабатын тітіркендіреді. Ұзақ уақыт темекі тарту салдарынан  қарынның шырышты қабаты созылмалы  қабынып (гастрит), сосын жара  пайда болады. Темекі тартпайтын адамға қарағанда темекі тартатын адамның қарын жарасы 12 есе көп кездеседі.   

 Көптеген  зертеулер арқылы темекі тартқандық  пен жүрек-қантамыр ауыруларының  арасындағы байланыс бар екендігі  дәлелденді. Медицинада осы темекі  тартудың салдарынан болатын мынандай терминдер пайда болды: «темекі беріші», «темекі гипертониясы», «темекі жүрегі». Темекі тартпайтын адамға қарағанда темекі тартатын адамның тамыры жиі соғатын болады.  Бұл аз ғана жұмыс салмағында да пайда болады. Мысалы: отырып-тұрған кезде де тамыры қатты соққанын байқайды. Бұл дегеніміз, жүрек қанды қантамырларға жібергенде үлкен салмақпен жұмыс істейді деген. Темекі тартпайтын адамға қарағанда темекі тартатын адамда стенокардия және жүректе өлі ет пайда болуы 13 есе көп болатындығын бүгінгі статистика дәлелдеп отыр. 

 Темекі тартуға  деген құмарлық иммунитетті төмендетеді  (дененің ауруға қарсы қорғаныш  қасиетінің төмендеуі).

«Темекі тартудың өзіне тән белгісі» тез байқалады. Адамның қартаю жасына жетпей  қартаюы, дененің темекінің уынан дененің улануы салдарынан пайда болады. Темекінің уынан дыбыс және көмекей мүшелері ісиді, содан соң дауыс жуандап кетеді де сйлегенде құлаққа өрескел сырыл, қоса естіледі.  

 Темекі тартатын  адамдар темекі тартпайтын адамдардың  жағдайымен санаспайды, қай жерде  болса сол жерде темекі тарта береді. Темекі тартылған бөлмеде әсіресе темекі тартпайтын адамдарға зиян көп болады. Темекіні енжер жағдайда тартқанның қаупі шынайы құмарлана тартқанан гөрі көп. Темекі тартқан кезде темекінің құрамындағы улы заттың 20% жанып кетеді, 25% темекі шегушінің өкпесінде қалады, 5% сигардың шегілмеген қалдығында қалса, қалған 50% қоршаған ауаны улайды.         
 
 
 
 
 
 
 

Никотиннің  әйелдер мен ерлердің репродуктивті 

жүйелеріне  зиянды әсерлері     

 Темекі адамның  барлық дене мүшелері мен ағзаларына зиянды әсер береді, соның ішінде әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйелерінде зиянды әсерлері айтарлықтай байқалады. Никотиннің жыныстық қатынасқа деген қабілетін төмендететіні, жыныс жасушаларының даму құбылысын бәсеңдетеді және баланың құрсақта дамуына кері әсерін тигізеді. Егерде аяғы ауыр әйел темек шегетін болса, никотиннің талшықтары плацент арқылы ішіндегі балаға барып, оның дене мүшелері мен талшықтарына сіңе береді. Құрасқтағы баланың бауыры жетілмеген әлсіз болғандықтан түскен умен күресе алмай бауыры темекінің ауруына шалдығады. Темекі қандағы глобулиннің деңгейін төмендетеді, сондықтан бала мен ана «оттегінің жетіспеушілігін» сезінеді. Әйел адам, қасында жүрген темекі тартатын адамдардың темекісінің салдарынан,  өзін де, баласын да улайды. Ең алдымен құрсақтағы баланың нерв жүйелері зақымданады. Темекі тартқан әйелдерде түсік тастау 2 есе көп болады.      

  Қазіргі кезде темекі тартуға қарсы  кү-реу көптеген елдерде жүріп жатыр. Темекі тарту қазіргі кезде мода емес. Еуропа және АҚШ-тың көптеген елдерінде темекі тартуға қарсы ұлттық бағдарламалары жасалған, онда қауым ортасында және жұмыс орнында темекі тартуға тиым салынған. Темекі тартпайтын адамға материалдық тұрғысында сый беріледі. Деніңнің сау және сымбатты болу қазіргі күннің қажеттілігінде, денсаулық пен жақсы жұмыс істеуде арақ ішу мен темекі тарту жараспайды. Сондықтан қазіргі жастардың сана сезімдері жоғары, себебі олар спортпен шұғылданады, дұрыс та сапалы тамақтанады және өзіне ұнайтын істермен айналысады.   

Спирттік  ішімдік (ендігі жерде «арақ ішу»)   

  Арақ ішу - әлеуметтік жағдайлармен байланысы бар құбылыс, бір жағынан әдет-ғұрып болып саналса, екінші жағынан қауымдық пікірде – бұл мода. Арақ ішу тарихтың әр-түрлі уақыттарында бірнеше түрде өзгерістерге душар болып тұрды: әдет-ғұрып мағынасында, емдік әдіс ретінде, адамдық мәдениеттің бір құрамы ж.б. Мыңдаған жылдар бойғы арақ ішу әдетке айналды. Модаға қарағанда әдет ұзақ өмір сүреді. Арақ ішу әдет пен модаға айналып атадан балаған мирас ретінде ғасырдан ғасырға өтіп келеді.  

 Қазіргі уақыттағы  ең қауіпті жағдай әйелдер  мен жастар арсындағы арақ  ішудің көбейіп бара жатқандығы. Олардың дене мүшелері арақтың  әсерін тез сезеді және тез  уланады.    

 Егерде жасөспірім  арақ ішуді мүлде бала кезінен  бастаса оның денесі тез үйренеді де үйреншікті алқаш немеше арақ ішкіш ауруына шалдығып кететіндігі өте қайғылы жағдай. Әрбір алқаш болып кеткен адам арақ ішуді 14 жасқа толмаған кезінен бастаған.   

 Этил спирті  бірден орталық миға, арақтың  салдарынан қоздыру әсерін береді. Әуелі мас болу,  ең төменгі сатысының өзінде, адам өзін-өзі бақылауды жоғалтып алады да сезуі төмендейді, ара-қашықтықты анықтай алмай еріктен тыс қимылдар жасайды. Егерде аз арақ ішіп аз ғана мас болсам күшім көбейіп, батылдау болып, өзімді жақсы сезінем деп түсіну мүлде қате түсінік және оны иллюзия немесе өзін өзі алдау сезімі деуге болады. Мас болу ұятты жоғалтуға және еріксіз сексуалдық жағдайға итермелейді. Кейбір кездерде адамдар өздерінің мас болған уақытында не істеп қойғандарын естеріне түсіре алмай әлектенеді.     

 Арақ ішудің  салдарлары – денсаулығын төмендетеді,  отбасының берекесін кетіріп  жұмысқа сүйкімі кетеді, жалпы  қауымның ішіндегі тыныштықты  бұзады және қауымдық тәртіпті  ұмытады.     

 Медицина  түсінігінде арақ ішу   - ауру, араққа деген құмарлық ауруы, арақ ішкен адамдардың айтарлықтай терең психикасында және жалпы физикалық өзгерістерге душар етеді.     

Арақ  ішудің  әйелдер мен ерлердің репродуктивті  жүйелеріне зиянды әсерлері       

Адам жүйкесінің құрылысына  бай-ланысты арақ ішкеннен кейін жыныстық қабілеттер өзгереді: бір жас адамда жыныстық қатынасқа тоқтам жасаса, ал екінші жас адам үшін жыныстық қатынас үшін қозуды басынан өткереді. Егерде арақ ішуді жалғастыра берсе екеуінде де араққа деген үйреншікті ауру пайда болып жыныстық қатынасқа деген ниет екеуінде де төмендеп кетеді. Егерде арақ ішуді тоқтатпаса арақтың салдарынан жас адамда да жыныстық қатынас мүлде жоғалып кетуі мүмкні.     

 Арақтың салдары,  балалы болмайтын немесе ұрықтануды  төмендететін жағдайға әкеледі.  Ерлер арасындағы белсіздік ауруы көбінесе үйреншікті арақ ішетін адамдарда болады. Себебі, спиртке сперматозоид өте жоғары сезімде болады, соның негізінде сперматозоидтардың көбі өліп қалады да ұрықтану қасиеті төмендейді.      

 Арақ әйел  адамның денесіне аз зиянды  әсер етпейді, керісінше көп зиянын тигізеді. Арақ ішкен әйел адам 30 жасында кәрі болып көрінеді: терілері салбыраған, өң-түсі жоқ, көзінің көру қабілеті  әлсізденеді. Оның жыныстық қатынасқа мүлде ниеті жоғалады, себебі,  барлық бездердің дұрыс жұмыс істеу қабілеті бұзылған.        

Адамдар тұқымқуалайтынды  анық-тайтын генетика ілімі пайда болғанға дейін ақ, арақты көп ішетін адамдардың балалары дұрыс туылмайтындығына көңіл бөлген. Сондықтан көптеген елдерде үлкен адамдар - ақсақалдар жастар үйленгенде үйлену тойларында және жас отауды құрған алғашқы айларында дені сау сәби дүниеге келуі үшін арақ ішпеу керек деген кеңес беріп тұрған. Есі дұрыс емес сәбидің дүниеге келуіне ата-анасының арақ ішкен кезде жыныстық қатынаста болғандықтарының салдарлары екендігін көптеген тәжірибелер дәлелдеп жатыр.   

 Дүниеге ауру  сәби туылған қайғылы оқиғалардың  көбінде де ата-анасының біреуінің ғана арақ ішкендігінен болғандығы да дәлелденді. Аяғы ауыр әйелдің ішкен арағы плацент арқылы ішіндегі балаға барып, оның дене мүшелері мен талшықтарына сіңе береді, құрсағындағы баласын улап, баласын ауру жасайды, немесе түсік тастайды, немесе уақытынан бұрын дұрыс өсіп-жетілмеген дене-мүшелерінде ақаулары бар баланы туады.  

Нашақорлық  – бұл дегеніміз  жас кездегі өзіне-өзі   қолдан жасаған өлім    

 Нашалар адам  денесіне тек өздеріне лайықты  ғана әсерлер береді, ең алдымен  жүйке жүйені құртады. Өзіне  ғана лайық әсер ерекше жағдайларды  тудырады, атап айтқанда нашаға  мас болу: ауруды сезінуді тоқтатады,  көңіл-күйді өзгертеді, психикалық  және физикалық тонусты түсіреді. Адам өзін өте жеңіл сезінеді, эйфория қалыпқа түседі, өзге бір дүниеде күй кешкендей болады да бойындағы бар мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады.    

 Егерде қайтадан  нашаны қолданатын болса аз  уақытта ақ адам денесі ауыр  үйреншікті уланғанға жетеді: ішкі дене мүшелері мен ағзалар, жүйке жүйесі және бас ми уланады. Әр түрлі жүйкелік бұзылулар, жеке басының адамдық қасиеті жоғала бастайды, жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, біртіндеп толық мүгедектікке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден ақ, нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді, сондықтан қазіргі кезде нашақорлардың арасында жастардың өлімі көбейіп кетті. Өлімнің себептері тек нашаға уланудың салдарынан жүректің жұмысының нашарлауынан немесе бүйректің дұрыс жұмыс істей алмауынан ғана емес, сонымен қоса нашаның егу дозасын көбейтіп жіберуден, нашаға мас болған кездегі күтпеген апаттарға душар болғандықтан, жан күйзелісінен және жалғызсыраудан өзін-өзі өлтіру және дененің уына қажетті наша дозасын таба алмаған қиналыс кезінде өліп кетуілерінен болып жатыр. Сонымен қоса наша қолданатындар кір шприцтардан қандарына жұқпалы ауру жұқтырып алуларынан, қантамырдың өзегіне өзге зат кіргені үшін тығындалып қалудан, жүре пайда болатын иммундық жетіспеушілік синдромы (ЖПБИЖС) (СПИД) ауруынан және гепатит В (бауырдағы қабынуынан қанда В-инфекциясының пайда болуы) ауруларынан да өлім анықталып жатыр.    

 Нашақорлар  өздерінің дене мүшелерін ғана  улап қоймай жан-дүниелерін де  бұзады. Олар үшін жүйкенің зақымдануы - жан-дүнесінің қаңырап қалғандай, аямаушылық, суық қандылық, біреуге жаны ашуды жоғалту, эмоционалдық қатынасты сезбеу, тек өзім деген терең түсінікке түсіп кетумен белгіленеді. Ауру кезінде энергетикалық және қимылдық тонустар төмендейді, барлық іске деген ниет жоғалады да тек нашаға деген үміт пайда болады. Осы нашаға деген ниеттің салдарынан, адамға жат қылықтарға, басқа да әрекеттерге бой алдырады да бұзақылық әрекеттер жасайды.

Барлық нашалар  психиканы тәуелді етуге әсер береді, көп нашалар физикалық  тәуелдіктерді де қоса тудырады.      
 
 
 
 

Тәуелділіктің түрлері: 

  • Тез және қазіргі мезетте наша  қол-дануға деген ниет.   
  • Нашаны қолданғанда осыған дейін нашаны қолданған кездегі жағдайға жету үшін нашаның дозасын көбірек қолдана беру.   
  • Бойындағы нашаға деген тәуел-ділікті қанағаттандыру үшін басқа дәріні қолданған кезде ол дәріден керекті әсерді ала алмаған кездегі психикалық және физикалық қиналыс.   
  • Наша қолдану үшін басқа ешкімді және қоршаған ортаны ұмыту, ниет тек наша қолдану болып қалады.   
  • Нашаны қолданған кезде оның керекті дозасын білмегендіктен көп қолданып қою естен тануға немесе өлімге апарады.

Информация о работе Репродуктивное здоровье