Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талапта

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:29, реферат

Описание работы

Тұрғылықты халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескеріп Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде бірқатар экологиялық талаптар көзделген. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін радиациялық материалдар мен қалдықтарды пайдалану, трансшекаралық ауыстыру, сақтау, көму кезіндегі, ядролық қондырғыларды және обьектілерді орналастыруға, елді мекендерді салу кезіндегі және өзге де экологиялық талаптар.

Работа содержит 1 файл

реферат экологи.docx

— 23.82 Кб (Скачать)

Пайдалануға берілетін құрылыс  обьектілеріндегі өлшеулердің нәтижелері радиациялық тексеру актісі түрінде  ресімделіп, оның бір данасы обьектіні  пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік  қабылдау комиссиясының актісіне тіркеледі.Өлшеулерді өткізу үшін жауапкершілік обьект құрылысын жүзеге асыратын және оны пайдалануға ұсынатын ұйымға жүктеледі.

Үй жайлар гамма фонды  және радонның мөлшерін азайту жөніндегі  іс шараларды жүргізу мүмкіндігін, қажеттілігін, көлемі мен мерзімдерін  халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкілетті  мемлекеттік органның және қоршаған ортаны саласындағы уәкілетті мемлекеттік  органның аумақтық органының өкілдерін  міндетті түрде қатыстыра отырып, жергілікті мемлекеттік басқару  органдарының комиссиясы айқындайды.

Табиғат пайдаланушы құрылыс  материалдары, минералдық  тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын энергетика шикізаты кен орнын игеруді бастағанға дейін олардың радиациялық  қауіптілік деңгейі мен пайдаланылу шарттары туралы санитарлық эпидемиологиялық қортынды алуға тиіс.Қортындыны геологиялық барлау бөлімі қамтылатын, кен орындарын игеру жобасының негізінде халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган береді.

Табиғат пайдаланушының радиациялық  бақылау қызметі кен орындарын  игеру жөніндегі жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, радиациялық  бақылау нәтижелері құжатпен ресімделеді.

Өнімнің радиациялық сапасы аккредиттелген хертз\ханалар орындаған  зертханалық зерттеулер негізінде  мемлекеттік бақылау органдарының қортындысымен расталады.Өнімнің  сапасын растаудың тәртібі мен  кезеңділігі кен орындарын игеру  жобаларының сараптамасы кезінде  белгіленеді.

Металлургия өндірісінде  алдын экологиялық қауіпті салаларында  пайдаланып келген металл сынықтары  жиі пайдаланылады. Республикада металл сынықтарын дайындайтын ұйымдар  бар, өндірістік кәсіпорындардың металл сынықтарын қабылдайтын кездері де аз емес.ҚРның Экологиялық кодексі металл сынықтарына радиациялық бақылауды қамтамасыз ететін талаптар қояды.

Металл сынықтарын өнірістік  радиациялық бақылау:

дайындау ұйымына түсетін  барлық металл сынықтарын оның радиоактивті ластануын не онда оқшау гамма  сәуле көздерінің болуын анықтау  мақсатындағы радиациялық бақылауды;

металл сынықтарының тобына немесе бөліктеріне жақын жерде  радиациялық фонның артуы анықталған кезде гамма сәуле дозасының  қуатын өлшеуді;

металл сынығының альфа  және бета активті радионуклидтермен  беткі ластануының бар жоғын  іріктеп тексеруді;

металл сынығы топтарын тасуға арналған бос көлік құралына радиациялық  тексеру жүргізуді, сондай ақ жүк  тиелген көлік тиелген көлік  құралының үстіндегі гамма сәуле  дозасының  қуатын өлшеуді қамтиды.

Мемлекеттік өндірістік радиациялық  бақылау жүргізудің әдістемесі мен  тәртібі санитарлық эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен айқындалады.

Радиоактивті материалдарды  тасымалдағанда төтенше жағдайлар  туындаған кезде азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін және қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында ҚР ның  атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық  қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары және техникалық регламенттер сақталуға тиіс.

Авариялық рәсімдер авария болған жағдайда жүк құрамының қоршаған ортамен өзара іс әрекеті салдарынан басқа қауіпті заттардың пайда  болу ықтималдығын ескеруге тиіс.

Радиациялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету саласындағы қадағалау  мен бақылау Қазақстан Республикасының  атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады (ҚР ЭК 276-279 баптар).


Информация о работе Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талапта