Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талапта

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:29, реферат

Описание работы

Тұрғылықты халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескеріп Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде бірқатар экологиялық талаптар көзделген. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін радиациялық материалдар мен қалдықтарды пайдалану, трансшекаралық ауыстыру, сақтау, көму кезіндегі, ядролық қондырғыларды және обьектілерді орналастыруға, елді мекендерді салу кезіндегі және өзге де экологиялық талаптар.

Работа содержит 1 файл

реферат экологи.docx

— 23.82 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еуразия академиясы

 

 

 

 

«АТИСО институты»

«Құқықтану»кафедрасы

 

 

 

«Экологиялық құқық» пәні бойынша

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:

 

«Радиациялық  материалдарды, атом энергиясын пайдалануға  және радиациялық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық  талаптар»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Бекбулова А.А.

Тексерген: Утегенова Қ.А.

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2011

 

Тұрғылықты халықты радиациялық  қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескеріп Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексінде бірқатар экологиялық  талаптар көзделген. Радиациялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін радиациялық материалдар  мен  қалдықтарды пайдалану, трансшекаралық ауыстыру, сақтау, көму кезіндегі, ядролық  қондырғыларды және обьектілерді орналастыруға, елді мекендерді салу кезіндегі және өзге де экологиялық талаптар.

Өңдеу үшін басқа мемлекеттерге әкетілген Қазақстан Республикасының өз радиоактивті қалдықтарын қоспағанда, радиоактивті қалдықтарды  сақтау немесе көму мақсатында  басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады.Радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөніндегі іс шараларды жүргізбей радиоактивті қалдықтар және жер қойнауына көмуге (орналастыруға) тыйым салынады.

Қазақстан Республикасына радиоактивті материалдарды, радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радиоактивті заттарды қамтитын жартылай фабрикаттарды, шикізаттарды, жинақтаушы бұйымдарды әкелу мемлекеттік  экологиялық сараптаманың алдын  ала оң қортындысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

Радиоактивті  материалдарды трансшекаралық ауыстыру кезінде табиғат пайдаланушы  халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті.Бұл  ретте:

табиғат пайдаланушы межелі мемлекеттің рұқсаты және алдын ала хабардар етілуі, сондай ақ келісімі бойынша ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті;

транзит мемлекеттері арқылы трансшекаралық ауыстыру нақты пайдаланылатын көлік түрлеріне сәйкес келетін   халықаралық міндеттемелерді орындау шартымен жүзеге асырылуы тиіс;

пайдаланылған отынды немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму үшін орынға жөнелтуге тыйым салынады.

Жеке  және заңды тұлғалар радиоактивті материлдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық  ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Қоршаған ортаның радиациялық  ластануы байқалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар туралы атом энергиясы  және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай ақ санитарлық эпидемиологоиялық қызметтің мемлекеттік органына кідіріссіз түрде хабарлауға тиіс.

Радиоактивті материалдарды  пайдалану кезінде табиғат пайдаланушылар;

радиоактивті матералдарды пайдалану мерзімі ішінде оларға әсер ету мүмкін барлық факторларды  бағалауды;

радиоактивті материалдардың  халық денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды;

азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, радиоактивті материалдардың сипаттамасы мен оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың берілуін;

Қазақстан Республикасының  халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес радиациялық қауіпісіздітің негізгі  нормалары мен ережелерін ескере отырып, халық денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық, оның ішінде авария салдарынан болатын радиациялық  әсерді шектеу шараларын;

Радиоактивті қалдықтар  түзілуінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

Қазақстан Республикасының  аумағында түзелетін радиоактивті қалдықтар олардың ықтимал қауіптілігі болуы мүмкін уақыт кезеңі ішінде халық пен қоршаған ортаның радиациядан қорғалуын қамтамасыз ететіндей түрде көмілуге тиіс.

Радиоактивті қалдықтарды  орналастыру радиоактивті қалдықтардың түзілуіне алып келетін қызметтің  кез келген түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және техникалық құжаттамада көзделуге тиіс.Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау мен көму тәртібі және оларды ұйымдастыру ҚРның Экологиялық кодексінде көзделген экологиялық талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Радиоактивті материалдар  мен қалдықтарды сақтау мен көму кезінде табиғат пайдалануышылар:

өздігінен жүретін тізбекті ядролық реакцияларды болғызбауды және жылудың көп бөлуінен қорғауды;

радиациялық қауіпсіздікті  ережелер мен нормаларына сәйкес тиісті қорғау әдістерін қолдану  арқылы халықтың және қоршаған ортаның  тиімді қорғалуын;

радиоактивті материалдар  мен қалдықтарды сақтаумен байланысты болуы мүмкін биологиялық, химиялық және басқа да тәуекелдердің есебін;

көму обьектісінің орналасқан жеріне, конструкциясы мен құрамына қатысты есеп құжаттарының сақталуын;

радиоактивті материалдарға  санкциясыз қол жеткізуді бақылау  мен шектеу, сондай ақ радиоактивті заттардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуын болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

Радиоактивті материалдар  мен қалдықтарды тасымалдау Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген ережелерге және Қазақстан Республиксының ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Радилактивті материалдар  мен қалдықтарды тасымалдау ережелері  жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының  және жүк алуышының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қауіпсіздік, физикалық жағынан қорғалу шараларын, оқиғалар мен аварияларға жол  бермеу жөніндегі келісілген шаралар  жүйесін, буып түюге, таңбалауға және көлік  құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал аварияларды көздеуге тиіс (ҚР ЭҚ 270-273 баптар).

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ядролық қондырғыларды  және радиоактивтік қалдықтармен жұмыс  істеуге арналған обьектілерді орналастыруға  қатысты ұсыныстар енгізуге жергілікті мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.

ҚР Экологиялық кодексі  радиоактивті қалдықтарымен жұмыс  істеуге арналған обьектілер мен  ядролық қондырғыларды орналастыру  мен пайдалануға қойылатын экологиялық  талаптарды анықтап берді.Соған  сәйкес, ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге  арналған обьектілерді орналастыру  туралы мәселенің қаралуы үшін өтініш беруше Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртәппен  әзірленген, осындай қондырығыны  немесе обьектіні салу қажеттгінің  негіздемесі, сондай ақ оларды орналастыруға  арналған алаңдардың балама нұсқалары  қамтылуға тиіс материалдарды табыс  етеді.

Материалдар:

ядролық қондырғы немесе радиоактивтік  қалдықтармен жұмыс істеуге арналған обьекті орналастырылуы мүмкін аудандағы  қоршаған ортаның сипаттамасы;

обьектілерді салу, пайдалануға  беру, пайдалану, пайдаланудан шығару және жабу жөніндегі жоспарланған жұмыстардың адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалауды;

қоршаған ортаға теріс  әсерді төмендетілген іс шараларды;

қоғамдық тыңдаулардың қортындылары міндетті түрде ескерілген мемлекеттік  экологиялық, санитарлық эпидемиологиялық және техникалық сараптамалардың оң қортындысын қамтуға тиіс.

Ядролық қондырғыларды және обьектілерді салу туралы шешімді аумағында  ядролық қондырғы және (немесе) обьекті  кезде Қазақстан Республикасының  Үкіметі қабылдайды.

Ядролық қондырғыларды және радиоактивтік қалдықтармен жұмыс  істеуге арналған обьектілерді орналастыру  үшін жер учаскелерін және жер  қойынауын беру Қазақстан Репсубликасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және ҚР ның Экологиялық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ядролық қондырғыларды және радиоактивтік қалдықтармен жұмыс  істеуге арналған обьектілерді орналастыруға  қатысты шешімдер қабылдау кезінде  өңірлі әлеуметтік экономикалық дамытуға бағытталған іс щаралар көзделуге  тиіс.Бұл іс шараларды жүзеге асырудың көлемі мен тәртібін әрбір нақты жағдайда ғылыми экономикалық негіздемелер негізінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ядролық қондырғыны немесе радиоактивтік қалдықтармен жұмыс  істеуге арналған обьектіні пайдалануға  қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырылуға тиіс.

Ядролық қондырғыны немесе радиоактивтік қалдықтармен жұмыс  істеуге арналған обьектіні пайдаланудан шығару және радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қойманы жабу тәртібі атом энергиясын пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес жобада көзделуге тиіс.Шығыстарды қаржыландыруды ядролық қондырғыны немесе радиоактивтік қалдықтармен жұмыс істеуге арналған обьектінің иесі жүзеге асырады.

Ядролық қондырғыны немесе радиоактивтік қалдықтармен жұмыс істеуге арналған обьекті орналасқан жерлерде санитарлық қорғаныш аймағы және бақылау аймағы белгіленеді.

Аймақтардың көлемдері мен  шекаралары жобада ядролық энергияны  пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес белгіленеді.Санитарлық қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүзеге асырылады.

Параметрлері мен кімге  тиесілі екеніне қарамастан, санитарлық қорғаныш аймағында, бағбандық және бақшалық жер учаскелерін орналастыруды, сондай ақ ауылшараушылығы өнімдерін  өндіруді қоса алғанда, тұрғын үй ғимараттарын, білім беру ұйымдарын, денсаулық  сақтау және демалыс мекемелерін, спорттық сауықтыру құрылыстарын орналастыруға (салуға) тыйым салынады.

Санитарлық қорғаныш аймағында орналасқан жерлер мен су айдындарын   өнімдерге радиологиялық бақылауды міндетті түрде жүргізу шартымен шаруашылық мақсатында пайдалануға болады.

 Құрылыс материалдары, минералдық тыңайытқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі тексеруді талап етеді.

Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен  көмірдің жол берілетін радиоактивтілік  деңгейі радиациялық қауіпсіздік  нормаларымен белгіленеді.

Көмір радиациялық қауіпсіздік  нормаларында белгіленген мөлшер шегінен  аспаған кезде кез келген мақсатта пайдаланылуы  мүмкін.Радиоактивтілігі радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларында және санитарлық ережеде  көзделген деңгейден жоғары көмір, радиациялық қауіпсіздік нормалары  сақталу шартымен карьердің ішкі үйіндісіне жинақталып, көмілуге тиіс (ҚР ЭК 274-275баптар).

ҚР ның Экологиялық  кодексі елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың, құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, отын энергетикалық  шикізаттың  радиациялық қауіпсіздікке  бақылау ұйымдастыру қатынастарын реттейді.

Радиациялық бақылауды ұйымдастыру  радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген  нормативтік шамаларынан асуына жол бермеуін, сондай ақ халыққа  дозалық жүктемені төмендету  жөніндегі іс шараларды жүктемені төмендету жөнінідегі іс шараларды әзірлеу мен енгізуді өзіне міндет етіп қояды.

Елді мекен пункттерінің тұрғын үй тұрмыстық обьектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, демалыс  және рекреация  аймақтарының, бағбандық  серіктестіктерінің құрылысына жер  учаскелері бөлініп берілген кезде, міндетті іздестіру жұмыстары көлеміне берілген учаске аймағындағы сыртқы гамма сәуленің экспозициялық дозасының  қуатын өлшеу енгізілуге тиіс.Нәтижелері құрылысқа учаске таңдау жөніндегі комиссиясның хаттамасымен рәсімделеді.

Тұрғын үй обьектілері  пайдалануға берілген кезде сыртқы гамма сәуленің экспозициялық мөлшерінің қуаты әрбір пәтерде, ал радонның шоғыры әрбір кіреберістің бірінші  қабатындағы пәтерлердің  бірінде  өлшенеді.Радонның жол  берілетін  шоғырлануы асып кеткені анықталған жағдайда зерттеу үйдің барлық пәтерлерінде жүргізіледі.

Сыртқы гамма сәуленің дозалық қуатын өлшеу жер бетінен  немесе үй жай еденінен бір метр биіктікте жүргізіледі.

Радонның баламалық тепе теңдік көлемді белсенділігінің  болуын бақылау халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы  мемлекеттік органның әдістемелік  нұсқауларына және Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртіппен  аттестатталған басқа да әдістемелерге  сәйкес жүзеге асырылады.

Информация о работе Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талапта