Популяция құрлымының қалыптасуына сыртқы орты әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 10:24, реферат

Описание работы

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

1.Экология пәні қандай ұғым береді
2. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
3.Жануарлардың өз территориясын сақтап қалу мезеттеріндегі мінез құлқы
Мысалы(құстар мен жәндіктер)
4.Популяция дегеніміз
5.Қорытынды
6. Пайдалынған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Бану экология ертен.docx

— 25.29 Кб (Скачать)

Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл  салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік  факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық  қалдықтар мен радиоактивтік  заттардың, әр түрлі табиғатта болып  жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы  тың және тыңайған жерлерді игеру  нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы  жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы  жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі  заманның өзекті мәселелерінің бірі.

      Жануарлар эмбриологиясы- Жануарлар эмбриологиясы (грек. embryon — ұрық) — Ж-дың ұрықтық немесе эмбриондық дамуын, кең мағынада алғанда жеке организмнің (онтогенезде) дамуын толықтай зерттейтін ғылым. Ж. эмбриологиясы саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстары Қазақстанда 1950 ж. Қазақстан ұА-ның Эксперименттік биология (қазіргі “Биоген” жабық акцион. қоғамы) ин-тында, Алматы зоотех.-малдәрігерлік (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ин-тында акад. Мұхамедғалиевтің басшылығымен басталды. Республика ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде құрсақтағы қозы (Шағыров, А.Т. Қазатаев, т.б.), құлын (Қ.Ш. Баймұхаметов), торайдың (Н.С. Панченко, т.б.) сырт пішіні сипатталып, дене мүшелерінің арақатынасы зерттелді. Сондай-ақ, тері (Шағыров), қалқанша без (Л.Д. Литвинова), жемсау бездеріне (Б.О. Исаев), бүйрек (А.Ф. Шамилов), асқазан мен ішек (Баймұхаметов), бауыр (Р.Ә. Тоқтамысова) эмбриогенезіндегі заңдылықтарға сипаттама берілді. Қазақ биязы жүнді қойы (Бальмонт, Еламанов, т.б.) мен қазақ арқар-мериносының (Бутарин, т.б.) құрсақта дамуы зерттеліп, қаңқаның сүйектену ерекшеліктері анықталды. Қозының, оның органдарының құрсақта өсуі, оның әр кезеңде әр түрлі заңдылықтарға бағынатыны дәлелденді (Бердімұратов). Қозының құрсақта дамуының алғашқы кезеңдері жете зерттеліп, заңдылықтары қорытылды (Мұхамедғалиев, Баймұхамбетов). Құрсақтағы қозы қанының биохим. ерекшеліктері, оның белок құрамы анықталды (О.В. Дьяченко, ұ.М. Әбілова, т.б.). Қой (Мұхамедғалиев, Тойшыбеков, Мырзамәдиев, Жаңабеков, т.б.) мен ірі қара (А.М. Омарбаев) зиготасының трансплантациясы (орнын алмастырып салу) мәселелері зерттелуде. Осы кездегі Ж. эмбриологиясында салыстырмалы-сипаттамалы және эксперименттік бағыттан басқа, экол. эмбриология бағыты дамып келеді. Бұл бағыт дамып келе жатқан организмді тіршілік ортасымен байланыстыра зерттейді.

    Жануарлар биохимиясы- Жануарлар биохимиясы (грекше bіos — тіршілік, өмір және химия) — жануарлар организмінің химиялық құрамы және химиялық құбылыстар мен энергиялық процестер туралы ғылым. Қазақстанда жануарлар биохимиясы 1940 жылдан бастап дами бастады. Жануар денесіндегі түрлі ферменттер(мыс., миоглобин, цитохром, каталаза, т.б.) онтогонез сатыларымен байланыстыра зерттелді. Сау және ауру мал қанының сарысуындағы белоктар биохимиялық тұрғыдан сипатталды (Ж.Омаров, Ө.Ташмұхаметов, Б.Қарабалин, т.б.). Бұдан жануарларға тән гетерозистің молек.-генетик. механизмі зерттеліп, мал будандастырудың зат алмасу процестеріне тигізетін әсері анықталды (Ә.Сәрсенов). Пропин қышқылымен ашытылған сүрлемдегі биохимиялық құбылыстар сипатталып, оны бұзауға азық ретінде беруге болатындығы дәлелденді.

Жануарлар гистологиясы- Жануарлар гистологиясы(грекше hіstos — тін, ұлпа) — жануарлар клеткаларының, оның өте ұсақ құрылымдық құрылысын, тіндерінің шығу тегі мен дамуын зерттейтін биология ғылымының, оның ішінде жануарлар морфологиясының бір саласы. Қазақстанда жануарлар гистологиясының дамуы Алматы малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) гистология кафедрасының ашылуымен тығыз байланысты (1929). 1930— 1960 жылы жануарлардың тыныс алу органдары (Мұхамедғалиев, Т.Мәсенов), 1960 — 1980 жылы жыныс бездері (Мырзамәдиев, т.б.) тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 — 1980 жылы жалпақ құрттар (трематода) мен жұмыр құрттардың (нематода) жүйке жүйесі (Домбровский, Мырзамәдиев), асқорыту органдары (В.Я. Панин, Б.Шайкенов, т.б.) анықталды. Малдың еті мен өкпесі (Н.Лебедева), сүйегі (В.Матвиенко, т.б.), жүрегі мен қантамырлар жүйесі (Бердоңғаров, т.б.) терісі (І.Шағыров, т.б.) гистология тұрғыдан сипатталып, жүн гистогенезі (Э.Б. Всеволодов, т.б.) анықталды. Қысыр малға қолданылатын тіндік препараттар алынды  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ энциклопедиясы, 10 том;

2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

3.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007

Информация о работе Популяция құрлымының қалыптасуына сыртқы орты әсері