Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 10:24, реферат
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1.Экология пәні қандай ұғым береді
2. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
3.Жануарлардың өз территориясын сақтап қалу мезеттеріндегі мінез құлқы
Мысалы(құстар мен жәндіктер)
4.Популяция дегеніміз
5.Қорытынды
6. Пайдалынған әдебиеттер
Тақырыбы: Популяция құрлымының қалыптасуына сыртқы орты әсері
Тапсырма:Жануарлардың
өз территориясын сақтап қалу мезеттеріндегі
мінез-құлықтары өзгерісінің әр түрлі
әдістерін нақты белгілі бір популяцияны
талдау
Жоспары:
1.Экология пәні қандай ұғым береді
2. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
3.Жануарлардың өз территориясын сақтап қалу мезеттеріндегі мінез құлқы
Мысалы(құстар мен жәндіктер)
4.Популяция дегеніміз
5.Қорытынды
6. Пайдалынған әдебиеттер
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын организмдер кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;3) жекелеген әлеуметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология – негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара организмдер деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара организмнің немесе белгілі бір түрге жататын организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология (популяциялық Экология) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроорганизмдерден тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған организмдер топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация, Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
Экология ғылымының
казіргі басты стратегиялық міндеті
— биосфераның құрамды бөлігі
ретінде адамзат қоғамының
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Экология ғылымының міндеттері
Қазіргі жалпы экологияның
негізгі зерттеу нысандары
1) организмдердің
әр түрлі топтарының (популяциялардың,
түрлердің және т.б.) сыртқы орта
факторларымен өзара қарым-
2) биоценоздардағы
көптеген түрлер
3) тіршілік ортасы
мен популяциядағы дара
4) популяциялардағы
тіршілік үшін күрес
5) орта жағдайларының
организмдерге және олардың
6) адамның табиғатты
тиімді пайдалану жолдарын
7) ауыл шаруашылығы
зиянкестерімен күресу үшін
8) өндіріс процестеріне
жаңа қалдықсыз технология
Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді.
Ең көреген құс – үкі. Ол қараңғы жерден де анық көре алады.
Қаз бен бүркіттен басқа құстардың балапандары қолға (асырауға) көнбейді.
Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады.
Құстар көктемде өздері өскен жерлеріне қайтып келеді.
Бүркіт әбден қартайған кезде өзін-өзі аспаннан тастап өлтіреді.
Бүркіт балапаны жетілген кезде оны ұясынан итеріп, құлатып жібереді.
Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі.
Бозторғай туған жерінен қыста да, жазда да кетпейді.
Бозторғай таң атқанын білдіріп шырылдайды.
Әтеш күн шыққанын хабарлап, шақырады.
Қандай тұман болса да құс өз жолынан адаспайды.
Адамға ең жақын жүретін құс – қарлығаш. Ол ұясын адам бар жерге салады.
Әнші құс – бұлбұл.
Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар – тырналар.
Мүлде ұша алмайтын құс – түйеқұс.
Дауысы ең зор құс – әупілдек.
Мекиен (тауық) жұмыртқалағанын шақырып білдіреді. Тауықтар жеміне бірін-бірі шақырып, бөлісіп жейді.
Шағалалар жалғыз ұшпайды.
Италақаз ұясын інге салады.
Адамнан ең қашық жүретін құс – қоқиқаз.
Ең сақ құс – сауысқан.
Үкі екі көзімен бірдей көре алады. Басқа құстарда ондай қасиет жоқ.
Сұңқар бір шақырым жердегі ұсақ жәндіктерді көре алады.
Күн көзіне тіке қарай алатын – тек бүркіт қана.
Ешкімаңырауық деген құс дыбысты аузымен емес, құйрық қауырсынымен шығарады.
Мойнын созбаса әтештің дауысы шықпайды екен.
Көгершіннің ұрғашысы жанында аталық кептер болмаса, жұмыртқалай алмайтын көрінеді.
Ұрлық жасайтын құс
қарғалар екен.
Ара мен құмырсқалар
еңбек етпейтіндерін талап
Жылан өзі келіп шақпайды, тек өзіне қауіп төнгенде ғана шағады.
Кірпінің терісі мен иісі бар үйге жылан мен тышқан жоламайды.Көлбақа – күйдіргі жарасына таптырмайтын ем.
Жылан дәуіттен қорқады.
Дәуітті, өрмекшіні өлтірмейді.
Жылқы терісі жатқан жерге жылан жоламайды.
Жылқы тезегі жатқан жерге құмырсқа бармайды.
Құмырсқа су астында аз уақыт болса да өмір сүре алады.
Көбелектер отқа түсіп өледі.
Тасбақа мен көлбақа суда да, құрлықта да өмір сүреді.
Қандала мен бүрге түбіт үстінде жүре алмайды.
Жауынды-шашынды, бұлтты,
желді-дауылды күндері шегіртке
шырылдамайды.
Популяция- (латын
тілінде populus — халық, тұрғын халық) —
белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе
түзетін, бір түрге жататын және көбею
арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер
тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі
үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және
үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта
жағдайында өзінің саны мен құрылымын
сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің
өзге топтарынан қандай да бір табиғи
кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе
бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы
зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне
қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана
тән статиктикалық сипаттамалары (саны,
тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі,
жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары
(саны мен тығыздығының уақытқа қатысты
өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның
статиктикалық сипаттамалары популяцияның
белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу,
санау арқылы қысқа мерзімде анықталады.
Популяцияның динамикалық сипатамаларын
анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай)
қажет етеді. Популяция санының динамикасы
белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің
өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің
ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ,
популяция санының өзгеруіне иммиграция
және эмиграция процестері де әсер етеді.
Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі
логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі.
Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының
саны біршама тұрақты болғанымен, олар
әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы,
тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.).
Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер,
т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт
өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.
Жануарлар популяцияларының саны мен
тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын
белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық
механизмдер арқылы (гормондар қызметі,
стресс) және популяцияның генетикалық
құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп
отырады.
Информация о работе Популяция құрлымының қалыптасуына сыртқы орты әсері