Қоршаған ортаны қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:27, реферат

Описание работы

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3

Негізгібөлім.........................................................................................4

Қорытынды.........................................................................................13

Қолданылған әдебиет......................................................................14

Работа содержит 1 файл

ekolgya referat.doc

— 83.00 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 

Жоспар; 
 
 

       Кіріспе..................................................................................................3 
 

       Негізгібөлім.........................................................................................4 
 

       Қорытынды.........................................................................................13 
 

     Қолданылған әдебиет......................................................................14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Кіріспе 
 

       Қоршаған  ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.  
Сонымен бірге , жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр.  
Мысалы, В.В. Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру.  
Профессор Н.Б. Мухитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет – деп есептейді ол – табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады».
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 

       Қоршаған  ортаны қорғау туралы заң 

             Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

             Осы Заң қазіргі  және болашақ ұрпақтардың мүдделері  үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан

       түрлілікті  сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

       Азаматтардың  қолайлы қоршаған ортаға құкықтары  — Қазақстан Республикасындағы  жалпы табиғатты пайдалану құқығының  негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын  сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.  
ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.  
Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құкықтары Қазақстан Республикасының зандарында ары қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.  
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.  
Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы зандардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқы бар.  
Азаматтардың:  
— белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға катысуға;  
— қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;  
— қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;  
— коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;  
— коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;  
— кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де объектілерді орналастыру, салу, кайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ак занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзгеде қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;  
— айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардын бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотка талап арызы беруге;  
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық  
Қазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі.  
Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.  
Экологиялық кұкык бұзушылық белгілерін қарастырайық:  
> Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушынын жасаған кұкыкка карсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол касақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаканалы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.  
> Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардын және баска да заңдардың бұзылуын білдіреді.  
> Экологиялық құқық бұзушылыктың қоғамға қауіптілігі коршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.  
> Құкыкка қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.  
> Кұкык бұзушыға заңды жауаптылык шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.  
Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді.  
Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады.  
Экологиялық кұкык бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:  
> қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер койнауы және т.б.) ластау;  
> табиғи объектілерді бүлдіру, бұзу, жою (жерді бүлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен қүрту және т.б.);  
> табиғи корлардың азып-тозуы;  
> табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану жөне т.б.).  
Экологиялык кұқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы үшін.  
Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құкық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құкық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бүлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өндеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны корғау министр-лігі органдары және т.б. карастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мүлкін тәркілейді.  
Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық кылмыстардың барлық түрі Қазакстан Республикасының Қылмыстьщ кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бүлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.  
Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай кыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялык апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.  
Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні кылмыстык, әкімшілік немесе баска да жауаптылықка тартуға қара-мастан бастала береді.  
Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты корғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды кызметкерлер тартылады.  
Материалдық жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды өндіруді айтамыз.  
Сонымен, экологиялык мәселелерді бірігіп шешу қажет. Табиғаттың ластануы, бүлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халыкаралык ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады.  
Жылдан жылға экологиялык кылмыстар мен өзге де құқық бұзушылыктар саны өсуде. Олардың коғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы кылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп коймай, сондай-ақ адам тіршілігіне биологиялық негізін жояды.  
Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылықка әкеліп соқтырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстык, азаматтық-құкықтық, тәртіптік. материалддық жауаптылықтар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Жалпы ережелер.

       1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

       Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

       қоршаған  орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

       қоршаған  ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік жіне қоғамдық шаралақ жүйесі.

       Қоршаған  ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаны қорғау заңдары мен қорғалатын құрамдас бөліктері.

       Табиғи  ресурстар – қоғамның материалдық, және мәдени басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және тағы басқа қызмет прцестерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

       Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де табиғи ресурстарды пайдалану.  

       3-бап.  Қоршаған ортаны  орғау негізгі  принциптері. 

       Олар:

       Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың  басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен  демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

       Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасық ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді  қалпына келтіру;

       Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар  қоршаған орта объектілерін сақтаудың қамтамасыз ету.

       Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде  және демографиялық жолмен қатысуы.

       Жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман  мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі. Табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

       Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорғалуға тиіс.

       VII тарау.  Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторнингі.

       24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі.

       1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың  мемлекететтік мониторингі қоршаған  ортаны қорғау мен табиғат  пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырылды және онда:

       1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың  жай-күйіне, сондай-ақ оларға антропогендік  ықпал жасау көздеріне белгілі  бір бағдарлама бойынша жүргізілетін  бақылау;

       2) аталған бақылау обьектілерінің жай-күйін бақылау;

       3) олардағы өзгерістерді болжау  қамтылады. 

       Х тарау.

       Шаруашылық  және өзге де қойылатын  эколиялық талаптар.

       47-бап.  Табиғи ресурстарды  пайдалану кезіндегі  экологиялық талаптар.

       Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарларды ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдар мен және өзге де нормативтік- құқықтық акктілермен белгіленеді.

             Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң.

             Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорғауға алынған  жерлер, экологиялық, ғылыми және мідени жағынан ерекше құнды, Қазақстан  Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

             Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық  негіздерін белгейді.

             1-бап.  Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар  ұғымы.

             Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи – қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.

             2-бап.  Мемлекеттік табиғи  қорық қоры.

             Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған обьектілердің жиынтығы.

             5-бап.  Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарға  меншік.

             Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншікте болады.

       ІІ  тарау. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы  құқықтары мен міндеттері.

              6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.

       Азаматтардың:

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген  тәртіппен пайлдалануға, мемлекеттік  табиғи – қорық қорын қорғау және қалпынакелтіру жөніндегі шараларға  қатысуға;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларын құруға;

       ерекше  қорғалатын дамыту мен орналастыру  схемаларын әзірлеу, оларды құру жөніндегі  ұсыныстар енгізуге;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  қоғамдық сараптамаға қатысуға;

       7-бап. Қоғамдық бірлестіктер саласындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтар мен міндеттер.

       1.Қоғамдық  бірлестіктердің:

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  бағдарламаларды әзірлеп насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық ісі саласындағы белседі қызметке ерікті негізде тартуға;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  дамыту мен орналастыру схемаларын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісіне ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  мемлекеттік сараптамалар жүргізуді  талап етуге және қоғамдық сараптама  жүргізуге;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  мемлекеттік табиғи қорық қорын  қорғау, қалпына келтіру мен пайдалану  ісін ұйымдастыруға белгілі бір тәртіппен қарауға;

       ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар бойынша  қоғамдық қорларын құруға;

       12-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері.

       1. Қазақстан Республикасының мақсатына,  қорғау режиміне және пайдалану  ерекшелігіне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадпй түрлері бөліп көрсетіледі.

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау