Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:51, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мотиноринг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымдаэкономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салалардақолданылады.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг.docx

— 37.37 Кб (Скачать)

Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас  территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған  болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.          

Жер ресурстарының  жағдайы. Республикада жердің 48,2% ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қолданылады, олардың ішінде көп бөлігін жайылым өрістер құрайды.        

 Барлық өнеркәсіптік  өңірлерде экологиялық қауіпті  әсер ету зоналары: террикондар,  үйінділер, ашық кеніштер, бұрғы  құдықтары, тау кен өндірісінің  қалдықтары бар. Ғарыштан түсірілген  түсірілім берілгендеріне сәйкес  Арал маңында қалыптасатын тұзшаңды  ағындар 150 – 300 км-ге таралады. Бұл өз кезегінде территорияның  одан арғы уақытта шөлге айналу  үрдісіне алып келеді. Республикада  жер ресурстары өнімдерін қарқынды  қолданудың нәтижесінде өндіріс  пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд.т.  жинақталған. Республикада жылына  бір адамға шаққанда таужыныс  заттарының 50 т. Табылады және  қайта өңделеді. Олардың ішінде 95 % қалдықтарға кетеді.         

 Орман ресурстары. Республикада мемлекеттік орман  қоры жерінің ауданы  25,56 млн. га. құрайды, оның ішінде орман 11,4 млн. га. жер алып жатыр. Ормандардың көп бөлігі сексеуіл, бұталы және тек аздаған бөлігі жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар тұқымды болып келеді.

Қортынды

Қоршаған ортаның Мониторингі  – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға  табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Мониторингтің объектілері болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.Мониторингтің іс-әрекеттері өлшеу,талдау,аттау,модельдеу,дұрыс жолын таңдау болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

http://mapyourinfo.com


Информация о работе Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг