Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:51, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мотиноринг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымдаэкономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салалардақолданылады.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг.docx

— 37.37 Кб (Скачать)

Қоршаған орта жағдайын бақылау және    мониторинг

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мотиноринг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар  әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымдаэкономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салалардақолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғаужөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымынегізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылаужүйелері ретінде қарастырылады:         

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің  ерекшелігіне, түріне және бақылау  әдістеріне

байланысты мониторингтің  бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

  • биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
  • дистанционды (авиациялық және космостық);
  • аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

  • қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
  • биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Қоршаған ортаның  Мониторингі

Қоршаған ортаның Мониторингі  – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға  табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтікбақылаулар  биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде  ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның  дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.

 

 

 

 

 

Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері

 

Қоршаған орта жағдайы мониторингі

Міндеті

Мақсаты

Бақылау

Анықтау

Бағалау

Болжау

Шешім қабылдау

Жетілдіру

қоршаған орта жағдайының өзгеруі

адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері

адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау

қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер

адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою

қоршаған орта мен қоғам  арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы


Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:

  • Өлшеу
    • талдау
      • сипаттау
        • моделдеу
          • дұрыс жолын таңдау.

Ic-әрекеттердің мұндай  алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:

 

Биологиялық мониторинг

- биологиялық орталардағы  (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердіңжинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

 

Базалық мониторинг

- жалпыбиосфералық, яғни, тек  қазіргі кездегі ғана емес, жақын  аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын  негізінен табиғи құбылыстарды  бақылау.

 

 

Биосфералық мониторинг

- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.

 

Биоэкологиялық  мониторинг

- табиғи ортаның жағдайын  оның адам денсаулығына әсері  тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.

 

Геоэкологиялық  мониторинг

- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.

 

Дистанционды  мониторинг

- бұл авиациялық және  космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері  ақпараттарды жинау орталығына  беріліп отыратын, адам аяғы басуы  қиын жерлердегі приборлар арқылы  алыстан ақпараттарды беру әдістерін  (радио, спутник) де жатқызады.

 

Теңіздердің ластануы мониторингі

- теңіздер мен мұхиттардағы  судың сапасын білу мақсатында  ақпараттар алу үшін олардың  жағдайын болжау, бағалау және  бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.

 

Құрлықтағы  сулардың ластануы мониторингі

- су ресурстарын үнемді  пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын  жүргізу үшін құрлықтағы сулардың  жағдайы туралы ақпараттар алу  мақсатында болжау, бағалау және  бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат,карбонат, нитрат иондары жатады.

 

 

 

 

Ластаушы  көздер мониторингі

- ластаушы көздер арқылы  су обьектілеріне, атмосфералық  ауаға, топыраққа бөлінген заттардың  мөлшерін және ластану деңгейін  болжау, бағалау және бақылау жүйесі.

 

 

Аймақтық  мониторинг

- антропогендік әсерге  ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы  аймақтар биосферасы туралы ақпарат  алу үшін бақылау.

Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

Экологиялық мониторинг жүйесінде  биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі-биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу

 

Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг – экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау қызметін басқаруды ақпараттық қамтамассыздандыру.

Мақсаты: таңдалған территорияның (қала, облыс, Қазақстан түгелдей) экологиялық жағдайын бағалаумен қоршаған орта мониторингісінің объектілерін, міндеттерін оқып білу.

Экологиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді  жүйесін, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру болжамы мен бағасын көрсетеді .

Мониторингтің объектілері  болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.

 

Экологиялық мониторингтің  негізгі міндеттеріне:

1)    антропогенді әсер ету көздерін бақылау;

2)    әсер ету факторларын бақылау;

3)    табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау;

4)    табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау;   

5)    антропогенді әсер нәтижесіде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін болжау жатады.

Біздің міндетіміз Павлодар қаласының, Павлодар облысының  және бүкіл Қазақстан территориясының  экологиялық жағдайын бағалау болып  табылады.

Нақтылы бір территорияның  экологиялық жағдайын бағлау үшін оның орналасу орнын, климаттық параметрлерін, өнеркәсіптік потенциалын, территорияның  даму бағдарламасын және бағалауға  қажетті басқа да мәліметтерді білу қажет. 

Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы

Мысалы ретінде  Қазақстан Республикасының түгелдей экологиялық жағдайын қысқаша қарастырайық.

Қазақстан Республикасы территориясының көлеміне қарай 272,5 млн. га. әлемде тоғызыншы орынды алып отыр және төрт климаттық зонаға –  жазық, орманды жазық, шөлейт және шөл  болып бөлінеді. Бағалы пайдалы қазбалардың бүкіл зоналарда бар болуы халық шаруашылықтық қолданыс орбитасына Қазақстанның барлық территориялық зоналарын кірістірген. Қазіргі уақытта қуатты өнеркәсіптік және ауыл – шаруашылықтық инфраструктура құрылған. Техногенді дамуда Қазақстанға техногенді даму мен тез экономикалық өсуді қамтамассыз еткен ауыр және жағу өнеркәсіптері, қара және түсті металлургия, химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптері алдағы орында.   

Қазақстан территориясында 11 территориялды - өнеркәсіптік кешен  құрылған (Алматы-Талдықорған, Қарағанда-Теміртау, Балхаш, Павлодар-Екібастұз, Манғыстау, Ақтөбе, Өскемен, Жезқазған, Ақтау, Байқоныр). Техногенді дамудың нәтижесінде  табиғи экожүйелердің бұзылуы мен  деградациясы орын алған.

Негізгі экологиялық  мәселе болып қалалардағы ауаның ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық  қалдықтардың ілгері түрде жиналуы, жерлердің шөлденуі мен деградациясы, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы қалып отыр. Әмудария және Сырдария өзендері бассейіндеріндегі  суармалы (орошаемого) жердің интенсивті және рационалсыз дамуы Аралдың  апатына әкеп соқты. Бұрынғы және қазір де әрекет етуші соғыс және испытательный полигондардың территориялары радиоактивті және химиялық ластауларға  шалдыққан (Сары-Шаған, Капустин Яр, Азгир).

Қалалық және өнеркәсіптік алгомериялардың негізгі орындарында  тұратын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін басты факторлар  ауаның ластануы мен ауыз суының жетіспеушілігі болып келеді.

Қазақстанда қоршаған орта мен оның өзгерісін мониторингтің  барлық – аумақтық, аймақтық және глобальды  түрлері бойынша бақылайтын бірнеше  салалы қызмет құрылған. Үш деңгей бойынша  алынған нәтижелерді жалпылай келе елдің түрлі аймақтарындағы антропогендік  және табиғи үрдістердің объективті көрінісін алады. Бақылау жұмыстарының басты көлемін Қазгидромет орындайды. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау  Республиканың үлкен қалалары мен  өнеркәсіптік орталықтарында жүргізіледі.

Ауа ортасы. Ауаның ластану жағдайы бақылау жерлерінің стационарлы орындарынан алынған ауа пробаларын өңдеуді талдаудың нәтижелері бойынша бағаланады. Сапаның негізгі критерийлері болып рұқсат етілген шекті концентрация (РШК) табылады. Атмосфераның ластану деңгейі РШК-ға ең үлкен мөлшерленген мәндері бар бес түрлі заттар арқылы есептелетін атмосфера ластануының кешенді индексінің шамасы бойынша бағаланады (А қосымшасы).             

 Ластанудың ең  үлкен деңгейі Балхаш, Теміртау, Лениногорск, Өскемен, Алматы, Шымкент  байқалады. Басты ластаушы заттар  болып шаң, күкірт диоксиді, азот  және көмертегі, көмірсутектер  табылады. Ең үлкен ластаушыларға  жылу энергетикасы өнеркәсіптері  жатады. Мысалы: қазіргі заманғы  2,4 млн. кВт қуатты ЖЭО тәулігіне  20 мың тонна көмір жағып атмосфераға  680 тонна күкіртті газдарды, 200 тонна  азот оксидтері мен 120 тоннадан  аса қатты шаң түріндегі бөлшектерді  тастайды. Сонымен қатар атмосфераны  ластаушы көздердің бірі болып  көлік-жол транспорттары табылады. Мысалы, Алматыда барлық тастаулардың (200 мың тонна жылына) 93 % көлік  транспорттарына келеді.        

 Қазақстанның  қалалары бойынша атмосфералық  ауаның ластану динамикасының  индекстері Б қосымшасында көрсетілген.         

 Су  ресурстарының жағдайы. Су ресурстарының Қазақстан территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады (В қосымшасы).        

 Жер үсті суларының  ластану деңгейі су сапасының  өзгеру динамикасын салыстыру  мен анықтау үшін қолданылатын  су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады  

Информация о работе Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг