Қоғам өмірін экологияландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 04:06, реферат

Описание работы

Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos- үй, тұрақ мекен және logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым- қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе


Негізгі бөлім. Қоғам өмірін экологияландыру

а) Экологияның адам өміріндегі ролі
б) экологиялық білім беру және тәрбие
в) “Жасыл ел” бағдарламасы
г) Қоғам өмірін экологияландырудың маңызы
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

экологиялық білім беру.doc

— 81.50 Кб (Скачать)

     Астанада "Шеврон"компаниясының экологиялық ағартушылық "Жер - біздің ортақ үйіміз"  бағдарламасы аясында балалардың  экологиялық суреті бойынша VI Республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау және көрменің ашылуы рәсімі өтті.

Астана, 27 шілде 2008 ж. –  Бугiн Астанада «Шеврон» компаниясы бастау салған және әрдайым қолдап отыратын “Жер – біздің ортақ үйіміз” балалардың  экологиялық суреті бойынша  Республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді. Байқаудың қорытынды сатысына Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері болып табылатын 50 жас суретші қатысқан еді. 
Балалардың экологиялық суреті бойынша республикалық байқау «Шеврон» компаниясының «Жер – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын ұзақ мерзімді және кең ауқымды экологиялық ағартушылық бағдарламасы аясында өткізіледі. Бұл бағдарламаның мақсаты – балалар мен жастарға  мәдениеттану мен экологиялық бағытта жан-жақты білім беру, дарынды жастарды қолдау, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға және белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу. 
Байқау Қазақстанның барлық аймақтарын танытты. Оған мемлекеттiк көркемсурет мектептерінiн оқушылары қатысты. Астанаға өз облыстарында өткен байқауларда жеңімпаз атанған 12 мен 15 жас аралыгындагы 50 жас суретшікелді.      Байқауға қатысушылардың ең үздік жұмыстарының экспозициясы Астананың ең әдемі ғимараттарының бірі – Бейбiтшiлiк жане Келiсiм Сарайында орын алды. Жас суретшілердің туындылары  «Шеврон» компаниясы жыл сайын басып шығаратын «Жер - біздің ортақ үйіміз» каталог-альбомына кіретін болады. Биылгы жылы 
байкаудын такырыбы: «Менiн бас калам – менiн Астанам» болып жарияланды. Байкау шенберiнде Астанага деген сыйлык – «Суйiктi балалары суйiктi Астанага» атты акциясы откiзiлдi.

     Жас суретшiлер Казакстаннын сурет онерi майталмандарымен, министрлермен жане «Шеврон» компаниясы окiлдерiмен бiрге жануарлардын мусiндерiн бояуга салды. 
Бұл жоба жас қазақстандықтарды тәрбиелеу бағытында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және компания-инвестор күш жұмылдырған серіктестіктің жарқын мысалы бола алады. Осы ағартушылық жобаның жүзеге асуы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Бiлiм және ғылым министрлігінің  және солардың жергілікті бөлімшелерінің қолдауы арқасында мүмкін болды. 
Қазақстан Республикасымен арадағы әлеуметтік серіктестік саласында «Шеврон» компаниясы бастау салған жаңа жобалар қатарында қолөнерді дамыту және халықтық көркем кәсіптерді жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді жалпыұлттық бағдарламаны; жетімдер үйі мен мектеп-интернаттардың оқушыларын ертеден кәсіпке даярлауды; жоғары сынып оқушыларының экологиялық жобалар бойынша республикалық байқауы мен жеңімпаз жобалардың іске асырылуын; экологтар мен мұғалімдер арасында орта мектептердің арналған экология пәні бойынша біріктірілген және интерактивті оқулықтарды жасап шығару бойынша өтетін байқауды атап өтуге болады.

                                      Қорытынды

Қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен  дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс-жүзінде аса маңыз бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуыа байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.

      Сонымен қоршаған ортаны қорғау жануарлармен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып  кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.

      Қазіргі таңда экология – күн тәртібен түспей тұрған өзекті мәселе.  Адамзатты табиғат апаттарынан адамдардың қолымен жасалған жасанды апаттардан құтқарып, араша түсу – болашақ жас ұрпақ үшін де өзекті болып қалары анық. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында « Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі лас технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдалану секілді проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыруы керек » деп осы мәселені өз бақылауында ұстайды. Елімізде 2005-2008 ж.ж. арналған « Жасыл ел » бағдарламасы бойынша елімізде және облыс төңірегінде қарқынды істер атқарылып жатыр, ол жалпы халыққа табиғатты қорғау және көркейту шарасын үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. 

      Жалпы қорыта айтқанда табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық  тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Экологиялық сауатымызды ашсақ,  экологиялық білім алсақ, өз бойымызды экологиялық мәдениет қалыптастыруға талпынсақ, адамзат алдында тұрған экологиялық апаттан құтқаратынымыз сөзсіз.

      ҚР-сы Президентінің Жолдауында: «Жаһандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз-су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс», - деп баса көрсетілген.  

       Э.Геккельдің экология ғылымына  қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кеңейте отырып биосфера ортасындағы қарым- қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымдары жағары деңгейге көтеріле түсті.

   Қоршаған ортаны, табиатты қорғау үшін және осы мақсатқа болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін, мектеп қабырғаларында арнаулы және жоғарғы оқу орындарында экология пәні енгізілген. Бұл пән арқылы біз қоршаған ортаның яғни экологиның таза сақталуын, экология бұзылған жағдайда қандай шара көретінімізге толық мағлұмат аламыз.

   Оқу орындарында алған теориялық  білімді табиғат аясына шығып  қоршаған ортаның дәл қазіргі  таңда қандай қалыпта тұрғанын  білеміз. Табиғатты таза, бұзылмаған қалпында сақтау үшін ерекше қатынас қажет. Қоршаған ортаға ерекше ұқыптылықпен қарау, тозығы жеткен жерлерді тыңайту, ағынды су және үлкен көлдерге, өзендерге техникалық және химиялық қоқыстарды тастамай, аялап күту үлкен экологиялық тәрбиеге жатады.

   Экологиялық білім - экологиялық тәрбие - экологиялық сана – экологиялық мәдениет – жалпы халықтық міндет.

     Жер - біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадымызда сақтауымыз тиіс.

                          Қолданылған әдебиеттер:

 

1)Кенесариев “Экология және халық денсаулығы”

2)Молдаахметов “Экология”

3)www.google.kz

4)«Экология» оқулық. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева; Алматы:2002.

5)«Экология» Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы, А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова; Алматы:2003

6)«Экология негіздері» Ж.Ж.Жатқынбаев, Алматы:2003

7)«Экология» Бейсенова, Шылдебаев, Сауытбаева; Алматы: 2001

 8)«Қазақстан географиясы және экология» журналы, Ш.Шыңғысбаева,  № 7, 2008 ж

Информация о работе Қоғам өмірін экологияландыру