Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 04:06, реферат
Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos- үй, тұрақ мекен және logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым- қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
Кіріспе
Негізгі бөлім. Қоғам өмірін экологияландыру
а) Экологияның адам өміріндегі ролі
б) экологиялық білім беру және тәрбие
в) “Жасыл ел” бағдарламасы
г) Қоғам өмірін экологияландырудың маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар:
а) Экологияның адам өміріндегі ролі
б) экологиялық
білім беру және тәрбие
в) “Жасыл ел” бағдарламасы
г) Қоғам
өмірін экологияландырудың маңызы
« Экология – табиғат пен қоғамдағы көп
деңгейлі жүйелердің құрылысы мен
тіршілік қызметі және олардың өзара
байлынысы туралы пәнаралық
білімдер саласы».
*Қоршаған
ортаны қорғау – баршаның
Елбасымыздың
жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасында
таза ауаны, суды, топырақ құнарын, ылғалдылығын
сақтау мәселелері көзделген.
Табиғат адам бойында қуат, көңіліне шабыт,
шапағат ұялататын сұлулық пен әсімдік
әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас
бөліктерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі. Таулы аумақтарға тән өсімдіктер
мен жануарлардың алуан түрі кездеседі.
Осы алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз
табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.
Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді
де ыждағаттылық пен сақтау, қамқор болу
басты міндеттердің бірі.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асырудың
іс-шара жоспары бойынша бірқатар іс-шаралар,
акциялар мен байқаулар өткізілді.
Барлық қала мектептерінде құрылған «Жас
эколог» топтары қаламыздағы отырғызылған
жас көшеттерді, гүлдерді, мектеп бағы
мен мектептің айналасындағы көгалдандыру
жұмыстары, гүлзарлар жасау, оларды күтіп-баптау
жұмыстарын атқарды.
Осы орайда жасөспірімдерді табиғатты
қорғауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен
қарау, табиғатты қорғау шараларын ұлттық
және халықаралық деңгейде ашу және қала
мектептерінде экологиялық клубтар ашу
мақсатында Экологиялық білім беру орталығының
ұйымдастыруымен қала мектептері арасында
2007 жылдың 20 наурыз күні *Қоршаған ортаны
қорғау – баршаның міндеті* атты қалалық
семинар өткізілді. Семинарға Енбекші,
Әл-Фараби, Абай аудандық әкімшілігінің
қызметкерлері, Қалалық білім беру бөлімінің
қызметкерлері, ОҚО табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
мен Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының
қызметкерлері және қала мектептері түгел
қатысты.
2007 жылы 15 ақпанда Экологиялық орталық
пен №40 мектеп гимназиясы Демократияны
қолдау ақпарат орталығымен бірлесіп
«Экологические дружины» атты дөңгелек
стол ұйымдастырылды. Бірнеше қала мектептерінің
экопатруль топтары, үй басқармалары (домкомдар),
БАҚ, табиғатты қорғау басқармаларының
мамандарымен пікір – талас, тәжірибе
алмасу түрінде өткізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің бойында
табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін
тәрбиелеп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен
қарап, туған өлкеміздің сұлулығы мен
тазалығын сақтау мақсатында 2006 жылдың
каңтар айында Экологиялық орталық қалалық
білім беру бөлімінің қолдауымен қала
мектептерінде экоклубтар ұйымдастырып
ашты.
«Жасыл
ел» бағдарламасының орындалу барысында
Экологиялық орталық қала мектептеріндегі
экоклубшылармен «Саябақтар шеруі» атты
екі айлық акцияны ұйымдастырып өткізді.
Акцияның шеңберінде көптеген жұмыстар
жүргізілді:
- Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау
мемлекеттік басқармасы, ОҚОТР және ТПРБ,
ҚБББ-мен бірлесе Шымкент орманшылығы
ипподром бөлімшесінің оң қанаты мен сол
қанатына 3000-ға жуық түп қарағаш көшеттерін
отырғызды. Акцияға қаланың 43 мектебінен
380-нен аса экоклуб мүшелері қатысты;
- Көктем және жаз мезгілінде Шымкент орманшылығы
ипподром бөлімшесі айналасына отырғызылған
3000 түп қарағаш көшеттерін экоклуб мүшелері
суғарып, 100 пайыз көшет өнді;
- Аймауытов көшесіндегі №2 Бөкейханов
атындағы орта мектептің аймағындағы
балалар алаңшасын көркейтіп-көгалдандыру
жұмысы жүргізілді. Алаңшаға 30 түп емен
көшетін, 4 түп бузина, 10 түп сирен, 6 түп
уксус ағашы, барлығы 50 түп ағаш көшеттері
отырғызылды;
- Қала мектептері экоклуб мүшелерімен,
экосақшылармен және Еібекші ауданының
қызметкерлерімен бірлесіп мектеп, үй
аулары айналасын күл-қоқыстан тазалау
және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда;
- 14 сәуір күні Бадам орман және жануарлар
әлемін қорғау мемлекеттік басқармасы
мен қала мектептерімен бірлесіп Шымкент-Ташкент
трассасы бойында күл-қоқыстан тазалау
сенбілігі өткізілді. Сенбілікке 17 мектеп,
200-ге жуық экоклуб мүшелері қатысып, 8
км жолдың бойы тазаланып, 2 КАМаз күл-қоқыс
шығарылды;
- Жыл сайын мамыр айында қала мектептерінің
экоклуб мүшелерімен қарағаштың ұрығын
жинау акциясы өткізіледі. Биылғы жылы
акцияға 23 мектептің қатысуымен 42 қапшық
ұрық жиналып, тұқымбаққа тапсырылды.
- 1 сәуір күні Бүкіләлемдік құстар күні
мерекесіне орай «Құстар бізге не жөнінде
айтады» атты ОАҚОҚБ мамандарымен және
қала мектептерімен қалалық акция өткізілді.
Акция аясында «Оңтүстік Қазақстанның
құстар әлемі» тақырыбында баяндама және
тренингтер, сұрақ-жауаптар, қызықты рөлдік
ойындар өткізіліп, 42 дана құстар ұялары
ілінді;
- Қаламызды жасыл желекке айналдырып,
көгалдандыру мақсатында Облыстық Бадам
орман және жануарлар әлемін қорғау басқармасымен
бірлесіп, экоклуб мүшелерінің көмегімен
ескі Шымкент қалашығында «Әлемдегі ең
жасыл қала» атты акция өткізілді. Акция
барысында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды;
Экологиялық
ой-санасы қалыптасқан жеке тұлғаны
шығармашылық тұрғыда дамыту, оқушы
назарын туған өлкенің
1. Жас орманшылар, экосақшылар, жас табиғат
зерттеушілер конкурсы;
2. «Қалдықтарды пайдаға асыру» шығармашылық
жұмыстар сайысы;
3. «Туған өлкем, мен сені сүйемін!» тақырыбында
салынған суреттер сайысы;
4. «Жер бетіндегі сұлулықты сақтайық»
тақырыбындағы фотосуреттер сайысы;
5. «Жасай бер, Жер-Ана !» тақырыбындағы
өлеңдер мен әңгімелер сайысы;
Қалалық форумның жеңімпаздары жас экологтардың
Республикалық форумының қатысушылары
болып табылып, 4 маусым мен 10 маусым 2007
жыл аралығында өткізілген Республикалық
форумға қатысып, облыстың мәртебесін
көтеріп қайтты.
Республикалық форумға Экологиялық білім
беру орталығының көпшілік ұйымдастыру
бөлімінің меңгерушісі Роза Құрманбайқызы
Сытышеваның бастауымен 4 оқушы барып,
қатысты. Олар:
1. Есдаулетова Айгерім - №38 орта мектептің
11 сынып оқушысы *Жасай бер, Жер-Ана!* өлеңдер
мен әңгімелер номинациясына;
2. Тұрсынбек Айгерім - № 58 орта мектептің
9 сынып оқушысы, Жас экосақшылар номинациясына;
3. Есқали Гүлсана – ЭББО-ның экологы Жас
орманшылар номинациясына;
4. Кудяшев Валентин – ЭББО-ның экологы
Жас табиғат зерттеушілер номинациясына;
5. ЭББО-ғы - *Жер бізге және ұрпаққа* атты
көрмені ұйымдастырып, қатысты.
- *Жасыл
әлем* атты топпен барған оқушылар
өздерінің сәлемдесуімен
- Есдаулетова Айгерім - № 38 орта мектептің
10 сынып оқушысы *Жасай бер, Жер, Ана!* өлеңдер
мен әәңгімелер сайысында республика
бойынша I-орынды иеленіп, Диплом және
Глобус пен флешка сыйлығына ие болды;
- Тұрсынбек Айгерім - №58 орта мектебінің
9 сынып оқушысы Жас экосақшылар номинациясында
IY орынға ие болып, Диплом және бағалы
сыйлықпен марапатталды;
- Экологиялық білім беру орталығы - *Жер
бізге және ұрпақтарға* атты көрме сайысында
Диплом, жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны
үшін директорымыз Искакова Саулен Адырбекқызына
Сертификат, жетекшілердің семинарына
белсенді қатысқаны үшін Сытышева Роза
Құрманбайқызы Диплом, Грамота, Сертификатқа
ие болды.
- Сонымен қатар, сырттай өткізілген сурет,
фотосурет подделка сайыстарында да облысымыз
құр қайтқан жоқ. Олар:
- Мұхаметов Бекзот - №42 орта мектеп 7 сынып
оқушысы II-орынға (сурет);
- Қандамұлы Бақдаулет - № 38 орта мектеп
оқушысы III-орынға (фотосурет);
- Мамырхан Н. Ордабасы ауданы, Торский
Данил -№38 орта мектеп оқушысы, Юнустаева
Карина – ЭББО экологы Алғыс хаттарға
ие болды.
Қалалық білім беру бөлімінің 16 қаңтар
2006 жылғы № 032 бұйрығы негізінде қала мектептерінде
ашылған Экоклуб жұмысына толық әдістемелік
нұсқаулар таратылды. Атап айтсақ: Экоклубтың
ережесі, жылдық жұмыс жоспары, экологиялық
бағытта жүргізілетін іс-шаралардың көшірмелері,
экологиялқ мазмұнда түрлі әдістемелік
нұсқаулар, іс-құжаттарды жүргізу бағыты,
экология кабинеті немесе бұрыштарын
безендіру және т.б. Мектептегі экоклуб
жетекшілеріне аптасына 1 (бір) рет әдістемелік
көмек ретінде штабтар өткізіліп тұрды.
- Экологиялық орталықта жаз мезгілінде
студенттер мен қала мектептерінің 6-7
сынып оқушыларының арасында экологиялық
тәжірибесі ұйымдастырылып, өткізілді.
- Қалалық білім беру бөліміне қарасты
мектепке дейінгі мекемелерінде 2006ж. тамыз
айында Тараз қаласының білім департаментінің
бас маманы және балабақша тәрбиешілері
әдіс алмасу мақсатында келіп кетті.
- Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасын
іске асыру барысында қала мектептерінде
құрылған жас орманшылар ұйымдарының
жұмыстары мен тәлімбағында өсімдіктердің
түрлері мен санын көбейту жұмысы қолға
алынған.
2006 жылдың желтоқсан айында білім беру
ұйымдарының арасында «Жасыл ел» бағдарламасы
бойынша Алматы қаласында өткен Республикалық
байқау-конкурсына Экологиялық білім
беру орталығы қатысып обласымыздың мәртебесін
көтеріп, I орынды иеленді. Сонымен қатар,
«Ең үздік мектеп ауласы» номинациясы
бойынша қаланың № 2 орта мектебі мен «Ең
үздік экопатруль» номинациясы бойынша
№ 40 мектеп-гимназиясы Алғыс хаттарға
ие болды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің Семей қаласында 2007ж. 19-22
сәуір аралығында өткізілген «I Республикалық
экологиялық оқушылар олимпиадасында»
Экологиялық орталықтың «Экология және
медицина» үйірмесінің экологы Ли Людмила
қатысып Алғыс хатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің №91 26.02.2007ж. хатына сәйкес
Облыс көлемінде «Тұрақты дамытуға арналған
экологиялық білім беру жөніндегі бизнес
жобалар» атты конкурсы жеңімпаздарының
жобалары сәуір айында Астана қаласында
өткізілетін Республикалық конкурсқа
жіберілді. Олар:
1. Жақсымұратова Мақпал – Сайрам ауданы,
№20 ксмг
2. Мұсабекова Меруерт – Сайрам ауданы
, №20 ксмг
3. Иванов Г.Ф. – ЭББО-ның үйірме жетекшісі
4. Нұрымбетов Нұрсултан – Бәйдібек ауданы,
М.Әуезов ат. о/м
Экологиялық білім беру орталығы «2007-еңбекті
қорғау және техника қауіпсіздігі жылы»
аясындағы өткізілген Қалалық байқау
конкурсында ІІІ-орынға ие болды.