Мангыстау облысынын ауыр металдармен ластануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:35, контрольная работа

Описание работы

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Содержание

І. КІРІСПЕ
Ауыр металдарға сипаттама және олардың зияны.........................................1
ІІ. Негізгі бөлім
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластану проблемасы.................7
ІІІ. Қорытынды
Таза табиғат – халық байлығы.........................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................

Работа содержит 1 файл

Маңғыстау облысының ауырметалдармен ластану проблемасы)) Бұхарбаева А. 101АФ.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

     Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың қатарына жатады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік жолдармен ластанады.

Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік  тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.

Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын  объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі  ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.

Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия  камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.

Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде  атмосфераға кетіп жатады.

     Маңғыстаудың табиғи жедеғабыл,  жаны ашымай, болашақты ойлаңқырамай  игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемі сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырады. Ұзақ жылдар жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім. 1998 жылы ауаға ұшқан зиянды заттардың мөлшері 22,3 мың тоннаға өскені немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 пайызға көбейгені осының айқын дәлелі бола алады. 1998 жылғы дере бойынша облыстың ауа кеңістігінің су айдарында және топырақ бетіне тасылатын зиянды өндірістік заттарды жан басына шаққанда, әр жанға 404 кг улы-зиянды заттардан келеді.  Саралап көрсетсек, аталмыш зиянды заттардың 7%-і Атырау мұнай өңдеу зауыты, 53%-і «Теңізшевройл» бірлестігі, 28%-і «Ембімұнайгаз» және де 12%-і «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің үлесіне тиеді, яғни өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су, топырақ беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде. Төңіректі қорғау шаралары мүлде сылбыр жүзеге асуда.

      Маңғыстау өңірі табиғатты экологиялық жағынан ежелден қолайсыз, батпақты, тұзды топырақ болып келеді. Оның үстіне кейінгі кезде құрамында күкіртті сутегі газы 25% мөлшерде Теңіз кен орнының ашылуы, оның өндіріске берілуі, Теңіз газ өңдеу зауытының іске қосылуын экологиялық жағдайды қиындата түсірді.

      Өндіріс дамыған жерде экологиялық проблемалар  қатар жүреді. Экономикалық өсу-өрлеу  территорияларында соңғы кезеңге  дейін экологиялық орта факторы  ескерілген жоқ. Тек ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоршаған ортаға деген көзқарас қалыптаса бастады.

      Бүгінгі таңда қалыптасып отырған экологиялық  дағдарыстың басым бөлігі өркениетті дамыған адамзат қоғамының іс-әрекетімен тікелей байланысты екені айқын.

         Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.

     Маңғыстау облысы табиғатының компоненттерінің сапасы туралы көп жылдық мониторингтік зерттеу нәтижелеріне сараптама жүргізген уақытта, соңғы бес жылда ауа бассейнінің ластануы ерекше ұлғайғандығы анықталды.

Аджип компаниясының аталған станцияларындағы ауа сапасын саралау жұмыстары – 2011 жылы Атырау қаласында күкіртсутегінің шамадан тыс көбейгендігін көрсетіп берді. Күкіртсутегінің “Химпоселок” ауданында орналасқан станциясында кешкі, түнгі және таңғы уақытта шамадан тыс көбейетіндігі анықталып отыр. Сондай-ақ, “Шағала”, “Вокзал маңы” ықшамаудандарында ауаға таралған азот диоксидінің шамадан тыс көлемі тіркелген. Жер қыртысының ауыр металдармен ластануына негізінен техногенді жүк себеп. Хром, цинк, жез сынды ауыр металдар өте көп тараған жер қыртыстары да бар. Ауыр металдармен ластанған аумақтар ластаушы көздердің таралуы мен деңгейін және қоршаған ортаға техногенді жолмен әсер ететін себептерді анықтауға мүмкіндік беретін терең зерттеуді қажет етеді.

    "Жайықтың бойы көк шалғын, күзерміз де жайлармыз", - деп Махамбет батыр жырлаған, жағалаудағы ел балығын сан ғасыр қорек қылған Жайықтың бүгінгі жағдайы мәз емес. Оның жасыратыны жоқ. Бұл - облыс басшылығы ғана емес, бүкіл халықты толғандырып отырған проблема.

Ғалымдардың пікірінше,Жайық өзені бассейнінің  негізгі ластаушысы - Орынбор газ  өңдеу зауыты, Ақтөбе хром қоспалары  және бұрынғы аты әйгілі Алға химия  зауытынан қалған азғантай цехтар. Олардың тастамалары шайынды  су ретінде шартты түрде тазаланып, құрамындағы хром тәрізді қоспаларымен бірге Елек өзеніне құйылады. Ал Елек Ойыл өзенімен бірігіп Жайыққа, одан әрі Каспийге құяды. Су ресурстарының азаюы ғана емес, өзеннің экологиялық ахуалы да сын көтермейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жасақтаған су шаруашылығының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында осы өзенге қатысты су көзінің ауыр металдармен, хром, мыс, мырыш, бормен ластану деңгейі санитарлық-гигиеналық және балық шаруашылығы нормасы көрсеткіштері бойынша шектеулі концентрациядан өте жоғары екендігі айтылған. Түйіндеме: Жайықтың экологиялық жағдайы өте ауыр және оны сауықтырудың жедел шараларын алу қажет, себебі су көзінің тіптен азаюы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатер төнетіні анықталған.

      Каспий теңізінде мұнай және газ өндіру өндірісі 150 жылдан бері жүргізіледі. Мамандардың жобалауы бойынша өндірілетін мұнайдың жалпы қоры 200 млрд баррель көлеміндей деп болжанады. Ең ірі көмірсутектердің қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Мұнай мен газды өндіру және өңдеу көлемінің Маңғыстау аймағында ұлғаюы да, жергілікті экологиялық проблемалар қатарын көбейтуде.

     Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы  үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның  ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Солтүстік Каспий жағалауыны мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. Теңіз 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рүқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүконцентрациясы мамыр -шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мүнай және мүнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына өкелуде.  1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырамайтын ауыр металдар (мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі – 50 мкг/л (бұл – 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экология бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда.

Каспий  шельфiн игеру жоспарларына қатысты, Қазақстан планетаның мұнай державаларының элитасына оқыс кiрiп қалды. Каспий теңiзiнiң шельфiнде мұнай кен  орындарын өндiру және алдағы мұнай өндiру көлемдерiнiң артуы Қазақстан секторының жағалауындағы суларда мұнайдың көлемiнiң артуына әкелiп соғады, бұл өз кезегiнде экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелерге әкеледi.

      Мұнай және газ өнеркәсiбi инвестициялар  көлемi бойынша өнеркәсiп салалары арасында бiрiншi орын алады. Осыған қарамастан мұнайгаз өндiру және мұнай өңдеудiң негiзгi аудандары - Атырау мен Маңғыстау мен мұнайдың төгiлуiне әкелiп соғады.

      Мамандардың есептеуiнше, өндiру, тасымалдау және өңдеу кезiнде  мұнайды жоғалту 1,5%-дан 15%-ға дейiн құрайды, ендi шығарылатын Қашаған мұнайының облыстарында жұмыстар артта қалған технологияларды, ескiрген жабдықтарды қолданумен жүргiзiлуде, бұл авариялар болжанған қорларын ескерсек, мұнаймен ластану болжамдары үрей туғызады. Жанама газды факелдерде өртеу практикасы елеулi экологиялық және экономикалық залал келтiруде. Газдың өрттенуi кезiнде кен орындарының айналасындағы жоғары жылылық аясының және қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерiнiң қышқылдануы мұнайлық кешендер айналасындағы топыраққа, өсiмдiкке, жануарлар әлемiне терiс әсерiн тигiзедi. Қайтарымсыз газдың ысыраптары бiр жылға 740 млн. м3 құрайды. Теңгiз мұнайгаз кен орнының аймағында атмосфералық ауаның күкiрт және азот диоксидтерiмен ластануынан халықтың ауруының жоғары болуы (облыстық көрсеткiштерден 6-дан артық есе жоғары) айқындалып отыр.

      Бүгiнгi таңда мұнай өнеркәсiбiндегi өндiрiс қалдықтарының мәселесi  өткiр тұр. Мұнай өндiрудiң өсуiмен  жаңа мәселе пайда болды, ол  күкiрттiң үлкен көлемдерiнiң жиналуы.  Күкiрттiң қоршаған ортаға әсерiне баға беру әлi жүргiзiлген жоқ.

      Каспийдiң деңгейiнiң көтерiлуi нәтижесiнде  200 артық мұнай кен орындары  мен ұңғымалары судың астында  қалды, оның iшiндегi iрiлерi - Қаламқас  және Қаражанбас, бұл тек биологиялық  әр алуандығына (Каспийде бекiре балықтардың әлемдiк қорларының 90%, орнитофауна түрлерiнiң үлкен саны, эндемик - каспий итбалығы шоғырланған) ғана емес, Каспий теңiзiнiң бүкiл экожүйесiне де қауiптi болып отыр.

      Мұнайдың төгiлуi және оны жою  бойынша жұмыстар жүргiзу арасында уақытқа байланысты шаралардың барлық кешенi не оның жекелеген блоктары жүзеге асырылады. Алайда, iс жүзiнде барлық кезеңдерде мұнай сорғыш сорбенттердi қолдану орынды. Көптеген елдер мұнай сорғыш сорбенттердi әзiрлеумен айналысуда, бiрақ мамандардың көбi өсiмдiк қалдықтарынан сорбенттердi әзiрлеу бағытына көңiл аударады.

      Тау-металлургия кешенi кәсiпорындарының  қызметi нәтижесiнде Қазақстан аумағында  жыл сайынғы 1 млрд. т. жуық түсiмiмен  20 млрд.т. артық өнеркәсiптiк қалдықтар  жиналды, соның iшiнде 230 млн. т. радиоактивтi. Өндiрiлетiн кеннiң жалпы көлемiнiң 95% қалдыққа түседi, өте улы және сақтау үшiн бейiмделмеген орындарда орналасқан. Соңғы төрт жыл iшiнде олардың жыл сайынғы пайда болуы 2002 жыл 92-ден 150150 млн. тоннаға дейiн, немесе 1,6 есеге өскен. Олар Қарағанды - 29,4%, Шығыс Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17% және Павлодар - 14,6% облыстарында басым шоғырланған. Ауыр металдармен және мұнай өнiмдерiмен Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жерлерi ластанған. Осында тасталған және көмiлген бұрғылау шөгiндiсiн, мазут сiңген және төмен радиоактивтi сулардың көлемдерiне, жойылған жерлердiң алаңдарына баға беру өте қиын.

      КСРО құламай тұрған кезде әскери өнеркәсіптік кешен үшін негізгі нысан болып саналған Қазақстан аумағының үштен бір бөдігінде соңғы жылдары күрделі әрі қаупті экологиялық жағдай қалыптасты. Мәселен, ҚР-ның Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының және РФ-ның Астрахань, Волгоград облыстарының аумақтары қиылысында 50 жылдай үш сынақ полгиондары әрекет жасауда. Олар: Азғыр атом полигоны, Мемлекттік ұшақ – сынақтық (Ақ төбелек) және Мемлекттік орталық полигон («Капустин Яр»).

           Азғыр ядролық полигоны Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауданы 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы сәуірден 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165–1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10–25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991–92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген.

    Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінен 8 шақырым жердегі Қошқар-Ата қоймасына 1965-ші жылдан бері Каспий тау-кен жəне металлургиялық комбинатынан улы жəне радиациялы қалдықтар əкелініп төгіліп келген. Жалпы активтілігі 11000 кюри құрайтын осы радиоактивті

қалдықтар уран – 238, радий – 226 жəне торий - 230 табиғи серияларынан құралған. Қалдықтар  желмен бірге жан-жаққа тарап кетпес үшін суға батырылып, көл күйінде сақталып келген. Алайда соңғы 15 жыл бойы қоймадағы су деңгейі төмендеп, соның кесірінен қоршаған ортаға тиетін зиян артып барады. Су деңгейінің төмендеуі салдарынан радиациялы жəне улы заттар кеуіп, олардың желмен тозаңдану қаупі бар. Су деңгейінің төмендеуіне зауыттағы өндіріс көлемінің қысқарып, қалдықтар қоймасына төгілетін сұйық заттар мөлшерінің төмендегені себеп болды. Қазір күн сайын қоймаға Ақтаудың тазалаудан өткен 17-32 мың текше метр сарқынды сулары жəне 7 мың текше метр тазаланбаған үй қалдығының сұйықтықтары ағызылады. Осының арқасында қойманың батыс бөлігіндегі 5 шаршы шақырымдық аудан қайтадан сумен жабдықталған болатын. Алайда осы шаралар қойманы əрдайым толтыруға мүмкіндік бермейді. Түбінде радиоактивті қалдықтар жатқан ойпаттың 24 шаршы шақырымы əлі де болса құрғақ күйінде тұр. Радионуклидтер, ауыр металдар жəне тағы басқа химиялық заттар желмен бірге тарап кетіп, қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді. Қошқар Ата қоймасының маңындағы ауаның ластану жағдайы өте нашар: фтор жəне фосфат мөлшері ықтимал ең жоғары нормадан сəйкестігіне қарай 1,3 жəне 1,8 есе көп. Соның үстіне, қоймадағы қалдықтар жерасты суларына өтіп, Каспий теңізінің қоршаған ортасына орасан зор қауіп төндіре алады.  Ақтау және Каспий теңiзiне экологиялық апат қауiпi төнуде. Өнеркәсiптiк алып Каспий жағалауындағы тау-металлургия комбинатының (КТМК) зауыттары ағынды суларды Ақтау қаласынан бiрнеше ғана километрде орналасқан қазаншұңқырға тастаған, онда Қошқар ата жасанды көлi пайда болды. Бұл зауыттар негiзiнде уранды байытумен айналысқан. Уақыт өте келе Қошқар ата су қоймасында Менделеев кестесiнiң iс жүзiнде барлық элементтерi жиналған.

Информация о работе Мангыстау облысынын ауыр металдармен ластануы