Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:51, курс лекций
Дәріс №1. Экология пәніне кіріспе.
Дәріс № 2 Ағза және орта. Экологиялық факторлар және олардың тірі ағзаларға әсері.
Дәріс №3 Ағзамен қоршаған ортаның қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар.
Дәріс №4. Популяция туралы түсінік
Дәріс № 5 Биоценоз
Эрозиямен күресу жолдары:
Аридизация дегеніміз климат ылғалының төмендеуі. Егер климат ылғалдылығы төмендесе, топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларғы көп энергия жұмсауды қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсерін тигізеді. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қоллданылуы және т.б.
Адамзат қоғамының дамуының
экологиялық дағдарыстарының
бірі дамыған өркениеттің
Минералды тыңайытқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайытьқыштардың пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг. болуы керек.
Топырақты ластаушы факторлар:
Дәріс № 13. Ерекше қорғауға алынған аймақтар.
Техносфераның биосфераға жасайтын
қысымының маңызды көрінісі –
табиғи экожүйелердің
Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
1992 ж. Рио де Жанейрода өткен
БҰҰ конференциясында
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету.
Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық табиғат саябақтарының тізімі
№ |
ЕҚА аттары. Қорықтар: |
Көлемі (мың га.) |
Қорғайтын нысаны |
Орналасу аймағы |
Құрылған мерзімі |
1. |
Ақсу -Жабағылы |
85,4 |
Талас Алатауы ландшафттары. Өсімдіктері – 1400, сүтқоректілері – 43, құстар – 240, бауырымен жорғалушылыр – 9, балықтар – 4түрі. |
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сайрам аудандары |
1926 |
2. |
Алакөл |
12,5 |
Су экожүйесі. Өсімдіктері – 107, сүтқоректілері –21, құстар – 98, бауырымен жорғалушылыр – 4, қосмекенділер -2. |
Алматы облысының Алакөл ауданы. |
1998 |
3. |
Алматы |
73,3 |
Іле Алатауы. Өсімдіктері – 930, сүтқоректілері – 38, құстар – 200, бауырымен жорғалушылыр – 4, қосмекенділер -3, энтомофауна- 800 түр. |
Алматы облысының Талғар ауданы |
1934 |
4. |
Барса-келмес |
30,0 |
Барсакелмес аралы. Жейран, сайғақ және құланды қайта қалпына келтіру үшін құрылған. Өсімдіктері-165, сүтқоректілер-12, құстар–202. |
Қызылорда облысы, Барсакелмес аралы. |
1939 |
5. |
Батыс-Алтай |
56,1 |
Батыс Алтай таулы ландшафтары. Өсімдіктері – 145, сүтқоректілері – 28, құстар – 108. |
Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск ауданы. |
1992 |
6. |
Қорғалжын |
258,9 |
Көл экожүйесі. Өсімдіктері – 331, сүтқоректілері –37, құстар – 294, бауырымен жорғалушылыр –3, балықтар – 11түрі, қосмекенділердің -2, энтомофауна-288. |
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы. |
1968 |
7. |
Марқакөл |
75,0 |
Оңтүстік алтай таулы ландшафттары. Марқакөл көлі. Өсімдіктері –2000, сүтқоректілері –59, құстар – 250, бауырымен жорғалушылыр –4, қосмекенділер-3, балықтар – 4түрі. |
Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы. |
1976 |
8. |
Науырызым |
87,7 |
Қарағайлы борлар, дала мен
көлдер. |
Қостанай облысының Науырызым ауданы. |
1959 |
9. |
Үстірт |
223,3 |
Дала ландшафты. Өсімдіктері – 300, сүтқоректілері –27, құстар –111, бауырымен жорғалушылыр –30. |
Маңғыстау облысының Ералы ауданы. |
1984 |
Ұлттық табиғат саябақтары: |
|||||
1. |
Алтын-емел |
212,1 |
Алтынемел, Қалқан тау жоталары. Құлан, жейран кездеседі. Туризм, рекреация және лицензиялық аңшылық рұқсат етілген. |
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы. |
1996 |
2. |
Іле-Алатау |
164,4 |
Су экожүйелері, шыршалы ормандар, жануарлар әлемі, табиғат ескеркіштері, кең көлемді рекреация, туризм, спорт, лицензиялық аңшылық. |
Қарасай, Талғар ауданы. |
1996 |
3. |
Баянауыл |
50,7 |
Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм. |
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. |
1985 |
4. |
Көкшетау |
205,8 |
Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм . |
Солтүстік Қазақстан облысының Арықбалық, Зеренді аудандары. |
1996 |
5. |
Қарқаралы |
83,8 |
Қарқаралы ормандары. Флора және фауна, рекреация, туризм. |
Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы. |
1998 |
Мемлекеттік табиғат
Тірі табиғат ескерткіштеріне
жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан
ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың
жылдық сақиналарын зерттей отырып,
климатологтар бірнеше
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекеленген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақстаныдағы құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биолгиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
Дәріс № 14. Қызыл Кітап.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын
табиғат зерттеушісі Питер
1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру
үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше
ғылыми-зерттеу
«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:
І санат – жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр т.б.
ІІ санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б.
ІІІ санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.