Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:51, курс лекций
Дәріс №1. Экология пәніне кіріспе.
Дәріс № 2 Ағза және орта. Экологиялық факторлар және олардың тірі ағзаларға әсері.
Дәріс №3 Ағзамен қоршаған ортаның қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар.
Дәріс №4. Популяция туралы түсінік
Дәріс № 5 Биоценоз
Түрдің алуан түрлілігін бағалау үшін басқа да көрсеткіштер қолданады:
Биоценоздың ішінде консорциялар деп аталатын ерекше құрылымды жүйелер болады. Консорциялар дегеніміз - өз айналасында белгілі микроорта түзе алатын, консорцияның орталық мүшесі болып табылатын қандай да болмасын белгілі бір түр дарасы ағзасының сыртында немесе ішінде мекендейтін әртүрлі ағзалардың тобы. Консорцияның қалған мүшелері одан да кіші консорциялар құра алады, яғни І, ІІ, ІІІ, т.б. консорцияларды бөлуге болады.
Кеңістіктік құрылым дегеніміз - әртүрлі түрлердің кеңістікте горизонталды немесе вертикалды бағытта таралуы. Оның екі түрі белгілі:
Ярустылық қоңыржай және тропиктік белдеулердің ормандарында айқын байқалады.
Аудандық мозаикалық түрлер алуан түрлілігіне, олардың сапалы қарым-қатынасына, ландшафт және топырақ жағдайларының өзгерісіне байланысты болады.
Экологиялық бірлестік - әртүрлі экологиялық топтар ағзаларының қатынасы. Ұқсас экологиялық құрылымы бар биоценоздардың әртүрлі түрлік құрамы болуы мүмкін. Ол сол бір экологиялық қуыстарды экологиясы жөнінен ұқсас, бірақ туыс емес түрлердің қоныстану мүмкіндігіне байланысты. Мұндай түрлерді алмастырушы немесе викариялаушы түрлер деп атайды.
Биоценоздың маңызды сипаттамалары:
Синузия - кеңістікпен шектелген биоценоздың вертикальды бунақталуындағы құрылымдық бөлігі. Кеңістіктік синузия көкжиекпен, биоценоз ярусымен, қабатымен сай келуі мүмкін. Мысалы, қарағайлы орманда шыршаның, жасыл мүктің және т.б. синузиясын атап көрсетуге болады.
Ағзалар арасындағы байланыс типтері:
А) Тура трофикалық байланыс (арыстандардың антилопалармен, гиеналардың өліктермен, қоңыздардың тұяқтылардың экскременттерімен қоректенуі);
Ә) Жанама қоректік байланыс (әртүрлі түрлердің бір қорек үшін бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады).
Ағзалар арасындағы қатынастардың типтері:
- Нейтрализм – оң да, теріс
те зардаптары жоқ бір
- Протокооперация – барлық қатысушылар да пайда көретін, ағзалардың өзара тиімді, бірақ міндетті емес бірге тіршілік етуі;
- Мутуализм (облигатты симбиоз)
– екі ағзаның біреуі немесе
екеуі де бір-бірінсіз
- Комменсализм – бірге тіршілік
етуден екі ағзаның біреуіне
пайдалы, ал екіншісіне
- Жыртқыштық - екі ағзаның біреуі (жыртқыш) екіншісін (жемтік) өлтіріп, қорегіне пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас. Оның ерекше формасы – каннибализм өз түрінің дараларын өлтіріп, қорекке пайдалану нәтижесінде пайда болады;
- Паразитизм – паразит өз
иесін өлтірмей, ұзақ уақыт бойы
тіршілік ортасы және қорек
көзі ретінде пайдаланғанда түз
- Бәсеке – ағзалар бір-бірімен
қоршаған ортаның бірдей
- Аменсализм – екі ағзаның біреуі екіншісінің тіршілігін бәсендетіп, бірақ өзіне екіншісінен ешқандай теріс әсер байқалмағанда түзілетін қарым-қатынас.
Дәріс №6 Экожүйе
Кез келген биоценоз
1. Құрлық экожүйелері
2. Тұщы су экожүйелері
3. Теңіз экожүйелері
Трофикалық құрылым
1. Жоғарғы автотрофты ярус –
немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден
немесе хлорофилі бар өсімдік
бөліктері, бұлар жарық
2. Төменгі гетеротрофты ярус
немесе топырақ пен жауын-
Биологиялық құрылым тұрғысынан экожүйедегі келесі компоненттерді бөліп көрсетуге болады:
Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзалар автотрофтар және гетеротрофтар болып бөлінеді.
Автотрофтар (грек тілінен
аударғанда аутос - өзім) – бейорганикалық
заттардың органикалық
Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда гетерос - әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. (жоғары сатыдағы паразит-өсімдіктер, саңырауқұлақтар, кейбір микрорганизмдер, барлық жануарлар мен адам.).
Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады.
Биоценоздағы қоректік тізбектердегі ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Экожүйедегі ағзалар трофтық (қоректік) байланыстарына қарай продуценттер, консументтер және редуценттер болып үш топқа бөлінеді.
Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады. Оларды экологиялық пирамида түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зертттеген Ч.Элтон (1927ж) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.
Белгілі бір уақытта жердегі бір биоцноздың екіншісімен алмасуын сукцессиялар деп атайды. (латын тілінен аударғанда сукцессио – бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). Сукцессия ұғымын 1998 жылы Г.Каульсон енгізген. Сукцессия екі типке бөлінеді. Бірінші реттік скуцессия және екінші реттік сукцессия.
Дәріс №7 Биосфера - әлемдік экожүйе
Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 ж. атақты Австрия геологы Э.Зюсс қолданған.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 ж. В.И.Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған.
Жер – 9 планета ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын Күннен кейінгі үшінші планета. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жердің негізгі физикалық қасиеттері – пішіні, көлемі, массасы, тығыздығы, қысымы және температурасы. Жер пішіні және көлемі бойынша полюстері тұсынан қысыңқы келетін шар тәрізді планета. Жердің экватор бойының ұзындығы 40 мың км. Массасы 5,98 * 1024 кг. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр қабаттар мен тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып жатыр, тек қана 29% құрлықтың үлесіне тиеді.
Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер планетасының жасы 4,6 млрд жылды құрайды. Осы уақыт аралығында Жерде материяның айналу және жылжу процестері жүріп жатты. Соның нәтижесінде жер шары қабаттарға немесе геологиялық сфераларға (геосфераларға) жіктелді. Жер түрлі сфералардан тұрады: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера, ноосфера және т.б. Жер қабаттарының химиялық құрамы әртүрлі. Бұл планетаның бастапқы затының жіктелуімен түсіндіріледі. Планетаның қалыптасуы барысында ауыр элементтер (темір, никель, т.б.) «батып», ядро, ал олардан жеңілдеулері (кремниий, алюминий6 т.б.) «қалқып шығып», жер қабатын түзді. Сонымен қатар, балқымалардан бөлінген газдар атмосфераны, ал су булары гидросфераны түзді. Нәтижесінде жерде тіршіліктің дамуына қолайлы жағдайлар қалыптасты. Тірі ағзалар ерекше қабат – биосфераны түзді. Адам пайда болғаннан бастап биосфера дамудың жаңа сатысы – ноосфераға көтерілді.
Атмосфера - біздің планетамызды 3000 км биіктікке дейін түгел жауып жатқан ауа қабаты. Ол ауа қоспалары мен шаң бөлшектерінен тұрады. Құрғақ, таза ауаның 78% азот, 21% оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы және шамамен 0,003% неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксидтері, метан, сутегі, су булары мен озон құрайды. Атмосфера көлемінің 3% су булары құрайды. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштан ғарыштық шаң-тозаң, метеорит түсіп жатса, өзі сутегі, гелий сияқты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосферада тіршіліктің таралу шегі 22-25 км. Ауа қабатында тіршілік ететін ағзалар атмобионттар деп аталады. Атмосферадағы оттегінің тірі ағзалар арқылы өтуіне 2000 жыл, ал көмірқышқыл газына - 300 жыл қажет. Атмосфераның әртүрлі биіктіктегі құрамы және қасиеттері бірдей емес, сондықтан оны тропо-, страто-, мезо-, термо– және экзосфераға жіктейді. Соңғы 3 қабатты ионосфера ретінде қарастырады.