Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 14:33, реферат
«Ас – адамның арқауы» деген халық мақалдың шындықпен астасып жатқанына ешкім талас тудырмас. Жер басып жүрген әр адамзаттың асқазаны аласұрып, ауқат аңсап тұратыны да – ақиқат. Алайда алдындағы астан уланып, аурухана табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама! Қалай десек те, бүгіндері көмейіміз тілеп тұрған астың сапасына күдікпен қарайтын болдық.
Е-922** Калий персульфаты
Е-924а-b** кальций, натрий броматы
Е-926** Хлор лиоксиді, канцероген, улы
Е-928 Бензоил пероксиді
Е-930 Кальций пероксиді
Е-939# Гелий
Е-941 Азот
Е-943а* Бутан
Е-944* Пропан
Е-946** Октафторциклобутан
Е-950 Калий ацесульфамы
Е-952 Циклам қышқылы және оның натрий, калий, кальций тұзы. Қант алмастырғыш. АҚШ-та, Англияда тыйым салынған. Канцероген саналады
Е-954 Сахарин және оның натрий, калий, кальций тұзы. Қант алмастырғыш. АҚШ-та қолдануға шектеу бар, концерогенді болуы мүмкін
Е-959** Неогесперидин, дигидрохалкон
Е-965 Мальтит, мальтитті сироп
Жоспар:
Негізгі бөлім:
1.Канцерогендер туралы негізгі түсінік
2.Тағамдағы канцерогендер
3.Е әріпті дәмдеуіштер
4.Фаст Фуд тағамдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Егер де тауардың этикеткасында «Е» деген зат көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы пәле. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның 3 түрін қолдануға қатаң тыйым салынған. Олар: Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Осындай «Е»-лерді көзіңіз шалса, абзалы алмағаныңыз дұрыс.
Мысалы, біз күнделікті
қолданып жүрген «Шадринкі» сүтінің
құрамында Е 332 калий цитраты бар.
Бұл дегеніміз – тірі организмдерді
шіруден, бұзылудан сақтайтын бірден-
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сұлтанәлиева
А.А. «Мұнаймен ластанған
әсері». // Шымкент 2007 жыл. 74 б.
2. Нығметуллаев
Н. «Мұнай өндірісінің
Атамекен журналы, 2002 жыл. 114 б.
3. Киреева Н.А., Юмагузина Х.А., Кузяхметов Т.Т. «Рост и развитие
растений овса на почвах, загрязненных нефтью». // Селск.биология
1996 г. №5. С.48-54.
4. Киреева Н.А., Новоселова Е.И., Кузяхметов Г.Г. «Продуктивность
сельскохозяственных культур на нефтезагрязненных и
рекультивируемых почвах. // Экологические проблемы Республики
Башкортостан. Уфа: БГПИ, 1997. С.293-299.
5. Максименко
А.П., А.В. Герш «Реакция древесно-
растительности на загрязнение почвы нефтью. // Россия. Издательство Агрорус. 2008. №10-12
Канцерогендер (латынша cancer – қатерлі ісік және грекше genes – тудырушы) – организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар. Канцерогендік заттар туралы алғашқы түсінік 18 ғасырда Англияда пайда болған. Сол кезде Англияда жылу жүйелері үшін тас көмір пайдаланған. Ағылшын дәрігері Г.Потт ластанған үй пештерінің мұржаларын тазалайтын адамдардың денесінде тас көмір шайырының қалдықтары қалатынын байқаған (1775). Ол 15 – 20 жыл өткен соң адам терісінде қатерлі ісік пайда болатынын дәлелдеп, шайыр құрамында қатерлі ісік туғызушы зат бар екенін анықтаған. 20 ғасырдың басында ғалымдар осы тас көмір шайырын жануарлардың денесіне жағып тәжірибе жасаудың нәтижесінде, олардың терісінде қатерлі ісік ауруы пайда болатынын дәлелдеген. Кейін зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар осы тас көмір шайырының құрамынан – 3,4-бензпирен мен әр түрлі көп циклді ароматты көмірсутек тапқан. Қазіргі кезде 1000-нан аса канцерогендік хим. заттар белгілі. Бұл заттардың құрылысы алуан түрлі келеді. Сондай-ақ, ол заттардың ерекшелігі – зат алмасу процесінен кейін организмде қатерлі ісік тудыратын қасиетінің болуы. Табиғатта жиі кездесетін канцерогендік заттар түрлері: 1, 7, 12-диметилбензантрацен; 3,4-бензпирен; 20-метилхолантрен, т.б.; бояуға пайдаланатын химиялық канцерогендік заттар 2-нафтил-амин, 2-амино-флуорен, 4-аминодифенил, т.б.; аминды топтары бар алифат циклды нитроазоқосылыстары (диметил-нитрозамин, диэтилнитрозоамин, И-метил-, И-нитро-, И-нитрозогуанидин, т.б.); өсімдіктердегі зат алмасу процестерінің бұзылуынан пайда болатын улы зат (афлотоксиндер), кейбір саңырауқұлақтар (циказин, сафрол, т.б.); гетероциклді ароматтық көмірсутегі бар заттар (1,2,5,6-ди-бензакридин, т.б.); төртхлорлы көмірсутегі, этионин, уретан, эпоксид, кейбір ауыр металдар, т.б. Хим. канцерогендер клетканың ядросына, оның бөліну, өніп-өсу аппараттарына (ДНҚ, РНҚ) тікелей әсер етеді. Канцерогендік заттардың зиянды әрекеттері (ісік туғызғыш қасиеттері) организмдегі биохимиялық алмасу процесінен соң бір тәуліктен кейін байқалады. Олар ядроның ДНҚ, РНҚ-ларымен химиялық реакцияға түсіп, биологиялық әсері өзгертілген нуклеин қышқылының жеке бөлініп шығуына жағдай жасайды. Бұл өзгертілген генетикалық аппарат организмнің жүйелі түрде реттеп отыратын тойтарыс күштеріне бағынбайды, клеткалар дамылсыз бөлініп, өніп-өсе беретін патологиялық қасиетке (яғни ісік клеткасына) ие болады.