Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 14:33, реферат
«Ас – адамның арқауы» деген халық мақалдың шындықпен астасып жатқанына ешкім талас тудырмас. Жер басып жүрген әр адамзаттың асқазаны аласұрып, ауқат аңсап тұратыны да – ақиқат. Алайда алдындағы астан уланып, аурухана табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама! Қалай десек те, бүгіндері көмейіміз тілеп тұрған астың сапасына күдікпен қарайтын болдық.
Концерогенді тағамдар
«Ас – адамның арқауы» деген халық мақалдың шындықпен астасып жатқанына ешкім талас тудырмас. Жер басып жүрген әр адамзаттың асқазаны аласұрып, ауқат аңсап тұратыны да – ақиқат. Алайда алдындағы астан уланып, аурухана табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама! Қалай десек те, бүгіндері көмейіміз тілеп тұрған астың сапасына күдікпен қарайтын болдық.
Көздің жауын
алып, дүкен сөрелерінде сақадай
тізіліп тұрған өнімдерді талғамай
алу қазіргі таңда түрлі
Сонымен қатар дүкендерге бас сұға қалсаң,
тұрғындардың асептикалық қорапта сақталған
айран, йогурт өнімдерін таласа-тармаса
алып жатқанын кездестіру қиын емес. Ескерте
кететін жайт, өнім 2 немесе 3 ай сақталғаннан
кейін, мұндай қораптағы өнімдер өз құнын
жойған болып есептеледі. Ал бар тапқан-таянғанын
бала-шағасының алдына тосатындар үшін
аталмыш деректерді есте ұстаған абзал.
Сондай-ақ денсаулыққа пайдалы деп жүрген
алма, банан сынды жемістердің де көлденең
қатері бар болып шықты. Жемістер тұтынушыларға
сапалы түрде жету үшін оларды химиялық
қоспалармен орайды. Мысалы, алма дастарханымызға
бұзылмай жету үшін парафиннің жұқа қабатымен
қапталған. Сондықтан алманы жеуден бұрын
бірнеше мәрте ыстық сумен ысқылап жуу
артық етпейді.
Ал енді статистикаға сүйенсек, дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері
бойынша, 2005 жылы 1,8 млн. адам іш өту ауруларынан
қайтыс болған. Осы жағдайлардың көбі
тағам өнімдері мен ауыз су арқылы жұқтыру
нәтижесінде болғанын хабарлайды. Жыл
сайын өнеркәсібі дамыған елдердің 30 %-ға
жуық тұрғындары табиғаты тағамдық болып
келетін аурулар-ға шалдыққан.
Қазір елімізде сырттан келген тағамдардың
түрі көзге шыққан сүйелдей қаптап кетті.
Әсіресе, түрлі газдалған сусындар мен
шектен тыс тазартылған тағамдар сұранысқа
ие. Шетелден келетін өнімге жұртшылық
та үйір. Ал олардың сапасына мән беріп
жатқан халық аз. Соның салдарынан көптеген
аурулар тарауда. Сондай аурулардың бірі
– семіздік. Сондай-ақ оның қатарында
қант диабеті мен атеросклероз, йод, фтор,
темір, өзге де микроэлементтер жетіспейтін
көптеген кеселдердің түрлері бар. Мамандар
аса қауіпті ісіктің кейбір түрі де дұрыс
тамақтанбау әсерінен болатынын айтады.
Көкөністердің де көсегесі көгеріп тұрғаны
шамалы. Қазіргі экологиялық жағдайда
көкөністердің құнарлылығы азаймаса,
жоғарылаған жоқ. Өйткені көкөністің сапасы
топырақ пен судың тазалығына байланысты
болып отыр. Ауыр металдардан, өнеркәсіптен
шығарылатын улы қалдықтар сол жерде өсіріліп
жатқан өнімге әсер етпей қоймайтындықтан,
қазіргі таңда кейбір көкөністердің құрамында
денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп
заттар кездесіп жүр.
Айта берсе, азық-түліктің жыры жетерлік.
Қаптап тұрған супер, гипер маркеттерде
сақтаулы тауарлардың да сапасы сын көтермейді.
Азық сатып аларда сақталу мерзіміне мән
беріңіз. Керісінше жағдайда, келесі күні
бармағыңызды тістеп немесе ішіңізді
ұстап бүк түсіп бұратылып қалмасыңызға
кепіл жоқ.
Экзогенді химиялық канцерогендер (олардың өспе туындатудағы рөлін Персиваль Потт (1775), Ямагива және Ичикава (1913-1915) анықтады.
1. Көпорамды хош иісті көмірсутектер
2. Аминоазоқосындылар
3. Нитрозаминдер
4. Афлатоксиндер
5. жай химиялық қосындылар
6. Уретан, төртхлорлы көміртегі, эпоксидтер, пластмассалар.
II. Эндогенді канцерогендер (олардың өспе туындатудағы рөлін Л.М. Шабад (1937) анықтады)
Тирозин мен триптофанның туындылары, холестерин және оның өнімдері, еркін радикалдар және майлардың асқындары, азот тотығы (NO.), оның туындылары (пероксинитрит – ONOO-), көп мөлшердегі кейбір гормондар (эстрогендер).
Физикалық канцерогендер:
Биологиялық канцерогендер – онковирустар (ДНҚ-лы, РНҚ-лы). Вирустардың өспе туындатудағы рөлін Раус зерттеді. Өспелердің вирусогендік теориясын құрушы - Л.А. Зильбер.
Өспе дамуының қауіп-қатер факторлары: шылым шегу, маскүнемдік, құнсыз тамақтану, промискуитет, қоршаған ортаның ластануы.
Өспе өсуінің патогенезі – канцерогенез.
Канцерогенез – гендік зақымданулардың жинақталуымен сипатталатын ұзақ үрдіс. Канцерогенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.
Инициация – сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы.
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда
cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі
ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен
500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі
ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа
да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін
сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті
смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест
және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда
mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен
құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер,
нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір
вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда
teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге
әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына
әкелетін заттар. Тератогендерге әсер
ететін мөлшерінен артып кететін кез келген
фактор жатады. Көбінесе тератогендерге
мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар,
шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп
көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек
тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық
даму кезінде зақымдануларға әкелетін
заттар. Эмбриогендерге тератогендер,
мутагендер және басқа да заттар (мысалы,
алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар
және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын
болмаған аурулар пайда болады. Мұндай
ауруларды ерекше техногенді аурулар
тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»),
кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен
(“минамата”) және т.б. уланудан пайда
болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және
бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және
жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.
Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген
немесе басқа аурулардың пайда болуын
күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе,
галогенді көмірсулар мен полициклді
ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе
бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром,
йод немесе фтормен алмасқан органикалық
қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар
кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты,
ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген
мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті.
Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды
бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол
және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл
топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі
ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан
көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады.
Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз
деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында
газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз
ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары
ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан)
да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы
Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін
анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы
жер шарының барлық дерлік аймақтарында
қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен
25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ
май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны
белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл
инсектицидті қолдануға тыйым салынды.
Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына
байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік
тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда
болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың
ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің
канцерогенді, мутагенді, тератогенді
әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу
қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп
бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға
американдықтардың Вьетнамда қолданған
дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде
тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен
жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да
қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды
зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне
де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді
және тератогенді әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе
метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі
бойынша оны этил спиртінен айыру өте
қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның
өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің маңызды
өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор
альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы
мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі
туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа
да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде
болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар,
автокөліктердің газдары, темекі түтіні
т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы
өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық
мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған
шаралар жүргізілуде.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар
ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер
тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец,
темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар
тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен
жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады.
Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада
жинақталуының негізгі көзі — отынды
жағу, пестицидтер, кейбір органикалық
қосылыстар, өндірістік қалдықтар және
т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,
1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған
ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің —
84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы,
сынаитың — 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік
жанармайы болып табылады. Қорғасынның
көп бөлігі металлургия кәсіпорындары
мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде
мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде
шығарылады.
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе,
өнеркәсіптік революцияның басталуымен
тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының
қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600
жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда
700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің»
белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру
қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің
зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын
босану, түсік тастау.
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең
улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу
себептері тас көмірдің шаңы, химиялық
тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары
мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға
қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке
жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу
шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе
жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін
зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита”
ауруын туғызады.
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған.
Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына
10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада,
медицинада және химия өнеркәсібінде
қолданылады.
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде
ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі
сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен
не тері арқылы енген сынап тұздарының
қауіптілігі жоғары.
Сынаптың металлорганикалық қосылыстары
(әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы
және қауіпті.
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын
өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы —
асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын
зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамның экологиялық
ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан
өзгеше, көптеген параметрлері бойынша
экстремалды деуге болатын орта. Қалада
техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы
жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды
мекендейтін халықтың шамамен жартысы
шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының
саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті,
яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы
санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан.
Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп
отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде
халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар
320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар
48 қала болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда
urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының
немесе қалалардың мөлшері мен санының
артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар,
бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың
рөлінің артуынан, көптеген адамдардың
өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе
— бұл табиғи экологиялық факторлардан
оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде
өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз
етілген. Адамның биологиялық табиғаты
мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің
нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе
қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық
ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық,
инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың
әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік
пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара
әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе,
қалалармен қоғамдық процестің көптеген
белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала
өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың
жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация
тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру
мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы
орта емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның
денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның,
судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті
қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың
қалдықтарымен ластануы, электромагниттік
өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы,
тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс
көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі,
гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс
тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен
таралуы — осылардың барлығы қосылып
адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын
қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге
тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін
болатын рекреациялық (рекреация латын
тілінен демалу, сауығу) қысым артады да,
олар: қаланың жалғасына айналады.
Е: тыйым салынады!
Күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын Е белгісі бар заттарсыз көзге елестете алмайтын жағдайға жеттік. Жасанды қоспа, консервант, дәмдеуіш саналатын Е белгісі бар тағамдық үстемелердің ағзаға, денсаулыққа бәрі бірдей қонымды, жұғымды һәм пайдалы емес. Төменде Е қоспалар туралы аз-кем ақпарат келтірілген. Қайсыбір тауарды тұтынбас бұрын, бәлкім, құрамына бір көз саларсыз.
Егер де тауардың этикеткасында «Е» деген зат көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы пәле. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның 3 түрін қолдануға қатаң тыйым салынған. Олар: Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Осындай «Е»-лерді көзіңіз шалса, абзалы алмағаныңыз дұрыс.
Мысалы, біз күнделікті
қолданып жүрген «Шадринкі» сүтінің
құрамында Е 332 калий цитраты бар.
Бұл дегеніміз – тірі организмдерді
шіруден, бұзылудан сақтайтын бірден-
Фаст фуд тағамдарының
адам ағзасына тигізетін зияны туралы
сөз қозғағанбыз. Бүгін де сол
тақырып аясындағы әңгімені жалғастырып
ет, сүт өнімдерінің, тағы басқа азық-түлік
түрлерінің қалай өңделіп, тұтынушыға
жететіні жөнінде әңгіме өрбітпекпіз.
Құс етінің тез қорытылатын, өте жеңіл
тамақ екені белгілі. Бірақ сол құстың
тұтынушыға қалай келіп жететіне мән бере
бермейміз.
Ал, құс өсірушілер балапандардың екі
ай ішінде тез оңалып, салмақ құрауы үшін
жемге түрлі дәрумендер мен ағзаның өсуін
күшейтетін натрий глутаматы бар жасанды
қоздырғыштар қосады. Мұндай гормондық
дәрумендер мен антибиотиктердің адам
ағзасына да зиянды әсері өте көп. Оған
қоса, құс етін дайындауда көбінесе санитарлық-гигиеналық
талаптар сақталмайды. Етті қақтайтын,
яғни пісіретін ыдыстар мен жабдықтар
жиі тазаланып тұрмайды. Ал, бірнеше рет
қолданылған май оны қыздырған кезде канцерогенді
заттар пайда болып, адам ағзасына өте
зиянды затқа айналады. Дәмдегіш заттардың
құрамындағы химиялық элементтер де ыстықтың
салдарынан құрамын өзгертіп, залалды
нәрселер бөліп шығарады.
Фаст фуд тамақтарының адам денсаулығы
мен жүйкесіне кері әсер етіп, Фаст фуд
өнімдеріне деген тәуелділік пайда болады.
Ал, артық салмақ ағзаға қосымша жүк түсіреді.
Бүгінгі таңда дамыған елдердің экономикасы,
негізінен, фармацевтика саласына, косметология
өндірісіне және Фаст фуд тағамдарын шығаруға
тікелей тәуелді. Бұл компанияларға бүкіл
адамзаттың аш, ауру, әрі шектен тыс семіз
болғаны керек. Өйткені жүйкесі нашар
семіз адам тек құлқынның қамын ойлап,
қарын тойғызуды ғана біледі. Ауыра қалса,
дәріханаларда түрлі дәрі-дәрмек толып
тұр. Ал, бет-аузындағы «кемшіліктерді»
косметиканың көмегімен әрлеп, «жөнге»
келтіреді. Осылайша дүниежүзілік алпауыт
компаниялардың ақша жасау диірмені тоқтаусыз
айналып тұрады.
Малдың немесе құстың тамағына қосылатын
антибиотиктер мен етті өңдеуде қолданылатын
химикаттар оның құрамында сақталып қалады.
Соңғы кездері ет өнімдерінен уланудың
көбейіп кеткені содан. Ресейдің өзінде
2006 жылы жүздеген адам ет өнімдерінен
уланып, ауруханаға жатып шықты.
Фаст фуд өнімдерін жиі пайдаланатын адам
артық салмақ қосып, соның салдарынан
ағзасы күйзеліске ұшырап, депрессияға
түседі. Мұндай кезде одан құтылудың жалғыз
жолы – антидепрессанттар. Стресс кезінде
ағза энергияны есепсіз шығындайды. Оның
орынын тек қана Фаст фуд өнімдері толтырады.
Осылайша жүйкесі бұзылған, өз-өзіне сенімсіз
тұлға қалыптасады.
Ал, қазіргі шұжық өнімдері бұрынғыдан
мүлдем басқаша. Кеңес уақытында азық-түлік
өнімдеріне ГОСТ жүйесі енгізілетін. Бүгінде
бұл өнімдер техникалық шарттарға (ТУ)
сәйкес шығарылып жатыр. Мәселен, ГОСТ
талаптары бойынша, еттен жасалатын өнімдерге
азықтық қоспалар қосуға мүлдем тыйым
салынған еді. Ал, техникалық шарттарға
сәйкес, мұндай нұсқаулар алынып тасталып,
сапасыз етке соя ақуызын, өнімнің сапасын
жасанды түрде арттыратын басқа да химиялық
заттар қосуға шектеу қойылмады. Сенсеңіз,
қазір дүкенде тұрған шұжықтың құрамында
ет жоқ. Дайын өнім дам ағзасына өте зиянды
соя концентратынан, дәмдегіш, салмақ
көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық
қоспалардан тұрады. Солай бола тұра, ет
өнімін шығарушылар тұтынушыны өнімнің
құрамындағы химиялық қоспалар өте аз
мөлшерде, еш зиянсыз деп сендіреді. Бірақ
химиялық заттар жылдар бойы ағзамызға
шөгіп, ішкі мүшелерімізді зияндап жатыр.
Шын мәнісінде, мұндай шөгінділер адам
ағзасында тіптен болмауы керек. Ал, Фаст
фудты пайдаланған сайын ағзаның өзін
өзі тазалау қабілеті жоғала береді.
Ал, сіз өзіңіз жақсы көретін жіңішке шұжықтың
(сосиска) құрамында не бар екенін білесіз
бе? Оның 25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % –
құс етінен, 7 % – мал етінен, 5 % – крахмал
ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары
мен бүйрек-бауырларынан жасалған эмульсиядан
тұрады. Міне, сүйіп жейтін тағамның сиқы
осындай.
Ең сорақысы – өтпей қалған шұжық өнімдері
ет комбинатында қайта өңдеуден өтіп,
сауда нүктелеріне қайта әкелінеді. Мұндайда
бұрынғысы аздай, оның құрамына қайтадан
азықтық қоспалар қосылады.
Химиялық азықтық қоспалармен сауда жасайтын
компаниялардың өз жарнамаларынан мынадай
ұсыныстарды көптеп кездестіруге болады:
«Біздің өнімдеріміз бизнесіңіздің алға
ілгерілеуіне көмектеседі, шұжық, тағы
басқа ет өнімдерінің құрамындағы етті
жасанды жолмен 10%-ға көбейтеді. Мұндайда
өндірісті дамыту үшін қосымша қаражат
талап етілмейді, жаңа технологияларды
енгізудің қажеті жоқ. Жартылай ысталған
шұжық өнімдерін 8-10%-ға көбейту үшін азықтық
қоспаның 400 грамын ғана 100 кг фаршқа қоссаңыз
жеткілікті. Өнімнің тартымдылығы, дәмінің
ерекшелігі ойдағыдай болады». Мұндай
жарнамаға пікір айтудың өзі – ағат.
Азық-түлік сатып алған кезде өнімнің
тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді
заттар туралы мәліметке мұқият назар
салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені
өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып
жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ
сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы
канцерогендік заттардан туатынын ғылым
дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар
жиналған ағза генетикалық өзгерістерге
ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына,
көңіл-күйінің құлдырауына әкеліп соғады.
Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі
ісігіне шалдығуға осы канцерогендер
себепші болады. Егер тамақтың тауар құлақшасында
құрамында «Е» деген деген зат бар деп
көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар,
химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды
деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын
күшті реагенттер.
Азықтық қоспаны адамзат ерте кезден пайдаланып
келеді. Мысалы, табиғи ас тұзы етке, балыққа,
көкөніске қосылса, астың дәмі кіріп, тәбет
шақырады. Ал, химиялық қоспалардың адам
ағзасына зияны ұшан-теңіз. Сондықтан
дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық
қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым
салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус
тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240
– формалдегид консерванты. Бұл қоспалар
шоколадқа қосылатын.
Бүгінде Е-240 консервантының азық-түлікке
кері әсер ететіні дәлелденген. Кейбір
азықтық қоспалар аллергиялық реакция
туғызады, асқазан-ішек жолында қабыну
пайда болып, таяныш-қозғалу мүшелердің
жұмысының бұзылуына алып келеді. Бұл
туралы ғылыми журналдарда жиі айтылып
жүр.
Дәмдегіш екі түрге бөлінеді: жасанды
және табиғи. Өңделген азық-түлік өнімдеріне
жасанды дәмдегіш табиғи дәм береді. Бұлардың
бәрі химиялық жолмен алынатындықтан
мұндай қоспаларға өте сақтықпен қарау
керек.
Эксперименттің он бірінші күні Алексейдің
асқазанын шанши бастады. Ұйқысы бұзылып,
түнде қайта-қайта ояна берді. Беймаза
күйге түсіп, көңіл-күйі болмады. Ас қорыту
қызметі нашарлады.
Мамандардың айтуынша, бұл талақ жұмысының
нашарлауының белгісі. Енді Алексейге
сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды
ішуге кеңес берілді.
Кейбір сүт өнімдері 100 пайыз жасанды екені,
зауыттан шыққан сүт өнімдерінің адам
ағзасына зияндылығы туралы көп айтылып
жүр. Табиғи сүт асып кетсе 3-4 күн ғана
сақталады. Сосын ашып кетеді. Ал, сауда
нүктелеріндегі «табиғи сүт» белгілі
бір температурада 6 айға дейін сақталады.
Бізді де ойландыратыны – осы жағдай.
Мәселе сүттің құрамына қосылған консерванттар
мен сүт сақталатын асептикалық қорапта
тұрған сияқты.
Асептикалық қорап дегеніміз не? Бұл қорапқа
антибиотиктер сіңірілуі мүмкін, әлде
ол залалсыздандырылатын заттармен байытылады.
Мұндай қорапта көп сақталған сүт өнімдері
адам ағзасына өте қауіпті азыққа айналып
кетуі мүмкін. Айран мен йогурт 0 және -1
градуста көп сақталса, оның құрамындағы
тірі микроағзалар өмір сүре алмайды.
Йогурттың сақталу мерзімі – 3 ай. Мамандардың
айтуынша, 3 айға дейін сақталатын йогурт
өзінің тауарлық құнын мүлдем жойған болып
есептеледі. Себебі йогурттағы микроорганизм
өлмей, тірі сақталуы тиіс.
Айранды қалай сақтауға болады? Айтатыны
жоқ, оған тек консервант қосу қажет. Немесе
тұрақтандырғыштар, антибиотиктер қосып,
радиация сәулесімен қайта өңдеуден өткізу
керек. Йогурт, айран және тағы басқа сүт
өнімдерінен жасалған өнімдерді тұрақты
түрде пайдалансаңыз, өміріңізге қауіп
төндіретініңізді де естен шығармаңыз.
Жақында Швейцария ақпарат құралдарында
таң қаларлық деректер жарияланды. Бұдан
отыз жыл бұрын жерленген адам мүрделері
сол күйінде бұзылмай сақталған. Дәл бір
жеті бұрын дүниеден озған адамдар сияқты
дерсің!
Өлген адамның денесі 3-4 жылдың ішінде
іріп-шіріп, тек қу сүйегі ғана қалуы керек
еді. Бұл елдің заңнамаларына сәйкес, бұрын
зират болған жерге 17 жылдан кейін ғана
қайта адам жерлеуге рұқсат етіледі. Ал,
отыз жыл бойы міні құрамай тұрған мәйіттер
туралы не айтуға болады? Әрине, ғалымдар
бұл жағдайды зерттей келе, денелердің
бұзылмай сақталуына жеген тамақтарының
құрамындағы когсерванттардың тікелей
қатысы бар екенін анықтады. Консерванттар
сол кездің өзінде газдалған ішімдіктерде,
тәтті тағамдар мен сусындардың және Фаст
Фуд өнімдерінің құрамында көп болған.
Өмір бойы ағзаға жинақталған консерванттар
ол өлгеннен кейін де денесінің бұзылмай
сақталуына әсер етеді екен.
Азық-түліктің сақталу мерзімін ұзарту
– тамақ өнеркәсібімен айналысатын көптеген
компаниялардың басты мақсаты. Көкөніс
және жеміс-жидектерді, әуелі, химиялық
қоспалармен «өлтіріп», залалсыздандырады,
сосын консерванттардың көмегімен тағы
да қайта өңделеді.
Ананас, банан, жүзім, т.б. көкөніс өнімдері
міні құрамай тұтынушыға жету үшін химиялық
жолмен алдын-ала өңделеді. Мысалы, алма
қабығы парафиннің жұқа қабатымен қапталады.
Осындай тәсіл алманы екі жыл сақтауға
мүмкіндік береді. Алманы жемес бұрын
жәй ғана сумен жуу жеткіліксіз. Оны щеткамен
мұқият ысқылап, бірнеше минут ыстық сумен
жууымыз қажет.
Базардағы көздің жауын алғандай өрік
қағы – табиғи түрде осындай болып қақталып
қалуы екіталай нәрсе. Егер өрік табиғи
түрде кептірілген болса, оның құрамындағы
адам денсаулығына пайдалы заттардың
бәрі де мінсіз сақталады. Ал, химиялық
жолмен қақталған өріктегі керекті заттардан
дәнеңе қалмай, адам ағзасына пайдасынан
зияны көп затқа айналады.
Сөзіміз тиянақтырақ болуы үшін бір мысал
келтіріп кетейік. Картоптан жасалған
фри – әлемде ең көп тараған жеңіл тағам.
Макдональдсте оны дайындау үшін қыруар
уақыт жұмсалатын. Бірақ ол гамбургермен
бірге тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа
ие болып, фирма үшін орасан зор табыс
көзі болғандықтан, қанша уақыт кеткеніне
қарамастан, оны дайындай берді. Міне,
осыны ескерген картоп өсіруші фермер
Джей Арсинг картоп өңдеудің жаңа технологиясын
ойлап тапты. Қазіргі картоп зауыты осылайша
пайда болды. Өндірістік процесс бұл жерде
толық автоматтандырылған. Картоп іріктеліп,
жуылып кептірілгеннен кейін ыстық будың
көмегімен қабығы сыдырылады. Одан соң
ол автоматты қондырғыда туралып, үлкен
ыдыстардағы қайнап тұрған майға салынады
да қытырлақ күйге келгенше қуырылады.
Тоңазытқышта мұздатылады. Міне, осыдан
кейін дайын тауар дүкен сөрелеріне жол
тартады.
Картоптың пышақпен кесілген орны 4-5 минуттан
кейін-ақ қарайып кететінін білеміз. Ал
Фаст фуд өнімдерін дайындайтын фирмалар
картоптың осы қасиетіне қарсы қандай
әдіс қолданды? Бұл жерде тағы да консерванттардың,
қышқылдардың, реагенттердің көмегі тиді.
Картоптан жасалған фри мен үй жағдайында
пісірілген картопты бөлек ыдысқа салып
сақталды. Арада 45 күн өткенде үйде пісірілген
картоптың бұзылып, шіріп кеткенін, ал
Фаст фудта дайындалған фри өзінің тауарлық
түрін жоймай сақтағанын көрдік.
Сауда орындарында сатуға шығарылған
азық-түлік заттарының 80 %-ы алдын ала өңдеуден
өткен нәрселер. Сондықтан да олар бұзылмай
көп уақыт тұра береді. Осылай біз соңғы
50 жылда химиялық зиянды заттармен өңделген
тамақтарды ғана жеуге мәжбүр болып отырмыз.
Жеңіл тұздалған селедка балығын алып
қарайық. Оны ұзақ мерзімде сақтау үшін
уротропин қоспасымен өңдейді. Бірақ,
тамақ өнеркәсібі мамандары осындай жолмен
сақталған балықтардың одан әрі де көбірек
сақталуын көздеп, балықты сірке қышқылымен
өңдеуді ұсынады. Сірке қышқылына қосылған
уротропин өте улы формальдегид қоспасына
айналады. Бұл – адам ағзасы үшін өте қауіпті
зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне
залал келтіріп, орталық жүйке жүйесін
де зақымдауы мүмкін. Формальдегид кинотаспа
шығару өндірісі мен ағзаларды консервациялап
сақтауға керекті химиялық нәрсе. Бір
сөзбен айтқанда, өлікті бальзамдау жұмысында
пайдаланылады.
Қазір гені модификацияланып өзгертілген
азық-түлік түрлері де қаптап кетті. Бұдан
35 жыл бұрын Стендфорд университетінің
ғалымдары түрлі ағзалардан алынған екі
генді біріктіріп, бір ген жасады. Міне,
осылайша, бірінші рет ағзаның гендік
кілтін өзгертуге жол ашылды. Бұл зерттеу
нәтижесінде гені өзгертілген өсімдіктер
өмірге келді. Бірнеше жылдан соң АҚШ-та
гені өзгертілген өнімдерді индустриялық
түрде шығару жолға қойылды. Бұл әдістің
арқасында түрлі өсімдіктер мен көкөністер
суыққа төзімді, ұзақ сақталу қасиетіне
ие болды. Оларды зиянкестер де жемейді.
Гені өзгертілген дақылдан алынатын өнімнің
көлемі де жоғары. 1994 жылы қарапайым қызанақтың
генін камбала балығының генімен шатыстырды.
Осындай томаттан жасалған кетчуптер
әлемнің барлық елдерінде сатуға шығарылды.
Ал, картоп геніне бәйшешек гүлінің гені
кіріктірілді. Қазір дүние жүзінде мыңға
жуық гені өзгертілген өсімдіктер пайда
болды. Солардың жүз шақтысын қолдануға
рұқсат етілген. Бұлардың ішінде соя, жаңғақ,
жүгері, бидай және картоп та бар.
Фаст фуд тамақтарымен қоректенетін кісінің
қан құрамы нашарлайды салмағы көбейеді.
екі аптаның ішінде 6 келіге семіріп, бауыры
үлкейіп, қандағы холестерин деңгейі 1,5
есеге артты..
Бұдан шығатын қорытынды – шұжықтың
орнына сиыр етін жеп, табиғи сүт ішу керек.
Йогурт, басқа да өңделген айран өнімдерін
шектеп, көкөніс, жеміс-жидектерді тек
базардан сатып алып, қайнатылған еттің
сорпасы, жеміс-жидектің сөлі, шай, су сияқты
сусындарды жиі ішу – адам ағзасына пайдалы.
Өйткені денсаулықтан қымбат еш нәрсе
жоқ.
Қолдануға тыйым салынған тағамдық қоспалар:
Е-121 және Е-123 бояғыштары
Е-216, Е-217 и [b]Е-240 консерванттары
[/b]Е-121 Citrus Red 2
Е-123 [/b] Amaranth Амарант
Е-216 Propyl p-hydroxybenzoate
Е-217 Sodium Propyl p-hydroxybenzoate
Е-240 Formaldehyde
Е-239 кейбір елдерде (мысалы, Украинада) тыйым салынған.
Е-239 Hexamethylene Tetramine
«КЕДР» тәуелсіз экологиялық сараптама орталығының мәліметтері бойынша Е белгісі бар тағамдық қоспалардың аса зияндылары мыналар:
Е-103 қолдануға тыйым салынған
Е-105 қолдануға тыйым салынған
Е-111 қолдануға тыйым салынған
Е-121 қолдануға тыйым салынған
Е-123 өте қауіпті зат, қолдануға тыйым салынған
Е-125 қолдануға тыйым салынған
Е-127 қолдануға тыйым салынған
Е-130 қолдануға тыйым салынған
Е-141 күмән туғызған зат
Е-150 күмән туғызған зат
Е-152 қолдануға тыйым салынған
Е-154 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді, артериялық қан қысымына әсер етеді
Е-160 теріге зиянды
Е-173 күмән туғызған зат
Е-201 қауіпті зат
Е-211 канцероген, улы
Е-213 канцероген, улы
Е-215 канцероген, улы
Е-219 канцероген, улы
Е-222 қауіпті зат
Е-224 қауіпті зат
Е-230 канцероген, улы
Е-232 теріге зиянды
Е-239 теріге зиянды
Е-241 күмән туғызған зат
Е-249 канцероген, улы
Е-251 артериялық қан қысымына әсері бар
Е-270 балалар үшін қауіпті зат
Е-281 канцероген, улы
Е-283 канцероген, улы
Е-311бөртпенің пайда болуын туғызады
Е-320 холестериннің деңгейін көтереді
Е-330 канцероген, улы
Е-339 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-341 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-400 қауіпті зат
Е-402 қауіпті зат
Е-404 қауіпті зат
Е-450 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-452 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-454 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-462 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-465 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-477 күмән туғызған зат
Е-502 қауіпті зат
Е-510 өте қауіпті зат
Е-527 өте қауіпті зат
Е-626 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-628 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-630 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-632 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-634 ішек жолдары қызметінің бұзылуына алып келеді
Е-636 қауіпті зат
Е-907 бөртпенің пайда болуын туғызады
Е-952 қолдануға тыйым салынған
Е-1105 теріге зияны бар
Аса зиянды қоспалар
Шартты белгілер:
* - тағам өнеркәсібінде қолдануға тыйым салынған тағамдық қоспалар тізіміне кіреді
** - тағам өнеркәсібінде қолдануға рұқсаты жоқ тағамдық қоспалар тізіміне кіреді
Консерванттар (Е-200 – Е-299)
Е-209** Пара-гидроксибензоатты гептилді эфир қышқылы
Е-213** Кальций бензоаты
Е-215** Пара-гидроксибензоатты натрий тұзды этил эфирі қышқылы, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-217* Пара-гидроксибензоатты натрий тұзды пропил эфирі қышқылы, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-219** Пара-гидроксибензоатты натрий тұзды метил эфирі қышқылы, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-221 Натрий сульфаты
Е-226** Кальций сульфаты, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-228** Калий гидросульфиті
Е-231** Ортофенилфенол, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-233** Тиабендазол, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-235 Натамицин (пимарицин), аллергиялық реакция, жүрек айнуын туғызуы мүмкін
Е-237** Натрий формиаты, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-239 Гексаметилентетрамин, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-241** Гваяк шайыры
Е-252** Калий нитраты, көптеген елдерде қолдануға шектеулер бар
Е-262 Натрий ацетаты (ацетаттары), натрий гидроацетаты
Е-264** Аммоний ацетаты, жүрек айнуын туғызуы мүмкін
Е-282** Кальций
пропионаты, жүрек айнуын туғызуы мүмкін
Е-284 Бор қышқылы
Е-296 Алма қышқылы, жас балалар мен сәбилерге ұсынылмайды
Дәмдеуіштер мен иіс күшейткіштер (Е-600 – Е-699)
Е-621 Натрий глутаматы, балалар тағамында қолдануға тыйым салынған
Е-625** Магний глутаматы
Е-629** Кальций 5-гуанилаты
Е-631 Натрий инозинаты, балалар тағамында қолдануға тыйым салынған
Бояғыштар (Е-100 – Е-199)
Е-102 Тартразин, демікпе ұстамасын туғызады, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-104 Сары хинолин, дерматит туғызады, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-110 Сары «күннің батуы» FCF, сарғыш-сары S, аллергиялық реакция, жүрек айнуын туғызуы мүмкін, бірнеше елдерде тыйым салынған
!E-121* Қызыл цитрус
2, бірнеше елдерде тыйым салынған
!Е-123* Амарант, бірнеше елдерде тыйым салынған,
ұрықтың кемістікпен дамуына әсер етуі
мүмкін
Е-125** Понсо, қырмызы
SX
Е-128** Қызыл 2G, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-131 Патенттелген көк V, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-133 Жарқырайтын көк FCF, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-151 Жарқырайтын қара BN, қара PN, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-154** Қоңыр FK, АҚШ-та тыйым салынған. Папарик экстрамы, капсантин, капсорубин, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-166** Сандал ағашы
Е-174** Күміс, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-180** Рубинді литол ВК, бірнеше елдерде тыйым салынған
Е-182** Орсейл, орсин
Агенттер, нан мен ұнды жақсартқыштар, басқа да заттар (Е-900 – Е-999)
Е-901 Ара балауызы, ақ және сары, аллергиялық реакция болуы мүмкін
Е-903 Карнауб балауызы
Е-905а «Тағамдық» вазелин майы
Е-905c Парафин
Е-908** Күріш кесінділерінің балауызы
Е-910** Балауыз эфирі
Е-912 Монтанин қышқылы эфирі
Е-914 Полиэтиленді қышқылданған балауыз
Е-917 Йодат калийі
Е-919** Нитрозил хлорид