Энергетикалық станциялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 21:26, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Работа содержит 1 файл

3-срсп.docx

— 27.41 Кб (Скачать)

Нарықта электр немесе жылу энергиясын  өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындаған қарым-қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі.  
Қазақстан Республикасы электр энергиясы көтерме сауда нарығының қызметтік құрылымы мыналарды қамтиды:

  • электр энергиясының орталықтандырылмаған сауда (электр энергиясын сатып алу-сатудың екі жақты шарттары) нарығы;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, мұнда электр энергиясын сатып алу-сатудың қысқа мерзімді (спот-сауда-саттығы), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негіздегі мәмілелері жасалады;
  • нақты уақыт режиміндегі теңгермелі нарық, нарықтың бұл түрі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергиясы жүйесінде операциялық тәулікте болатын электр энергиясын өндіру-тұтынудыңқты және шарттық шамалары арасындағы сағаттық теңсіздіктерді физикалық және қаржылық жағынан  реттеу мақсатында жұмыс істейді;
  • жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, мұнда мемлекеттік стандарттармен белгіленген ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БЭЖ Жүйелік операторы жүйелі қызметті және Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
  • кемінде 1 МВт қуатпен қосылған электр энергиясының барлық тұтынушылары мен бәсекелестік жағдайында оларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек нарығына қатысушылар болып табылады.

Электр энергиясы нарығындағы  операторлар

ҚР БЭЖ  жүйелік операторы  —  «KEGOC» АҚ  (ҚР ЭМРМ 2004ж.27.08. №198 бұйрығы)приказ МЭМР РК от 27.08.2004 г. № 198) мынадай функцияларды орындайды:

  • шарттарға сәйкес ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі жүйелік қызметтер көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдалану әзірлігінде ұстауды қамтамасыз етеді; 
  • шарттарға сәйкес нақты теңгерімдерді құру мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса алғанда, ҚР БЭЖ жұмыс режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік  басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтерді көрсетеді;
  • ҚР БЭЖ жұмыс сенімділігін қамтамасыз етеді;
  • электр қуатын реттеу жөніндегі жүйелік қызметтер көрсетеді;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетеді; 
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;   
  • шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 
  • нақты уақыт пен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады; 
  • электр энергиясының көтерме нарығының барлық субъектілерін бірыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады; 
  • электр энергиясының көтерме нарығы субъектілеріне ұлттық электр торабына тең жағдайда рұқсат етуді қамтамасыз етеді;  
  • Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығының қатысушыларын коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәліметті қамтымайтын ақпаратпен қамтамасыз етеді; 
  • электр станцияларының, қосалқы станциялардың, электр жеткізу желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуге шығаруды келіседі және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етеді;  
  • гидроэлектр станцияларының су-шаруашылық теңгерімдері мен ҚР БЭЖ жұмыс режимдерін есепке ала отырып,  олардың жұмыс режимдерін әзірлеуге қатысады;  
  • электр энергиясының теңгерімдерін ұзақ мерзімді болжамдауды әзірлеугді жүзеге асырады; 
  • энергия өндіруші ұйымдар арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таратуды және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінде қуат резервтерінің іске қосылуын анықтайды;  
  • «Электр энергетикасы туралы» 2008 жылғы 01 қаңтардағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес имитациялық режимде Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастырады.   

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ 2007ж.26.12. № 807 бұйрығына сәйкес «Энергоинформ» мекемесі  Қаржы орталығы болып анықталды.   
«KEGOC» АҚ-ның  «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы- ЖО ҰДО» филиалы ҚР БЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады. ҚР БЭЖ орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару  «KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ЖО ҰДО-ның тоғыз өңірлік диспетчерлік орталығы тікелей оралымды басқару схемасы бойынша ұйымдастырады.   

Орталықтандырылған  сауда нарығы электр энергиясы нарығында  субъектілердің дискриминациялық емес ашық енуі мен объективті индикатор  құру мақсатында электр энергиясының ағымдағы нарық бағасын қалыптастырады. Орталықтандырылған сауда нарығын ұйымдастыруға жауапкершілік Орталықтандырылған электр энергиясы саудасының нарығының операторы – «КОРЭМ» АҚ жүктелген (ҚР ЭМРМ 2004ж. 04.03. № 54 бұйрығы).  

Электр тораптары

 
«KEGOC» АҚ теңгерімінде кернеуі 35–1150 кВ 288 электр жеткізу желісі бар. Электр жеткізу желілерінің жалпы ұзындығы 23569,226 км (тізбектер бойынша), оның ішінде:

  • ӘЖ 1150 кВ — 1421,225 км;
  • ӘЖ 500 кВ — 5570,245 км;
  • ӘЖ 220 кВ — 15975,808 км;
  • ӘЖ 110 кВ — 558,668 км;
  • ӘЖ 35 кВ — 43, 28 км.

ЖЭТ филиалдарының  теңгерімінде қуаттылығы 33697,15 МВА трансформаторлары орнатылған кернеуі 35 — 1150 кВ 74 электр қосалқы станциясы бар, оның ішінде:

  • 1150 кВ — 3 дана, қуаттылығы 9384,1 МВА;
  • 500 кВ — 16 дана, қуаттылығы 13816,5 МВА;
  • 220 кВ — 52 дана, қуаттылығы 10468,35 МВА;
  • 110 кВ — 1 дана, қуаттылығы 5 МВА;
  • 35кВ — 2 дана, қуаттылығы 23,2 МВА.

 
1. КЕGОС, АҚ-ның «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Астана қ.) 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4225,519 км (тізбектер бойынша) 220–1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 7484,6 МВА кернеуі  220–1150 кВ 10 қосалқы станция кіреді. 
 
2. КЕGОС, АҚ-ның «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1200,02 км (тізбектер бойынша) 220–500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 1945, 5 МВА кернеуі 220–500 кВ 6 қосалқы станция кіреді. 
 
3. КЕGОС, АҚ-ның «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2657,41 км (тізбектер бойынша) 35–500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 3227,35 МВА кернеуі 35–500 кВ 9 қосалқы станция кіреді. 
 
4. КЕGОС, АҚ-ның «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың желтоқсанында құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1039,2 км (тізбектер бойынша) 110–500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 3026,5 МВА кернеуі 220–500 кВ 5 қосалқы станция кіреді. 
 
5. КЕGОС, АҚ-ның «Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1679,5 км (тізбектер бойынша) 220 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 950 МВА кернеуі 220 кВ 5 қосалқы станция кіреді. 
 
6. КЕGОС, АҚ-ның «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2417,935 км (тізбектер бойынша) 110–1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 6569,9 МВА кернеуі 220–1150 кВ 8 қосалқы станция кіреді. 
 
7. КЕGОС, АҚ-ның «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3216, 665 км (тізбектер бойынша) 110–1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3520,6 МВА кернеуі 110–1150 кВ 8 қосалқы станция кіреді. 
 
8. КЕGОС, АҚ-ның «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылы құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2919,518 км (тізбектер бойынша) 220–500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3720,1 МВА кернеуі 220–500 кВ 10 қосалқы станция кіреді. 
 
9. КЕGОС, АҚ-ның «Шымкент жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4213,458 км (тізбектер бойынша) 220–500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3252,6 МВА кернеуі 220–500 кВ 13 қосалқы станция кіреді.


Информация о работе Энергетикалық станциялар