Энергетикалық станциялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 21:26, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Работа содержит 1 файл

3-срсп.docx

— 27.41 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  электр энергетикасы жүйесі

Қазақстан Республикасының  Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;
  • Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  болып табылады.Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:

  • электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
  • электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
  • техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық регламенттерді, жабдықтарды пайдалану сипаттамасын, энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен  жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне  электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
  • жобалау, салу, техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларын, табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы  бекіту;
  • энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасу;
  • энергия өндіруші  ұйымдармен келісімдерде, инвестициялық бағдарламаларда, инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу  мониторингі;
  • энергия өндіруші  ұйымдардың тобын құру; 
  • кепіл беруші жеткізуші мен оның жауапкершілік аймағын анықтау тәртібін бекіту;
  • энергетикалық сараптама жүргізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін анықтау;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құру тәртібін белгілеу;
  • жүйелік оператор мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесімен электрлік байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс ерекшеліктерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды

Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды  мемлекеттік энергетиканы қадағалау  және бақылау жөніндегі мемлекеттік  орган-Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетиканы қадағалау  комитеті жүзеге асырады.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау  комитеті мыналарды қадағалау мен   бақылауды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;
  • электр және жылу энергиясы сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, өндіріс режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының күзгі-қысқы жағдайларға әзірлігі.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау  комитеті мынадай функциялар мен  міндеттерді орындайды:

  • электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайларға әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады; 
  • электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына  алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
  • электр және энергия жабдықтарына рұқсаты бар; 
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асырады; 
  • электр және жылу қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, жеткізу мен  таратуды және оларды сатуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының  пайдалану техникасы мен қауіпсіздік техникасы ережелері жөніндегі білімдерін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
  • энергетика объектілерінде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және тиімді өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану жөнінде энергетикалық сараптама жүргізуді, энергия үемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастырады;  
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 
  • Энергия үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік әдістемелік актілерді, құқықтық және экономикалық тетіктерді әзірлеуді ұйымдастырады; 
  • ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, оқыс оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де  өрескел бұзылуына жол беруге кінәлі адамдарды тәртіптік жазалауға тарту туралы ұсыныстар енгізеді  немесе тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жібереді.    

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта (оның жүзеге асыратын реттеуші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру аясындағы қызметтерді, сондай-ақ белгілі бір тауар нарығында (соның ішінде электр энергиясы нарығында) басымдыққа ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру барысында тұтынушылар құқығын қорғау қызметтерін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік  құқықтық актілері:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;   
  • «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;   
  • «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарық қатынастарын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы; 
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Жүйелік  оператордың қызмет көрсету,  жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және құру ережесі; 
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыру ережесі;
  • Қазақстан Республикасының электр энергиясын орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Электр энергиясының  бөлшек нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру, сондай-ақ осы нарықта рұқсат ету мен қызмет көрсету ережесі; 
  • Электр тораптық ережелер.

Қазақстан Республикасының  ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ –энергетика, телекоммуникацияны, көлік салаларын  және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы  ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын   мемлекеттік холдинг компаниясы.   

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторлардан тұрады:

  • электр энергиясын өндіру;
  • электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

 

 Электр энергиясын өндіру секторы:

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 992,7 МВт-ты, мүмкіндігі — 14 558,0  МВт-ты құрайды.

Электр станциялары  ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары  және өңірлік мақсаттағы электр станциялары  деп бөлінеді.    
Ұлттық маңызы бар электр станцияларын  электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға  сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:

  • «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС; 
  • «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ; 
  • «Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС); 
  • «Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;
  • «Жамбыл МАЭС» АҚ;

сондай-ақ қосымша  және  ҚР БЭЖ  жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:

  • «Қазцинк» АҚ Бұқтырма МЭК; 
  • «AES Өскемен ГЭС» ЖШС; 
  • «AES Шульба ГЭС» ЖШС.
  • Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар  ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды:
  • ЖЭО-3  «Қарағанды-Жылу ЖШС;
  • ЖЭО ПВС, ЖЭО-2  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
  • Рудненский ЖЭО («ССГПО» АҚ);
  • Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;
  • Павлодар ЖЭО-1  «Қазақстан алюминийі» АҚ;
  • Шымкент ЖЭО-1,2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) және тағы басқа.  
  • Өңірлік мақсаттағы электр станциялар — бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізуші  ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын  ЖЭО.

Электр энергиясын жеткізу  секторы

Қазақстан Республикасының  электр жеткізу желілері кернеуі 0,4-1150 кВ электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің  жиынтығынан тұрады.   

  • Қазақстанда жүйелерді топтастырушы торап қызметін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады, республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерінің арасында электр байланысын, сондай-ақ көтерме тұтынушыларға электр станцияларымен электр энергиясын беру мен жеткізуді қамтамасыз етеді.  Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ теңгеріміне кіреді.
  • Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлердің өз ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының жеке тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлік электр торабы компанияларының (ӨЭК) теңгерімінде және пайдаланысында болады.
  • Электр жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) электр энергиясының келісім-шарт негізінде меншіктегі немесе уақытша пайдаланыстағы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және өзге-де пайдалану түрлері) электр тораптары арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергия жабдықтаушы ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының  электр энергиясы нарығындағы электрмен жабдықтау секторы электр өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алып, оны кейіннен жеке тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады.

Қазақстан Республикасының  электр энергиясы нарығы

Электр энергиясы  нарығы екі-деңгейден тұрады: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы, жылу энергиясы нарағы бір деңгейден-бөлшек нарықтан тұрады.

Жүйелік оператор, өңірлік электр тораптары компаниялары мен электр тораптарын иеленуші өзге-де ұйымдар нарықтың барлық қатысушыларының  ТМРА белгілеген тәртіпте электр энергиясы  желілеріне қол жетімділігі тең талаптар негізінде болуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Энергетикалық станциялар