Экологиялық мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:54, реферат

Описание работы

Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері.
Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді.

Содержание

Кіріспе

1.Экологиялық мониторинг
2. Биосфералық мониторинг
3. Жергілікті мониторинг
4. Аймақтық мониторинг
5. Табиғи ортаның ластануы мен классиффикациясы.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық мониторинг.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

Тікелей ластанушы  объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы  загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және  оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы  жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы  қоректік зат болып табылатын  дүниелер;

-органикалық қышқылдар  мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында  түзілген шөгіңділер (твердый сток);

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі  табиғи  апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді  деп атайды.

Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.

Осылайша, ауаның, су мен  топырақтың құрамында бар кез  келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін  заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы  химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;

– адамдардың іс –  әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.

Антропогенді ластаушыларды  мынадай түрге бөледі:

1)   Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;

2)Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің 
нәтижесінде ластануы:

3)Химиялық - қоршаған  ортанын химиялық құрамының өзгеріп,  ұзақ 
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;

4) Физикалық ластану  - бұл бес түрге бөлінеді:

а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық  комплекстердің жұмысы 
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері  арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске үшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г)  Радиоактивті ластану.

5) Микробиологиялық ластану  — адамның   тіршілік етуі барысында, антропогенді  жүйелерде  немесе  ортада  әр түрлі ауру тарататын  зиянкес организмдердің көбеюі.

Қоршаған  ортаның ластануы - кез келген экологиялық  жүйеге, оған тән емес сипаттағы  жанды-жансыз компоненттердің қосылуы  немесе құрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:

1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;

2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);

3. химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.

Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды  айырады. Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану – қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).

Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.

Қоршаған ортаның компоненттеріне  байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.

 

Қазақстан Республикасының  орнықты дамуының

экологиялық негіздері (Экологиялық Кодекс, 4 бап)

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының

экологиялық негіздері:

1) адам өмірі мен  денсаулығы үшін қолайлы қоршаған

ортаны қамтамасыз ету  жөніндегі мақсатқа мемлекеттің

қол жеткізуі;

2) қоршаған ортаны  қорғау және биоәртүрлілікті  сақтау;

3) Қазақстан Республикасының  өз табиғи ресурстарын

өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру

және табиғи ресурстарды  пайдалану мен қоршаған ортаға

әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;

4) қазіргі және болашақ  ұрпақтардың сұранысын әділ

қанағаттандыру;

5) өндіріс пен тұтынудың  орнықты үлгілерін дамыту;

6) қоршаған ортаның  жай-күйін есепке ала отырып,

экологиялық нормалаудың  әлеуметтік және

экономикалық даму талаптарына сай келуі;

7) әрбір адамның экологиялық  ақпаратқа қол жеткізу

құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны

қорғау мен орнықты  даму мәселелерін шешуге жан-

жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны  қорғау саласында қабылданатын

шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердің экожүйесінің  салауатты жай-күйі мен

тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру

мақсатындағы жаhандық  әріптестік;

10) қоршаған ортаға  залал келтіргені үшін

жауаптылыққа қатысты  халықаралық құқықтың дамуына

жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам

денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен

заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге

көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ

қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал

қатері төнген жағдайларда сақтандыру шараларын

қолдану болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы экологиялық

заңнамасының  негізгі принциптерi (Экологиялық

Кодекс, 5 бап)

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының

негізгі принциптері:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын

қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды  реттеу кезіндегі экожүйелі

көзқарас;

4) қоршаған ортаны  қорғау саласындағы мемлекеттік

реттеу және табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы

мемлекеттік басқару;

5) қоршаған ортаны  ластаудың және оған кез келген

басқа түрде залал  келтіруді болдырмау жөнінде  алдын

алу шараларының міндеттілігі;

6) Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасын

бұзғаны үшін жауаптылықтан  бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға  келтірілген залалды өтеу

міндеттілігі;

8) қоршаған ортаға  әсер етудің ақылы болу және  оған

рұқсат алу тәртібі;

9) табиғи ресурстарды  пайдалану мен қоршаған ортаға

әсер ету кезінде  неғұрлым экологиялық таза және ресурс

үнемдеуші технологияларды  қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік

органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі

мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды  қоршаған ортаны

ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға,

қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;

13) табиғи ресурстарды  пайдалану мен қоршаған ортаға

әсер ету кезінде  ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы  экологиялық заңнамасының

халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен

үйлесуі;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де

қызметтің экологиялық  қауіптілігі презумпциясы және

оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде

қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін

 бағалау міндеттілігі  болып табылады.

 

 

 

Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ энциклопедиясы;     
2.Экологиялық мониторинг; 
3..Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі – ауаның ластануын бақылау жүйесі.

 

 


Информация о работе Экологиялық мониторинг