Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:05, доклад

Описание работы

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары.doc

— 87.00 Кб (Скачать)

       Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру

Әлемнiң дамыған  елдерiнде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалау негiзiнде кешендi жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бiр құқықтық көрiнiсi әлемнiң көптеген елдерiнiң экологиялық заңнамасына енгiзiлген қоршаған ортаға әсердi бағалау тәртiбi болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кiредi.

Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдерiндегiдей, қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалаумен қатар, мемлекеттiк экологиялық сараптама  жүргiзiледi. Мемлекеттiк экологиялық  сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсердi бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметтi алдын ала экологиялық бақылаудың тетiгi болып табылады. Қоршаған ортаны превентивтiк қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға терiс антропогендiк әсердiң алдын алу қағидаты әлемнiң көптеген елдерiнде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңiрдегi экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның  аялық жай-күйiн ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етiлген көлемдерiн  ғылыми негiздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгiлеу қамтамасыз етiледi. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер етудiң салдарларын барынша ескере отырып жүргiзiледi, сондай-ақ жоспарланатын қызметтiң әлеуметтiк-экономикалық салдарлары да ескерiледi. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары негiзiнде кәсiпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады. 2004 жылы халықаралық тәжiрибенi пайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметiнiң жобалық шарттарының ықтимал өзгерiстерiн ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру көзделуде. Бұл кәсiпорындар санының тұрақты өсуiн ecкepe отырып, түсетiн құжаттамаға талдау жасауға үстiрт көзқарас болмауы үшiн қажет. Бұдан басқа, Қазақстанда жаңа нарықтық жағдайларда табиғат пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты тартуға мүмкiндiк беретiн пәрмендi тетiк болуға тиiс қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу заңдық тұрғыдан бекiтiлген. Бұл үшiн "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

       Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды  (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне  неғұрлым белсендiрек тарту, олардың  ғылыми және шығармашылық әлеуетiн,  үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi әзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды. Экологиялықпроблемаларды шешуде барлық мүдделi азаматтардың қатысуының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратқа тиiстi қол жеткiзудi, қоршаған орта қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс. Бұл әдiс сұралатын ақпаратты берумен және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн iрi шаруашылық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзумен қамтамасыз етiлетiн болады.

      Экологиялық үгiт-насихатта және ағартушылықта табиғатпен үйлесiмдiктегi салауатты өмiр салтын насихаттауға, экологиялық туризмдi дамытуға ерекше рөл арттылуы тиiс.

     Халықаралық  конвенциялар бойынша мiндеттемелерге  сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.


Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)