Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:05, доклад

Описание работы

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары.doc

— 87.00 Кб (Скачать)

Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Әлем қоғамдастығындағы  алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты  дамуға, қазіргі кезде халықаралық  қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың  өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс.

Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары:

  • компания беделінің өсуі
  • апат жағдайларын басқару
  • заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу
  • бақылау органдары тарапынан айыппұлдар санын азайту
  • тендерлердегі басымдылық
  • Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі (OH&S) денсаулық және қауіпсіздік қауіп-қатерін басқарады.
  • OH&S Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі қызметкерлердің өздері атқаратын қызметтеріне байланысты денсаулықтарына келтірілетін қауіпті болдырмау немесе барынша азайту үшін OH&S менеджменті жүйесін құрайды.

 

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі. 
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. 
Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.

Негізгі принңиптері

Экологиялық саясаттың  негізгі принңиптері, міндеттері және шаралары заң¬намалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады.

Cаясаттың  жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар

Экологиялық саясаттың  жүзеге асырылуына маңызды ықпал  ететін жағдайлар:

  • нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы;
  • эко¬логиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-экологиялық мәселелердің сипаты;
  • экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер;
  • ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі;
  • өндірістің эко¬номикалық тиімділігі және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі;
  • халықтың әлеуметтік жауабы;
  • халықаралық міндеттемелер.

 

Экологиялық саясаттың  негізгі бағыттары

 

Айналадағы орта адамның өмірі мен тұрмысына тұрақты әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі – химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.

Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.

Айналадағы ортаның нашарлауына адамның өмірі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-техникалық прогрестің де әсері мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.

Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол сияқты адамға өнеркәсіптік шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан  адамдар жүйке  жүйесінің науқастарына ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып отыр.

Жер бетіндегі  экологиялық жағдайдың қиындай  түсуі айналадағы ортаның сапасын күн сайын бақылап отыру қажеттігін туындатады. Бүгінгі күннің басты талабы өнімдердің сапасы мен жұмыс орнындағы жағдайды бақылау болып табылады. Мониторинг (ағылшын тілінен аударғанда «бақылау» дегенді білдіреді) – айналадағы ортаның сапасын бақылау, бағалау, болжамдау жүйесі. Бұл терминді бірінші рет БҰҰ 1972 жылы Стокгольм конференциясында енгізген болатын. Ал, 1974 жылы БҰҰ-ның бағдарламасына сәйкес айналадағы ортаның мәселелері бойынша Кенияда І Мемлекетаралық кеңес өткізілді. Оның негізгі мақсаты – айналадағы ортаның сапасын мониторингтік бақылау жүйесін құру болды. Кеңесте мониторинг жүйесінің мақсаттары мен міндеттері айқындалды. 

Бізде мониторинг қызметі ластанудың химиялық, физикалық, биологиялық көздеріне тұрақты бақылау жүргізеді. Мұндай кездерде физика-химиялық, биологиялық, географиялық және басқа да әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол сияқты бақылаудың ғарыштық әдісі де пайдаланылады.

Академик И.Герасимовтың жүйесі бойынша мониторинг биоэкологиялық, геоэкологиялық және биосфералық болып бөлінеді.

Биоэкологиялық     мониторинг    өз    кезегінде биологиялық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-токсикологиялық болып тарқатылады.

Осы бағыттағы  мониторинг айналадағы ортаның сапасын, табиғи нысандардың ластану дәрежесін, ластанудың тірі ағзаға, адамдардың ағзасына ықпалын, аллергендердің, шаң-тозаңның, айналадағы ортадағы ауру тудырғыштардың нақты түрлерін, ауадағы азоттың, күкірттің, ауыр металдардың және басқалардың дәрежесін, су ресурстарының ластану дәрежесі мен көздерін анықтайды.

Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ауадан, судан, топырақтан, тұрмыстық  және өнеркәсіптік қалдықтардан, ағын сулардан бақылау үлгілерін алады. Биологиялық мониторинг метеостанциялар, обсерваториялар және суды бақылау орындары арқылы жүзеге асырылады. Бұдан соң бақылаудың нәтижесі бойынша белгілі бір уақыттан соң шағын елді мекендерден бастап үлкен қалаларға дейін экспресс-талдаулар беріледі.

Сөз соңында  айтарымыз – бүгінгі күні айналадағы ортаны қорғау бүкіләлемдік мәселе ретінде  қаралады. Көптеген елдер экологияның қоғамның барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ететін стратегиялық сала екендігін жақсы түсінеді. Барлық экологиялық мәселелер жалпыға ортақ пікір бойынша, ең бірінші кезекте адамның айналадағы ортаға антропогендік ықпалымен тікелей байланысты.

Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған  кезде қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның ластануын болдырмау  бойынша шараларды қолдау. Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.

2006 жылдың желтоқсанының  аяғына дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша  140 елде және экономикалық жүйелерде  129199 кем емес сертификаттары берілген болатын.

2006 жылдың қорытындысы  жалпы саны 138 елде және экономикалық  жүйелерде 111 162 болған 2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын көрсетіп отыр.

 

1-кесте - ISO 14001:2004 Басты нәтижелер

Әлемдік

нәтижелер

2005 желтоқсан

2006 желтоқсан

 

14001:2004 бойынша  олардың қорытындысы

Әлемдік қорытынды

111162

56593

129199

Әлемдік өсу

21225

 

18037

Елдер саны / экономикалық жүйелер

     

 

 

Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары  мен негiзгi тетiктерi

Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады. Экономиканы экологияландыру өндiрiстiң табиғат қажеттiлiгiн азайту және заттар мен энергия алмасуының биосфералық процестерiне экономиканың әсерiн азайту арқылы тұрақты экологиялық қауiпсiз табиғат пайдалануды қамтамасыз етуде және ресурстық-экологиялық тепе-теңдiктi сақтауда болып табылады.

Экономиканы экологияландыруды  жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн  технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.

              Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру

Табиғат пайдаланудағы  жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылылық жүйесiн жетiлдiрудi және мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi.

Табиғат пайдаланушылардың  табиғат қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi қаржы ынталандыруын құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау-қызметiндегi қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгiзумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесiн көздейтiн табиғат пайдаланудың экономикалық тетiгi көмегiмен жүргiзiлуi тиiс.

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер ресурстарды  нормативтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгiндiлерi үшiн  ставкаларды арттырудың тетiгi арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етедi. 2004 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкасы қайта қаралатын болады, олардың мөлшерi ластаушы заттардың көлемi мен түрлерiн ескере отырып белгiленуi тиiс. Ластану көзi ерекше қорғалатын аумақтарда немесе олардың жанында орналасқан жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларына арттыру коэффициенттерi қолданылатын болады.

Экономикалық  құралдар инновацияларды енгiзу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, неғұрлым тиiмдi және аз қалдықты технологияларды дамыту мен енгiзу мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттардың белгiленуiне ықпал етуi тиiс. Табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген зиян ластану деңгейi мен келтiрiлген залалды (зиянды), қалпына келтiруге, ұдайы өндiрiске кеткен шығындарды және өзге де шығыстар мен ысыраптарды ескере отырып, толық көлемде өтеуге жатады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезiнде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетiгiн құру жолымен мемлекеттiк бақылау органдарын күшейтудi көздейдi.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы  мемлекеттiк бақылау органдары  инспекциялар өткiзумен немесе құқық  қолдану iс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге  қатысты тәуелсiз және әдiл шешiмдер қабылдау үшiн барлық өкiлеттiктерге ие болуы тиiс.

 

 

         Қоршаған ортаны қорғау және  табиғат пайдалану саласындағы  мемлекеттiк бақылау жүйесiн дамыту:

  • құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиiмдi жүйесiнiң негiзгi сипаттамасын табуға мемлекеттiк органдарға көмектесетiн және ұзақ мерзiмдi перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргiзуге ықпал ететiн модельдi құруға;
  • мемлекеттiк органдарды, өнеркәсiп кәсiпорындарын, үкiметтiк емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық, заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;
  • экологиялық менеджмент жүйесiнiң маңызды құралы ретiнде өндiрiстiк бақылауды мiндеттi жүзеге асыруға;
  • табиғат қорғау iс-шараларының орындалуына қызметтiң барлық деңгейiндегi жауапкершiлiктi нақты айқындауға;
  • қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер беруге бағытталуы тиiс.

Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)