Экология

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:16, реферат

Описание работы

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Содержание

1. Табиғи ресурстар және оларды топтау.
2. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
3. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Табиғатты қорғаудың аспектілері.
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Работа содержит 1 файл

Экология реферат.docx

— 28.10 Кб (Скачать)

Организмдердің бір түрлі  тобы және әр түрлі тобы белгілі  бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара  байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін  мекен-жай, жылы мен суық , ас пен  қорек , олардың достары мен жаулары  кіреді.      

 Қоршаған орта тірі  және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар  біртұтас жүйе. Табиғатта болатын  барлық құбылыстар мен өзгерістер  осында өтеді.      

 Қоршаған ортаның күрделі  проблемаларын зерттейтін , ғылыми  тұрғыдан ұсыныстар жасайтын  ғылым саласын экология дейміз.

Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  организмдерді зерттейді, олардың  басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид  Торо.      

 Экология терминін  ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі,  дәрігер, аса дарынды неміс  ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.      

 Экологияның даму ағымы  өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің  ортамен байланыстары және олардың  қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі  туралы пікірлер антикалық философтардың  еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер  туралы осындай жоспарда Эмпедокл  және Теофраст (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.      

 Экология ғылымының  дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің,  К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың  еңбектері үлкен үлесін қостыА.Гумбольдтың  (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін  өте елеулі болды. Ол өз бетімен  жеке Солтүстік және Оңтүстік  Американы , Орталық Европаны, Сібірді  , Алтайды, Каспий жағалауларын  зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер  географиясын қалыптастырды, жер  бетіндегі өсімдіктер дүниесінің  таралу заңдылығы туралы рекше  ғылым ретінде және өсімдіктер  тіршілігін зерттеуде экологиялық  бағыттың негізін салды.        

XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің  еңбектері биологиялық ғылымдағы  экологиялық бағытының дамуы  үлкен әсер етті. Оның еңбектері  зоологиядағы экология бөлімін  қалыптастырды.   

    XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде.               

    XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.      

 Сонымен , қазіргі кездегі  экология адамзат мүддесін ескере  отырып, биосфераның бетбұрасын  ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін  қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы  пайдалануға, табиғи ресурстарды  қалпына келтіруге, қорғауға және  молайтуға бағытталған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

  1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
  2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
  3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
  5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
  6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
  7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
  8. Байтулин И.О. Экология       Казахстана. Алматы, 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экология