Экология

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:16, реферат

Описание работы

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Содержание

1. Табиғи ресурстар және оларды топтау.
2. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
3. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Табиғатты қорғаудың аспектілері.
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Работа содержит 1 файл

Экология реферат.docx

— 28.10 Кб (Скачать)

     Жоспары:

 

1.Табиғи ресурстар және оларды топтау.

2.Табиғи ресурстар және оларды  тиімді пайдалану. 

3.Табиғи қорларды пайдаланудың  жалпы инженерлік шаралары.

4. Табиғатты қорғаудың аспектілері.

5. Табиғатты қорғаудың теориялық  негіздері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи ресурстар  және табиғатты қорғаудың теориялық  негіздері

      Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы          сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры  үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Сарқылатын қорлар өз кезегінде  қалпына келетін және қалпына  келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары  қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс  дүниелері — табиғи ресурстар  деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей  не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске  қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды  пайдалану нәтижесінде, адамзат  — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар  майлар жөне өнеркәсіпке қажетті  шикізаттарды алады.

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар  әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат  байлығын кешенді үнемдеп пайдалану  арқылы қоғамның материалдық қажетін  өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.

Өндіріске қатыстырылатын табиғат  байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек  қана өндіріс шікізаты емес, сонымен  қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат  байлығын да ұлттық байлық ретінде  қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету  керек.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану  өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту  және табиғи ортаның тепе-теңдігін  сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.

Ғарыш қорларына — күн  сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.

Климаттық қорға — атмосферадағы  ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Табиғи ресурстар  және оларды тиімді пайдалану        

 Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресуртарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті проблемаларға айналып отыр.        

 Табиғи ресурстардың  сапасы мен санына және санына  әрбір елдің экономика деңгейі  мен дамуы көптен-көп тәуелді.  Сондықтан табиғи ресурстарды  қорғау және оларды тиімді  пайдалану қоршаған ортаны қорғау  жүйесінде маңызды орын алып  отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі  3 топқа бөлінеді.

Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады.

Ғарыш қорларына-күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы  жатады.

 Ауа-райы қорларына-атмосферадағы  ауа, жел энергиясы, жауын-шашын  жатады.        

 Су қорларына-жер бетіндегі су көздері жатады.

а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ  құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық  ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км(29,2 %).

б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер  қорларының жақсы сақталуына тигізетін  әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.

в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы  сарқылатын қор түрінде жатады. Сонымен, минералдық қорларды:

1) металл қорлары.

2) металл емес қорлар  деп бөлеміз.     

 Кейбір минералдық  заттар адам тіршілігіне ауа  мен судай қажет. Мысалы, ас  тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий  тұздары т. б. Бұларға қарағанда,  металл және мұнай-газ кен көндерінен  шикі зат өндіру қарқыны жыл  сайын арта түседі. Мысалы: соңғы  100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец  және никельді пайдалану мен  өндіру 200-1000 есе артты.     

 Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын  алып жатыр.

г) Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.

Су қорлары. Су қоры деген  ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп  түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны-өзен-сулар.     

 Су жүйелеріндегі су  мөлшерінің толық қалпына келуі  немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.

 

Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары     

 Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.     

 Табиғаттағы зат айналымы  тұйықталған тізбек бойымен іске  асады. Ал қор айналымын немесе  антропогенді тұйықталған тізбек  бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су  қайтадан жауын-шашын түрінде  қайта оралса, шахтада өндірілген  көмір, қайтадан көмір түрінде  шахтадағы кенге келіп қосылмайды.      

 Табиғи қорларды тиімді  пайдалануда ғылым-техника саласындағы  озық технологияны, инженерлік тиімді  тәсілдерді пайдаланады.     

 Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

  1. 1)Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу  үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.     

 Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және  т. б. ғылым салалары арқылы  жүзеге асады.

2)Биосфераны оптимизациялау.

3)Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.      

 Өнеркәсіп салалары  мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін  жоспарлы түрде, белгілі мақсат  үшінмемлекеттік дәрежеде шешу  жолдары.

4)Шикізат өндіру қарқынынан  алынатын өнім қарқынының өсуі.

5)Жаратылыс дүниелері мен техника  үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер  немесе геотехникалық жүйелер  құруы.

6)Өндірісті шоғырландыру.

7)Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз  экологияны пайдалану жатады.

 

Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері        

 Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру-бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.        

 Қаржыландыру 2 бағытта  жүреді:

1)Қоршаған ортаға зиянды заттар  мен қалдық қоқыстарды азайтуға  бөлінетін қаржы.

2)Зиянды заттарды залалсыздандыруға  және оларды жоюға жұмсалатын  қаржы.

Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы  және ластанған жерлерді қалпына  келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы-халық  шаруашылығына экономикасына жұмсалатын экологиялық шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:

1)зиянды әсерлерден ауыруға  шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік  көмек көрсету.

2)Ортаның ластану салдарынан  тұрмыстық-техникалық шаруашылық  жұмыс істеуі;

Еңбек өнімділігін  төмендетуден туындайтын проблемалар.

Адам және табиғат бір-бірінен  ажырамайды және бір-бірімен тығыз  байланысты. Адам үшін, сондай-ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету  ортасы және өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат  және табиғат ресурстары - адамзат  қоғамының өмір сүретін және дамитын  базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын  түпдерегі.

Адам – табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде  өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа  әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа  адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі  кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің  мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі  кезде «табиғатты қорғау» деп  табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, өндіруге, қорғауға және табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қазіргі  және болашақ ұрпақтың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүддесіне сақтауға бағытталған  халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық жүйесін айтады. Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау – бұл адамзат  қоғамы мен табиғат арасындағы өзара  қатынастарды оптимизациялау бойынша  жасалған шаралар жүйесін іске асыру. Табиғатты қорғау мәселесі қазіргі  заманның ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің  маңыздысының бірі болып табылады, оның дұрыс шешімінен адамзаттың өмір сүруінің игілігі тәуелді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен  қорғау үшін оны жіктеудің маңызы зор:  

 Бастапқыда табиғат  қорғау шараларының негізгі мотиві  материалды игіліктерге деген  қамқорлық болса, ал қазіргі  уақытта табиғатты қорғаудың  мақсаты одан әрі кеңейді және  әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың  келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық  аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

       Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді. 

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады. 

 

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау. 

 

 
Табиғатты қорғаудың теориялық  негіздері 

Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы  заттар мен құбылыстардың жалпы  өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі  ғылымдар саласында табиғаттағы  өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат  және қоғам туралы диалектикалық-материализм  дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта  болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа  және табиғаттың қоғамға әсер ету  процессін басқару үшін қажет. Табиғат  пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың  өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен  әдістерінің сипаты тәуелді.

Табиғатты тиімді пайдалану  және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді  және оларды адамзат қоғамы мүддесіне  пайдалануды басқаратын заңдылықтарды  ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты  қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың  жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы  нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс  пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде  жаратылыстану ғылымының үлкен  жетістіктері мен өндірістік күштердің  дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды  зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау біріншіреттік  міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі  орыс жаратылыстану зерттеушісі  В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат  қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында  Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзарабайланысынан бірнеше ережелер шығады:

1. барлық табиғат құбылыстарының  көптеген әмндері бар;

2. рационалдық ереже;

3.жанамалық қорғау, біреуін басқасы  арқылы қорғау ережесі,кешенді  міндет.

Информация о работе Экология