Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:04, реферат
Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірі (2 – 5ғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. 5 ғ. түркітілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтапры Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. 6 ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносоның өзінің тарихына келсек
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
Зерттеу нысаны
ортақ болуына байланысты әлеуметтік
Экология адам Экологиясымен ұштасады.
Экологияның негізі биологияда жатқанымен,
қазіргі кезде ол шын мәнінде биология
шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы,
экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады.
Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның
табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды
пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты
қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік
Экология, агроэкология, урбоэкология, адам
Экологиясы сияқты салалық бөлімдері
көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының
теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе
жалпы Экологияны айрықша қарастырған
жөн. Биологиялық экология – негізінен
биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта
факторларының үш тобын (абиотикалық фактор,
биотикалық фактор, анторопогендік фактор)
және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының
төрт деңгейін (дара организмдер деңгейі,
популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі,
биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше,
дара организмнің немесе белгілі бір түрге
жататын организмдер тобының қоршаған
орта жағдайларымен, әсіресе физикалық
ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі
аутэкология деп аталады; популяциялардың
құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері,
жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау,
шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың
жекелеген популяцияларын сүйемелдеу
немесе керісінше санын шектеу сияқты
мәселелермен демэкология (популяциялық
Экология) шұғылданады; өсімдіктерден,
жануарлардан және микроорганизмдерден
тұратын күрделі жүйелердің құрылымын,
дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін,
аталған организмдер топтарының арасындағы
сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен
және физикалық ортамен зат және энергия
алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне
тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы
ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу
тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын,
адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне
байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді,
биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық
Экология (ғаламдық Экология) зерттейді.
Глобалдық Экологияның теориясы негізін
В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера
туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда,
биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі
деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған
орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы,
дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі
ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу
бағыттары ортаға бейімделудің экология
механизмдері, популяциялардың санын
реттеу, өнімділік процестерін басқару,
табиғи және антропогендік ценоздардың
орнықтылығы, экологиялық индикация, Экологиялық мониторинг
сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады. [1][2]