Экология ғылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:04, реферат

Описание работы

Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірі (2 – 5ғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. 5 ғ. түркітілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтапры Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. 6 ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносоның өзінің тарихына келсек

Работа содержит 1 файл

Экология ғылымы.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

Халықтардың ұлы  қоныс аударуы дәуірі (2 – 5ғғ.) Қазақстан  мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның  этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. 5 ғ. түркітілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтапры Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс  Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. 6 ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносоның өзінің тарихына келсек, ол 3 ғ. 6 ғ. ортасына дейінгі Ганьсу, Шығыс Түркістан, мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құрылған. «Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытый шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады .Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 546 ж. Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшейді. 552 ж. көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға (Жуань-жуаньдар) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттін ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады.Бұл этникалық –әлеуметтік Бірлестіктің атасы – Бумын-қаған (553 ж. қаза табады) болады.Оның мүрагері Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай мемлекеті алым-салық төлеп тұрады.

    Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).

    VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті  держава-билеушілері Түрік тайпасының  әулеттік ашин руынан шыққан  Түрік қағанатының билігі.

Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.

Қазақстан жері 6 ғасырда  аса қуатты держава - Түрік қағанатының  билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп 3 ғасырдан 4 ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті. Алғаш рет "түрік" этнонимін еске алу қытай жылнамаларында кездеседі және 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұндардың ұрпақтары деп санады.  
 
Тарихи сахнада Түрік қағанатының пайда болуы Бумын қаған атымен тікелей байланысты. Халық арасында оны "Ел қағаны" немесе "Ілік қаған" (бірінші қаған) деп атады. Мұның мағынасы "Бүкіл елдің патшасы" дегенді білдіреді. Бумын қағанның басшылығымен теле рулары мен тайпалары болып бірігіп, өздері билігінің астында болған "жуан-жуандарға" қарсы шығады.  
 
Бумынның басшылығымен түріктер 552 жылы шайқастарда жуан-жуандарды талқандайды. Соғысқа араларында ең күшті Ашин руы бар түріктердің жуан-жуандардың қарамағынан құтылу тілегі себеп болды. Жуан-жуандарды соғысқа арандату үшін түріктер жуандар қағаны Анахуанның қызын өздерінің көсеміне әйелдікке айттырады. Бұл тілек Ананхуанның намысына тиеді, өйткені түріктер бұрын бұл туралы ештеңені ойларына алмайтын, олардың әскерлері үшін темір қорытып, жуандарға алым салықтарын мінсіз төлеп тұрған. Жеңіске өз тілектеріне орай түріктер жетеді. Бумын қаған оларға шабуыл жасап, талқандайды. Анахуань өзін-өзі өлтіреді, ал жуандардың тақ мұрагері өз өмірін сақтап қалу үшін көрші елге бас сауғалайды. өкінішке қарай, халық "Ел қағаны" деп атаған Бумын қаған сол жылы өледі.  
 
Бумынның қазасынан кейін таққа оның кіші інісі Қараескі отырады, оның басшылығымен түріктер жуан-жуандарға Бұқрат тауында, Орхонның жоғарғы ағысының бір жерінде екінші рет соққы береді. Қысқа уақыт ішінде (552-554 ж.ж.) түріктер каи (татабтар), қидандар және оғыз-татарлар, солтүстікте енисейлік қырғыз тайпаларын жаулап алады.  
 
Бұл жылдары түріктердің батыстағы әскери науқаны одан да белсендірек бола түседі. Оларды Түрік қағанатының негізін құрушы Бумын қағанның екінші бір інісі Истеми қаған басқарады. Ол ағасының көзі тірісінде 10 рулық-тайпалық бірлестіктерді (тайпаны) басқарды және бірнеше рет батысқа жорықтар жасады.  
 
Жужандарды 554 жылы толық талқандағаннан кейін, көктемде, шөп өскен соң, тек салт аттылардан тұратын әскерімен Истеми Каспий теңізінің жағалауынан шығады. Кейін ақын Әбілқасым Фирдауси "Шахнамеде" - "Патшалар кітабында" жазғандай, Истеми иеліктері Қытайдан Әмударияға дейін созылып жатты. Бұдан бір жарым - екі жыл ішінде түріктер өздеріне бүкіл Орталық Қазақстанды, Жетысуды және Хорезм хандығын бағындырып алғаны көрінеді.  
 
Истеми 561 жылы Орта Азияға орнығып алған эфталиттерге (Ақ ғұндар) қарсы соғыс бастайды. Эфталиттер жуан-жуандардың одақтастары болды, сондықтан оларға қарсы тұру үшін Истеми Иранмен одақ құрады. Несефа (Қарши) қаласының түбінде эфталиттер түріктерден ойсырай толық жеңіледі.  
 
Парсылармен де күресе жүріп, Истеми Византиямен одақ құрады. Мәселе эфталиттер мұрасын бөлісуде түріктер мен парсылар (Иран) келісімге келе алмауында болады. Византиялық елші Менандр Истемидің ордасында болғанын өзінің жазбаларында былайша суреттейді: "Олар түстенді, және сол күнін шатырда тойлаумен өткізді. Ол түрлі бояулармен әдемі бүркілген жібек маталардан жасалған. Олар шарап ішті, бірақ біздегі жүзімді сығып алатындай емес. Олар пайдаланатын қайдағы бір тағылық сусын. Келесі күні олар (римдіктер) сондай жібекпен жабылған және қожалақтанған басқа баспанаға ауыстырылды. Мұнда да түрлі кейіптегі табынатындары (ардақтысы) тұрды. Дизавул (Истеми қаған) түгел алтыннан апталған былғары үстінде отырады. Бұл бөлменің ортасында алтын ыдыс-аяқтар мен әшекей бұйымдар самсап тұрады ... Келесі күні олар алтынмен қапталған ағаш бағандары, сондай-ақ алтыннан құйылған төрт тауыс құс бейнелі тіреуге орнатылған тағы бар бөлмеге келеді. Бөлменің алдындағы кең жерге арбалар ұзынынан қойылыпты, олардың үсті күміске, ыдыс-аяқ пен кәрзіңкелерге және күмістен құйылған, бізде жасалатындардан бірде кем емес төрт аяқты аңдардың мүсіндеріне толы".  
 
Алайда 575 жылы Византия мен Рим өзара келісім жасасады. Түріктерге қарсы күреске олардың вассалдарын тарту үшін, Византия Закавказьеге және Кавказға да еніп кетуге талпынады. Бұған жауап ретінде бұл аймаққа түрік салт аттылары жойқын жорық жасайды.  
 
Бірақ осыншама кең жерде мемлекеттігі әлі қалыптаса бастау шеңберіндегі Түрік қағанаты ұзақ уақыт тұра алмады. Қарудың күшімен 603 жылы құрылған империя екі дербес - Шығыс және Батыс қағанатына бөлінді. Соңғысының астанасы Жетісудағы Суяб қаласында болды.

    Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде  қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан  мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.  
Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.  
1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.  
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. 
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.  
581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.  
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.  
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.  
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды. 
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.  
679 ж. Қытай саясатына қарсы Монғолия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады. 
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".) 
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.  
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.  
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.  
Кейіннен Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды. 
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.  
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.  
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.  
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 
6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. 
Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 
11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 
7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді. 
Сауда мен тауарлары. Сауданың ең басты жихазы жібек болды. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген. Отырардың күміс көмбесі табылды. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан Исфиджабқа, Сайрамға келеді. Одан Таразға, Құланға, Жаңа қалаға, Суябқа, Барысқан, Алмалық одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған. 
Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таралып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан - христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з. бұрынғы 1 ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда соғдылар, қаңлылар көп еңбек сіңірген. 
Түріктер 6 ғасырдан бастап буддизмнің қатты ықпалын өз бастарынан өткізген. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, монастырьлар, мүсіншелер, шіркевлер. 
Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып, буддизмнен қалмай христиан діні де тараған. 
Х-ХІІ-ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар болды. Солардың арасында Жібек жолында маңызды ролі болған қала Исфиджаб/Сайрам/ еді. Ол туралы араб авторы Әл-Макдиси айтады. Қаланың мешіті, рабады/күзеті/, базары, төрт қақпасы бар: Нуджакент, Фархан, Шахраны, Бұхара. 
Сыр бойындағы қала Отырар болды. Ол араб-парсы деректерінде Фараб, одан бұрын Тарбан деп аталған. Тағы бір ірі қала Тараз болды. Ол жазба деректерде 568 жылдан басталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түркі қағаны Дизабұлға берген есебінде Таразда аталады. 630 жыл шамасында қытай саяхатшысы Сюань Цзань Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге /4-4,5 км/ жеткен маңызды сауда орталыпы дейді. Ол 7 ғасырда ҰЖ жолындағы ірі мекенге айналды. Таразда монша, су құбырлары, Айша бибі, Қарахан мазары бар. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн сияқты қалалар тізбектеліп жатты. Сондай-ақ Іле өзені алқабында Қойлық, Талхиз, Екіоғыз сияқты қалалар болды. 
11 ғасырда Ясы (Түркістан) Шауғар округы орталыпы саналды. Мұнда 12 ғ-дың соңында Ахмед Яссауи мешіті салынды. Сыр бойындағы ірі қала Сығанақ. Қаз-ң солтүстігі мен солт-шығысына баратын керуен жолдары қиылысында орналасқан ол 12 ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталыпы болды. Қазір Сығанақ орнында Сунақ ата жұрты бар. 
10-12 ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда тағы жаңа қалалар Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент пайда болды. 
Мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік дамыды. 9-12 ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталғы болды. Мұнда егістік жерлер көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді. Екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етті. Ал сырдағы су жолы Сауран, Сығанақты, және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзгентті сумен қамтамасыз етті. Қол өнер дамыды. Керамикадан ыдыстар жасалынды. Тараздан арыстанды бейнелеген табақша, Отырардан өсімдік ою-өрнегімен әшкейленген құмыра табылды. Қаланың ішкі рыноктарында мыс ақша қолданылды. Сыртық сауда да, қалалар арасындағы саудада жинап сақтауға қолайлы алтын орнына күміс ақша пайдаланылды. 11ғ.дың 1-ж. Қаз-нда Тараз, Исфиджаб қалалларында ақша жасайтын теңге сарайы болды. 
Жазба мәдениеттің дамуы. Түркілерде 7 ғасырда сына жазуын қолданды. Ол жазу ғылымда 17 ғасырдың 20-ж. белгілі болды. Енесей өзендері бойынан табылған бұл жазуды неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оның жанында болған швед офицері И.Страленберг ашты. Скандинавиядан табылған руна жазуларына ұқсас болғандықтан бұл жазуды да руна деп атады. 1889 ж. орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Монголияда Орхон өзені аңғарынан да тапты. Тексті дат ғалымы В.Томсен мен орыс ғалымы В.Радлов оқыды. Негізгі ескерткіштерінің табылған жеріне байланысты бұл жазу Орхон-Енисей деп аталынады. Орта Азия мен Қазақстанда руна жазуы ферғаналық (керамикаға түскен ұсақ таңба) және жетісулық (қырғыз және қазақ жерлерінеде табылған) деп екіге бөлінеді. Біртіндеп түркі жазуын араб жазуы ығыстырды. Халықтың тілі түркі тілі болып қалғанымен, оқымыстылар өз еңбектерін араб тілінде жазды. 
Бұл айтылған Ұлы қағанаттар дәуірінен кейін Қазақстан жерінде енді мүлде жаңа дәуір – Оғыз-Қыпшақ кезеңі басталады. Оғыз қыпшақ дәуіріндегі мемлекеттер – Қимақ, Қыпшақ бірлестіктері және Оғыз мемлекеті, сонымен бірге Найман, Керей хандықтары кезінде қазіргі қазақ халқы қалыптаса бастайды. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. 
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. 
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. 
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.  
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.  
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.  
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.  
XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді. 
XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.  
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.  
Экология ғылымының даму кезеңдері: 
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты; 
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті; 
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.  
Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.  
«Экология» гректің oicos - үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым.  
«Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.  
Экологияның зерттеу әдістері:  
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.  
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Экология (грекше oikos - үй, баспана, logos - ілім, ғылым) - тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып-білуге деген қүштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етулеріне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды, қай кезде, қандай жерде қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан, т.б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай, т.б. мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім.

    Қоршаған  орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырыңда (б.э.д. VI-IV ғасырлар) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі сипатталады. Тіпті кейбіреулерінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтер де келтірілген. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. IV-II ғғ. жылнамаларында бірқатар өсімдіктер туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер ежелгі дүние ғалымдары Гераклиттің (б.э.д. 530-470 жылдар), Гиппократтың (б.э.д. 460-370 жылдар), Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жылдар) еңбектерінде келтіріліп, талданады.

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ САЯСИ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ  
 Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХVI ғ. феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қаты¬настар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда бол¬ды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси револю¬циялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы пробле¬малар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күш¬тер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократия¬ландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т. Мюнцер, Т. Кампанелла, Т. Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құры¬лысты, мемлекетті жақтады.  
 Италияндық Никколо Макиавелли (1469-1527) заманының көрнекті ойшылы болды. «Государь», «История Флоренции» деген еңбектерімен діни көзқарастан қол үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге қарсы болды. Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік қажеттілік және заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен байланыстырды. Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жолында пайдалану керек дейді. Сондықтан жалпы діннен қол үзе отырып, саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа шығарады. Нақты саяси өмірдің христиан моралінің уағыз¬дарымен еш байланысы жоқ дейді. Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі теология мен схоластикаға берген соқ¬қысы еді. Ол сонымен қатар антикалық және буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі терминдерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастырады.  
 Мемлекеттің формалары әр түрлі болады: жеке адамның билігі, аздаған адамдардың билігі, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия, аристократия және демкоратия болып келеді. Әр түрдің орнауы күштердің арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық тұрғыдан түсіндіреді. Ең басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да, адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер берген сертін орын¬дау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау жолымен орасан зор істер тындырған дейді. Макиавелли монархияны тиранияға қарсы қойғанда абсолютизмді ақтау үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейту үшін бір адамның диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту керек дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның мемлекеттің демократиялық формасын қалай¬тыны белгілі.  
 Бірақ Макиавеллидің демократиясы дәйекті емес. Демокра¬тиялық, аристократиялық, монархиялық элементтерді қарас¬тырады. Ежелгі Рим осындай аралас билік түрлерін қолдану арқылы қуатты болған дейді. Макиавеллидің аралас мемлекет формалары тұжырымдамасын кейін Дж. Локк, Ш. Монтескье және басқа саясат ойшылдары қабылдады. Макиавелли – ең алдымен патриот болды. Италияны қуатты, тұтас мемлекет түрінде көруді аңсады. Бұл жолда ол елін феодализм мен шіркеудің тежеуінен алып шығып, прогресс, революциялық өзгерістер мүмкіндіктерін таба білді. Оның ілімі іс-қимылға, шығармашылыққа, бостандыққа, қайта жаңартуға шақырады. Мұның өзі саяси ойлаудағы орта ғасырлардан жаңа заманға жол салған революция еді.  
 Реформация. ХVI ғасырдың бірінші жартысында Батыс және Орталық Еуропада католицизмге қарсы діни қозғалыс басталды. Орталығы Алмания болды. Реформациялық қозға¬лысқа әр түрлі қоғамдық күштер қатысты. Мемлекет, заң, құқық туралы саяси бағдарламалары да әркелкі болды. Олардың барлығы шіркеу құрылымын радикалды, қарапайым ету, демо¬кратияландыру болды.  
 Реформацияның бастаушысы Мартин Лютер (1483-1546) әрбір құдайға сенуші асқан сенім арқылы өзін-өзі құтарады деп дәріптеді. Христиан дінін уағыздады. Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің ықпалынан, заңынан тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасында ол князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді. Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер жасаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді. Көзқарастары қайшылықтарға толы. Аймақтық князь абсолютизмнің орнығуының кепілі дейді. Діни фанатизм де орын алды, реформацияға кедергі де жасады.  
 Томас Мюнцердің (1490-1525) шаруалық-плебейлік көзқара¬сы реформациялық қозғалысты қандай болмасын қанаушы тәртіпке, әлеуметтік теңсіздікке, князьдер билігіне, шіркеулер қыспағына бітіспес ашық күреске айналдырды. Соның нәтижесінде Алманияда 1524-26 жж. шаруалар соғысы болмай қоймады. Мюнцердің шығармалары: «12 статья», «Статьялық хат». Шығармаларында билікті қарапайым халыққа беру керек деді. Республикалық идеяны жақтады. Белсенді революция¬лық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық айырмашылық жоқ, жеке меншік жоқ, қоғамның мүше¬леріне кедергі тудыратын мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады.  
 ХVI-ХVII ғғ. утопиялық социализм. Көрнекті өкіл Томас Мор (1478-1585) «Утопия» деген еңбек жазған. Англиядағы қоғамдық құрылысты сынады. Мемлекеттің қанаушылық рөлін жақсы түсіндірді. Ол – жеке меншікке негізделген әлеуметтік-саяси құрылысқа қарсы. Жеке меншік жойылғанда ғана теңдік, әділдік болады дейді. Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті және игіліктерді бөлуді ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет. Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол президенттің рөлін атқаруы қажет. Демократия элементтері өкілдік басшылықтың араласуымен қатар қойылған. Т. Мордың социалистік идеалы феодалдық және капиталистік қатынастарға қарсылық еді. Ол басқыншылық соғыстарды да айыптады. Құлдық еңбекті мойындады, социализмі қияли, себебі ондай қоғамға әлі алғышарттар жоқ болатын.  
 Италияндық Т. Кампанелла (1568-1639) – утопист-социа¬лист, елін шетел басқыншыларынан құтқару жолындағы күрес¬кер. «Күн қаласы» деген еңбегінде зұлымдық атаулының бар¬шасы жеке меншіктен дейді. Ең қажетті қоғамдық-саяси құрылыс қоғамдық меншікке негізделуі тиіс. Барлығы еңбек етуге міндетті. Оқу өндірістік еңбекпен ұштастырылуы қажет. Ғылым мен техниканың дамуына үлкен мән береді. Әйел мен еркектің теңдігін жақтап, демократиялық мемлекеттің болуын қолдайды. Мемлекеттің басында ақылды, діни адам тұру қажет. Ол адам «күн» немесе «метафизик» деп аталуға тиіс. 20 жасқа толған азаматтардың барлығы үлкен кеңес дегенді құруы қажет. Үлгілі мемлекет құруды армандады. Ондай мемлекетті құдай бермейді. Маркс Кампанелланы мемлекетке «адам көзімен» қараған ойшыл деп бағалады. Мемлекеттің табиғи заңдарын теологиядан емес, ақыл-ойдан, тәжірибеден шығарды. Бірақ Кампанелла адамгершілікті құқықпен шатас¬тырды, діни идеологиядан толығымен қол үзе алмады.  
 Голландық заң қызметкері Гуго Гроций (1583-1645) «Соғыс пен бейбітшіліктің құқығы туралы» үш томдық еңбек жазған. Онда жаратылыс құқығы, бұқаралық құқық, халықтар құқығы¬ның принциптері туралы айтылады. Ол – сонымен қатар мемлекет, құқық, соғыс, халықаралық құқықтар туралы да ілімдерді қалыптастырушы. Адам құқығы, құдай құқығы деген жіктеулерді де бөлген. Құқықты күшпен ұстап тұру туралы сөз еткенде ол мемлекет жайлы мәселені шығарады. Азаматтық билік мемлекет ішіндегі «заңды құқықты» жасаушы дейді. Адамдар меншіктенуді қандай жолмен алатын болса мемле¬кеттік билікті де сондай жолмен алуға болады дейді. Соғыстан құтылуға болмайды деп тұжырымдайды. Соғыстардың әділет¬ті, әділетсіз сипаттарын көрсете келіп, олардың қасіретін азайтуға шақырады. Қоғам дамуын артқа тартатын феодалдық соғыстар туралы ой толғайды.  
 Голландық материалист-философ Бенедикт Спинозаның (1632-1677) «Діни-саяси трактат», «Этика», «Саяси трактат» деген еңбектері бар. Мемлекет пен құқық жайлы мәселені табиғаттың құрамдас бөлігі деп қарастырады. Табиғаттың ең жоғарғы заңы – өзін-өзі сақтауға ұмтылу заңы. Адамдар – «табиғаттың бөлшегі». Адамның күші мен қуаты оның құқығын айқындайды. Сондықтан Спиноза адамның жаратылыс құқығы¬ның негізі ақылынан, ойынан деушілермен келіспейді. Құқық адамның талпынысынан, ұмтылысынан дейді. Көзқарасы жағынан монархияға қарсы, республикалық басқаруды жақтай¬ды. Құдай мен табиғатты біртұтас субстанция деп Спиноза диалектиканың өздігінен дамуы принципін пантеистік-материа¬листік тұрғыда негіздеген. Адам жөніндегі ілімінде осы қағида¬ларға сүйеніп, адамның өте күрделі психикалық өмірін ақылға, құштарлық пен ынтызарлыққа, аффектіге балады. Атеизм мен ғылыми ойдың дамуында Спинозаның ықпалы зор.  
 Ағылшынның материалист, ойшылы Томас Гоббстың (1588-1679) «Левиафан», «Философияның негіздері», «Адам жөнін¬де», «Азамат жөнінде» деген еңбектері бар. Ол тұңғыш рет сол кездегі жаратылыстануға сәйкес механистік материа¬лизмнің толық жүйесін жасады. Гоббс мемлекет жөніндегі ілімінде мемлекет шығуға дейінгі табиғи күйді жойып, оны адамдар арасындағы шарттасудың нәтижесі деп қарайды. Адамдардың әу бастан тең болу приципін жақтайды. Кейбір азаматтар мемлекет пайдасы үшін өз құқықтары мен ерік¬теріне шек қояды. Мемлекеттің міндеті – бейбітшілік пен қауіп¬сіздікті қамтамасыз ету. Бірақ Гоббс монархияны жақтап, халықты бұғауда ұстау үшін дінді мемлекеттік өкіметтің идеологиялық қаруы ретінде сақтау қажет деп санайды. Гоббс «өзін-өзі сақтап, қажет өтеуді – «табиғи заңды», моральдың негізі деп ұйғарды. Адамның моральдық борышы өзінің мазмұны жағынан қоғамдық шарттан шығатын азаматтық борышқа сәйкес келеді дейді.  
 Ағылшындық Джон Локк (1632-1704) әлеуметтік компромисс идеологі болды. Материалист, ағартушы танымның эмпирика¬лық (тәжірибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. «Адам санасы жайындағы тәжірибе» деген шығармасы түрлердің шығу тегі мен адам танымының мүмкін¬шілігін зерттеуге арналған. Локктың ұйғаруынша, тұрмыстық идея мен принциптер теория жүзінде де, практика жүзінде де құдай жөніндегі идеяны қоса алғанда болмайды, адамның барлық білімі тәжірибеден туады. Локк әлеуметтік-саяси тұжырымдамасын «Мемлекеттік басқару жайындағы екі трак¬татында» баяндаған. Мемлекет адамдардың еркімен құ¬рылатын, қылмыскерлерді жазалайтын құрылым екен. Қоғам¬ның игілігі үшін заңдарды шығарады, меншікті қорғау істерін жүргізеді. Заң шығару орындары жоғары тұруы керек. Локк абсолюттік-монархистік билік құрылымын қабылдамады. Оның мемлекет туралы идеялары ерте буржуазиялық революция¬лардың талаптарына сай келді.

Табиғаттағы негізгі  заңдарды, құбылыстарды және процестерді  зерттеу адамзат пен қоғамды  танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, гуманитарлық, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен  байланыстырып қараған кезде  дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ маман жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің жетістіктерімен қаруланып, білімді, әрі ғылыми сенімді адам болып қалыптасуы тиіс. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрлысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп, қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега –макро- және –микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі. 
Пәннің негізгі міндеттері - «Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні: әлемнің біртұтастығы; табиғаттың даму заңдарының барлық материя түрлеріне орындалатындығы; жаратылыстану ғылымның адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттеріне әсері; ғылыми-жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен байланысы; дүниенің физикалық, химиялық, биологиялық концепцияларын және оның қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі; биосфера, неосфера және адам; эволюциялардың концепциялары мен тіршіліктің пайда болуы және ерекшелігі; экологиялық апаттарды болдырмау жолдары, табиғатты сақтау; адам табиғи-биоәлеуметтік қайталанбайтын жәке тұлға; адам табиғаттың эволюциясының нәтижесінде пайда болған саналы, ақыл-ойлы жан; жердегі тіршілік тағдыры; ғылымның болашақтағы даму бағыты мәселелерін қарастырады.  
Жалпы міндеттер 
«Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні - ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады. Жаратылыстану ғылымның даму кезеңдері мен екі мәдениеттің адамзаттың материалдық және рухани байлықтарын арттырудағы әсерлері, дүниенің қазіргі замандағы ғылыми-жаратылыстану бейнесін оқытады. Классикалық физика, кванттық механика және салыстырмалық теориялардың концепциялары талданып, материя түрлері мен кеңістік – уақыт туралы соңғы ғылыми ұғымдар талқыланды. Әлемнің құрылымы туралы космологиялық теориялар зерделеніп, молекула мен атомдық құрылымдар туралы физикалық және химиялық концепциялар қарастырылады. Адамның табиғат тудырған саналы жан екендігі айқындалады, оның дамуына ортаның, еңбектің әсері сипаттанынып, жердегі тірі мен өлі табиғатты сақтауда жауапкершілік туралы сөз болады. Ғылымдағы техникалық жаңалықтар жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар талданады. Пәннің соңғы тақырыптарында ғылымның болашағы даму бағыттары белгіленеді. Осы ретпен пәнді баяндау арқылы студенттерге Әлемнің біртұтастығы, табиғаттың фундаменталь заңдары, материя бірлігі және олардың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы көзқарас қалыптастырылады. 
 
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәнін білу үшін экология және мектеп бағдарламасындағы физика, химия, биология, география пәндерінен алған білімдері қажет. 
 
«Қазіргі жаратылыстану концепцияларын» оқып меңгерген болашақ мамандар мынадай жағдайларды түсінулері қажет: адам қаншалықты саналы болғанмен ол табиғаттың бөлінбес бір бөлігі; табиғаттағы барлық объектілер бір-біріне байланысты ұйымдасқан, күрделі құрылымдар болып табылады; материя құрылымының макро- микро- және мега дүние деңгейлерінің өзгеше өз заңдылықтары болғанмен, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді; ядродағы протондар мен нейтрондар кварктардан құралады. Кварктар қазіргі кезеңдегі ең кіші зат бөлшегі; күшті, әлсіз, электромагниттік және гравитациялық әсерлесулер Әлемдегі барлық объектілердің құрылысы, қозғалысы және дамуы үшін қажет; Әлем өздігінше өмір сүріп, дамушы. Ондағы материялар, жүйелер біртіндеп күрделі құрылымдарды түзей отырып, өздігінше реттеле дамиды; химия ғылымдары қасиеттері алдын ала белгіленген заттарды синтездеп, бағалы өнімдердің технологияларын анықтайды, энергияның жаңа түрлерін іздестіріп, жаңа отын көздерін табу жолында зерттеулер жүргізеді; синергетика ғылымы жүйелердің өз беттерінше ұйымдасып күрделену мен реттелуін зерттейді; жүйе даму деңгейлерінде екі мүмкін бағыттардан тек көздейсоқ біреуін тандайды; кездейсоқтық эволюция механизмінің бар сипаттамасы болып саналады; тіршілік жер бетінде физикалық және химиялық жағдайларда ғана пайда болады; неосфера құрылымын үйлесімді түрде пайдалану адамзат өмірінің дамуында негізгі мәселе; ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне, процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады. Ғаламдық мәселелерді шешуге гуманизмдік принциптері пайдалануы тиіс. 
 
СӨЖ бірнеше тақырыптарды, бөлімдерді немесе модульдерді қамтитын мәселелері, курстың белгілі тараулары бойынша жүргізіледі. Ең көп зерттеулік сипаттағы СӨЖ белгілі бір сұрақтар курсы бойынша құралады, бұл сұрақтар көп жағдайда әдістемелік сипатта болады. 
СӨЖ барлық түрлері әртүрлі қатынастағы әдістемелік тәсілдермен жүргізіледі. 
СӨЖ түрлері: 
1. Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу. 
2. Тақырып бойынша шолу – ұсынылған тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет). 
3. Глоссарий жазу – берілген тақырып бойынша ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу. 
4. Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут). 
5. Іскерлік ойын –Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек). 
6. Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау. 
7. Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады. 
8. Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады. 
9. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады. 
10. Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу. 
11. Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары. 
12. Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару. 
13. Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы. 
14. Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады. 
15. Есептер құрастыру лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру. 
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады. 
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақтылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,5 балл алып тастау). 
СӨЖ ұйымдастыру үшін: 
* СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру; 
* Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау; 
* СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу. 
Студенттерден талап ету қажет:  
а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды; 
б) белгіленген уақытта тапсыруды; 
в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет. 
СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады. 
Интерактивті әдістер студенттің: 
* тыңдау және өзара қарым-қатынасын; 
* басқаға жанашырлық таныту,

Экология ( лат. оіkosүй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын организмдер кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

Информация о работе Экология ғылымы