Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, статья
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
«Қызу әсерінің» салдарынан
болатын климаттың өзгеруі
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық
тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын
бекіту біздің ел үшін халықаралық
инвестицияларды тарту, басқа елдердің
экономикасына активтерді орналастыру
мүмкіндігімен инвестор рөліндегі
бірлескен жүзеге асыру жобаларына
және «таза даму» процестеріне қатысу,
өндірістік энерготиімділігін арттыру
үшін жаңа технологияларды қолдану,
сыртқы энергетикалық рынокта елдің
экономикалық мүдделерін қорғау үшін
көміртегі кредиттерін
Киото хаттамасын біткеннен
кейін нақты жобалар мен іс-
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Қоршаған ортаның жайы бүкіл планетадағы экологиялық жағдайға үлкен
əсер етеді. Өйткені біздің республикамыз территориясының көлемі жағынан
дүниежүзінде сегізінші орында тұр, соған сəйкес ұлан ғайыр шекараны алып
жатыр. Құрғақ жердегі 12 мың шақырымдай жерге созылып жатқан
шекарамыз бес мемлекетпен, ал су кеңістігіндегі шекарамыз төрт
мемлекетпен шектеседі.
Қазақстанда қоршаған ортаның проблемалары негізінен өткен
жүзжылдықтың соңына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркəсіптің шексіз
өсуінің, ғылыми, əскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды
ойланбай,
қалай болса солай
полигондарды орналастырудың нəтижесінде болды. Қазіргі кезде де
республика терең экологиялық дағдарысты басынан өткізуде.
Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл жəне батыл іс-қимылдар
керек. Құкықтық мемлекетте адамның Конституциялық құқы сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: "Мемлекет
адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды
мақсат етіп қояды" делінген. Бұл қағиданы естен шығармауға тиіспіз /1/.
Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық проблемаларға тек қана
бар күштерді біріктіріп жəне үкімет назарын аударып қоймай, экологиялық
тəрбие мен білім беруді күшейтуіміз жəне топыраққа, суға, атмосфераға
зиянды заттардың шығуын шұғыл азайтуға кезек күттірмейтін шаралар
жасалуы кажет.
Біздің
республикамызда жүргізіліп
адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару жəне əлемдік
қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам
жаңа сападағы мемлекет пен құқық, экономика мен экология құруға ұмтылуы
тиіс.
Республикада экологиялық дағдарысты, туындататын бірнеше ошақтар бар.
Экологиялық жағдайды қиындата түсетін негізгі факторлар:
- өнеркəсіп
өндірісінде зиянды
ры болуы (түсті жəне қара металлургия, газ, мұнай өндіру салаларында,
химиялық өндірістерде, т.б.);
- əскери жəне ядролық полигондар (Семей полигоны);
- "Байқоңыр" ғарыш аймағындағы космостық (ғарыштык) станциялар-
дың жұмысы;
- суармалы жерлерді игеру технологиясын күрт өсіру. Арал теңізінің
жойылуға дейін бару себептерінің бірі - судың да сұрауы бар екенін
ескермей, мақта, басқа да мəдени дақылдардың егіс көлемін есепсіз көбейту,
су ысырабына жол беру салдарынан бірте-бірте Сырдария суының тартылуы, тіпті жазғы маусымда өзен арнасының құрғауы, ал Амударияның теңізге
жетпей кеуіп қалуы;
- пайдалы
қазбаларды кейбір
тағылықпен өндіру;
- энергетиканың дамуының зардаптары;
- жердің өзгеруі, жасанды тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану,
тоғайларды кесу, топырақ эрозиясы;
- өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың көлемінің
артуы;
- табиғатқа тікелей ықпал ететін əр түрлі өнеркəсіптік жəне шаруашы-
лық объектілерін салу болып табылады.
Республикада
индустриялық дамыған
ауаның болмауы күрделі кеселдің бірі. Мысалы, бір ғана Өскеменде ауаның
ластығы шектен тыс, онда зиян келтіретін заттар (азот, фенол, қорғасын)
тиісті мөлшерден 17-20 есе артық. Шымкент, Жезқазған, Қарағандыда
демалатын ауа жетіспейді. Бұл 1990 жылдардың басымен салыстырғаңда
өнеркəсіп орындарының ластау мөлшерінің едəуір төмендеген кезеңіндегі
жағдай. Оның себебі бəрімізге белгілі, осы кезде көптеген кəсіпорындар
жұмыс істеген жоқ. Ауаны ең ірі ластаушылар: "Испат-Кармет", "Казахмыс",
Балқаш химиялық комбинаты, Екібастұз ГЭС-і, "Тенгизшеврол".
Қазақстан территориясында 20 млрд. тонна қоқыс жинақталған. Жыл сайын
оның мөлшері бір миллиард тоннаға көбейіп отырады. Оның ең көп үлесін
мұнай өңдеуден, металлургиялық, тау-кен өнеркəсібінен шыққан уытты
қалдықтар алады. Олар жыл сайын 84,4 млн. тоннаға өсіп отыр. Орта есеппен
алғанда, ормаңдарда жылына 600-дей өрт болады. Орманның өте көп бөлігі
заңсыз кесілуде. Бақылаушы органдар браконерлікпен өз дəрежесінде күрес
жүргізбейді. Браконерлік, ауру жəне өрт өте бағалы аңдардың құрып кетуіне
əкеліп соқтыруда /2/.
Егер
республиканың облыстары
жағдай мəз емес екеніне көзіміз жетеді.
Алматы
облысының экологиялық қиын
проблемаларына, қолдан жасалған Сорбұлақ су қоймасына (Алматы қаласы-
ның ағынды суын жинақтаушы), əуе жолының жағдайына байланысты.
Балқаш көлі бассейнінде алаңдарлық жағдай қалыптасып отыр. Оның суын
халық шаруашылығына алу (жыл сайын 2,96-3,53 млрд. текше метр)
жалғасуда. Қапшағай су қоймасы толтырылуда, Іле, Лепсі, Қаратал
өзендерінен егістік үшін салынған су тоспалары өзін-өзі ақтамай келеді. Іле
өзеніне тасқын сулардың құюын тоқтатуы, Шелек өзенін бөгеу есебінен
Бартоғай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салу, өнеркəсіп орындарының
қалдық суларын өзенге ағызу - осының бəрі Балқаш көлінің деңгейінің
төмендеуіне ықпал етті. Балқаш көлінің деңгейінің өзгеруі Балқаш өңірінің
табиғи жағдайына кері əсерін тигізді. Сексеуіл азайды, балық аулау күрт
төмендеді /3/.
Газ
өнеркəсіп орындары ілеспе
айдалада босқа жанып, қоршаған ортаны ластауда. Жылына 740 миллионтекше метрге дейін босқа кетуде. Мұнай, газ, кен орындары аймағы қоршаған
ортаға мүмкіндіктен бірнеше есе көп зиян жасауда.
Маңғыстау
облысында Бозашы түбегінің
орнының (соның ішінде Қаламқас жəне Қаражанбас мұнай өнеркəсібі) 200-
ден астам скважинасы суға бастырылды.
Қазақстан территориясы жарты ғасыр бойы ең жаңа қырып-жоятын
қаруларды сынау полигонына (Семей, Азғыр, Капустин Яр жəне басқалары)
айналды. Сонымен қатар, бұған Қазақстан шекарасына жақын жатқан
Қытайдағы Лоб-Hop полигонының зардабын қосуымыз керек.
Семей полигонында ғана айналасына радиоактивті заттар шашатын ашық
ауада жəне жер астында жасалған ядролық сынақтардың барлық қуатын
қоссақ, Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбалардың қуатынан 1000 есе
жоғары екен. Семей полигонындағы ядролық жарылыстардың құрбандары-
ның генетикалық зардабы Чернобыль атом электр станциясының зардапта-
рын жоюшылардан 18-25 есе жоғары екендігі есептелген.
Семей
жəне басқа полигондарда
ден астам сынақ жасалған. Ғалымдардың мəліметіне қарасақ, полигондағы
сынақ жылдарында Семей аймағындағы 50 мыңдай тұрғыңдар қауіпті
радиациялық сəулелерден түрлі ауруларға шалдыққан.
Ядролық қаруларды жер астында сынау суландыру жүйелеріне орны
толмас зиян келтірді, жер асты суларының, бұлақтардың тартылуына əкеліп
соқтырды.
Ұзақ жылдар бойы атом қаруларын сынаудың адам өміріне шын мəніндегі
əсері құпия түрде ұсталып, айтылмай келді. Олардың бірсыпырасында қатер-
лі ісік аурулары пайда болды, тұрғындардың өлімі көбейді. Бұлардан басқа
бала тууда азаю байқала бастады, жүйке аурулары жəне өзін-өзі өлтірушілер
саны өсті /4/.
Республика территориясында əр жылдарда Семей полигонынан басқа 27
жерде 38 қуаты түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Бұл мақсатта
басқалардан гөрі Атырау облысы көбірек пайдаланылған, онда барлығын
қосқанда жаппай қырып-жоятын қарумен 17 сынақ жасалған. Орал маңында-
ғы полигондарда 8 ядролық зарядпен жарылыс, ал қалғандары Актөбе,
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған. Арал теңізіндегі Возрож-
дение аралы бактериологиялық қаруларды сынайтын полигонға айналған.
Семей
сынақ полигонының
тан, тек қана Қазақстанның ішкі мемлекеттік проблемасы емес. Бұл пробле-
малар бүкіл планеталық масштабты қамтиды, өйткені қоршаған ортаны лас-
тау деңгейі көрші елдерге (Қытай, Россия) айтарлықтай қауіп төндіреді.
Біз
қазіргі кезде экономикалық
байланысты əлмдік қоғамдастықтың қаржылай көмегіне көбірек көңіл
аударудамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Семей
полигонының проблемалары қаралған 53-сессиясына Қазақстан делегациясы
да Қатысты. Шетелдік жəне қазақстандық сарапшылардың пікірінше,
ядролық сынақтардың зардаптарын жою үшін кемінде 43 млн. доллар қаржы
керек. Осы сессияның қорытындысымен "Қазақстандағы регионыныңэкологиялық жəне экономикалық дамуы, тұрғындарды ақтау мақсатындағы
жұмыстарды үйлестіру жəне халықаралық ынтымақтастық туралы" Қарар
өмірге келді.
Тоталитарлық тəртіп халыктың, болашақтың да қамынан күнделікті өмірде-
гі өткінші табыстарға қол жеткенге тоқмейілсушілікке жол берді. Қоршаған