Қазақстанның ежелгі тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:27, реферат

Описание работы

Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы).

Работа содержит 1 файл

ПРОГРАММА МАГ.КАЗ.doc

— 360.00 Кб (Скачать)

Қытай тарихнамасы Қазақстан  халықтары туралы (б.з.д. II ғ.-б.з. VІІІ ғ.). Қытай жылнамаларының сипаттамасы. Қытай тарихнамасындағы ғұн мәселесі. Тарих және этнография, саяси бағыт (Сыма Цянь, Бань гу, Фань хе және т.б.).

Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері. Үндіарийлердің шығу тегі туралы теорияларға шолу.

Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі тарихнамасы. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері VІ-Х ғасырлардағы Қазақстан территориясы және халқы туралы. Руникалық жазбалар және "тас" жылнамалар. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк және Иолығ тегін: қисыны, сипаты және тарихты түсіндірудің әдістері. Түркі қағанаты бірінші тарихшыларының (Тоныкөк, Иолық тегін) тарихи көзқарастары.

Рим авторлары: Аммиан Иордан "Тарих" (VІ ғ.), Марцеллин ( VІ ғ.), Приск Панийский (V ғ.). Геттердің шығу тегі мен қызметі, ІV ғ. Халықтардың қоныс аударуы. Ғұндар және түркі тайпалары туралы. Иорданның зерттеуіндегі Еділдің жеке тұлғасы. А. Марцеллианның ғұндарға берген сипаттамасы. П.Панийскийдің жазбаларындағы "Халықтар соғысы".

Византиялық шығармалар: Эвнапия Сардий (346-414) "Продолжения дексипповое истории". Прокопий Ксессарийский (VІғ.) "История воин Юстиана", Менандр Протектор (VІғ.) "Продолжения Агафиевой истории", Маниах және 568-569 жж. Земарх елшілігі. "История". Феофилакт Симокот 810-814) "О значении истории". Константин Багрянородный (Хғ.) «Об упавлении империи". "О населении Великой степи первой половины X столетия". Орыс жылнамалары. С.М. Соловъев XII ғасырдағы дала көшпелілері туралы.

Мұсылман тарихнамасы

ІХ-ХІІ ғасырлардагы Қазақстан тарихы бойынша араб және Парсы зерттеулері

Мұсылман ренессансы және оның тарихи-география ғылымындағы рөлі. Қоғамдық ғылымдардың дамуының саяси алғышарттары және араб-мұсылман өркениетінің әсері. Араб зерттеушілерінің халықтарды сипаттау кезіндегі бағыттары. Араб авторларының тарихи көзқарастары. "Жер суретінің кітабы" китаб Сурат аль-ард ал-Хварезми (812-847), этнографиялық мәліметтер. Хордадбек (IX ғ.) зерттеулерінің тарихи-географиялық сипаты. Китаб ал- Масалик ва-л-мамали (Жолдар мен елдер кітабы). Ал-Джахиздің қосқан үлесі және оның "Фатх бен Хаканның түркілердің жақсы қасиеттері туралы жолдауы" халифаттың барлық әскерлеріне (847-861), Ибн-Фадланның тарихи - географиялық зерттеулері (ІХ-Х ғ.).

Аль-Истахридің географиялық шығармалары (X ғ.). X ғ. белгісіз автордың "Худуд ал-Алам" шығармасы және елдердің негізгі төрт белгілерін анықтаудағы автордың әдістемелік бағыты.

XI ғ. Гардизи зерттеулеріндегі географиялық мәліметтер, тайпалардың шығу тегі туралы аңыздар. Зайн әл-акбар "Хабарларды безендіру". Қимақтардың шығу тегі, қарлықтар, оғыздар туралы және т.б.

Тюркология мәселелерін шешудегі М. Қашқаридың ғылыми үлесі. Ал- Марвазидің ғылыми талдауы, әл-Табаридің тарихи-әдеби еңбегі. Ғалым энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.

Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық ғылымдар дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. Ж. Баласағұнның "Қуатты білік" еңбегіндегі адамзаттың прогрессивті даму идеясы. Прогресс және қалыптасқан тәртіп негіздерін мүлтіксіз сақтау кезіндегі реформалар теориясы. Ж. Баласағұн теорияларының, көзқарастарының философиялық, шамандық және исламдық түп негіздері.

Әл-Фараби еңбектері: "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, "Сұрақтардың мәні", "Платон мен Аристотель көзқарастарының ұқсастығы туралы" және т. б.

Эпикалық ескерткіштер тарихнама тұрғысында. "Қорқыт кітабы", "Оғыз - наме", Фирдоусидің "Шахнамесі", "Қобыланды", "Алпамыс", "Манас" және т. б.

Эпикалық ескерткіштерде ежелгі және ортағасырлық классикалық тарихнамалық дәстүрдің барлық шарттарының сақталуы. Эпикалық ескерткіштердегі тарихнамалық ақпаратты өзіндік "бүркемелеу" әдісі.

Әбу Райхан Мұхаммед Ибн Ахмед Әл-Бирунидің парсы-араб тілді әдебиеттік, тарихи-географиялық дәстүрлерді пайдалануы (Ибн Хордадбек, әл - Истахри, әл-Джайхани және т. б.).

Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (XIII- XVII ғғ.) .

Тарих ғылымы дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. XIII- XVII зерттеулердің Қазақстан тарихы үшін мәні. Тарихи зерттеулердің тақырыптары.

Тарихи ойдың дамуын анықтайтын шарттар: саяси және әлеуметтік негіздері. Ішкі монғолдық қатынастары мен Шыңғыс ханның Орта Азия және қазақстанды басып алу жөніндегі зерттеушілердің көзқарастары. Ортағасырлық авторлардың тарихи көзқарастарының ерекшеліктері мен сипаты. Тарихи дамудың маңызды мәселелерін талдау ерекшеліктері: ішкі монғолдық катынастар, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының басқыншылығы, Алтын Ордадағы саяси қатынастар, халықтың этникалық тарихы, ХІІІ-ХV ғғ. Дешті -Қыпшақ және т.б.

Монғол жылнамалары. "Құпия шежіре" деректанудың классикалық шығармасы. Ішкі монғол қатынастарының тарихы, монғол қоғамындағы түркі тайпаларының рөлі, монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алулары. Лубсан Данзан, Шар Пуджидің "Алтын шежіресі" (XVII ғ).

Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр. Араб зерттеушілернің ғылыми маңызы. Ибн әл-Асирдің моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең бойынша Орта Азия мен Қазақстан тарихы және XIII ғасырдың алғашқы 20-шы жылдарындағы моңғол әскерлерінің шапқыншылығы туралы мәліметтері. Әл - Насави шығармаларындағы Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанға шапқыншылығы туралы шынайы мәліметтері. Араб авторларының шығармалары Мамлюк мемлекеті мен Жошы ұлысының қарым- қатынастарының деңгейі мен сипаты туралы, әлеуметтік-экономикалық, әскери, саяси дамуы. Алтын Орда мен Дешті-Қыпшақ халқының этникалық тарихы туралы мәліметтер. "Бейбарыс жылнамасы", әл-Омари, ибн Батут (XIV ғ.).

Ибн Халдунның тарихи-философиялық ойлары: ғылым туралы, адамзат қоғамы, қоғам өмірінің ішкі заңдылықтары және тарих ғылымының міндеттері туралы. Ибн Халдунның Алтын Ордадағы қырқыстар туралы хабарлар.

Дешті-Қыпшақ туралы. Ибн Арабшахтың (ХУғ.) қыпшақтарға берген сипаттамасының моңғолдық билеуші топтың ресми тарихнамасына айналуы.

Парсы зерттеушілерінің моңғол жаулап алушылығы және моңғол үстемдігінің тарихы туралы іргелі еңбектері. Саяси қөзқастағы үстемдік.

Рашид ад-Диннің түркі және моңғол халықтары туралы тарихи энциклопедиясы. Қытайдан Испанияға дейінгі мәдени әлемнің синхронды тарихы. Рашид ад-Диннің деректерге қатынасы, оның бүкіл әлемдік тарихи прогрестің сипаты туралы ойлары. Шығыс Дешті-Қыпшақтың саяси дамуыньщ жүйелі тарихы.

Низам ад-Дин Исамидің зерттеулеріндегі қазақтар туралы мәліметтер (ХVғ. басы). Раззак Самаркандидің кезеңіндегі Орта Азиядағы, Қазақстандағы, Рандағы 1305-тен 1470 жылдар аралығындағы моңғол иеліктері және Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен ұрпақтарының биілігі, Ақ және Көк. Ордаларының орналасуы жайлы мәліметтері.         Ескендір түсініктемесі бойынша "өзбек" термині туралы мәліметтер. Шайбани ханның ресми тарихнамашысы Ибн Рузбиханидің көзқарасы. Мұхаммед Хайдар Қазақстан тарихын зерттеуші ретінде. Еуропа зерттеушілері. ХІІІғ. Моңғол империясы және Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа зерттеушілері Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрук шығармаларының салыстырмалы сипаттамасы.

Джиованни да Плано Карпини  еңбектеріндегі объективтілік: негізгі мәліметтердің сипаттамалары; Қазақстан территориясындағы қалалар.

ХV-ХVІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер. Шығыс деректері (парсы-түркі тілді). Негізгі бағыттары (шағатайлық, сефевидлық, мавераннахр - шайбанидтік, хивиндік хроникалар). Парсы-тәжік тарихи ойдың сипаттамасы. Орыс мұрағат материалдары. Саяхатшылардың жазбалары мен елшілердің есептері. Ауызша тарих айту дәстүрі. Қазақ хандығы тарихындағы өрлеу. Сыртқы саясат аспектілері. Қазақ хандарының дипломатиясы.

ХVIП-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХНАМА

XVIII г. тарихи білім.

XVIII ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық-әдістемелік мәселелері. Тарихи зерттеулердегі оң бетбұрыс. Ресейдің шығыстағы сыртқы саясаты. Саясаттың идеологиялық қалыптары - еуроцентризм, шовинизм, қазақ халқын тарихи зерттеудегі бұрмалаушылық, Қазақстанды зерттеудің отаршылдық мақсаты. Қазақстандық тақырыптың тарих ғылымының ерекше саласына айналуы, орыс шығыстануының қалыптасуы. Батыс еуропалық тарихнаманың әсері: басқа халықтар тарихымен салыстыра отырып қазақ халқының тарихын түсіндіру, көшпенділікті адамзат дамуының заңды жалғасы ретінде мойындау, құжаттарды зерттеуде деректанулық тәсілді жетілдіру, ағартушылық тарихнаманың әсері, "қалыпты жағдай теориясы" мен "адамзаттың алтын ғасырын" қазақ топырағына жоғарыдан жасанды түрде көшіру. Географиялық ортаның қоғам дамуына әсері.

Қазақтар туралы этнотарихи түсінік. Бұл түсініктегі отаршылдық, гуманистік бағыт.

Тарихнамалық еңбектердің түрлері: кешенді экспедициялық зерттеулер, өлкетанушылық тарихи зерттеулер, саяхаттарды жазудың беллетристикалық жанры, картографиялық және тарихи-географиялық материалдар, отаршыл әкімшілік пен әскерилердің шығармалары.

Қазақ даласын зерттеу  бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар. Сібір халықтарының тарихы бойынша материалдарды жинау бойынша нұсқау. Г.Ф Миллердің "История Сибири" еңбегі. И.К. Кириллов "Цветущее состояние Всероссиского государства". В.Н. Татищев және қазақ халқының этногенез мәселесі. Қазақ халқын оқып үйренудегі П.И. Рычковтың қызметі. "Топография Оренбургской губернии". Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі.

ІІ-ші Академиялық экспедиция. 

ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. Қазақ халқы туралы тарихи-географиялық мәліметтер. П.С. Паллас "Описание всех в Российском государстве обитающих народов, а также их житейских обрядов, обыкновений, жилищ, одежд и прочих достопамятностей". И.Г. Георгий, Иоганн Фальк, Н.П. Рычков. ІІ-ші Академиялық экспедиция қызметінің қорытындылары.

XIX ғасырдың І-ші жартысындағы тарихи ойдың дамуы.

В.В. Григорьевтің (1176-1881 жж.) буржуазиялық-ақсүйектік тарихнамасы. Қазақтардың ежелгі тарихы бойынша еңбектердің сипаттамасы. Проблематика мәселесі. В.В. Вельяминов-Зернов (1830-1904). "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сложениях Россий со Средней Азией со времен Абулхайрхана", "Исследование о касымовских царях и царевичах". Қазақ халкының қалыптасуының мәселелері. М.И. Ильминский., В.Г. Тизенгаузен., Я.ЬІ Ханыков «Географическое обозрение Оренбургского края». "Очерк состояния Внутренной Орды".

И.Н. Березин (1818-1896 жж.) шығыстанушы. Басылымдық қызмет. Г. Спасский "Сібір хабаршысы" журналы. Г. Спасскидің "Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды" атты еңбегі. Қазақтардың этногенезі.

Қазақстан туралы орыс тарих ғылымындағы демократиялық бағыт.

Жер аударылған декабристердің Қазақстанды зерттеулері. В.Д. Вольховский, П.Е. Величко, М.И. Муравьев-Апостол, С.М. Семенов, И.В. Виткевич, А. Янушкевич, С. Сераковский, А.Д. Боровков, А.О. Корнилович, Г.С. Батеньков және т.б.

Ресейдің әскери тарихшылары: С.Б. Броневский, М.И. Венъоков. Ресейдің Орта Азияны басып алу тарихының ағымдары. М. Красовский, Г.Ф. Генс және басқалар. Қазақтардың өмірі туралы мәліметтердің жиналуы. А. И. Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері "Қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын сипаттау". А.И. Левшиннің тарихи көзқарастары. Құрылымы. Тарихи ағым. Қазақстанның Ресейге қосылуын бағалау.

Ғылыми қоғамдар мен университеттердің тарих ғылымын дамыту бойынша қызметі. Орыс географиялық қоғамының қызметі. Статистикалық комитеттер. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы. Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Мәскеу қоғамының Түркістан бөлімі. Археология Әуесқойларының Түркістан үйірмесі.

Ш.Ш. Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық еңбектері, Қазақтардың этногенезі деректану саласында.

Қазақстан тарих ғылымының ХІХғ. ІІ-ші жартысы мен ХХғ. басында дамуы.

Қазақстан тарихының мәселелері батыс еуропалық тарихнамада. Герман тарихнамасы: Ф. Грен, Ф. Шварц, М. Альберхт, Мозер және т.б. Ағылшын тарихнамасы және Үлкен ойын концепциясы. Батыс еуропалық этнографиялық әдебиет.

      В.В.Бартольд, В.В. Радловтың еңбектерінің сипаттамасы. Қазақтардың этнографиясын зерттеудегі В.В Радловтың орны. Тарихи тұжырымдамасы.

      А.Н.Харузин (1864-1900 жж.). Бөкей ордасының қырғыздары Ә.Диваевтың (1856-1933 жж.) қазақтарды этнографиялық зерттеуі. Қазақ тарихындағы библиографиялық бағыт. А.Е. Алекторов.

       В.В.Вельяминов, И.В. Мушкетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский және еңбектері. Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы рөлі.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерінің тарихи көзқарастары. Ә. Бөкейханның "Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры" және "Қырғыздар" атты еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің тарихи көзқарастары. Қазақ халқының тарихи санасын оятудағы "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің рөлі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ зиялыларының еңбектерінде.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЬІҚ ЖҮЙЕ КЕЗЕҢІНДЕ

Қазақстан тарих ғылымы қазан төңкерісінен кейін және XX ғасырдың 20-30 жж.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1917 жылғы Қазан төңкерісінің мәні мен мазмұны туралы еңбектері. А. Байтұрсыновтың "Революция және қырғыздар" мақаласы. 1917 жылғы оқиғалар М. Шоқай естеліктерінде. Қазақ ұлттык-демократиялық зиялылары Қазақстан мен Түркістанды автономияландыру туралы.

Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы. Қазақстанда ғылыми - тарихи орталықтар мен мекемелердің пайда болуы. Тарих ғылымын орталықтандыру негіздерінің қалыптасуы. Ғылыми орталықтарды құру. Академорталық. Қазақстанды зерттеу бойынша орталық. Қазақстан тарихы бойынша жинақталған алғашқы еңбектер.

К. Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" атты зерттеуі. Жер мәселесінің тарихы Т. Шонанұлының еңбектерінде. А.П. Чулошников "Очерки по истории казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов". А.П. Чулошниковтың қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша еңбегіне М. Тынышбаевтың сыни пікірі. Академик В.В. Бртольдтың еңбектері және олардың Қазақстандағы тарих ғылымының дамуындағы орны. А.Ю. Якубовскийдің, В. Владимировтың еңбектері. Революцияға дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар.

X. Досмұхамедұлының қазақ батырлары: Исатай, Махамбет, Жалаңтөс туралы зерттеулері. М. Тынышбаевтың қазақ халқының тарихы бойынша материалдары мен ғылыми еңбектері және оның өлкетанушылық зерттеулері.

Информация о работе Қазақстанның ежелгі тарихы