Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:27, реферат
Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы).
Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуі. Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндеті. Моңғол әскерін ұстау үшін жиналатын «Тағар» салығы. Жошы ханның қайтыс болуы және оның мұрагері. 1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiмінің қабылдануы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, солтүстік Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Еуропаға шабуылы.
Алтын Орданың құрылуы
(1243). Алтын Орданың Моңғол империясынан
оқшаулануы. Алтын Орданың территориясы,
құрамындағы халықтардың
Өзбек және Жәнібек хандар тұсында Алтын Орданың күшеюі. ХІҮ ғ. 60-70 жж. «дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік үшін ішкі қырқыстар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395). Алтын Орданың ыдырауы. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының, Ноғай Ордасының бөлініп шығуы.
2.2. ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан
кейінгі Қазақстан
Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы, территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ – астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай хан (1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында Ақ Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын орны.
Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы.
Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы. Ноғай Ордасының территориясы және ірі тайпасы. Ноғай Ордасының орталығы. Ноғай Ордасын билеушілер. XIV-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы «Қырымның қырық батыры» эпостық жыры. Ұлыс билеушісі. Ноғай Ордасының көрші мемлекеттермен, Қазақ хандығымен қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.
Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы). Шағатай ұлысының солтүстік-шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының Моғолстанның саяси өмiрiндегі рөлі. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы. Хан кеңесі (мәжіліс). Әмір Темір және Моғолстан. ХІҮ соңы – ХҮ ғ басындағы Моғолстан. Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Моғолстан. ХҮ ғ соңындағы ыдырау процестері. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы.
Әмір Темір жорықтары. Әмір Темірдің өмірі мен қызметі жөніндегі деректер мен зерттеулер. ХІҮ ғ ортасындағы Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайы. Әмір Темірдің билікке келуі (1370-1405), оны қолдаған саяси күштер мен топтар. Әмір Темірдің Мауреннахрда бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясаты. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары. Ақ Ордамен күрес. Алтын Орда ханы Тоқтамыс әскерімен (1391, 1395), түрік сұлтаны Баязид әскерімен Анкара түбіндегі (1402) шайқастары, олардың түркі халықтары үшін трагедиялық зардаптары. Әмір Темірдің қайтыс болуы. Әмір Темірдің Түркістан тарихында алатын орны. Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің билігі. Әмір Темір және оның мұрагері тұсындағы мәдениет. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салынуы. Қала мәдениеті. Ұлұқбек мырза. Захараддин Бабыр. Әлішер Науаи және түркі тіліндегі әдебиеттің дамуы. Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыруы. ХҮІ ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар. Жошы хан кесенесі.
Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
Этногенез мәселесі. Этникалық процесс туралы түсінік. Этникалық процеске қажет негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш жазба деректерде қолданылуы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері. Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі. Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұғым және оның этно-генетикалық процесте алар орны.
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан
және Әбілхайыр хандығы тұсындағы
этникалық процестер. Мұхаммед Хайдар
Дулати қазақ халқының қалыптасуы және
Керей мен Жәнібек хандар ұлысына
қазақ этнонимінің орнығуы
2.4. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж.). Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М.Дулати “Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. ХҮ ғ ортасындағы Әбілхайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы – дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының артуы. Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Мұхаммед Шайбани Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзуі. Қазақ халқы санының 1 млн. адамға жетуі. Шайбани ханға қарсы күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. ХҮІ ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық аралағының Қазақ хандығына өтуі. Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты орнату. Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі. Қасым ханның «Қасқа жолы». Оның қызметі туралы мәліметтер. Степанов басқарған орыс елшілігінің Тәуекел ханға келуі.
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. 30-шы жылдары аралығындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы. Мамаш хан (1518-1523). Тахир хан билігі (1523-1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Бұйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және Моғолстанмен ара-қатынасы. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ хандығына жорығы. Бұйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Орыс патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы. 1574 ж. 30 мамырдағы ағайынды Страгоновтарға берілген Иван Грозныйдың грамотасының мәні. Хақназар ханның өлімі.
Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке Тәуекел ханның (1586-1598) келуі. Мауреннахр билеушісі Абдолла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға жорығы, оның қорытындылары. Абдаллах хан әскерінің талқандалған жері. Ташкенттің 200 жылға Қазақ хандығына берілуі.
Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылықтар. Тұрсын ханның өзін Ташкент билеушісі жариялауы. Есім ханның Шығыс Түркістанның ішкі өміріне араласуы. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі. Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге қырғыздардың қолдау көрсетуі. Тұрсын ханның өлімі. Есім ханның қайтыс болуы. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала. Салқам Жәңгір ханның билікке келуі. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Жоңғарларға қарсы күресте Жалаңтөс баһадүрдің Жәңгір ханға көмегі. 1613 жылы өзін Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан.
Тәуке ханның (1680-1718 жж.) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістер. Батырлар мен билердің рөлі. Хандық Кеңес. «Жеті жарғы» заңы. Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан атақты билер. Харадж, соғым, сауын, бадж, зекет салықтары. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Сібірге барған бес елшілік. Тобыл қаласына барған Тәшім батыр елшілігі. Қазақ-орыс, қазақ-жоңғар қатынасы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты. 1710 жылы Қарақұмда үш Жүз өкілдері жоңғарларға қарсы күшті жұмылдыру мәселесін қарастыруы. Бөгенбай батыр қазақ жасағының қолбасшысы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы. Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі. 1718 жылы Аягөз бойында қазақ сарбаздарының жоңғарлардан жеңілу себебі. Жоңғарлардың 1723 жылғы басқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына қарсы жорығының мақсаты. 1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып Әбілқайырдың сайлануы. Біріккен қазақ жасақтарының жоңғарларға ойсырата соққы берген жері. 1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы «Қалмақ қырылған» шайқасы. 1729-жылғы «Аңырақай» шайқасы, олардың тарихи маңызы.
2.5. ХҮІ-ХҮІІІ
ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-
Қазақ халқының этникалық құрамы. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба мәліметтерде көрінуі. Қазақ жүздері мен оларға тән тайпалар. Жүздердің территориясы. Жүздердің шығуы туралы мәселе. "Төлеңгіттер". ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ақсүйектер тобы: хандар, сұлтандар және төрелер, олардың қазақ қоғамындағы орны. Билер, батырлар, байлар, қожалар мен ишандар, оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер, жатақтар.
Қазақ халқының тіршілік көзі – мал шаруалығы. Қазақ даласының климаттық және топырақтық ерекшеліктері – көшпелі шаруашылық негізі. Көшіп-қону ауқымы мен бағыттарының табиғат өзгерістерінен тәуелділігі. Егіншілік, оның дамыған аймақтары. Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас.
Қазақ қоғамындағы феодалдық
қатынастардың ерекшеліктері
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдениет. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалық аймақтар. Қалалардың атқарған ролі мен маңызы. Сыр бойы қалалары: 1513 жылғы Сығанақ (Көк кесене), Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам. Ташкент қаласындағы «Көкемнің көк күмбезі» ескерткіші. Қалалардың ішкі құрылымы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері.
Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек құралдары және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-жарақтар. Қолөнер, кәсіпшілік, тігіншілік.
Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі. Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.
ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идея. Тәуке мен Абылай хандардың кеңесшісі болған қазақ жырауы.
ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)
3.1. Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.
Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. 1697 жылғы Галдан Бошоктың билік басына келуі. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның мәні. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі – 1 қазан 1715 ж., Омбы бекінісі – 20 мамыр 1716 ж.), А.Бекович–Черкасскийдің, П.Северскийдің (Железинск бекінісі – 1717 ж.), И.М.Лихаревтің (Өскемен бекінісі – 1720 ж.) экспедициялары. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері. 1723 жылғы қыркүйектегі Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына жорығы. 1726 ж. Күздегі Әбілхайыр, Сәмеке ханжардың, Есім, Барақ сұлтандар басқарған қазақ жасақтарының Лобжы Назаров тайшы билейтін қалмақ ұлысына жорығы. Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерін Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберуі. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші жүз (1731 ж.) және Орта жүз (1734 ж.) қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. И.И.Неплюев. Кирилов бастаған Орынбор экспедициясының мақсаты. Ор бекінісінің құрлысының басталуы. 1749 жылы Петербург сарайындағылардың Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп бекітуі.