Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 23:02, реферат

Описание работы

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді.Олар:атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтары, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Оларға ең алдымен таусылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері айтарлықтай емес.Адам олардың толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасау керек.Сондай-ақ, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................4-6
I-бөлім. Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау
1.1Қазақстанның табиғат ресурстары............................................7-8
1.2.Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары.....................9-10
1.3Қоршаған ортаны қорғау............................................................11
1.4Топырақты қорғау жолдары......................................................12-13
1.5Қазақстан Республикасының қорықтары.................................14-21
1.6Батыс Қазақстан облысының табиғат – қорығы қоры
нысандары..................................................................................22-24
1.7Қазақстанның «Қызыл кітабы»..................................................25
II- бөлім. Экономикалық бөлім.
2.1 Егістік жерлерді есепке алу бойынша жерге
орналастыру жұмыстарының өндірісі...................................27
2.2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығы төлемдерін әзірлеу...............................................28
2.3 Ауылдың елді мекендер территориясына жерлік-
шаруашылық орналастыру жобасын жасау............................29
2.4 Жерге құқық жөніндегі құжаттарды әзірлеу,жер бөліп
беру бойынша жұмыстардың өндірісі,тұрғылықты
жерге жер учаскесінің шекараларын жасау............................30
Қорытынды....................................................................................31-32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ..................................................33

Работа содержит 1 файл

«Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған.doc

— 197.50 Кб (Скачать)

 

     7)Үстірт қорығы-1984 жылы Маңғышлақ обылысында Үстірт мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.Маңғыстау өңіріндегі үстірт жазығының шөлейтті аймағының табиғатын қорғау мақсатында ұйымдастырылған.

     Үстірт  ауа-райы өте қатал:қысы суық,жұқа, жазы ыстық,құрғақ.Жауын –шашын  жылына орта есеппен 100-150  мм  ғана түседі.Бұл маңда, негізінен , шөл далада өмір сүруге бейімделген үстірт қойы,қара кірпі,сабаншы,қарабауыр бұлдыррақ,шөл кекілігі,бүркіт,жыланбүркіт сияақты аң-құстар қорғалатын болады.

     Аса бағалы  аң- жабайы дала қойының саны-1,5-2,0 мыңдай ғана.Қорықтың басты міндеттерінің бірі-осы Үстірт қойын қамқорлыққа алып,санын көбейту.

 

     8)Батыс Алтай қорығы- Батыс Алтай қорығы  Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды.ол 1992 жылы құрылған,жер көлемі-30,73 мың га.Қорық қазақстандық Алтайдың Линей, Кокшин атты тау сілемдерін алып жатыр.

     Батыс Алтай  қорығының ғылыми  экскурсиялық,танымдық  мәні зор.болашақта қорық экологиялық  мониторингтің ошағына айналатынына  сенім мол.Себебі табиғи ландшафттар  әлі де болса өзінің алғашқы  сипатын сақтаған экожүиелер болып саналады.

 

     9)Алакөл қорығы-Алматы облысының  Алакөл ауданының аймағында орналасқан.1998 жылы құрылған ең жас қорық.Көлемі-73,3 мың га.

     Қорықтың  климаты қатаң.Әсіресе,қыс айларында  «сайқан» және «ебі» атты күшті  желдер үзбей соғып тұрады.Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі.Олардың негізгілері-сары дүңгіршек,атқы жапырақ,су тұңғиығы.

Алакөл қорығының болашағы зор.

     Қазақстанда  қорықтармен қатар ,қорық-қорлардың,ұлттық  парктердің,табиғи ескерткіштердің  маңызы зор.

     Қорықтар-табиғат байлықтарын бастапқы табиғи қалпында келешек ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми-зерттеу ордасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6 Батыс Қазақстан облысының табиғат – қорығы қоры нысандары

 

     Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды.  
Олардың ішінде үшеуі мемлекеттік қорықша мәртебесіне ие. Олар – Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы.  
  

     Кирсанов- зоологиялық қаумалы бұлан, қабан,  елік, борсық, түлкі, қоян, өзен құндызы сияқты сирек кедесетін жануарларды сақтап қалу мен өсіру мақсатында ұйымдастырылды.  
     Қаумалдың ауданы 61,1 гектарды құрайды, облыстың Бөрлі, Теректі және Зеленов аудандарының аймағында орналасқан.  
     Жануарлар әлемін қорғау жөнінде қорықты ұйымдастыру табиғат кешенін аман-сау сақтап қалуға себеп болды. Осының арқасында өңірдегі сирек кездесетін жануарлар түрлері сақталынды. Быковка және Ембулатовка өзендерінің жайылмалары бойымен құндыз көбейіп, жерсінді.  
     Қаумал аумағы жайылмасында Орал өңірінің далалық табиғи кешенінің бірегей тамаша еменді және үйеңкі ормандары сақталған. Олар жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлері үшін керемет жағдайлар жасады, олардың көбісі тек Батыс Қазақстанда ғана кездеседі.  
     Өсімдіктер әлемі өте қызықты. ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің көптеген түрлері таратылып қана қоймай, сансыз көбейген. Мысалы: емен, қурай, қабыржақ, бүлдірген, алма ағашы, қарақат, мойыл ормандарды құрайды. Бұнда облыстағы сирек өсімдік түрлеріне: бетір, шыбынсалы, қосбас, шерменгүл, сүйелшөптер тән.  
  

       Бударин-  зоологиялық қаумалы жануарлар  мен құстардың сирек түрлері:  европалық қара күзен, орман  сусарысу тышқандар, аққұйрық  суқарақұс, құрды сақтап қалу  мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін  жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.  
     Қаумалдың ауданы 80,0 гектарды құрайды, Ақжайық және Зеленов аудандарында орналасқан.  
     Қаумал аумағында басқа аудандарда жануарлардың бағалы түрлері: бұлан, елік, қабан, қоян, ондатраның мекендеуі, көбеюі және сақталуы үшін барлық жағдайлар жинақталған.  
     Бұдан басқа, қаумал аймағы Орал өзенінің жайылмасындағы сирек реликтісіндегі су жаңғағы мен су папоротник-сальвиниясының мекендейтін ең оңтүстік жері. Қорғау арқасында сальвиния сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге Көшім бойымен және оның су қоймасында Қамыс-Самар көліне дейін орналасты. Қаумалды сақтау орман өсімдіктерін қалпына келтіруге септігін тигізетін болады.  
     Соңғы жылдарда зоологиялық қорықты ұйымдастыру – тек жануарлар әлемін ғана емес, барлық табиғи кешендерді аман-сау қорғауға септігін тигізді.  
   

      Жалтыркөл-  зоологиялық қаумалы ҚР Қызыл  кітабына енген құстардың сирек түрлері: бұйра бірқазан, ақбас тырнасы, қарабайлар, қылаң қарабас шағала және т.б. сақтап қалу және өсіру мақсатында, сонымен бірге жануарлардың басқа түрлері: қабан, қоян, түлкі, борсық, сұр қаз, үйректі өсіру мен пайдалану ұйымдастырылды.  
Қаумалдың ауданы 19,0 гектарды құрайды, ол Жаңақала ауданында орналасқан.  
     Жалтыркөл көлінің су айдыны жан-жағынан жіңішке жапырақты қоға, қамыс қопасымен қоршалған. Қопа алқабының ені 50-ден 200 м-ге дейін. Өзеннің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағаларында жыңғыл қопалары мол.  
     Өзен жағалауларын батыстан, шығыстан және солтүстіктен ақ жусанды өсімдіктері қоршайды.  
     Қаумал аймағында 70-ке тарта құс түрі мекендеп, ұя салады. Оның ішінде 14 Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар: бұйра бірқазан, лашын, ақбас тырнасы, сұңқылдақ-аққу, отүйрек, аққұйрық суқарақұс және тағы басқалары. Сүтқоректілерден дала тышқаны мекендейді.  
     Қоршаған ортаны, өндіріс жағдайларды жақсарту және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатында Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын 7 табиғи аумақ құрылды.  
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.7 Қазақстанның «Қызыл кітабы»

                              Қызыл кітап-

                                               Мезгілсіз кеткендердің

                                                                      Бастарына қойылған қызыл шырақ!

                           Келеді кез

                                                 Күрделі біздің бұл кез!

        Жаутаңдайды адамға түзде мың  көз.

                                Қызыл кітап-

                                                      Опат болып кеткен аңның

                                                                        Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Қ.Мырза-Әлі

     Халықаралық табиғат қорғау ұйымы-1948 жылы құрылды.Ұйымның мақсаты-дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын.Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды.Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

     «Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған.Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген.Ол санаттар төмендегідей:

1 санат-жойылып бара жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай дерек жоқ.мыс:қызыл қасқыр,қабылан т.б.

2 санат-саны азайып бара жатқандар.Мыс:балқаш алабұғасы,сары құтан, құлан, т.б.

3санат-сирек кездесетіңдер.Мыс:қар барысы,жарқанат,қара тұрпан,бұлдырық, т.б.

4 санат-белгісіздер.Мыс:шұбар кесіртке,қара шұбар,жылан, т.б.

5 санат-қалпына келгендер.Мыс:кіші аққу,көкқұс, т.б.

     «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға,өсімдіктерді жоюға тыйым салынған.

 

 

 

 

 

II-Бөлім

Э к о н о м и к а л ы қ   б ө л і м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Егістік  жерлерді есепке алу бойынша  жерге орналастыру жұмыстарының  өндірісі.

Өлшем бірлігі-жер учаскесі.

Жұмыстардың атауы

Бағасы,тг.

Өңд.жерлер 17000

1

2

3

4

1

Дайындық жұмыстары:

-жоспар картографиялық материал- дары ІШІ жерге орналастыру жобалар ды топырақты зерттеу,жер есебінің берілгендерінің аумақты есептеу ауыл шаруашылық алқаптарының сапалы өнімдер іріктеу және оқыту;

-аудан шарушылығы бойынша егістік  жерлердің құрамы жөнінде мәлімет толтыру,жоспар негізіне ауыл шаруашылығы кәсіпорынның шекарасын,фермерлік және басқа да шарушы лық массивтерін енгізу.

1925

965

 

 

 

 

960

8662.5

4342.5

 

 

 

 

4320

2

Егістік жерлерді есепке алу :

-жыртылған жерлердің және бос  жатқан жерлердің орналасуын зерттеу және нақты аудандарды орналастыру;

-егіс даласын зерттеу жүргізгенде  жыртылған жерлердің және бос  жатқан жерлердің кескінің жасау;

-егістік жерлерін есепке алу  актін әзірлеу;

-егістік жерлердің ауданың анықтау.

27789

13722

 

9610

1379

3078

125050.5

61749

 

43245

6205.5

13851

3

Егістік жерлерді пайдалану бойынша  ұсыныстарды әзірлеу:

-егістік жерлердің сапалы құрамын анықтау және болашағы жоқ,өнімділігі төмен жерлерде өңдеу шараларымен айналасу;

-учаске жоспарына басқа да  жататын пайдаланатын алқаптардың түрлерін енгізу,аудандарды есептеу және егістік жерлердің жинақ ведомствосын құрастыру;

-егістік жерлердің жүйелік есепке  алу.

11107

3800

 

2931

 

4376

49981.5

17100

 

13189.5

 

19692

 

Барлығы

40881

183694.5


Ескерту:1.Жұмыстың құнын анықтау және есепке алу тәртібі егістік жерлер дің мың га ауданымен кадастр кварталының иелігінде қарастырылады.

               2.Егістік жерлердің 1га.есепке алу құнын өткізу мынаны құрайды:

-өңделмеген жерлер-2.8 тг/га.            -өңделген жерлер-4.5 тг/га.

Өңделген жерлердің құнының көбеюі есепке алу бойынша қосымша жұмыстардың көлемімен байланысты.

2.2 Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге жер салығы  төлемдерін әзірлеу.

 

Өлшем бірлігі 500га.дейінгі жер учаскесі

Жұмыстардың атауы

Бағасы,     

тг.

Сипаты 5.1.2

1

2

3

4

1

Дайындық жұмыстары:

-жұмысты орындауға тапсырма  алу,қажетті жоспарлы-картографиялық  және топырақ материалдарын әзірлеу

 

127

 

101.6

2

Топырақты зерттеудегі материал бойынша  жер учаскелерінің топырағының  орташа өлшеген бонитет балын  есептеу

 

160

 

128

3

Жер учаскесін орналасунан топырақ  сапасы және басқа факторлардың жер  салығына байланысты ставкасын анықтау

 

551

 

440.8

4

Тапсырыс берушіге материалдарды  тапсыру және безендіру

467

373.6

 

Барлығы

1305

1044


 

 

Ескерту:1.Жұмыстың құндылығы,III санат бойынша алынып отыр,-санат жерлердің коэффициенті-0.8; I-0.9; IV-1.1; V-1.2; III-1.5.

              2.500га-ға дейінгі учаске үшін жер салығына берілгендер әзірлеу бойынша жұмыстарды орындайды.Жер учаскесіне 1000га дейінгі аумақтағы коэффициенті-1.2:2000га дейінгі 1.3 қолданылады,әрбір бағаны 10% көбейтеді.

 

 

 

2.3 Ауылдың  елді мекендер территориясына  жерлік-шаруашылық орналастыру жобасын  жасау.

Өлшем бірлігі-мекен.

Жұмыстардың атауы

Бағасы

тг.

Бағасы,

тг.0.8

1

2

3

4

1

Дайындық жұмыстары:

-тапсырманы алу,пландық картографиялық материалдарды, геоботани калық зерттеулерді және басқа да жобалық құжаттамаларды жасау және зерттеу

1032

1032

 

825.6

2

Елді мекендердің жерінің қалыптасуының  құрылымын анализдеу:

-жерлердің пайдаланылуын және  оның елді-мекен жобасына сай келуі;

-планға елді-мекеннің орналастырудың  сипаттамасы және оның функционалдық  қызметі;

-қазіргі заманғы жерге оналастырудың  сипаттамасы және оның функционалдық  қызметі;

-шағын және орта кәсіпкерліктің  кәсіпорындары, оның қысқаша сипаттамасы;

-жайылымдардың жағдайы;

-ластанған және бұзылған жерлер,қолданылмайтын  және резервтік территориялар.

7960

1248

 

670

 

3032

2050

 

670

290

 

998.4

 

536

 

2425.6

1640

 

536

233

3

Жобаны әзірлеу:

-территорияны зоналау,жерді баланстау;

-елді-мекенді дамытуға керекті  қосымша жерді есептеу;

-қолданылмайтын және резервтік  территориялар, оларды қолдануға  ұсыныстар;

-қосымша қожалықтардың жерлерін  орналастыру;

-тұрғындардың жеке малдарына  арналған шабындықтарды және  жайылымдарды орналастыру;

-жер қорығын өркендетуге арналған  ұсыныстар, салық алу мақсатында зоналауды өткізу.

26030

5200

 

2750

 

6743

3520

4360

3457

 

4160

 

2200

 

5394.4

2816

3488

2765.6

4

Жобаны қарау және бекіту.

3600

2880

5

Жерлік-шаруашылық орналастыру жобасының  материалдарын 3 дана етіп көбейту,сыртын қаптау және архивке тапсыру.

4405

3524

 

Барлығы

43027

34422.6


Ескерту:1Өлшеу тұрғындары 1 мың және ауданы 750га бір елді-мекенді алу.2.Елді-мекен тұрғындары 1 мыңнан аз болса-0.8 коэф.ал 1 мыңнан көп болса 1.2 коэф,алынады.3.Елді-мекен тертиториясы 750га-дан кем болса-0.8 коэф, қолданылады.4.Даналық жұмыстардың бағасы III-кат күрделіктен алынады. I-кат-0.8коэф, II-кат-0.9;IV-кат-1.1;V-кат күрделілік категорияның сипаттамасы баға прейскураторының 1-бөлімінде көрсетілген.

 

2.4 Жерге құқық  жөніндегі құжаттарды әзірлеу,жер бөліп беру бойынша жұмыстардың өндірісі,тұрғылықты жерге жер учаскесінің шекараларын жасау.

Өлшем бірлігі-жер учаскесі.

Жұмыстардың атауы

Құны,тг

Санаты

1

2

3

4

1

Жұмыстарды орындау үшін тапсырма алу,қажет құжаттарды жүйелеу,зерттеу  және жинау.

560

448

2

Жер учаскелерінің сыртқы шекараларын  анықтау.

2197

1757.6

3

Екі тілде акт толтыру бойынша  тапсырыстық бланкілерін толтыру.

450

360

4

Екі данадан акт әзірлеу

359

287.2

5

Жер кадастрлік ісінің қалыптасуы және мұрағатқа тапсыру

225

180

 

Барлығы

3791

3030.8


 

Ескерту:Екі немесе одан да көп жер учаскесіне акт әзірлегенде жерді орналастыру жұмыстары бір уақытта орындалады және 0.8 коэффициентін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Қорыта айтқанда-қоршаған табиғи ортаны қорғау әркімнің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.Қоршаған ортаға жағымсыз антропагендік ықпалын азайтуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жасалуының,оларды орындауға әрбіреуіміздің ат салысуымыз қажет.

     Адамның өміріне,тіршілігіне қорашған орта әр уақытта да әсер етіп отырады.Қоршаған ортаны қорғау,жақсарту,оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі.Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде.себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды өндірілуі,ауыл шаруашылғын индустрияландыру мен химияландыру,химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде.Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттың тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болды.Әр түрлі улы қосылыстар,химиялық ластаушылар азық-түлікті,ішетін суды,атмосфералық ауаны ластады.  

Информация о работе Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау