Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 23:02, реферат

Описание работы

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді.Олар:атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтары, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Оларға ең алдымен таусылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері айтарлықтай емес.Адам олардың толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасау керек.Сондай-ақ, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................4-6
I-бөлім. Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау
1.1Қазақстанның табиғат ресурстары............................................7-8
1.2.Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары.....................9-10
1.3Қоршаған ортаны қорғау............................................................11
1.4Топырақты қорғау жолдары......................................................12-13
1.5Қазақстан Республикасының қорықтары.................................14-21
1.6Батыс Қазақстан облысының табиғат – қорығы қоры
нысандары..................................................................................22-24
1.7Қазақстанның «Қызыл кітабы»..................................................25
II- бөлім. Экономикалық бөлім.
2.1 Егістік жерлерді есепке алу бойынша жерге
орналастыру жұмыстарының өндірісі...................................27
2.2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығы төлемдерін әзірлеу...............................................28
2.3 Ауылдың елді мекендер территориясына жерлік-
шаруашылық орналастыру жобасын жасау............................29
2.4 Жерге құқық жөніндегі құжаттарды әзірлеу,жер бөліп
беру бойынша жұмыстардың өндірісі,тұрғылықты
жерге жер учаскесінің шекараларын жасау............................30
Қорытынды....................................................................................31-32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ..................................................33

Работа содержит 1 файл

«Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған.doc

— 197.50 Кб (Скачать)

   Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді:

 

1)Жанатын пайдалы қазбалар;мұнай,газ және көмір жатады.

 

2)Кенді пайдалы қазбалар;темір,марганец,хром,никель,алюминий,мыс,

                                                 полиметалдар және алтын жатады.

 

3)Кенсіз пайдалы қазбалар;асбест,фосфорит және тұз жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Топырақты қорғау жолдары

 

     Табиғатты  қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық  іс-әрекеттері қоршаған ортаның ,соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады.

     Топырағы бүлінген жерді қайта қалпына келтіруді-рекультивациялау деп атайды.Бұл кезде шұңқырларды,үйінділерді тегістейді,жер бетіне қалыңдығы 25-70  см ¼ қарлы топырақ төгеді де,түрлі өсімдіктер егуге қолайлы жағдай жасайды.

     Соңғы жылдары егістік жерлерді, шабындықтарды, жайлымдарды молырақ, үздіксіз пайдаланудың нәтижесінде топырақ эрозиясы өсіп отыр.Жыл сайын қосымша жерлер істен шығуда.бұған тойтарыс беру үшін төмендегі шараларды жүзеге асыру керек:

 

1)Топырақ эрозиясына қарсы табиғат қорғау ағаштарын    

     отырғызу,гидротехникалық құрылыстар салу,ауыл шаруашылығында    

     дақылдарды кезектестіріп отырғызуға көбірек көңіл бөлу.

 

      2)Топырақ қорғайтын көпжылдық шөптер себу.

 

      3)Жер жыртқанда,атмосфералық және ирригациялық жүйелерден келетін     

           сулардың ағып кетпеуіне қамқорлық  жасау.

 

      4)Сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту мақсатында бұларға  

          тамыры тереңге кететін,жел эрозиясына бой бермейтін ағаштарды және     

          дақылдарды отырғызу.

 

      5)Құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде, мал жаюды реттеп отыру.

 

      Топырақ  қабаты мынадай негізгі түрлерден  тұрады:

Оңтүстік қара топырақ,қоңыр қызғылт,қызғылт,ашық қызғылт және сұр топырақ.

     Осы көрсетілген топырақ түрлері  белгілі бір табиғат зоналарына немесе бір зонаның ішкі зоналық бөліктеріне тән.

     Топырақты құрастырушы жыныстардың ішінде көбіне-көп ауыр саздақ пен сазды шөгінділер болады.Ал топырақтың қарашірік қабаты 40-60  см тереңдікке дейін жетеді.Оный түсі  қара сұрғылт болып келеді.Бұл топырақтың құрамында қарашіріктің органикалықбөлігі 4-6,5%    мөлшерінде.

     Қоңыр қызғылт топырақ әлсіз карбонатты шөгінділердің үстінде пайда болады.Жер асты суы 10  м немесе  одан әрі тереңдікте жатады.Құнарлы қабаттың қалыңдығы 49-60  см-ге жетеді.құнарлы органикалық қарашірігі    4-5,5% -ды құрайды.

     Қызғылт топырақ- қоңыр және ашық қызғылт топырақтардың арасында орналасқан.оның алап жатқан көлемі-934 мың гектар.Бұл топырақтың құрылымы жеңіл-құм, құмайт, және шөгінді саздан тұрады.Шөп жамылғысында ақ селеулі-бозды түрі басым.Қарашірік қабатының қалыңдығы 40  см шамасындай, Органикалық  құнарлы

бөлігі  1,5-2,5 %.

     Сұр топырақтың ашық қызғылт топырақтан айырмашылығы,қарашірік қабаты жұқа және түсі ақшыл, құрамында тұздың үлесі көптеу болып келеді.Жер асты суы бұр ішкі зонада  10-15  метр тереңдікте жатады.

Өсімдіктерден боз, ақ жусан  және ақселеу, жауашық қоңырбастың  түрлері кездеседі.Сұр топырақтың қарашірік қабаты 40-50  см-ге дейін жетеді, бірақ құнарлы Органикалық бөлігі  0,4-0,6  пайыз ғана.Ойпаң жерлердегі сұр топырақтар ішінде шалғынды сұр топырақ қабаты қалыптасқан.Бұл түрінің қарашірікті қабаты 60  см-ге дейін жетеді.

 

 

 

1.5 Қазақстан Республикасының қорықтары

 

     Қорықтар-бұл табиғи нысандарды қорғаудың ең жоғарғы

формасы.

     Дүние жүзінің қорықтар аумағында қорғау тәртібі,олардың атқаратын қызметі,негізгібағыты әр елде әр түрлі.

     Табиғи ландшафтыны қорғау үшін біздің ғаламшарымыздағы генофондыны сақтауда,әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде «табиғат лабораториясына» айналған қорықтардың маңызы өте зор. 1983 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, дүние жүзінің 124 елінде 4 млн км² жер көлемін алып жатқан 2600-ден астам ірі қорық бар.

     Дүние жүзіндегі  ең үлкен қорық- Гренландия ұлттық саябағы. Оның жалпы көлемі-7 млн га.

     Адамның іс-әрекетінің салдарынан бұзылмаған табиғи, белгілі бір географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді табиғат эталоны деп атайды.Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқаруы үшін сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы керек.қорықтарға адамның іс-әрекеті әсер ете қоймаған жердің аумақтары кіреді .Ең алдымен жойылып кету қаупі бар ландшафтылар эталоны, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынады.Қорықтардың негізгі маңызды қасиеті-табиғат эталонының қорғауға  қорық аумағындағы өзгерістердің адамның қатысынсыз өзімен-өзі жүруі.Егер қорықтар антропагендік ландшафтылардың ортасында орналасса оған өнеркәсіп құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының әсері тимеуі үшін 2 километрлік қорғаныс аймағын жасайды.

     Қорық-осы  ауданға тән барлық табиғи ландшафтыны табиғи күйінде қорғауға алынатын жоғарғы санаттағы табиғат аумағы.Қорықта ерекше қорғауды қажет ететін жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлері және  өлі табиғаттың бөлшектері сақталып,қорғалады.Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын сақтаудың нәтижесінде бтогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар алынып отырады.

     Жануарлар мен өсімдіктердің бағалы түрлерінің жойылып, сиреп бара жатуы қорықтарды ұйымдастыруға мәжбүр етті.Қорықта саны белгілі бір дәрежеде көбейген, қорғалған жануардың түрі басқа көршілес жерлерге таралады.

     Біздің елімізде қорықтар ғылыми мекеме болып саналады.Онда жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

     Біздің Республикамыз табиғи ресурстарға өте бай.Қазақстанда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5000-нан астам түрі. Жануарлардың-175, құстардың-480, бауырымен жорғаушылардың-48, қосмекенділердің-33, балықтың 150 түрі кездеседі.Міне,бұларды ұқыпты пайдаланумен қатар, қорғап,одан әрі көбейтуге жағдайлар жасау керек.

Қазір Қазақстан  аумағында 9 қорық бар.

1)Ақсу-Жабағылы  қорығы.

2)Наурызым қорығы

3)Алматы қорығы

4)Барсакелмес  қорығы

5)Қорғалжын  қорығы

6)Марқакөл  қорығы

7)Үстірт қорығы

8)Батыс Алтай  қорығы

9)Алакөл қорығы

     Бұл қорықтарда бұрын даламызда мекендеген, соңғы кезде саны азайып кеткен жабайы жануарлар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері қорғалады.

     Қорықтарды ұйымдастырудың негізгі мәні мынады;

1)қорық үшін адамның қолы тимеген табиғаттың тамаша жерлері

  бөлінеді.

 

2)онда табиғат кешендері  мен бірге сирек кездесетін  жануарлар мен өсімдіктер қорғалатын  болады.

 

3)қорықтар табиғи-географиялық  аймақтың үлесі қызметін атқаруы

  тиіс.

4)қорықтардағы табиғи процестер өз заңдылығымен жүруі тиіс.

 

5)жойылып кету қаупі  туып тұрған табиғи орындар  «қроықтар» деп   

  жарияланды.

 

     1)Ақсу-Жабағылы қорығы-ол 1926 жылы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды.Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық.Бұл қорық Шымкент облысының Түлкібас,Ленгір және Жамбыл облысының аудандары түйіскен Талас Алатауының Өгем,Піскен тауларына жалғасқан жерінде орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастырыудағы негізгі мақсаты-Батыс Тянь-Шань ландшафтын қаз қалпында сақтап,осы тау жүйесінің табиғат кешендерінің даму заңдылығын зерттеу.

     Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған.Қорық жануарлар түріне де бай, мұнда балықтардың-2, қосмекенділердің-2,жоғалаушылардың-9,құстардың-240,ал сүтқоректілердің-42 түрі тіршілік етеді.мұнда қызыл кітапқа тіркелген сарыжылан,ұлар,сақалтай,бүркіт,ителгі,жұртшы,жыланжегіш,көкқұс,арқар,ілбас,қоңыр аю, қозықмай, сусар,көк суыр,сілеусін, т.б. жануарлар

кездеседі.

     Қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан.Осы өңірде мүктің 80 түрі, қынаның 60 түрі,күрделі өсімдіктердің 1200- ге жуық түрі,соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі.

     Жер жағдайының және ауа райының осын құбылмалы жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған.Мәселен, бұған қорықтағы 42 түрлі аң мен 240 түрлі құстың ішінен Сібір арқарлары мен тау ешкілерінің ,Орта Азия аюының ,Алтай маралының тайга көкектері мен тундра торғайларының,гималай бұлбұлы,тағы басқа да сол сияақты   көптеген аңдар мен құстардың қорықтың байырғы «тұрғындарына» айналғандығы дәлел бола алады.сонымен қатар  қорықта өте сирек кездесетін аңдар мен құстарда баршылық.Мәселен,Менизбир суыры дүние жүзінде Ақсу-Жабағылы қорығында кездеседі.Қорықтағы кездесетін хайуанаттардың ішінде кәсіптік маңызы бар бағалы түрлеріне арқар, таутеке,елік,марал,қабан,барыс, сусар,қызыл түлкі және қызыл суыр жатады.

     Міне, осындай  сан алуан ғажайыптары үшін  Ақсу-Жабағылы қорығы халықаралық маңызы бар қорықтардың есебіне енгізілген.

 

     2)Наурызым қорығы-«Табиғат зертханасы» атанған бұл қорық Қостанай облысындағы Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында 1934 жылы ұйымдастырылды.Қорықта гүлді өсімдіктердің 680-нен астам түрі, балықтың-5, қосмекенділердің-3,жоғалаушылардың-7,құстардың-215,ал сүтқоректілердің-30 түрі тіршілік етеді.Наурызым көлдері су құстары үшін де өте қолайлы тіршілік отбасы болып саналады.

     Қорықтың жерінде, қарағай,қайың,көктерек және мойыл ағаштары өседі.Онда ақ қоян,елік,саңырау немесе меееңіреу құр еркін жайылады.Орманға шектес жерде жусан,боз селеу, бетеге сияақты шөптер,өсімдіктер өсетін жазық дала жатыр.Мұнда да суыр, ақ қоян,елік,ақ құр өріп жүреді,өте сирек кездесетін дуадақ және мойыл мен жиде ағаштары анда-санда көзге шалынады.

     Қорық байлығының әр алуандағы еліміздің ғаламдарының назарын ерекше аударып отыр.қорық жерінде  ұзақ уақыт бойы бірнеше ғылыми экспедициялар жұмыс істеді.Қорықтың өзі бір кезде Мәскеу университетінің биолог ғаламдары мен студанттерінің оқу-тәжірибе өткізуіне тұрақты база болып саналады.

 

     3)Алматы қорығы-Алматы қаласынан 25 км жерде Алатау қойнауында,Талғар өзендерінің қыйылысында орналасқан.Іле Алатауының орталық бөлігінде биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылады.Бұл қорық алғаш рет Іле Алатауындағы Кіші Алматы  орман шаруашылығының аумағында 1931 жылы

ұйымдастырылған.

     Қазір қорықтың  89,6 мың га жері бар.Бір-бірінен оқшау жатқан екі телімнен тұрады.Оның бірі-Іле Алатауының  орталық бөлігінде  орналасқан таулы аймақ көлемі 71,7 мың га, екіншісі қалған шөлді аймағы көлемі 17,8 мың га. Осы телімде тамаша табиғат ескерткіші «Әнші тау» бар.

     Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400-2800  метр биіктікте кездеседі.Орманды негізгі ағаш түрі-Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы.Бұл-өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдар керек ететін ағаш.Сондықтан да қорық аумағында да шыршаны көбірек өсіріп, оның өсу, қалыптасу процестерін зерттеуге, оны басқа тау аймақтарында

жерсіндіруге жол ашады.Қорықта  шыршалы орман көлемі-5,3 мың гектардай.

     Алматы  қорығын көруге бара қалған  табиғат әуесқойларының көзіне  бірден түсетіні-құстар.Олар өздерінің  құлпырата салған әнімен қызықтыратын  қанатторғай тұқымдасына жатады.

     Қорық аумағы өсімдіктің де,жануарлардың да,құстардың да түрлеріне өте бай аймақ.Мұнда 150-ге жуық өсімдік түрлері, оның ішінде бұталар мен ағаштардың 110-нан астам түрі өседі.Қорық жерінде сирек кездесетін жануарлардан ілбісті,қоңыр аюды, арқарды, ұларды, сақалтайды,т.б. айрықша атауға болады.Алматы қорығында шыршалы ормандарды жан-жақты зерттеуге көңіл бөлінген.

 

     4)Барсакелмес қорығы-Бұл қорық Қызылорда облысы Арал теңізіндегі өзі аттас аралда ұйымдастырылған,онда шөлейтті және шөлді аймақтың табиғат байлықтарын қорғау мақсаты көзделген.

     Барсакелмес мемлекеттік қорығы 1939 жылдың аяғында Қазақ Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес аңшылық-шаруашылық негізінде құрылған.

     Қорыққа  1953 жылы Түрікменстаннан құландар  әкелініп жерсіндірілген. Сонымен бірге бұл қорыққа қара құйрықтар да жіберілген.

     Барсакелмес  аралы Арал қаласына дейін  теңізден 180  км, ал ең жақыны-жаңа  Құланды түбегі.Ол Аралдың солтүстік  батысында 22,5  км қашықтықта  орналасқан.

     Аралда  жан-жануарлар түрлері өте аз.Мұнда қосмекенділердің-3, жоғалаушылардың-8,құстардың-200 түрі кездеседі.Жыланның ішінде жиі таралғаны-боз жылан.Бұл улы жылан,көбінесе жусанды,бидайықты,бұталы өсімдіктер өсетін тақырлы жерлерде кездеседі.

 

     5)Қорғалжын қорығы-Қорық аумағы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының жеріне енеді.Ол 1958 жылы тың игерген өлкеде табиғаттың қызықты да бағалы жерін сақтау мақсатымен ұйымдастырылады.Қорғалжын қорығын әдетте «Құс базары» деп те атайды.Оның себебі осы аймақта түрлі құстардың тіршілігі үшін аса қолайлы жер.Мұнда жер жұзінде тым сирек кездесетін қызыл қаз,ақ құтан,қызыл жемсуалы қасқалдақ және басқа құстар бар.Мұнда суы тұщы Теңіз,Қорғалжын,Шалқар,Шолақ,Біртабан,т.б. көлдер бар.Сонымен қатар қорық жері сирек кездесетін дуадақ, ақбас,тырна,тарғақ,т.б. құстардың тіршілігі үшін қолайлы аймақ болып саналады. ...Әсіресе, бұл қорықтың дүние жүзінде саны сиреп бара жатқан қоқи қазды қорғауда рөлі зор.

     Дүние жүзінде  өте сирек кездесетін құс-қызыл  қаз немесе қоқи қаз елімізде  тек Қорғалжын  қорығындағы  Теңіз көлінде

жұмыртқалайды.

 

     6)Марқакөл қорығы-1976 жылы ашылды.Қорық-алтайдағы Күршім мен азу жоталарының аралығындағы терең ойыста шалқып жатқан үлкен айдынды көл.оңтүстік Алтай алқабының биік таулы өңірі мен Марқакөл көлінің табиғатын қорғау үшін ұйымдастырылған табиғаты тамаша аймақтың бірі.

     Қорық орталығы  көлдің шығыс жазығында,урунхай  ауылында орналасқан.Жер көлемі-71,4 мың га, оның 43,9 мың га жерді  су алып жатса, 3,7 мың га орман, 21,0 мың га жерді жайылым алып  жатыр.Ол теңіз деңгейінен 1485  метр биіктікте орналасқан.Көлдің  оңтүстік жағалауы жарқабақты, ал солтүстігі- аласа жалпақтау болып келеді.Оның сусының тұщылығына дүние жүзінде тең келетін көл сирек.Ұзындығы-38, ені-19  км-ге созылған Марқакөлге төңірегіндегі таулардан үлкенді-кішілі 27 өзен құйса,одан тек бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.Көлдің тереңдігі 24  метр.Басқа көлдердің жағасында өсетін қамыс,құрғақты және сары тұңғиық,су лалагүлін мұнда көре алмайсың.

Информация о работе Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау