Қазақстандағы шөлейттену проблемаларының туындауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 05:41, реферат

Описание работы

Тірі ж/е өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

Содержание

Кіріспе
Жер асты суларының қалыптасуы және режимі
Жер асты суларының физико-химиялық құрамы
Жер асты суларын мекендеуші гидробионттар
Жер асты суларының ластануы
Ластанған суларды тазарту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жер асты сулары.docx

— 35.01 Кб (Скачать)

Суды  негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары жәнеде басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығы ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай 2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.       

Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың  ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30% жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді. Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.   

Жер бетіндегі және жер  астындағы суларға қосылатын  заттарды, микроорганизімдерді - ластаушы көздер, ал су сапасының нормасын бұзатын  заттарды - ластаушы заттар деп атайды.   

Жер бетіндегі сулардың ластану  көздеріне мыналар жатады:

  • өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар;
  • тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар;
  • тыңайтқыштар, пестицидтер жәнеде химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық салалары;
  • жер асты суларымен байланыстағы жер бетіндегі обьектілер;
  • су көзіне жалғасқан лас орындар;
  • жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар;
  • өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.

 

      Жер асты сулары микробтармен және химиялық заттармен ластануы мүмкін. Жер асты суларында кейбір патогенді бактериялар мен вирустар тіршілік әрекетін ұзақ сақтайды. Егер топырақ қабаты өзінің тазарту сүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі сарқынды сулар қосылумен қатар, оларды құрамындағы әртүрлі қоқыс заттармен ластайды.       

1.5 Суларды оларды ластаушы  заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.         

Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан  тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер  мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар –  май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.    

Химиялық  әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес  сияқты қосылыстар қолданылады.     

Хлор  суды қауіпті бактериялогиялық ластардан  тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ  соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей  бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық  аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға  кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп  күшейеді.     

Суды  жекелей тұтынуда хлордан құтылудың  ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.     

Ағызынды  суды тазартудың химиялық әдістерінің  ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі  қышқылдарды бөлетін лас суларын  нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар  қолданылады.     

Суды  тазалаудың биологиялық әдісі –  микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар  өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады  да төменгі жағынан қатты ауа  ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп  мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық  ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану  процесі жүреді.    

Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген  бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп  судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын  организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар  және басқалар жатады. Солардың бірқатарына  тоқталамыз.    

Жамбасқұрт  – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар  балықтардың сүйікті жемі болумен  қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен  қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.    

Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша  қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы  маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген  тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны  осыны дәлелдейді.     

Су  шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған  өсімдік шірінділері көп көлшіктерде  тіршілік етеді. Олардың негізгі  қорегі – маса, сона мен басқа  да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.    

Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені  инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері  су жағасында өтеді. Ересек инеліктер  қорегін тек қана ұшып қуып барып  ұстайды. Олардың өткір тырнағына  көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.    

Су  жүйелерін тазалайтын балықтар да бар  екен. Арықтар бойын арамшөптерден  тазарту үшін маман ғалымдар көп  ізденіс жасап, канал бойларына  ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің  дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.     

Арық  пен канал бойындағы өсімдіктерден  құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық  әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен  алмастыру экономикалық жағынан  өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде  орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда  масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен  қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан  да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында  өсіруді қолға алған жөн.   
  
  
       

 

 

 

 

 

    Сонымен, жер асты сулары бұл – топырақта және бүкіл жер қыртысына тән тау жыныстарында әртүрлі физикалық күйде кездесетін сулардың жиынтық атауы. Жерасты сулары жердің беткі қабаттарына жақын жатады, олар алғашқы су өткізбейтін қабат астында орналасқан. Оларда су тегеуріні болмайды, оларды үңгірлерден, жер жарықтарынан, жер қойнауы капиллярларынан кездестіруге болады. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территория ауданынан 2,5 есе артық, жалпы көлемі 1455 млн км3. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.      

Табиғи  суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физико-химиялық  қасиеттеріне қарай бірнеше топқа  бөлінеді: физикалық күйіне байланысты – ерімейтін коллоидты, еритін, табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық. Суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.   
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

  1. Ж.Достайұлы. Жалпы гидробиология. Алматы, 1996.
  2. А.С.Константинов. Общая гидробиология. «Высшая школа», Москва, 1986.
  3. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/230-geografia/1614-jer-asti-sylarinin-kaliptasyi.html
  4. http://kk.wikipedia.org/
  5. http://info.sotvorenie.kiev.ua/content/family_estate/water/water_vodoemi.html3
  6. Липин А.Н. Пресные воды и их жизнь, М., 1965.

 


Информация о работе Қазақстандағы шөлейттену проблемаларының туындауы