Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 05:41, реферат
Тірі ж/е өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Кіріспе
Жер асты суларының қалыптасуы және режимі
Жер асты суларының физико-химиялық құрамы
Жер асты суларын мекендеуші гидробионттар
Жер асты суларының ластануы
Ластанған суларды тазарту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тірі ж/е өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың
тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді.
Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары
шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып
жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш
станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер
ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне
12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған
1.1 Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде
негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу
(инфильтирация) және конденсациялық теориялар.
Сорғу теориясы жер аты суларының қалыптасуын
атмосфералық жауын – шашындары мен жер
үсті суларының жерге сіңуі (топырақ қабатынан
сорғуы) арқылы түсіндіреді, (Беруни). Ірі
жер жарықтары және қуыстарымен сорғыған
сулар, су өткізбейтін қабаттарға жиналады
да, жер асты суларына бастау береді.
Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалылығымен ерекшеленеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі...).
Конденсациялық теория жер асты
суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен
қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану
жолымен жинақталатындығымен
Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір – біріне қарама – қарсы қойылмайды, бірін – бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер қыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденеді.
Атмосфералық жауын – шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (h = 300...400 м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.
Жауын – шашыны аз әрі ылғал көп буланатын
аудандарда (шөл – шөлейт) жер асты сулары
негізінен су буларының конденсациялануымен
Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан. Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді. Сонымен қатар жер асты суларында ювенильді суларды да бөліп қарайды. Бұл сулар жер ядросындағы магмадан бөлініп шыққан су буларының конденсацияға ұшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларының жер бетіне тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кездерінде күшейеді.
Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың қозғалысы жарықтар мен қуыстардың бір бөлігінің су буы немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады.
Жер асты суларының қозғалысы
Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су
толық жиналатын топырақ-жер
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда, скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.
Жер асты суларының режимі – гидрологиялық құбылыстардың және өсімдік, топырақ жамылғысының әсерінен жер асты суларының белгілі бір мерзімде сандық және сапалық өзгерістерге ұшырауы немесе жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын күшінің, өтімінің, ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды және климаттық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, жасанды және аралас типтерге бөлінеді.
1.2 Жер асты суы –
жер қыртысын құрайтын тау
жыныстарының аралығындағы су. Ол
шөгінді және борпылдақ тау
жыныстары бөлшектерінің
1.3 Жер асты өзендері
мен көлдері жерасты суларынан,
Жер асты суларын мекендеуші
организмдер қазіргі таңда әлі толық
Әр 30 метр төмен түскен сайын ауа температурасы 10С-қа төмендейтін үңгірлерде суы жылы өзендер бар, бұл жерасты сулары. Мұнда кальций мен магний тұздары салыстырмалы түрде аз. Фотосинтез процесі болмағандықтан су құрамында оттек мөлшері аз. Үңгір мекендеушілері тек қана бактериялар мен жануарлар, боялған организмдерді кездестіру мүмкін емес. Жануарлар ішінде асшаян, шаян, құбылмақ, сүліктер мен полихеттер бар. Олардың көздері көрмейді, сезім мүшелері нашар жетілген. Ірі жануарлардан құйрықты амфибияларға жататын протей мен балықтар бар. Протей биологтар үшін үлкен жұмбақ болып табылады, себебі ол жылдар бойы қорекетнбей жүрсе де көлемі кішіреймейді.
Құм қиыршықтарының арасындағы интерстициалды суларда да өмір бар. Бұл жағдайда аралық капиллярлар тұщы сумен де ащы сумен де толтырылуы мүмкін. Топырақтың жоғарғы қабаттары жаңбыр суларының шайындылары арқылы жаңарып отырады, бұл қабаттарда сондай-ақ жарық сәулесі де аз мөлшерде өтеді. Бұл фотосинтездеуші өсімдіктердің тіршілігіне жағдай жасайды. Интерстициалды сулар тереңінде өмір сүру жағдайлары үңгірдегідей, бірақ оттек мөлшер көбірек.
Жоғарғы қабатта қиыршықтар арасында 15 см тереңдікте тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар бар. Мұнда инфузория, кловраткалар және түрлі майда құрттар, біржасушалы балдырлар өмір сүреді. 6-15см төменіректе балдырлар жоқ, бактериялар азырақ, жануарлар кездесе береді. Әдетте интерстициалды фауна өкілдері ұсақ келеді, бірақ ірі қиыршықтар арасында дене тұрқы 1 сантиметрге жететіндері де бар. Бұл жануарлардың барлығының пішіні құртқа ұқсас, өсінділері қысқа (топырақ қияршықтары арасында оңай қозғалу үшін). Бұл фауна өкілдері ішінде қабыршақтары жақсы жетілген моллюскалар кездесуі де ықтимал.
1.4 Жер шарының сулы
аудандарының жиынтығын
Жер асты суларының
ластануы – сыртқы қолайсыз
факторлардан жасырын
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физико-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты – ерімейтін коллоидты, еритін, табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық. Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар (оттек, азот, көміртек диоксиді, күкіртті газ т.б.) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі, калийдікі, кальцийдікі, темірдікі т.б.) болады. Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Биологиялық не бактериялық компоненттерге бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатылы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді.
Информация о работе Қазақстандағы шөлейттену проблемаларының туындауы